Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріндегі инклюзивті білім беру мәселелері



бет2/3
Дата04.05.2023
өлшемі347.2 Kb.
#473228
1   2   3
слайд

Мұғалімдер не дейді?Инклюзивті білім бүгінде қалаға да, ауылға да жаппай енгізілгенімен, бұл тарапта шешімін таппай жатқан мәселелер де жоқ емес. Әсіресе ауылды жерлердегі инклюзивті негізде сабақ беріп жүрген мұғалімдердің бірқатары қолдарына ешқандай арнайы нұсқаулық, бағдарлама, оқулық тимегенін, соған қарамастан алдындағы екі-үш баланы өз білгендерінше оқытып жатқандарын айтады. «Бізге мемлекет осы үшін қосымша ақы төлеп жатыр. Соған сай білім беруіміз керек қой. Ақшасын алып, қолымызды қусырып отырғанымыз ыңғайсыз екен. Ақшаны қойыңызшы, алдымыздағы көзі жәудіреп отырған балаларға обал. Соларға жаным ашиды. Олар мектеп бағдарламасынан мүлде қалып жатыр. Өзім инклюзивті негізде екі балаға сабақ беремін. Қолымда бағыт-бағдар ретінде ұстанар, негізге алар бірде-бір бағдарлама немесе оқулық жоқ.Тағы бір түйткіл, бізге инклюзив сабақ бергеніміз үшін жа­лақыға қосымша 7 мың теңге тө­ле­неді. Бірақ бір балаға сабақ берген де, 3 баланы­ оқытқан да сол 7 мыңды алады. Бұл қалай? Қиындығы неге ес­керіл­мей­ді? Кейбір әріптестерім осыны тү­сін­бей дал», дейді кей мұғалімдер.

АҚШ. Даму мүмкіндігі шектеулі адамдарды оқыту саласындағы заңнаманы әзірлеумен және саясатты іске асырумен Білім министрлігінің Арнайы білім беру және оңалту қызметтері басқармасы (OSERS) айналысады. OSERS сонымен қатар заңнаманы мониторингілеумен және арнайы білім беру қызметтерін ұсыну бағдарламаларын қолдаумен, мүгедек адамдардың өмірін жақсартуға бағытталған зерттеулерді қаржыландырумен айналысады.

Сондай-ақ, елде АҚШ-тың арнайы білім беру саласындағы ұлттық зерттеу орталығы (NCSER) жұмыс істейді, ол оқыту саласындағы ауқымды зерттеулерді қолдауға, денсаулығы нашар білім алушыларға арналған білім беру жүйесін ұйымдастыруға бағытталған. Арнайы педагогтердің ұлттық қауымдастығы педагогтерге арнайы білім беру қызметтерінің маңызды салалары бойынша онлайн-ресурстар ұсынады

АРМЕНИЯ. 2014 жылы қабылданған «Жалпы білім беру туралы «Армения Республикасының заңына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Заң (ЗО-200-Н) жалпыға бірдей инклюзивті білім беруге көшудің негізін қалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет