Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сайлау заңнамасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы



Дата23.02.2016
өлшемі45.5 Kb.
#8111


жоба

Қазақстан Республикасы Заңы

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық

актілеріне сайлау заңнамасы мәселелері

бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстаан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1. 1999 жылғы 13 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Азаматтық iс жүргiзу кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 18, 644-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; 2001 ж., № 8,


52-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 21-22, 281-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 10, 49-құжат; № 14, 109-құжат; № 15, 138-құжат; 2004 ж., № 5, 25-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 140-құжат; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 13, 53-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2,
19-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 15-16, 62-құжат; 2009 ж., № 15-16,
74-құжат; № 17, 81-құжат; № 24, 127, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат;
№ 3-4, 12-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 17-18, 111-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 151-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 28-құжат; № 5, 43-құжат; № 6,
50-құжат; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 23, 179-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат):

1) 273-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Сайлауға, республикалық референдумға әзірлік және оны өткізу кезеңінде, сондай-ақ дауыс беру күнiнен бастап бір ай iшiнде түскен арыз, егер «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында немесе «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында өзгеше көзделмесе, оның берілген күнінен бастап бес күн мерзімде, ал дауыс беру күнінен бес күн бұрын, дауыс беру күнi және сайлау, республикалық референдум қорытындылары жарияланғанға дейiн түскен арыз дереу қаралуға тиіс.

Сайлаушылардың (таңдаушылардың) тiзiмдеріндегі түзетулер қажеттiгi туралы сайлау комиссиясының шешiмiне шағым жасау туралы арыз келiп түскен күнi қаралуға тиiс.»;


2) 274-бапта:

екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Арызды қанағаттандыру туралы сот шешімі дереу заңды күшіне енеді және шағымдануға жатпайды. Ол тиісті мемлекеттік органға, жергілікті өзін-өзі басқару органына немесе сайлау комиссиясының төрағасына жіберіледі. Сот шешімінің орындалмауына кінәлі лауазымды адамдар заңда белгіленген жауапкершілікті көтереді.»;

мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

«3.Арызды қанағаттандырудан бас тарту туралы сот шешіміне шешімнің көшірмесі тапсырылған күннен бастап апелляциялық тәртіппен үш күн ішінде шағым берілуі мүмкін. Шағым сотқа келіп түскен күннен бастап үш күн мерзімде, ал дауыс беру күнінен бес күн бұрын, дауыс беру күнi және сайлау, республикалық референдум қорытындылары жарияланғанға дейiн түскен арыз дереу қаралуға тиіс. Апелляциялық сатыдағы соттың қаулысы дереу заңды күшіне енеді және шағымдануға жатпайды.»;

2. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14,


117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21,
161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; 2012 жылғы 5 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне микроқаржы ұйымдарының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):

541-бап мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:

«8-1) талапкерлер (арыз берушілер) – сайлауда, референдумдарда қатысатын азаматтардың және қоғамдық бірлестіктердің сайлау құқықтарын қорғау туралы арыздары бойынша;».

2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



Қазақстан Республикасының

Президенті                  



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет