Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне



бет2/9
Дата17.06.2016
өлшемі0.57 Mb.
#141539
1   2   3   4   5   6   7   8   9


«2-1. Уәкілетті мемлекеттік органдар тізбе бойынша жеке тұлғалар жөніндегі мәліметтерді уәкілетті органға осы Кодекстің 81-тарауында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде ұсынуға міндетті.»;

11) мынадай мазмұндағы 24-1-баппен толықтырылсын:



«24-1-бап. Уәкілетті органның әскери басқару органдарымен өзара іс қимыл жасауы

1. Жергілікті әскери басқару органдары мерзімді әскери қызметке шақырылған және мерзімді әскери қызметтен босатылған жеке тұлғалар туралы мәліметтерді уәкілетті органға мынадай мерзімдерде:

1) жеке тұлғалар сәуірде-маусымда:

мерзімді әскери қызметке шақырылған;

мерзімді әскери қызметтен босатылған жылдың 31 шілдесінен кешіктірмей;

2) жеке тұлғалар қазанда-желтоқсанда:

мерзімді әскери қызметке шақырылған;

мерзімді әскери қызметтен босатылған жылдан кейінгі жылдың 31 қаңтарынан кешіктірмей ұсынады.

2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жергілікті әскери басқару органдарының тізбесін уәкілетті органға мынадай мерзімдерде:

1) осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген жылдың 1 қаңтарынан кешіктірмей;

2) осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей ұсынады.»;

12) 31-бап мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:



«6-1. Он сегіз жасқа (кәмелетке) толмаған адамның және (немесе) әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі адамның салық міндеттемесін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес заңды өкілі орындайды.»;

13) 36-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:



«1. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеке тұлғалардың декларацияларды ұсынуы жөніндегі міндет жүктелген жеке тұлғаның мүлікті сенімгерлік басқаруға беруі кезінде осындай декларацияны толтыру және ұсыну жөніндегі салық міндеттемесін осы жеке тұлға орындайды.»;

2-тармақтың 14) тармақшасы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі

14) 55-баптың 1-тармағы 1) тармақшасының он үшінші абзацы алып тасталсын;

2-тармақтың 15) тармақшасы 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі

15) 56-бапта:

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Егер осы баптың 2-1 және 2-2-тармақтарында өзгеше белгіленбесе, салықтық есепке алу бухгалтерлік есепке алу деректеріне негізделеді. Бухгалтерлік құжаттаманы жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасында белгіленеді.»;

мынадай мазмұндағы 2-2-тармақпен толықтырылсын:

«2-2. Жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіби медиаторлар салықтық есепке алуды уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес ұйымдастырады және жүргізеді.»;

4-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

«Жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіби медиаторлар жеке практикамен айналысудан түсетін кірістер мен жүргізілген шығыстарды есепке алу саясаты туралы ережелерді қоса отырып, дербес әзірлеген салықтық есепке алу саясатын бекітеді.»;

6-тармақтың 1-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1-1) осы баптың 2-1-тармағында аталған дара кәсіпкерлер, сондай-ақ осы баптың 2-2-тармағында аталған тұлғалар үшін - бастапқы есепке алу құжаттарын;»;

16) 63-бапта:



1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Салық есептілігі - осы Кодексте белгіленген тәртіпке сәйкес ұсынылатын, салық төлеуші, салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы, активтер мен міндеттемелер туралы, сондай-ақ салық міндеттемелерін, міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу туралы мәліметтерді қамтитын салық төлеушінің (салық агентінің) құжаты.»;

3-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Салық есептілігі (активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны, импортталған тауарлар жөніндегі жанама салықтар бойынша декларацияны, тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішті қоспағанда) мынадай түрлерге бөлінеді:»;

2-тармақтың 17) тармақшасы 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі



17) 67-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«67-бап. Салық агенттері ұсынатын жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша салық есептілігін белгілеу ерекшеліктері

1. Уәкілетті орган жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша декларацияның мынадай нысандарын осы декларацияға қосымшалармен қоса бекітеді:

1) мыналар:

салық агенттері;

Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агенттер;

Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес әлеуметтік аударымдарды төлеушілер;

«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған аударымдарды және жарналарды есептеу, ұстау, аудару, төлеу жөніндегі міндет жүктелген тұлғалар болып табылатын салық төлеушілер үшін жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларация (Қазақстан Республикасының азаматтары бойынша);

2) мыналар:

салық агенттері;

Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агенттер;

Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес әлеуметтік аударымдарды төлеушілер;

«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған аударымдарды және жарналарды есептеу, ұстау, аудару, төлеу жөніндегі міндет жүктелген тұлғалар болып табылатын салық төлеушілер үшін жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларация (шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар бойынша).

2. Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларация (Қазақстан Республикасының азаматтары бойынша):

1) мыналар:

жеке табыс салығы;

міндетті зейнетақы жарналары, оның ішінде өз пайдасына;

жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары;

міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары;

әлеуметтік салық;

әлеуметтік аударымдар, оның ішінде өз пайдасына;

міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған жарналар;

міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған аударымдар есептелетін, ұсталатын және аударылатын салық салу (есептеу) объектілері;

2) мыналардың:

жеке табыс салығының;

міндетті зейнетақы жарналарының;

жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының;

міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының;

әлеуметтік салықтың;

әлеуметтік аударымдардың;

міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған жарналардың;

міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған аударымдардың есептелген сомалары туралы ақпаратты көрсетуге арналған.

Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларацияға қосымшалар салық органдары салықтық бақылау мақсаттары үшін пайдаланатын салық міндеттемесін есептеу туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған.

3. Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларацияға қосымшалардың нысандары:

1) кірістер алушы болып табылатын әрбір жеке тұлға - Қазақстан Республикасының азаматы бойынша мынадай мәліметтерді:

жеке тұлға туралы сәйкестендіру деректерін;

төлем көзінен салық салуға жататын есепке жазылған кірістер сомасын;

салық салудан босатылатын кірістер сомасын;

қолданылған салық шегерімдерінің сомасын;

салық салынатын кірістер сомасын;

есептелген жеке табыс салығының сомасын;

төленген кірістер сомасын;

төленген кірістер сомасының есепке жазылған кірістер сомасына үлес салмағын;

жеке табыс салығының ұстауға жататын сомасын;

аударылған жеке табыс салығының сомасын көрсете отырып, жеке табыс салығы сомаларын есептеу, ұстау және аудару;

2) заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері бойынша:

жеке табыс салығының;

әлеуметтік салықтың;

міндетті зейнетақы жарналарының;

жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының;

міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының;

әлеуметтік аударымдардың;

міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған жарналардың;

міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған аударымдардың сомаларын есептеу туралы;

3) салық төлеушілердің жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір келісімшарт шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша әлеуметтік салықты есептеуі туралы ақпаратты қамтуы мүмкін.

4. Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларация (шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар бойынша):

1) мыналар:

жеке табыс салығы;

міндетті зейнетақы жарналары, оның ішінде өз пайдасына;

жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары;

міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары;

әлеуметтік салық;

әлеуметтік аударымдар, оның ішінде өз пайдасына;

міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған жарналар;

міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған аударымдар есептелетін, ұсталатын және аударылатын салық салу (есептеу) объектілері;

2) мыналардың:

жеке табыс салығының;

міндетті зейнетақы жарналарының;

жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының;

міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының;

әлеуметтік салықтың;

әлеуметтік аударымдардың;

міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған жарналардың;

міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған аударымдардың есептелген сомалары туралы ақпаратты көрсетуге арналған.

Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларацияға қосымшалар салық органдары салықтық бақылау мақсаттары үшін пайдаланатын салық міндеттемесін есептеу туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған.

5. Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларацияға қосымшалардың нысандары:

1) кіріс алушылар болып табылатын әрбір жеке тұлға - шетелдік және азаматтығы жоқ адам бойынша мынадай мәліметтерді:

жеке тұлға туралы сәйкестендіру деректерін;

төлем көзінен, оның ішінде халықаралық шарттарға сәйкес салық салуға жататын есепке жазылған кірістер сомасын;

салық салудан, оның ішінде халықаралық шарттарға сәйкес босатылатын кірістер сомасын;

қолданылған салық шегерімдерінің сомасын;

төлем көзінен салық салынатын кірістер сомасын;

салық мөлшерлемелерін;

есептелген жеке табыс салығының сомасын;

төленген кірістер сомасын;

төленген кірістер сомасының есепке жазылған кірістер сомасына үлес салмағын;

жеке табыс салығының ұстауға жататын сомасын;

аударылған жеке табыс салығының сомасын;

халықаралық шарттардың қолданылуын;

Қазақстан Республикасында қызметті жүзеге асыру кезеңін көрсете отырып, резиденттер және бейрезиденттер болып табылатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың кірістерінен жеке табыс салығын есептеу, ұстау және аудару туралы және жеке табыс салығын және әлеуметтік салықты, оның ішінде құрылымдық бөлiмшелер бойынша есептеу;

2) құрылымдық бөлімшелер бойынша:

жеке табыс салығының;

әлеуметтік салықтың;

міндетті зейнетақы жарналарының;

жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының;

міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының;

әлеуметтік аударымдардың;

міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған жарналардың;

міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған аударымдардың сомаларын есептеу туралы ақпаратты қамтуы мүмкiн.»;

18) мынадай мазмұндағы 67-1-баппен толықтырылсын:



«67-1-бап. Жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы, кірістері мен мүлкі туралы салық есептілігін белгілеу ерекшеліктері

1. Уәкілетті орган жеке тұлғалар декларацияларының мынадай нысандарын осы декларацияларға қосымшалармен қоса бекітеді:

1) жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларация (бұдан әрі - активтер мен міндеттемелер туралы декларация);

2) жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларация (бұдан әрі - кірістер мен мүлік туралы декларация):

қосымшаларымен;

қосымшаларсыз оңайлатылған нысан бойынша (бұдан әрі - кірістер мен мүлік туралы қысқаша декларация);

3) жеке табыс салығы бойынша декларация.

2. Активтер мен міндеттемелер туралы декларация осы Кодекстің 187-1-бабында көрсетілген жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде:

1) мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүліктің, сондай-ақ ол бойынша құқықтар және (немесе) мәмілелер мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүліктің;

2) тұрғын үй құрылысына қатысу үлесінің;

3) банк шоттарындағы ақшаның;

4) қолма-қол ақшаның;

5) Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға берешекті қоспағанда, басқа тұлғалардың жеке тұлға алдындағы берешектері (дебиторлық берешегі) және жеке тұлғаның басқа тұлғалар алдындағы берешектері (кредиторлық берешегі);

6) осы Кодекстің 187-2-бабының 2-тармағында көрсетілген өзге де мүліктің болуы туралы ақпаратты көрсетуіне арналған.

3. Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияға қосымшалар осы Кодекстің 187-2-бабында көрсетілген талаптарға сәйкес салықтық бақылау мақсаттары үшін салық органдары пайдаланатын, осы баптың 2-тармағында көрсетілген мәліметтер туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған.

4. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеке тұлғалардың декларацияларды ұсынуы жөніндегі міндет жүктелген адамдар активтері мен міндеттемелері туралы декларацияға қосымшаларда осы баптың 2-тармағында көрсетілген мүлікті сенімгерлік басқаруға, трасттарға беру туралы мәліметтерді де көрсетеді.

5. Кірістер мен мүлік туралы декларация жеке тұлғалардың:

1) төлем көзінен салық салуға жататын кірістер;

2) жеке тұлғаның дербес салық салуына жататын кірістер;

3) салық салудан босатылатын, оның ішінде халықаралық шарттарға сәйкес салық салудан босатылатын кірістер;

4) шетелдік көздерден алынатын кірістер, жеңілдікпен салық салынатын елдерде тіркелген немесе орналасқан компаниялар пайдасының немесе пайдасының бір бөлігінің сомалары, төленген шетелдік салық және есепке жатқызу сомалары;

5) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі көздерден алынған кірістер, оның ішінде жеңілдікпен салық салынатын елде алынған кірістер, шетелдік салықты есепке жатқызу;

6) салық шегерімдері;

7) мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүліктің, сондай-ақ ол бойынша құқықтар және (немесе) мәмілелер мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі мүлікті сатып алу және (немесе) иеліктен шығару және (немесе) өтеусіз алу;

8) жеке табыс салығы бойынша, оның ішінде Қазақстан Республикасында тұрғын үй сатып алуға алынған ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыны өтеуге арналған жеке тұлғаның шығыстары туралы мәліметтерді банк мекемелерінің беруіне жеке тұлғаның келісімі көрсетіле отырып, осы Кодекстің 156-10-бабында айқындалған салық шегерімін қолданған жағдайда, асып кетуді есепке жатқызу және қайтару жөніндегі талаптар туралы ақпаратты көрсетуге арналған.

6. Кірістер мен мүлік туралы декларацияға қосымшалар салық органдары салықтық бақылау мақсаттары үшін пайдаланатын салық міндеттемесін есептеу туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған.

7. Кірістер мен мүлік туралы декларацияға қосымшалардың нысандары:

1) мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүлікті, сондай-ақ ол бойынша құқықтар және (немесе) мәмілелер мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүлікті, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде сатып алу және (немесе) өтеусіз алу;

2) осы Кодекстің 180-1-бабының 1-тармағында көрсетілген мүлікті, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде өткізу;

3) заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде осы Кодекстің 180-2-бабының 1-тармағында көрсетілген мүлікті, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде беру;

4) жұмыс берушілер болып табылмайтын дара кәсіпкерден немесе заңды тұлғадан алынған, олар бойынша жеке табыс салығын есептеу төлем көзінен жүргізілген кірістер;

5) шағын бизнес субъектілері үшін арнайы салық режимін қолданатын дара кәсіпкердің өзге де активтерін өткізу;

6) жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібін қолданатын дара кәсіпкердің кірістері;

7) жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың кірістері;

8) талап ету құқығын, оның ішінде тұрғын үй құрылысындағы үлесті басқаға беруден түсетін кірістер;

9) салық салудан босатылатын кірістер;

10) салық шегерімдері;

11) Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға берешектерді қоспағанда, басқа тұлғалардың жеке тұлға алдындағы берешектері (дебиторлық берешегі) және жеке тұлғаның басқа тұлғалар алдындағы берешектері (кредиторлық берешегі);

12) халықаралық шарттарға сәйкес салық салудан босатылатын кірістер;

13) шетелдік көздерден алынатын кірістер, жеңілдікпен салық салынатын елдерде тіркелген немесе орналасқан компаниялар пайдасының немесе пайдасының бір бөлігінің сомалары, төленген шетелдік салық және есепке жатқызу сомалары;

14) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі көздерден алынған кірістер, оның ішінде жеңілдікпен салық салынатын елде алынған кірістер, шетелдік салықты есепке жатқызу туралы ақпаратты қамтуы мүмкін.

8. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеке тұлғалардың декларацияларды ұсынуы жөніндегі міндет жүктелген адамдар кірістер мен мүлік туралы декларацияда есепті салық кезеңі ішінде мынадай мүлікті, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде:

1) мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын жылжымайтын мүлікті, сондай-ақ ол бойынша құқықтар және (немесе) мәмілелер мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүлікті;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет