Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне



жүктеу 1.7 Mb.
бет7/9
Дата17.06.2016
өлшемі1.7 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Іссапарда болу уақыты:

салық төлеушінің жұмыскерді іссапарға жіберу туралы бұйрығы немесе жазбаша өкімі;

іссапарда болатын жерге кету күні мен одан кері қайтып келу күнін негізге ала отырып, жол жүруін растау құжаттарында көрсетілген іссапар күндерінің саны негізінде айқындалады.

182-бап. Жекеше нотариустың кірісі

1. Жекеше нотариустың салық кезеңіндегі кірісі мынадай тәртіппен айқындалады:

нотариаттық қызметті жүзеге асырудан алуға жататын (алынған) кірістер

алу

жекеше нотариустың кәсіби шегерімдері.

2. Жекеше нотариус қызметін жүзеге асырудан түсетін кірістерге:

1) нотариаттық әрекеттерге ақы төлеу түріндегі кіріс;

2) жекеше нотариус нотариаттық әрекеттер жасаған кезде құқықтық және техникалық сипатта көрсетілген қызметтерге ақы төлеу түріндегі кіріс;

3) нотариаттық қызметті жүзеге асыру кезінде алынуға жататын (алынған) басқа да кірістер жатады.

3. Жекеше нотариус осы баптың 4-тармағында көзделген, бір мезгілде мынадай шарттарға сай келетін:

1) жекеше нотариус қызметін жүзеге асырудан түсетін кірісті алуға байланысты жүргізілген;

2) құжатпен расталған;

3) жекеше нотариустың салық тіркелімдерінде көрсетілген шығыстар бойынша кәсіби шегерімдерді қолдануға құқылы.

4. Жекеше нотариустың кәсіби шегерімдеріне:

1) кеңсе керек-жарақтарын сатып алуға жұмсалған шығыстар;

2) нотариаттық қызмет көрсету үшін үй-жайды мүліктік жалдау (жалға беру) бойынша шығыстар;

3) осы Кодекстің 181-бабының 4-тармағына сәйкес есептелген амортизациялық аударымдар;

4) банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметтеріне, байланыс қызметтеріне, коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстар;

5) азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыскерлердің, сондай-ақ жеке тұлғалардың есепке жазылған кірістері;

6) осы Кодекстің 100-бабының 14-1-тармағында және 114-бабында көзделген шығыстар;

7) осы Кодекстің 181-бабының 5-тармағына сәйкес қызметтік іссапарлар кезіндегі өтемақылар;

8) жұмыскерлердің бір жылдағы орташа тізімдік санын негізге ала отырып, бір жұмыскер үшін республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданылатын айлық есептік көрсеткіштің шегінде нотариат палатасына енгізілетін мүшелік жарналар;

9) «Жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыруға жұмсалған шығыстар жатады.»;

2-тармақтың 58) тармақшасы 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі



58) 20-тараудың 2-параграфы мынадай мазмұндағы 182-1, 182-2 және 182-3-баптармен толықтырылсын:

«182-1-бап. Жеке сот орындаушысының кірісі

1. Жеке сот орындаушысының салық кезеңіндегі кірісі мынадай тәртіппен айқындалады:

жеке сот орындаушысы қызметін жүзеге асырудан алынуға жататын (алынған) кірістер

алу

жеке сот орындаушысының кәсіби шегерімдері.

2. Жеке сот орындаушысы қызметін жүзеге асырудан түсетін кірістерге:

1) жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу;

2) атқарушылық әрекеттер жасау бойынша шығыстарды, оның ішінде бюджет қаражаты есебінен өтеу;

3) жеке сот орындаушысы қызметін жүзеге асыру кезінде алынуға жататын (алынған) басқа да кірістер жатады.

3. Жеке сот орындаушысы осы баптың 4-тармағында көзделген, бір мезгілде мынадай шарттарға сай келетін:

1) жеке сот орындаушысы қызметін жүзеге асырудан түсетін кірісті алуға байланысты жүргізілген;

2) құжатпен расталған;

3) жеке сот орындаушысының салықтық тіркелімдерінде көрсетілген шығыстар бойынша кәсіби шегерімдерді қолдануға құқылы.

4. Жеке сот орындаушысының кәсіби шегерімдеріне:

1) кеңсе керек-жарақтарын сатып алуға жұмсалған шығыстар;

2) жеке сот орындаушысы қызметін көрсету үшін үй-жайды мүліктік жалдау (жалға беру) бойынша шығыстар;

3) осы Кодекстің 181-бабының 4-тармағына сәйкес есептелген амортизациялық аударымдар;

4) банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметтеріне, байланыс қызметтеріне, коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстар;

5) азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыскерлердің, сондай-ақ жеке тұлғалардың есепке жазылған кірістері;

6) осы Кодекстің 100-бабының 14-1-тармағында және 114-бабында көзделген шығыстар;

7) қызметтік іссапарлар кезіндегі өтемақылар;

8) жұмыскерлердің бір жылдағы орташа тізімдік санын негізге ала отырып, бір жұмыскер үшін республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданылатын айлық есептік көрсеткіштің шегінде жеке сот орындаушыларының алқасына енгізілетін мүшелік жарналар;

9) «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру бойынша шығыстар;

10) осы тармақтың 1) - 9) тармақшаларында көзделмеген, атқарушылық әрекеттер жасау бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтелген шығыстар жатады.

182-2-бап. Адвокаттың кірісі

1. Адвокаттың салық кезеңіндегі кірісі мынадай тәртіппен айқындалады:

адвокаттық қызметті жүзеге асырудан алынуға жататын (алынған) кірістер

алу

адвокаттың кәсіби шегерімдері.

2. Адвокаттық қызметті жүзеге асырудан түсетін кірістерге:

1) адвокаттың заң көмегін көрсетуінен түсетін кіріс;

2) қорғауға және өкілдік етуге, құқықтық ақпарат беруге және құқықтық консультация беруге байланысты шығыстарды, оның ішінде Қазақстан Республикасының мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы заңнамасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен өтеу түріндегі кіріс;

3) адвокаттық қызметті жүзеге асыру кезінде алынуға жататын (алынған) басқа да кірістер жатады.

3. Адвокат осы баптың 4-тармағында көзделген, бір мезгілде мынадай шарттар орындалған:

1) адвокаттық қызметті жүзеге асырудан түсетін кірісті алуға байланысты жүргізілген;

2) құжатпен расталған;

3) адвокаттың салықтық тіркелімдерінде көрсетілген шығыстар бойынша кәсіби шегерімдерді қолдануға құқылы.

4. Адвокаттың кәсіби шегерімдеріне:

1) кеңсе керек-жарақтарын сатып алуға жұмсалған шығыстар;

2) адвокаттық қызметті жүзеге асыру үшін үй-жайды мүліктік жалдау (жалға беру) бойынша шығыстар;

3) осы Кодекстің 181-бабының 4-тармағына сәйкес есептелген амортизациялық аударымдар;

4) банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметтеріне, байланыс қызметтеріне, коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстар;

5) азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыскерлердің, сондай-ақ жеке тұлғалардың есепке жазылған кірістері;

6) осы Кодекстің 100-бабының 14-1-тармағында және 114-бабында көзделген шығыстар;

7) қызметтік іссапарлар кезіндегі өтемақылар;

8) жұмыскерлердің бір жылдағы орташа тізімдік санын негізге ала отырып, бір жұмыскер үшін республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданылатын айлық есептік көрсеткіштің шегінде адвокаттар алқасына енгізілетін мүшелік жарналар;

9) осы тармақтың 1) - 8) тармақшаларында көзделмеген, қорғауға және өкілдік етуге байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтелген шығыстар жатады.

182-3-бап. Кәсіби медиатордың кірісі

1. Кәсіби медиатордың салық кезеңіндегі кірісі мынадай тәртіппен айқындалады:

«Медиация туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кәсіби медиатор қызметін жүзеге асырудан алынуға жататын (алынған) кірістер

алу

кәсіби медиатордың кәсіби шегерімдері.

2. Кәсіби медиатор осы баптың 3-тармағында көзделген, бір мезгілде мынадай шарттарға сай келетін:

1) кәсіби медиатор қызметін жүзеге асырудан түсетін кірісті алуға байланысты жүргізілген;

2) құжатпен расталған;

3) кәсіби медиатордың салық тіркелімдерінде көрсетілген шығыстар бойынша кәсіби шегерімдерді қолдануға құқылы.

3. Кәсіби медиатордың кәсіби шегерімдеріне:

1) кеңсе керек-жарақтарын сатып алуға жұмсалған шығыстар;

2) кәсіби медиатор қызметін көрсету үшін үй-жайды мүліктік жалдау (жалға беру) бойынша шығыстар;

3) осы Кодекстің 181-бабының 4-тармағына сәйкес есептелген амортизациялық аударымдар;

4) банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметтеріне, байланыс қызметтеріне, коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстар;

5) азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыскерлердің, сондай-ақ жеке тұлғалардың есепке жазылған кірістері;

6) осы Кодекстің 100-бабының 14-1-тармағында және 114-бабында көзделген шығыстар;

7) қызметтік іссапарлар кезіндегі өтемақылар;

8) жұмыскерлердің бір жылдағы орташа тізімдік санын негізге ала отырып, бір жұмыскер үшін республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданылатын айлық есептік көрсеткіш шегінде кәсіби медиаторлар ұйымына енгізілетін мүшелік жарналар жатады.»;

2-тармақтың 59) тармақшасы 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі



59) 183-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«183-бап. Дара кәсіпкердің кірісі

1. Дара кәсiпкердiң салық кезеңіндегі кірісі мынадай тәртіппен айқындалады:

дара кәсiпкердiң осы баптың 2-тармағына сәйкес айқындалған салық салынатын кірісі

қосу

шетелдік көздерден алынатын, осы Кодекстiң 224-бабына сәйкес айқындалған кірістер

алу

осы баптың 3-тармағында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, дара кәсiпкердiң корпоративтiк кіріс салығын есептеу мақсатында салық салынатын кірісті азайтуды айқындаудың осы Кодекстiң 133-бабында белгіленген тәртiбіне ұқсас тәртiппен айқындалған салық салынатын кірісін азайту

алу

корпоративтiк кіріс салығын есептеу мақсатында залалдарды ауыстырудың осы Кодекстiң 136 және 137-баптарында белгіленген тәртiбіне ұқсас тәртіппен айқындалған ауыстырылуға жататын залалдар.

2. Дара кәсiпкердiң салық кезеңіндегі салық салынатын кірісі мынадай тәртіппен айқындалады:

осы Кодекстiң 85-98-баптарында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, дара кәсiпкердiң салық кезеңі үшін жиынтықты түрде алынған, корпоративтiк кіріс салығын есептеу мақсатында жылдық жиынтық кірісті айқындаудың осы Кодекстiң 84-бабында белгіленген тәртiбіне ұқсас тәртіппен айқындалған кірісі

алу

дара кәсiпкердiң корпоративтiк кіріс салығын есептеу мақсатында жылдық жиынтық кірісті түзетуді айқындаудың осы Кодекстiң 99-бабының 1-тармағында белгіленген тәртiбіне ұқсас тәртіппен айқындалған, салық кезеңі үшін жиынтықты түрде алынған кірісін түзету

қосу (алу)

дара кәсiпкердiң корпоративтiк кіріс салығын есептеу мақсатында жылдық жиынтық кірісті түзетулерді айқындаудың осы Кодекстiң 99-бабының 2-тармағында белгіленген тәртiбіне ұқсас тәртіппен айқындалған, салық кезеңі үшін жиынтықты түрде алынған кірісін түзету

алу

корпоративтiк кіріс салығын есептеу мақсатында шегерімдерге жатқызылатын шығыстарды айқындаудың осы Кодекстiң 100-125-баптарында белгіленген тәртiбіне ұқсас тәртіппен айқындалған шегерімдер

қосу (алу)

корпоративтiк кіріс салығын есептеу мақсатында кірістерді және шегерімдерді түзетуді айқындаудың осы Кодекстiң 132-бабында белгіленген тәртiбіне ұқсас тәртіппен айқындалған кірістер мен шегерімдерді түзету.

3. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимiн қолданатын дара кәсiпкердiң кірісі осы Кодекстің 61-тарауына сәйкес айқындалады.»;

60) 184-бапта:



1-тармақта:

1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«1) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегi көздерден алынған, оның ішінде жеке тұлға, сондай-ақ шағын бизнес субъектiлерi үшiн арнаулы салық режимiн қолданатын дара кәсіпкер мүлікті өткізуден алған, осы Кодекстің 184-1-бабында белгіленген тәртіппен айқындалатын кірістер;»;

4) тармақша алып тасталсын;

6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«6) кәсіби медиаторларды қоспағанда, медиаторлардың салық агенттері болып табылмайтын тұлғалардан Қазақстан Республикасының медиация туралы заңнамасына сәйкес алған кірістері;»;

2-тармақтың 60) тармақшасының сегізінші - он бірінші абзацтары 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі



мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:

«8) шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолданатын шаруа немесе фермер қожалығы басшысының (мүшесінің) бірлескен қызмет туралы шартқа сәйкес шаруа немесе фермер қожалығы кірісіндегі шаруа немесе фермер қожалығы басшысының (мүшесінің) үлесі бойынша айқындалатын кірісі.»;

2-1-тармақтың сегізінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Егер салық кезеңі ішінде жеке табыс салығы бойынша төленген алдын ала төлемдердің сомасы есепті салық кезеңі үшін есептелген жеке табыс салығының сомасынан аз болса, онда жеке табыс салығын есептеу жеке табыс салығы бойынша декларацияда көрсетіледі және салық кезеңінің қорытындысы жөніндегі декларация бойынша жеке табыс салығын төлеуді Қазақстан Республикасының резиденті-үй жұмыскері болып табылатын еңбекші көшіп келуші жеке табыс салығы бойынша декларацияны болатын жері бойынша ұсынудың осы Кодекстің 187-7-бабында көзделген мерзімінен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей жүзеге асырады.»;

3 және 4-тармақтар алып тасталсын;

61) 20-тарау мынадай мазмұндағы 184-1-баппен толықтырылсын:



«184-1-бап. Жеке тұлғаның, сондай-ақ шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкердің Қазақстанеспубликасының шегінен тыс жерлердегі көздерден алынған мүлікті өткізуден түсетін кірісін айқындау тәртібі

1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, мүлікті өткізу құны жеке тұлғаның, сондай-ақ шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкердің мүлікті өткізу кезіндегі, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі көздерден алынған кірісі болып табылады.

2. Жеке тұлғаның, сондай-ақ шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкердің мүлікті өткізу кезіндегі, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі көздерден алынған кірісі мынадай:

1) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі, ол бойынша құқықтар және (немесе) мәмілелер шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шет мемлекеттің құзыретті органында мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын;

2) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі, шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шет мемлекеттің құзыретті органында мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүлікті өткізу кезінде мүлікті өткізу құны мен оны сатып алу құны арасындағы оң айырма ретінде айқындалады.

3. «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жария етілген, ол бойынша сатып алу бағасы (құны) жоқ және жария ету үшін алым төлеу бойынша міндеттеме орындалған мүлікті жария еткен тұлға өткізген жағдайда мүлікті өткізу бағасы (құны) мен өткізілетін мүлікті жария ету үшін алымды есептеу үшін теңгемен айқындалған бағалау құны арасындағы оң айырма құн өсімінен түсетін кіріс болып табылады.

4. Борыштық бағалы қағаздарды қоспағанда, жеке тұлғаның, сондай-ақ шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкердің бағалы қағаздарды өткізу кезіндегі, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі көздерден алынған кірісі өткізу құны мен сатып алу құны арасындағы оң айырма ретінде айқындалады.

5. Жеке тұлғаның, сондай-ақ шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкердің борыштық бағалы қағаздарды өткізу кезіндегі, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі көздерден алынған кірісі өткізу күнгі дисконт амортизациясын және (немесе) сыйлықақыны ескере отырып, купон есепке алынбастан, өткізу құны мен сатып алу құны арасындағы оң айырма ретінде айқындалады.

6. Жеке тұлғаның, сондай-ақ шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкердің қатысу үлесін өткізу кезіндегі, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі көздерден алынған кірісі өткізу құны мен сатып алу (салым) құны арасындағы оң айырма ретінде айқындалады.

7. Осы баптың 2-тармағының ережесі мынадай:

1) жылжымайтын мүлік жеңілдікті салық салынатын мемлекеттің аумағында болған;

2) жылжымалы мүлікке құқықтар немесе жылжымалы мүлік бойынша мәмілелер жеңілдікті салық салынатын мемлекеттің құзыретті органында тіркелген жағдайларда қолданылмайды.

8. Осы баптың 4, 5 және 6-тармақтарының ережелері, егер осы баптың 4, 5 және 6-тармақтарында көрсетілген кірістер жеңілдікті салық салынатын мемлекеттегі көздерден алынса, қолданылмайды.

9. Осы баптың 2, 4, 5 және 6-тармақтарының ережелері:

1) мүлікті сатып алу құнын (салым құнын);

2) мүлікті өткізу құнын;

3) шет мемлекеттің құзыретті органының мүлікті және (немесе) мүлікке меншік құқығын және (немесе) мүлік бойынша мәмілені шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес тіркегенін растау құжаттары негізінде қолданылады.»;

2-тармақтың 62) тармақшасының бірінші абзацы 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі

62) 21-тараудың тақырыбы алып тасталсын;

185-бапта:

2-тармақтың 62) тармақшасының үшінші абзацы 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі

тақырыбы, 1 және 3-тармақтар алып тасталсын;

2-тармақ алып тасталсын;

2-тармақтың 63) тармақшасы 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі

63) 186 және 187-баптар алып тасталсын;

64) мынадай мазмұндағы 21-1-тараумен толықтырылсын:



«21-1-тарау. Жеке тұлғалардың декларациялары

1-параграф. Активтер мен міндеттемелер туралы декларация

187-1-бап. Активтер мен міндеттемелер туралы декларация

1. Осы бапта көрсетілген тұлғалар, егер «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе, активтер мен міндеттемелер туралы декларациялар ұсынылатын жылдың алдындағы жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны толтырады.

2. Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны активтер мен міндеттемелер туралы декларациялар ұсынылатын жылдың 1 қаңтарында:

1) мынадай адамдардың бірі:

Қазақстан Республикасының кәмелеттік жасқа толған азаматы;

оралман;

тұруға ықтиярхаты бар адам болып табылатын, осы Кодекстің ережелеріне сәйкес Қазақстан Республикасының резиденті;

2) осы баптың 3-тармағында айқындалған жағдайларда осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілмеген жеке тұлға;

3) мыналардың:
1   2   3   4   5   6   7   8   9


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет