Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне мемлекеттiк сатып алу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы



Дата24.02.2016
өлшемі49.74 Kb.
#16336
Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне мемлекеттiк сатып алу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шiлдедегi N 304 Заңы


Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2007 ж., N 17, 136-құжат; "Егемен Қазақстан" 2007 жылғы 7 тамыз N 232-234


       Ескерту. Заңның қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн  2-баптан  қараңыз.

       1-бап . Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актiлерiне өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн:


      1. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы  кодексiне  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 4, 25-құжат; N 5, 30-құжат; N 11, 56, 64, 68-құжаттар; N 14, 109-құжат; N 15, 122, 139-құжаттар; N 18, 142-құжат; N 21-22, 160-құжат; N 23, 171-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 55-құжат; N 15, 86-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139, 140-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат; N 7-8, 19-құжат; N 9, 26-құжат; N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; N 17-18, 72-құжат; N 21-22, 86, 87-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 2, 19, 20-құжаттар; N 3, 22-құжат; N 5-6, 31-құжат; N 8, 45-құжат; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; N 12, 72, 77-құжаттар; N 13, 85, 86-құжаттар; N 15, 92, 95-құжаттар; N 16, 98, 102-құжаттар; N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат; N 2, 16, 18-құжаттар; N 3, 20, 23-құжаттар; N 4, 28, 33-құжаттар; N 5-6, 40-құжат; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; 2007 жылғы 22 маусымда "Егемен Қазақстан" және 2007 жылғы 21 маусымда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне жарнама мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2007 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасының  Заңы ):

      1) 167-бап мынадай редакцияда жазылсын:


      "167-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасын бұзу

      1. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң жекелеген әлеуетi өнiм берушiлерге тиесiлiгiн айқындайтын сипаттамаларды көрсету арқылы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасының конкурстық құжаттамаға қойылатын талаптарын бұзу, -


      лауазымды адамдарға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Конкурстық құжаттаманы алған тұлғаларды тiркеу журналына өздерi туралы мәлiметтер енгiзiлген тұлғаларға конкурстық құжаттамаға енгiзiлген өзгерiстердiң және (немесе) толықтырулардың мәтiнiн уақтылы жiбермеу, сол сияқты нақтыланған конкурстық құжаттаманы уақтылы жарияламау, -
      лауазымды адамдарға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасында көзделмеген жағдайларда мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырудан бас тарту, -
      лауазымды адамдарға жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Конкурсқа қатысуға өтiнiмдерi бар конверттердi конкурстық құжаттамада көрсетiлген мерзiмiн, уақыты мен орнын бұза отырып ашу, сондай-ақ аталған өзгерiстердi конкурстық құжаттамаға енгiзбей, конкурсқа қатысуға өтiнiмдерi бар конверттердi ашу күнiн, уақытын және орнын өзгерту, -
      лауазымды адамдарға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      5. Сауал салуды жiберу, сол сияқты конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өтiнiмдi жеткiлiксiз құжаттармен толықтыруға, конкурсқа қатысуға өтiнiмде ұсынылған құжаттарды ауыстыруға, тиiсiнше ресiмделмеген құжаттарды сәйкес келтiруге байланысты iс-әрекеттер, -
      лауазымды адамдарға жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      6. Әлеуеттi өнiм берушiлерге және (немесе) солар тартатын қосалқы мердiгерлерге (бiрлесiп орындаушыларға) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасында көзделмеген бiлiктiлiк талаптарын белгiлеу, сол сияқты әлеуеттi өнiм берушiнi және (немесе) солар тартатын қосалқы мердiгерлердi (бiрлесiп орындаушыларды) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасында көзделмеген негiздер бойынша бiлiктiлiк талаптарына сай емес деп негiзсiз тану, -
      лауазымды адамдарға жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      7. Сарапшының көрiнеу жалған сараптамалық қорытындыны жасауы, соның негiзiнде конкурстық комиссияның заңсыз шешiм қабылдауы, -
      жеке тұлғаларға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      8. Әлеуеттi өнiм берушiнiң мемлекеттiк сатып алу саласындағы уәкiлеттi органға бiлiктiлiк талаптары бойынша дұрыс емес ақпарат беруiнiң анықталған фактiлерi туралы уақтылы хабарламау, -
      лауазымды адамдарға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      9. Әлеуеттi өнiм берушiнiң бiлiктiлiк талаптары бойынша дұрыс емес ақпарат беруiнiң анықталған фактiлерi туралы мемлекеттiк сатып алу саласындағы уәкiлеттi органды хабардар етпеу, сондай-ақ мемлекеттiк сатып алу саласындағы уәкiлеттi органға мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған әлеуеттi өнiм берушi туралы мәлiметтердi бермеу, сол сияқты әлеуеттi өнiм берушiнiң бiлiктiлiк талаптары бойынша дұрыс емес ақпарат бергенi туралы көрiнеу жалған ақпарат беру, -
      лауазымды адамдарға жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      10. Осы баптың бiрiншi және төртiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет (әрекетсiздiк), -
      лауазымды адамдарға жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      11. Осы баптың екiншi және сегiзiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет (әрекетсiздiк), -
      лауазымды адамдарға алпыс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      12. Осы баптың жетiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет, -
      жеке тұлғаларға жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      13. Осы баптың үшiншi, бесiншi, алтыншы және тоғызыншы бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет (әрекетсiздiк), -
      лауазымды адамдарға екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      Ескерту.


      Осы бапта лауазымды адамдар деп:
      бiрiншi бөлiкте - мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының, тапсырыс берушiнiң бiрiншi басшыларын немесе олардың мiндеттерiн атқарушыларды, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру мен өткiзу рәсiмдерiн жүзеге асыруға жауапты адамдарды және (немесе) конкурстық құжаттаманы әзiрлеуге тiкелей қатысатын адамдарды;
      екiншi бөлiкте - мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының, тапсырыс берушiнiң бiрiншi басшыларын немесе олардың мiндеттерiн атқарушыларды, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру мен өткiзу рәсiмдерiн жүзеге асыруға жауапты адамдарды;
      үшiншi бөлiкте - тапсырыс берушiнiң бiрiншi басшысын немесе оның мiндетiн атқарушы адамды;
      төртiншi және бесiншi бөлiктерде - конкурстық комиссияның төрағасын және оның орынбасарын, сондай-ақ конкурстық комиссияның мүшелерi мен хатшысын;
      алтыншы бөлiкте - конкурстық комиссияның мүшелерiн;
      сегiзiншi және тоғызыншы бөлiктерде - тапсырыс берушiнiң немесе сатып алуды бiрыңғай ұйымдастырушының басшысын және (немесе) олардың мiндеттерiн атқарушы адамдарды түсiну керек.";

      2) 571-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:


      "571-1-бап. Iшкi бақылау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган

      1. Iшкi бақылау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 167-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.


      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жаза қолдануға iшкi бақылау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның басшысы мен оның орынбасарлары, аумақтық бөлiмшелердiң басшылары құқылы.";

      3) 636-баптың бiрiншi бөлiгiнiң 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы жиырма бесiншi абзацпен толықтырылсын:


      "iшкi бақылау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның (356-бап);".

      2. "Жеке кәсiпкерлiк туралы" 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2006 ж., N 3, 21-құжат; N 16, 99-құжат; N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 3, 20-құжат):


      аталған Заңға қосымшаның 27-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "27. Мемлекеттiк қаржы бақылау органдары:
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасының сақталуын бақылау.".

       2-бап . Осы Заң 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.



       Қазақстан Республикасының
      Президентi

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет