Қазақстан республикасының жол қОЗҒалысы ережелерi мазмұны



бет4/36
Дата03.07.2024
өлшемі3.28 Mb.
#502859
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36
ЖҚЕ -лекция

Жолаушылардың мiндеттерi
Жолаушылар:
1) Қауiпсiздiк белдiгi бар көлiк құралымен жүргенде оларды бекiтуге (2.1.2.-тармақты ескерiп), ал мотоциклмен жүргенде - мотошлемдi түймелеуге; 2) Тротуар немесе жол жағалауы жағынан және көлiк құралы толықтай тоқтағаннан кейiн ғана отырғызуға және түсiруге мiндеттi. 3) Егер тротуар немесе жол жағалауы жағынан мүмкiн болмағанда, ол қозғалысқа басқа қатысушылар үшiн қауiпсiз және кедергi келтiрмейтiндей болмағанда ғана көлiк жүретiн бөлiгi жағынан жүзеге асырылуы мүмкiн.
Жолаушыларға:
Жүргiзушiнi көлiк құралы қозғалысы кезiнде оны басқарудан алаңдатуға; Борт платформасы бар жүк автомобилiнiң үстiнде келе жатып түрегелiп тұруға, бортқа немесе борттан биiк тұратын жүк үстiне отыруға; Көлік құралының қозғалысы кезінде оның есігін ашуға, сондай-ақ терезе ойығынан, люктен басын шығаруға.
Қорытынды
Қазақстан Республикасы Жол қозғалысының ережелерi Қазақстан Республикасының аумағындағы жол қозғалысының бiрыңғай тәртiбiн белгiлейдi. Жол қозғалысына қатысты басқа нормативтiк және құқықтық актiлер осы Ереженiң талаптарына негiзделуi және оған қайшы келмеуi тиiс. Біз бұл тақырыпта жол қозғалысының; Жалпы ережелерін, Жүргiзушiлердiң жалпы мiндеттерiн, Жаяу жүргiншiлердiң мiндеттерiн, Жолаушылардың мiндеттерiн аитып көрсеттік. Жалпы ережелерде өзіндік ұғымдар қолданылады мысалға айтатын болсақ ; Жол қозғалысының қауiпсiздiгi ,Жол, Жол қозғалысы, Жол-көлiк оқиғасы және тағы басқа ұғымдар айтылған. Жане қосымша мәлімет Қазақстан Республикасының аумағында көлiк құралдарының оң жақты қозғалысы белгiленген. Жол қозғалысын ұйымдастыруда қажеттi өзгерiстер мен шектеулер тек қана жол белгiлерiнiң, жол таңбалауларының, сигналдар мен бағдаршамдардың және реттеушiлердiң көмегiмен, сондай-ақ қозғалысты реттеуге уәкiлеттi адамдардың басқарумен Ереженiң шегiнде белгiленген тәртiппен енгiзiледi. Жол қозғалысына қатысушылар өздерiне қатысты Ереже талаптарын, бағдаршамның немесе реттеушiнiң сигналдарын, белгiлер мен таңбаларды, сондай-ақ iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң талаптарын бiлуге және орындауға мiндеттi. Жол қозғалысына қатысушылар қозғалысқа қауiп туғызбайтын және зиян келтiрмейтiндеу iс-қимыл жасауы тиiс. Жүргiзушiлердiң жалпы мiндеттерiнде олар механикалық көлiк құралының жүргiзу кезіндегі белгіленген тәртіптермен талаптарды сақтауы көрсетілген. Жүргізушілерге Мас күйiнде (алкогольдi, есiрткi немесе өзге де), құлақ асуды және назар аударуды әлсiрететiн дәрiлiк заттар әсерiнде; жол қозғалысы қауiпсiздiгiне қатер төндiретiндей ауру немесе шаршаған жағдайда көлiк құралын басқаруға болмайды деген сияқты басқада бірталай талаптар қойылған. Қазақстан Республикасының барша халқы жол ережелерін біліп оны сақтауы қажет. Жол ережесін білмеуінен немесе сақтамау салдарынан қаншама адам жол көлік оқиғасынан қаза тауып жапа шегіп жатыр, сондықтан жол қозғалысы ережелерін толықтай біліп оны мұқият сақтап жүру қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет