Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты



жүктеу 13.34 Kb.
Дата22.02.2016
өлшемі13.34 Kb.


Қазақстан Республикасының

Жоғарғы Соты
Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2010 жылға арналған жоспарының 29, 30-тармақтарына сәйкес, Сізге «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне толықтырулар енгізу туралы» Заң жобаларын (бұдан әрі – заң жобалары) әзірлеу тапсырылған болатын.

Заң жобалары бойынша толыққанды талқылауды қамтамасыз ету мақсатында заң жобаларының алдын ала дайындалған нұсқаларын жіберуіңізді Әділет министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) ағымдағы жылдың 17 наурызындағы № 8-1-30/3246 хатымен сұранған болатын.

Сонымен қатар, Сіздің 2010 жылдың 11 наурыздағы № 12-7/1002 хатыңызға орай, заң жобалары бойынша жұмыс тобының құрамына министрлік құрамынан кандидатураны ұсынғанымызды назарыңызға сала отырып, бүгінгі күнге дейін жоғарыда аталған заң жобалары бойынша жұмыс тобының отырыстары өткізілмегендігін атап өтеміз.

Бұдан басқа, заң жобалары тұжырымдамаларында өзгертулер мен толықтырулар көзделген нормалардың шығынды екендігіне көңіл бөлінген. Осы орайда, Республикалық Бюджет комиссияның қорытындысын өзге материалдармен қоса жіберу қажеттілігін назарыңызға саламыз.

Жазылғанның негізінде, Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2010 жылға арналған жоспарын орындалуын қамтамасыз ету мақсатында, пысықталған заң жобасын жіберіп, жуық арада аталған заң жобаларын талқылауға салу мақсатында жұмыс тобының отырысын өткізуді қамтамасыз ету қажеттілігін ескертеміз.

Вице-министр Д. Құсдәулетов
Бейсенова Ә. С.

74-06-52



@ beisenova.a@minjust.kz


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет