«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»



жүктеу 21.27 Kb.
Дата12.06.2016
өлшемі21.27 Kb.


«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заң жобасының қолданылуының ықтимал экономикалық, әлеуметтік, құқықтық, экологиялық салдарының

болжамдары

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы (бұдан әрі – Заң жобасы) Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2016 жылға арналған жоспарының 5-тармағының негізінде және Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) стандарттарының соңғы өзгерістерін ескере отырып әуе кеңістігін пайдалануды және авиация қызметін жетілдіру, сондай-ақ ұлттық заңнамадағы коллизияларды жою мақсатында әзірленген.

Заң жобасын қабылдау теріс экномикалық, әлеуметтік, құқықтық және эколгиялық салдарларды тудырмайды.

Оң құқықтық салдарлар:

әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі саласындағы заңнаманы жетілдіру;

азаматтық авиация саласында мемлекеттік реттеудің тиімділігін арттыру;

азаматтық авиация саласында мемлекеттік басқару органдары арасындағы бақылау және қадағалау функцияларын ажырату;

азаматтық авиация қызметін, оның ішінде әуе кемелерінің халықаралық ұшуы мен ішкі авиамаршруттарда ұшуын ұйымдастырудың ықпалды тетіктерін жасау;

осы қоғамдық қатынастар субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін заңнама деңгейінде бекіту, сондай-ақ азаматтық авиация саласындағы жауапкершілік институтын регламенттеу.

Заңнамалық деңгейде халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бақылау жасау жүйесінің негізгі бөліктері бекітіліп, авиациялық қағидаларды әзірлеуге және қабылдауға сенімді нормативтік база құрылатын болады.

Оң әлеуметтік-экономикалық салдарлар:

авиациялық қызмет көрсетудің халықаралық нарығында Қазақстан Республикасы беделінің артуымен, мемлекетіміздің транзит әлеуетінің тек отандық қана емес, сондай-ақ шетелдік авиакомпаниялар үшін де қажеттiлiгімен, нәтижесінде отандық авиакомпанияға, әуежайлар мен мемлекет бюджетіне қаржылық қаражат түсімдерінің болуы;

жеке және заңды тұлғалардың әуемен тасымалдауға мен қызмет көрсетуге қажеттіліктерін қанағаттандыру, қауіпсіз, сапалы және үнемді әуемен тасымалдаудың және қызмет көрсетуге құқықтарды қорғауға;

авиатасымалды дамыту үшін жағдайлар жасау;

Қазақстан Республикасының транзиттік әлеуетін ұлғайту;

жаңа жұмыс орындарын құру.



Қазақстан Республикасының

Инвестициялар және даму министрі Ә. Исекешев



©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет