Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі


-бап. Техникалық реттеудің объектілері



бет9/29
Дата14.06.2016
өлшемі1.9 Mb.
#135950
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   29

149-бап. Техникалық реттеудің объектілері

1. Өнiм, көрсетiлетiн қызмет, процестер техникалық реттеу объектiлерi болып табылады.

Өнiм - процестiң немесе қызметтiң нәтижесi;

Өнiмнiң өмiрлiк циклi - өнiмдi жобалау, өндiру, пайдалану, сақтау, тасымалдау, өткiзу, жою және кәдеге жарату процестерi;

Көрсетiлетiн қызмет - берушi мен тұтынушының тiкелей өзара iс-қимылының және берушiнiң тұтынушы қажеттiктерiн қанағаттандыру жөнiндегi iшкi қызметiнiң қорытындылары;

Процесс - өнiмнiң өмiрлiк циклiнiң процестерiн қоса алғанда, қандай да бiр тапсырылған нәтижеге жету жөнiндегi өзара байланысты және дәйектi iс-қимылдар (жұмыстар) жиынтығы;


150-бап. Техникалық реттеудің субъектілері

Мемлекеттiк органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында қызметiн жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес техникалық реттеу объектiлерiне қатысты пайдалану құқығын иеленетiн жеке және заңды тұлғалар техникалық реттеу субъектiлерi болып табылады.


151-бап. Техникалық реттеу

Техникалық реттеу - санитарлық және фитосанитарлық шараларды қоспағанда, сәйкестiктi растау, аккредиттеу және белгiленген талаптардың сақталуын мемлекеттiк бақылау жөнiндегi қызметтi қоса алғанда, өнiмге, көрсетiлетiн қызметке, процестерге қойылатын мiндеттi және ерiктi талаптарды анықтауға, белгiлеуге, қолдануға және орындауға байланысты қатынастарды құқықтық және нормативтiк реттеу.

Техникалық реттеу:

1) мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесiнiң бiрлiгi мен тұтастығы;

2) бiрыңғай терминологияны, өнiмге, көрсетiлетiн қызметке, процестерге қойылатын талаптарды белгiлеу ережелерiн қолдану;

3) техникалық реттеу мақсаттарының орындылығы мен қолжетiмдi болуы, техникалық реттеу процестерiне қатысу үшiн тең мүмкiндiктердi, мемлекет пен мүдделi тараптар мүдделерінің теңгерімiн қамтамасыз ету;

4) отандық және импортталатын өнiмге, көрсетiлетiн қызметке және олардың белгiленген талаптарға сәйкестiгiн растау рәсiмдерiне қойылатын талаптардың бiрдей болуы;

5) техникалық регламенттер мен стандарттарды әзiрлеу кезiнде ғылым мен техника жетiстiктерiн, халықаралық және өңiрлiк ұйымдардың стандарттарын басым пайдалану;

6) техникалық регламенттер талаптарының мемлекет экономикасының дамуы, оның материалдық-техникалық базасы деңгейiне және ғылыми-техникалық даму деңгейiне сәйкестігі;

7) мемлекеттiк құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi қоспағанда, техникалық регламенттердiң, стандарттардың және олар туралы, оларды әзiрлеу, бекiту, жариялау тәртiбi туралы ақпараттың қолжетiмдiлiгi;

8) стандарттарды қолдану мақсатында оларды ерiктi түрде таңдау;

9) сәйкестiктi растаудың бiрыңғай жүйесi мен ережелерi;

10) бiр органның аккредиттеу және сәйкестiктi растау жөнiндегi өкiлеттiктердi қоса атқаруын болдырмау;

11) бiр мемлекеттiк органда мемлекеттiк бақылау және сәйкестiктi растау функцияларының үйлеспеушiлiгi;

12) сәйкестiктi растау жөнiндегi органдардың дайындаушылардан (орындаушылардан), сатушылардан және сатып алушылардан тәуелсiздiгi;

13) сәйкестiктi растау жөнiндегi жұмыстарда бәсекелестiктiң шектелуiн болдырмау принциптерiне негiзделедi.


152-бап. Техникалық реттеудiң негiзгi мақсаттары

1.Техникалық реттеудiң негiзгi мақсаттары:


1) мiндеттi регламенттеу саласында:

өнiмнiң, процестердiң адам өмiрi мен денсаулығы және қоршаған орта, оның iшiнде жануарлар мен өсiмдiктер дүниесi үшiн қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;

ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету;

өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң қауiпсiздiгiне және сапасына қатысты тұтынушыларды жаңылыстыратын iс-әрекеттердiң алдын алу;

саудадағы техникалық кедергiлердi жою;

2) стандарттау саласында:

отандық өнiмнiң бәсекеге-қабiлеттiлiгiн арттыру;

табиғи және энергетикалық ресурстарды үнемдеу болып табылады.


153-бап. Мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесiнiң құрылымы

Мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесiнiң құрылымын:

1) Қазақстан Республикасының Үкiметi;

2) уәкiлетті орган;

3) өз құзыретi шегiнде мемлекеттiк органдар;

3-1) аккредиттеу жөнiндегi орган;

4) мемлекеттiк органдар жанындағы техникалық реттеу саласындағы сарапшылық кеңестер;

5) Саудадағы техникалық кедергiлер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөнiндегi ақпарат орталығы (бұдан әрi - Ақпарат орталығы);

6) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер;

7) сәйкестiктi растау жөнiндегi органдар, сынақ зертханалары (орталықтар);

8) сәйкестiктi растау, аккредиттеу, тауардың шығарылған елін, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-ayдиторлар;

9) Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттiк қоры құрайды.


154-бап. Аккредиттеу жөніндегі орган

1. Аккредиттеу жөніндегі орган – конкурстық негізде айқындалатын, аккредиттеу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын және аккредиттеу жөніндегі халықаралық ұйымдардың мүшесі болып табылатын заңды тұлға.

2. Аккредиттеу жөніндегі орган:

1) аккредиттеу, сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторларды, өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы техникалық сарапшыларды, аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды жүргізуге қатысу үшін техникалық сарапшылар мен басқа да мамандарды тартуға;

2) аккредиттеу жөніндегі халықаралық (өңірлік) мемлекеттік емес және үкіметтік емес ұйымдардың жұмысына қатысуға;

3) өлшеу құралдарының салыстырмалы сынағын және тексеру нәтижелерін салыстырып қарау мен калибрлеуді ұйымдастыруға;

4) инспекциялық тексеруді жүргізуге;

5) аккредиттеу субъектілері қызметінің аккредиттеу өлшемшарттарына сәйкестігі мәніне мониторинг жүргізуге құқылы.

3. Аккредиттеу жөніндегі орган:

1) аккредиттеу аттестатының, аккредиттеу аттестаттарына қосымшалардың, аккредиттеу таңбасының нысандарын белгілеуге;

2) аккредиттеу кезеңдерін және оларды орындау мерзімдерін, сондай-ақ инспекциялық, оның ішінде кезектен тыс тексерулерді жүргізу мерзімдерін қоса алғанда, белгіленген тәртіпті сақтай отырып, аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды жүргізуге;

3) аккредиттеуу жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде белгілі болған, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мәліметтерді жария етуге жол бермеуге;

4) аккредиттеу субъектілерінің тізілімін жүргізуге;

5) интернет-ресурс жүргізуге, онда аккредиттеу субъектілері тізілімін ресми жариялауға және сәйкестікті бағалау саласында аккредиттеу жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді орналастыруға;

6) аккредиттеу субъектілерінің шағымдарын қарауға және олар бойынша шешім қабылдауға, интернет-ресурста қабылданған шешімдер туралы ақпарат орналастыруға;

7) аккредиттеу аттестаты кері қайтарылып алынған немесе аккредиттеуден кейінгі шарт тоқтатылған жағдайда бұл туралы техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органды үш жұмыс күні ішінде жазбаша хабардар етуге;

8) аккредиттеу аттестатын қайта ресімдеу, аккредиттеу материалдарын өзекті ету туралы өтінімдерді қарауға;

9) осы Кодексте көзделген негіздер бойынша және тәртіппен аккредиттеу аттестатын кері қайтарып алуға, қайтарып беруге және аккредиттеу аттестатын жою туралы өтінішпен сотқа шағымдануға міндетті.

3. Аккредиттеу материалдарын қарау және олар бойынша шешімдер қабылдау үшін аккредиттеу жөніндегі органның басшысы аккредиттеу материалдарын қарау бойынша тұрақты жұмыс істейтін комиссия құрады. Комиссияның шешімдері ұсынымдық сипатта болады.

Комиссияның сан құрамы тақ болуға, үш адамнан кем болмауға және оған кемінде аккредиттеу жөніндегі бір сарапшы-аудитор енгізілуге тиіс.


155-бап. Мемлекеттік органдар жанындағы техникалық реттеу саласындағы сарапшылық кеңестер

1. Мемлекеттік органдар жанындағы техникалық реттеу саласындағы сарапшылық кеңестер техникалық регламенттер жобаларын әзірлеу, техникалық регламенттерді әзірлеумен және қолданумен байланысты саладағы мемлекеттік органдардың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ұсыныстар дайындау үшін құрылады.

2. Мемлекеттік органдар жанындағы техникалық реттеу саласындағы сарапшылық кеңестің құрамын және ол туралы ережені мемлекеттік органдар бекітеді.

Сарапшылық кеңестің құрамына мемлекеттік органдардың, стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің және басқа мүдделі тараптардың өкілдері енгізіледі.

Жеке тұлғалар, заңды тұлғалар және олардың қауымдастықтары, одақтар, қызметі техникалық регламенттерді әзірлеумен тікелей байланысты Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, сондай-ақ қатысуы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген өзге де тұлғалар мүдделі тараптар деп танылады.
156-бап. Саудадағы техникалық кедергілер, санитариялық және фитосанитариялық шаралар жөніндегі ақпарат орталығы

1. Саудадағы техникалық кедергілер, санитариялық және фитосанитариялық шаралар жөніндегі ақпарат орталығы Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен мүдделі тараптар мен шет мемлекеттерге олардың сұрау салуы бойынша:

1) қолданыстағы немесе әзірленіп жатқан техникалық регламенттер, ветеринариялық-санитариялық, санитариялық және фитосанитариялық шаралар, стандарттар, оларға өзгерістер және өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің сәйкестігін растау рәсімдері туралы;

2) Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдарға мүшелігі және стандарттау, сәйкестікті растау, аккредиттеу, ветеринария, санитария және фитосанитария саласындағы екіжақты және көпжақты сипаттағы халықаралық шарттарға қатысуы туралы;

3) әзірленіп жатқан және қабылданған техникалық регламенттер, стндарттар жобаларын, өнімдердің, көрсетілетін қызметтердің немесе олар туралы ақпараттардың сәйкестігін растаудың ветеринариялық-санитариялық, санитариялық және фитосанитариялық шаралары мен рәсімдерін жариялау көздері туралы құжаттар мен ақпараттардың көшірмелерін беру мақсатында Дүние жүзілік сауда ұйымының Хатшылығымен, Дүние жүзілік сауда ұйымына мүше елдермен, халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау үшін құрылады және жұмыс істейді.

Техникалық кедергі – техникалық регламенттерде және стандарттарда қамтылған талаптардың айырмашылықтары немесе құбылмалылығы салдарынан туындайтын кедергі.

2. Осы баптың 1-тармағында көзделген ақпарат хабарлама түрінде уәкілетті органның ресми баспа басылымында және жалпыға ортақ пайдаланылатын ақпарат жүйесінде орналастырылады. Хабарламаны толтыру және табыс ету нысанын, тәртібін техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
157-бап. Стандарттау жөніндегі техникалық комитет

1. Стандарттау жөніндегі техникалық комитет – экономика саласында стандарттарды әзірлеу және стандарттаудың бекітіліп берілген объектілері немесе қызмет бағыттары боынша техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесін құруға қатысу үшін ерікті негізде құрылатын консультациялық-кеңесші орган.

1. Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер салааралық деңгейде стандарттау жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін мемлекеттік органдар мен мүдделі тараптардың ұсыныстары бойынша экономика салаларында құрылады.

Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер құрамына мемлекеттік органдар мен мүдделі тараптардың өкілдері енгізіледі.

2. Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің құзыретіне:

1) бекітіліп берілген объектілер және қызмет бағыттары бойынша техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесін дамытудың негізгі бағыттарын айқындау жөніндегі ұсыныстарды дайындау;

2) Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен ұлттық стандарттарды, алдын ала ұлттық стандарттарды және техникалық-экономикалық ақпараттар жіктеуіштерін, халықаралық, өңірлік стандарттарды және шет мемлекеттердің техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін және оларға өзгерістерді әзірлеу мен сараптау;

3) техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттарды әзірлеу жөніндегі ұсыныстарды дайындау жатады.

3. Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерді құру, олардың жұмыс істеу, оларды тарату тәртібін техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган белгілейді.
158-бап. Сәйкестікті растау жөніндегі органдар

1. Сәйкестікті растау жөніндегі органдар– меншік нысанына қарамастан, өнім (көрсетілетін қызмет) өндірушілерден (орындаушылардан), өнім (көрсетілетін қызмет) берушілерден және тұтынушылардан тәуелсіз, штатында сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторлары және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, осы Кодексте белгіленгентәртіппен аккредиттелген қызметтің бекітіліп берілген бағыттары бойынша сынақ зертханалары (орталықтары) бар ұйымдар.

Сәйкестікті растау жөніндегі органдар, оның ішінде шетелдік ұйымдар Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен аккредиттеуге жатады.

Аккредиттеу –аккредиттеу жөніндегі органның өтінім берушінің техникалық реттеу объектілерінің белгіленген талаптарға сәйкестігін растау жөніндегі белгілі бір саладағы жұмысты орындауға құзыреттілігін ресми тану рәсімі;

Сәйкестікті растау үшін өнімді, көрсетілетін қызметті, процестерді ұсынушы жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ аккредиттеуге және аудитке (сәйкестікті растау саласында) өтінім берген заңды тұлға өтінім беруші бола алады.

Сәйкестікті растау жөніндегі органдардың филиалдары Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен сәйкестікті растау жөніндегі орган құрамында аккредиттеледі.

2. Сәйкестікті растау жөніндегі органдар міндетті түрде сәйкестікті растау мақсаттары үшін аккредиттелген зертханалардың сынақ нәтижелерін пайдалануы тиіс.

3. Сәйкестікті растау жөніндегі органдар өтінім берушілермен шарт жағдайында аккредиттеу саласы шегінде мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1) міндетті түрде сәйкестікті растау жөніндегі жұмысты жүргізуге дайындаушылардың (орындаушылардың), сатушылардың өтінімдерін қарайды, белгілі бір өнімді, көрсетілетін қызметті өзіне тән тұрғыда ғана танып-білу мақсатында сәйкестікті растау үшін ұсынылған өнімді, көрсетілетін қызметті идентификациялайды;

2) міндетті және ерікті түрде сәйкестікті растау жөніндегі жұмысты жүргізеді;

3) дайындаушылардың (орындаушылардың) өтінімдері бойынша сәйкестік туралы декларация қабылдау үшін қажетті жұмыстарды жүргізеді;

4) сәйкестік туралы декларацияны тіркейді;

5) сәйкестікті растау схемасына сәйкес,міндетті түрде сәйкестікті растаудан өткен өнімдерге инспекциялық бақылау жүргізеді, оның белгіленген талаптарға сәйкес еместігі анықталған жағдайда, техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен, берілген сәйкестік сертификаттарының қолданысын немесе сәйкестік туралы декларацияны тіркеу қолданысын тоқтата тұрады немесе оның күшін жояды;

6) берілген сәйкестік сертификаттарының және сәйкестік туралы тіркелген декларациялардың тізілімін жүргізеді.

4. Сәйкестікті растау жөніндегі органдар:

1) дайындаушының (орындаушының), сатушының өтінімі бойынша аккредиттеу саласы шегінде объектілердің сәйкестігін міндетті және ерікті растауды жүргізуге;

3) өтінім берушіден сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарды орындау үшін қажетті құжаттарды табыс етуді сұратуға құқылы.

5. Сәйкестікті растау жөніндегі органдар:

1) өтінім берушінің сәйкестікті растау қағидалары мен шарттары туралы ақпаратқа кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз етуге;

2) өтініш берушіге қатысты кемсітушілікке жол бермеуге;

3) сәйкестік туралы тіркелген декларациялар, берілген сәйкестік сертификаттары туралы, сертификаттаудан бас тарту және уәкілетті орган берген тәртіппен оларды беру туралы деректердің электрондық есебін жүзеге асыруға; (техреттеуге рұқсат жөніндегі өтпелі ережелер)

4) өнімнің, көрсетілетін қызметтің шығарылған еліне қарамастан өтінім берушінің коммерциялық мүддесін құрайтын ақпараттың құпиялығын қамтамасыз етуге міндетті.

6. Сәйкестікті растау жөніндегі органдар және сарапшы-аудиторлар сәйкестікті міндетті растау қағидаларын бұзғаны және сәйкестік сертификатын құқыққа сыйымсыз бергені, сәйкестік туралы декларацияны тіркегені үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады. (техреттеуге рұқсат жөніндегі өтпелі ережелер)

7. Сәйкестікті растау жөніндегі органдар аккредиттеу саласында консалтингтік қызмет көрсетуге құқылы емес және мұндай қызмет көрсететін тұлғалармен үлестес болуға тиіс емес.

8. Сәйкестікті растау жөніндегі органның меншік, шаруашылық жүргізу, оралымды басқару құқығымен сәйкестікті растау жөніндегі органның аккредиттеу саласында көзделген, техникалық реттеу саласындағы уакілетті орган айқындаған көлемде объектілер сынағын қамтамасыз ететін зертханасы болуға тиіс.
159-бап. Сынақ зертханалары (орталықтар)

3. Сынақ зертханалары (орталықтар) сәйкестікті растау жөніндегі органдармен немесе басқа өтігнім берушілермен шарт жағдайында:

1) өзінің аккредиттеу саласы шегінде сәйкестікті міндетті немесе ерікті растау мақсаттары үшін объектілер сынағын жүргізеді.

2) сынақ нәтижелерінің дұрыстығын қамтамасыз етеді;

3) техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және нысан бойынша жұмыстардың нәтижелерін ресімдейді және береді;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де қызметті жүзеге асырады.

4. Сынақ зертханалары объектілер сынағының нәтижелерін растау кезінде дәйекті емес нәтижелерді бергені үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

5. Сынақ зертханалары санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылық саласындағы мемлекеттік органға сынақ жұмыстарын жүргізу, үшінші елдердің аккредиттеу субъектілері жүргізген сынақ жұмыстарының нәтижелерін тану үшін өтініш жасаған өтінім беруші туралы, сынақ нәтижелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен өнім сәйкестігінің дәлелдемесі ретінде табыс етілген өзге де құжаттар туралы мәліметтерді табыс етуді қамтаиасыз етуге міндетті.


160-бап. Жеке және заңды тұлғалардың техникалық реттеу саласындағы құқықтары мен міндеттері

1. Жеке және заңды тұлғалар техникалық реттеу саласында:

1) техникалық регламенттер мен стандарттарды, техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеу, өзгерту, олардың күшін жою жөнінде ұсыныстар дайындайды;

2) қажет болған жағдайда, осы Кодекстің 152-бабында көзделген мақсатта стандарттау жөнінде тиісті бөлімшелер мен қызметтер құрады.

2. Сәйкестігі міндетті расталуға жататын өнімді өткізуші жеке және заңды тұлғалар олардың осы Кодекске сәйкес техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкестігін растауды қамтамасыз етеді.
161-бап. Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қоры

1. Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қоры – техникалық реттеу саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қалыптастырылатын мемлекеттік құпиялар және өзге де заңмен қорғалатын құпия болып табылатын мәліметтерді қоспағанда, стандарттардың, техникалық-экономикалық ақпараттар жіктеуіштерінің және нормативтік техникалық құжаттардың жиынтығы.

Нормативтік техникалық құжаттар деп, техникалық және технологиялық нормаларды қамтитын нормативтік құжаттар түсініледі.

1. Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қоры мемлекеттік ақпараттық ресурс болып табылады.

2. Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қоры, ұйымдардың стандарттары мен консорциумның стандарттарын қоспағанда, қабылданған стандарттар, техникалық-экономикалық ақпараттар жіктеуіштері және нормативтік техникалық құжаттар туралы ақпаратты қамтиды. Пайдаланушыларды көрсетілген құжаттардың ресми басылымдарымен қамтамасыз ету тәртібін техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

3. Құжатты қабылдаған адам, ұйымдардың стандарттары мен консорциумның стандарттарын қоспағанда, әрбір стандарттың, техникалық-экономикалықақпараттар жіктеуіштерінің және нормативтік техникалық құжаттың қабылданғаны туралы ақпаратты және олардың бір данасын бірыңғай ақпараттық жүйені қалыптастыру үшін Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қорына жібереді.


162-бап. Сәйкестікті растау саласындағы аудит

Аудит (сәйкестікті растау саласында) –сәйкестікті растау жөніндегі аккредиттелген органдар және (немесе) сынақ зертханалары (орталықтар) қызметінің жүйелі, тәуелсіз құжатталған талдамасы, сондай-ақ өтінім берушінің бастамасы бойынша сертификатталған өнімдердің, көрсетілетін қызметтің, процестердің, сапа менеджменті жүйесінің белгіленген талаптарға сәйкестігіне жүргізілген бақылау.


163-бап.Сәйкестікті растау, аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторлардың құзыреті

1. Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторлар сәйкестікті растау жөніндегі органның құрамында өнімдердің, көрсетілетін қызметтің жекелеген түрлерінің сәйкестігін растау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге қатысады.

Жеке тұлғалардың сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудитор ретіндегі қызметті сәйкестікті растау жөніндегі бір органның немесе сынақ зертханасының (орталықтың) құрамында ғана жүзеге асыруға құығы бар.

Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторлар, егер олар өтінім берушілердің мүддесін білдірсе немесе олармен еңбек немесе өзге де шарттық қатынастарда болса, нақты өнімнің, көрсетілетін қызметтің сәйкестігін растау жөніндегі жұмысты орындауға құқылы емес.

5. Сарапшы-аудиторларды аттестаттау техникалық реттену саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен бес жылда бір рет жүзеге асырылады.
164-бап. Тауардың шығарылған елін, Кеден одағы тауарының немесе шет ел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшылық ұйым және сарапшы-аудиторлар

1. Сарапшылық ұйым тауардың шығарылған жері туралы, Кеден одағы тауарының немесе шет ел тауарының мәртебесін айқындау туралы срапшы-аудитор толтырған тауардың шығарылған жерін, Кеден одағы тауарының немесе шет ел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сараптама актісін куәландырады және береді.

2. Сәйкестікті растау, аккредиттеу, тауардың шығарылған елін, Кеден одағы тауарының немесе шет ел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторлар – техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен аттестатталған жеке тұлға.

Тауардың шығарылған елін, Кеден одағы тауарының немесе шет ел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторлар өз қызметін бір сараптама ұйымының құрамында жүзеге асырады.

3. Тауардың шығарылған елін, Кеден одағы тауарының немесе шет ел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторлардың құзыреттілігі тауардың шығарылған елін, Кеден одағы тауарының немесе шет ел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі жұмыстарды орындауға құық беретін техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган белгілеген біліктілік аттестатымен расталады.

Біліктілік аттестаттарын алған,тауардың шығарылған елін, Кеден одағы тауарының немесе шет ел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторлар тауардың шығарылған елін, Кеден одағы тауарының немесе шет ел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторлар тізіліміне енгізіледі.

4. Тауардың шығарылған елін, Кеден одағы тауарының немесе шет ел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау, техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган құратын, тауардың шығарылған елін, Кеден одағы тауарының немесе шет ел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау жөніндегі комиссия жүзеге асырады.

Тауардың шығарылған елін, Кеден одағы тауарының немесе шет ел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен бес жылда бір рет жүзеге асырылады. (техреттеугерұқсат жөніндегі өтпелі ережелер)

5. Тауардың шығарылған елін, Кеден одағы тауарының немесе шет ел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау жөніндегі комиссия кемінде бес адамнан тұруға тиіс. Тауардың шығарылған елін, Кеден одағы тауарының немесе шет ел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау жөніндегі комиссияның құрамына тауардың шығарылған елін, Кеден одағы тауарының немесе шет ел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторлар, уәкілетті органның, Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және өзге де ұйымдардың өкілдері енгізіледі. Тауардың шығарылған елін, Кеден одағы тауарының немесе шет ел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау жөніндегі комиссияның төрағасы оның мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен сайланады.

6. Тауардың шығарылған елін, Кеден одағы тауарының немесе шет ел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау жөніндегі комиссияға аттестаттаудан өту үшін мына құжаттар:

1) өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) жоғары білім туралы дипломның көшірмесі;

4) оқу орталығының жеке тұлғаның теориялық даярлығын растайтын куәлігінің не сертификаттың көшірмесі;

5) жеке тұлғаның тауардың шығарылған елін, Кеден одағы тауарының немесе шет ел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге қатысқанын растайтын, тағылымдамадан өткені туралы он есептің көшірмесі;

6) жұмыс орнынан анықтама немесе кемінде екі жыл жалпы жұмыс өтілін растайтын еңбек кітапшасынан үзінді-көшірме табыс етілуге тиіс.

7. Тауардың шығарылған елін, Кеден одағы тауарының немесе шет ел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторлар өз қызметін техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырады.

8. Тауардың шығарылған елін, Кеден одағы тауарының немесе шет ел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларға, егер тауар туралы табыс етілген деректер жалған және (немесе) дәйексіз болса, тауардың шығарылуы туралы, Кеден одағы тауарының немесе шет ел тауарының мәртебесін айқындау туралы сараптама актісін жасауға тыйым салынады.


2-параграф. Техникалық регламенттер
165-бап. Техникалық регламенттер талаптары

1. Техникалық регламент – осы Кодекске және Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес әзірленетін және қолданылатын, өнімге және (немесе) олардың өмірлік процестеріне қойылатын міндетті талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық акт.

2. Техникалық регламенттер осы Кодекстің 152-бабында көзделген мақсаттарда әзірленеді және қолданылады.

3. Техникалық регламенттерде белгіленген талаптар міндетті болып табылады, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында тікелей қолданыста болады және тиісті техникалық регламенттерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу арқылы өзгертілуі мүмкін.

4. Техникалық регламенттерде айқындалған талаптар, Қазақстан Республикасына жануарлармен немесе өсімдіктермен не оларды қайта өңдеу өнімдерімен келетін аурулардың еніп кетуін болдырмауға бағытталған санитариялық және фитосанитариялық шараларды белгілеуді және қолданудықоспағанда, өнімнің шығарылған еліне және (немесе) шығарылған жеріне қарамастан бірдей үлгіде және теңдей дәрежеде белгіленіп, қолданылады.

Санитариялық және фитосанитариялық шаралардың қажеттілігінің, талаптарының және рәсімдерінің өлшемшарттары мұндай өнімдердің бүкіл процесінде олардан келетін зиянның нақты ғылыми негізделген қатер дәрежесіне негізделеді.

Қатер деп, зиян зардаптарының аурлық дәрежесі ескеріле отырып, адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, оның ішінде өсімдіктер мен жануарлар әлеміне ықтимал келтірілетін зиян түсініледі.

5. Процестерге техникалық регламенттерде айқындалған талаптар, егер олар осы Кодекстің 152-бабында көзделген мақсаттарға қол жеткізуге ықпал ете алатын болған жағдайда ғана белгіленеді және қолданылады.

6. Техникалық регламенттерде белгіленген талаптар кәсіпкерлік қызметке осы Кодекстің 152-бабында көзделген мақсаттарды орындау үшін қажетті болатыннан басым дәрежеде кедергі келтірмеуге тиіс.

7. Техникалық регламент мемлекеттік саясат мүддесіне, материалдық-техникалық базаның дамуына және ғылыми-техникалық даму деңгейіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәкес келмеген жағдайда техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган мұндай нормативтік құқықтық актінің күшін жою немесе оған өзгерістер енгізу рәсімін бастауға міндетті.

8. Техникалық регламентте оны қолданысқа енгізудің мерзімі мен шарттары, техникалық регламентті, нормативтік немесе техникалық құжаттаманың әзірлемесін және (немесе) түзетуді қолданысқа енгізу мәселелері, сондай-ақ өнімді шығарумен байланысты мәселелер ескерілуге тиіс өтпелі кезеңді белгілейтін уақытты көздеуге тиіс.

9. Техникалық регламенттердің талаптары, егер өнімді өндіру кезінде үйлестірілген стандарттар пайдаланылса, орындалған деп есептеледі.

Үйлестірілген стандарт – техникалық регламенттерде белгіленген талаптарды орындауды қамтамасыз ететін стандарт.

Өнімді өндіру кезінде өзге стандарттар да техникалық регламенттерде белгіленген талаптар мен нормалардың орындалуын қамтамасыз еткен жағдайда олар да пайдаланылуы мүмкін.


166-бап. Техникалық регламенттердің мазмұны

1. Техникалық регламенттерде келтірілетін зиян қатерінің дәрежесі ескеріле отырып, өнімдердің, процестердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ең аз қажетті талаптар белгіленеді.

2. Техникалық регламентте:

1) оның талаптары қолданылатын өнімдердің, процестердің түбегейлі тізбесі;

2) техникалық регламенттерді қабылдау мақсаттарына жетудi қамтамасыз ететiн өнiмнiң, процестердiң сипаттамаларына қойылатын талаптар қамтылуға тиiс. 

Техникалық регламенттерде өнiмнiң сынамаларын iрiктеу және оны сынақтан өткiзу ережелерi, сәйкестiктi растаудың ережелерi мен нысандары (оның iшiнде сәйкестiктi растау схемалары) және (немесе) терминологияға, буып-түюге, таңбалауға немесе затбелгi жапсыруға және оларды түсiру ережелерiне қойылатын талаптар болуы мүмкiн. 

3. Техникалық регламенттерде, келтiрiлетiн зиянның деңгейi ескерiлетiн, өнiмнiң конструкциясы мен орындалуына қойылатын талаптардың болмауы салдарынан осы Кодекстің 152-бабында көзделген мақсаттарға жету қамтамасыз етiлмейтiн жағдайларды қоспағанда, өнiмнiң конструкциясы мен орындалуына қойылатын талаптар қамтылуға тиiс. 

4. Егер шет мемлекеттердiң, халықаралық және өңiрлiк ұйымдардыңнормалары мен стандарттары осы Заңның 152-бабында көзделген мақсаттарға сәйкес келсе, олар техникалық регламенттердi әзiрлеу кезiнде негiз ретiнде толық немесе iшiнара қолданылуы мүмкiн. 

5. Ұзақ пайдаланған кезде жол берiлетiн қатер деңгейiн анықтауға мүмкiндiк бермейтiн факторларға байланысты зиян келтiруi мүмкiн өнiмге қойылатын талаптарды айқындау мүмкiн болмаған жағдайда, техникалық регламенттерде тұтынушыны өнiмнiң ықтимал зияны туралы және оған байланысты факторлар туралы хабардар етуге қатысты талаптар болуға тиiс. 

6. Техникалық регламенттерде зиян келтiру қатерiнiң деңгейiн ескере отырып, техникалық реттеу объектiлерiне:

1) азаматтардың жекелеген санаттарын (кәмелетке толмағандарды, жүктi әйелдердi, бала емiзетiн аналарды, мүгедектердi) қорғауды қамтамасыз ететiн; 

2) егер мұндай талаптардың болмауы климаттық және географиялық ерекшелiктерге байланысты осы Кодекстің 152-бабында көзделген мақсаттарға жете алмауға әкеп соғатын болса, Қазақстан Республикасының жекелеген әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерiнде қолданылатын; 

3) техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде адам өмiрi мен денсаулығына, Қазақстан Республикасының және басқа да iргелес мемлекеттердiң қоршаған ортасына қауiп төндiретiн трансшекаралық қауiптi өндiрiстiк объектiлерге қойылатын арнайы талаптар болуы мүмкiн. 

7. Өнiмнiң, процестердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн талаптар техникалық регламенттерде ғана белгiленедi. 


167-бап. Техникалық регламентті әзiрлеу, сараптау, қабылдау, өзгерту және оның күшiн жою ерекшелiктерi

1. Техникалық регламент, техникалық регламентке өзгерiстер және (немесе) толықтырулар осы Заңның ережелерi ескеріле отырып, белгiленген тәртiппен әзiрленедi, қабылданады және күшiн жоюға жатады.

2. Техникалық регламенттердi әзiрлеу, өзгерту, толықтыру немесе оның күшiн жою жөнiндегi ұсыныстарды құзыретiне мiндеттi ережелер мен нормаларды белгiлеу кiретiн мемлекеттiк органдар стандарттау жөнiндегi техникалық комитеттердiң, мүдделi тараптардың ұсыныстарын ескере отырып дайындайды және уәкiлеттi органға ұсынады.(техрет сәйкестікке келтіру, өтпелі ережелер) 

3. Техникалық реттеу саласындағы уәкiлеттi орган техникалық регламенттердi әзiрлеу жөнiндегi жоспардың жобасын жасайды және оны Қазақстан Республикасының Үкiметiне бекiту үшiн ұсынады. Техникалық регламенттердi әзiрлеу жөнiндегi бекiтiлген жоспар бекiтiлген күннен бастап бiр ай iшiнде жариялануға тиiс. 

Техникалық регламенттердi әзiрлеу жөнiндегi жоспарда көзделмеген техникалық регламенттердi әзiрлеу жөнiндегi жұмыстарды бюджет қаражаты есебiнен қаржыландыруға жол берiлмейдi. 

4. Техникалық регламенттiң жобасын әзiрлеген мемлекеттiк орган жобаны, нормативтiк құқықтық актiге өзгерiстер мен толықтыруларды немесе оның күшiн жоюды әзiрлей бастаған кезден бастап бiр айдан кешiктiрмей, ресми басылымға және жалпыға ортақ пайдаланылатын ақпараттық жүйеге техникалық регламенттiң жобасын әзiрлеу, оған өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу немесе оның күшiн жою туралы белгіленген нысанда хабарлама бередi.

5. Егер техникалық регламенттерде белгiленген талаптар тиiстi халықаралық стандарттардың талаптарына сай келмесе немесе тиiстi халықаралық стандарттар жоқ болса немесе техникалық регламенттерде белгiленген талаптар өнiмнiң Қазақстан Республикасына импортының немесе Қазақстан Республикасынан экспортының жағдайларына әсер етуi мүмкiн болса, техникалық регламенттiң жобасын әзiрлеген мемлекеттiк орган уәкiлеттi орган арқылы:

1) техникалық регламент қолданылатын өнiм тiзбесi, актiнiң мақсаты мен оны әзiрлеу қажеттiгi туралы хабарлайды; 

2) техникалық регламент туралы егжей-тегжейлi мәлiметтердi немесе мазмұны халықаралық стандарттар талаптарына сай келмейтiн нормаларын көрсете отырып, оның көшiрмесiн мүдделi тараптардың және шет мемлекеттердiң сауал салуы бойынша табыс етедi. 

6. Техникалық регламенттiң жобасын әзiрлеу туралы хабарлама жарияланған кезден бастап оның жобасы мүдделi тараптардың танысуы үшiн қолжетiмдi болуға тиiс. 

7. Техникалық регламенттiң жобасын әзiрлеген мемлекеттiк орган: 

1) жобаны жария талқылауды ұйымдастырады; 

2) алынған ескертпелердi ескере отырып жобаны пысықтайды және оны уәкiлеттi органның ресми басылымына және жалпыға ортақ пайдаланылатын ақпараттық жүйеге орналастырады; 

3) техникалық регламенттiң жобасына алынған ескертпелердi мүдделi тараптарға олардың сұрау салуы бойынша бередi. 

8. Техникалық регламенттiң жобасын жария талқылау мерзiмi (оны әзiрлеу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап жария талқылаудың аяқталғаны туралы хабарландыру жарияланған күнге дейiн) кемiнде күнтiзбелiк алпыс күн болуға тиiс. 

9. Техникалық регламенттің жобасын жария талқылаудың аяқталғаны туралы хабарлама уәкiлеттi органның ресми басылымында және жалпыға ортақ пайдаланылатын ақпараттық жүйеде жариялануға тиiс және онда жобамен және алынған ескертпелердiң тiзбесiмен танысу тәсiлi, техникалық регламенттiң жобасын әзiрлеген мемлекеттiк органның атауы, оның почта және электрондық мекен-жайы туралы ақпарат болуға тиiс. 

10. Техникалық регламент жобасының түпкiлiктi редакциясы Қазақстан Республикасының заңнамасындабелгiленген тәртiппен қабылдау үшiн ұсынылады. 

11. Техникалық регламенттi қабылдау күнi мен қолданысқа енгізу немесе күшiн жою күнi аралығында оның талаптарының сақталуын қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыру үшiн қажеттi уақыт кезеңi көзделуге тиiс. 

12. Техникалық регламенттi төтенше жағдайларға (адамның өмiрi мен денсаулығына, қоршаған ортаға немесе ұлттық қауiпсiздiкке тiкелей қатер төнуiне) байланысты әзiрлеу, қабылдау және қолданысқа енгiзу қажет болған кезде техникалық регламент жария талқылаусыз қабылданады. 

Техникалық регламенттi қабылдау туралы хабарлама уәкiлеттi органның ресми басылымында және ортақ пайдаланылатын ақпараттық жүйеде жариялануға, сондай-ақ Дүниежүзiлiк сауда ұйымының Хатшылығына жолдануға тиiс. 


3-параграф. Стандарттау
168-бап. Стантарттау ұғымы

Стандарттау – нақты бар және ықтимал міндеттерге қатысты жалпыға бірдей, дүркін-дүркін және ерікті пайдалану жағдайын орнықтыру арқылы өнімдерге, қызмет көрсетуге және процестерге талаптарды реттеудің оңтайлы дәрежесіне жетуге бағытталған қызмет.


169-бап. Қазақстан Республикасының стандарттау  жөнiндегi нормативтiк құжаттары

1. Стандарттау жөніндегі нормативтік құжат – стандарттау немесе оның нәтижелері жөніндегі қызметтердің әртүріне қатысты нормаларды, қағидаларды, сипаттамаларды қағидаттарды белгілейтін құжат.

Стандарт –дүркін-дүркін және ерікті пайдалану мақсатында техникалық реттеу объектілеріне қағидаларды, жалпы қағидаттарды және сипаттамаларды белгілейтін құжат.

2. Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттарға:

1) халықаралық стандарттар; 

2) өңiрлiк стандарттар және техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштері, стандарттау жөнiндегi ережелер мен ұсынымдар; 

3) Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттары мен техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштері;

4) ұйымдар стандарттары; 

5) Қазақстан Республикасының стандарттау жөнiндегi ұсынымдары;

6) шет мемлекеттердiң стандарттары, шет мемлекеттердің ұйымдарының стандарттары, техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштері, стандарттау жөнiндегi қағидалары, нормалары мен ұсынымдары;

7) үкіметтік емес стандарт;

8) консорциум стандарты;

9) алдын ала ұлттық стандарт жатады.

3. Ұйым стандарттарын, консорциум стандарттарын және әскери және қос мақсаттағы тауарларға (өнімге), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге арналған әскери стандарттарды қоспағанда, осы бапта көрсетілген стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттардың ресми басылымдарын таратуды қызметінің негізгі нысанасы стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарды әзірлеу, стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысу және шетелдік ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау болып табылатын стандарттау жөніндегі ұйымдар техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырады.

4. Әскери және қос мақсаттағы тауарларға (өнімге), жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге әскери стандарт – белгілі бір және арнайы пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен бекітілген мемлекеттік құпия болып табылатын және шектеулі таратылатын мәліметтері бар әскери мақсаттағы объектілерге қағидалар, жалпы қағидаттар және сипаттамалар белгілейтін нормативтік-техникалық құжат.
170-бап. Ұлттық стандарттар

1. Ұлттық стандарт – техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган бекіткен және тұтынушылардың үлкен тобына қолжетімді стандарт.

2. Ұлттық стандарттар, егер Қазақстан Республикасының заңдарында немесе техникалық регламенттерде бұл туралы нұсқаулар қамтылған болса, міндетті болып табылады.

3. Ұлттық стандарттар:

1) мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесiнiң жалпы ұйымдастырушылық-әдiстемелiк ережелерiн белгiлейтiн, негiзге алынатын стандарттар;

2) өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң бiртектi топтарына және қажет болған жағдайда нақты өнiмге, көрсетiлетiн қызметке қойылатын талаптарды белгiлейтiн, өнiмге, көрсетiлетiн қызметке арналған стандарттар;

3) процестерге арналған стандарттар;

4) өнiмдi, көрсетiлетiн қызметтi, процестердi бақылау әдiстерiне арналған стандарттар;

5) әскери және қос мақсаттағы тауарларға (өнiмге), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге арналған әскери стандарттар болып бөлiнедi.

4. Негізге алынатын стандарт –кең салада қолданылатын немесе техникалық реттеудің белгілі бір саласына арналған жалпы ережелері бар стандарт.

Негiзге алынатын ұлттық стандарттарды өз құзыреттері шегінде техникалық реттеу саласындағы уәкiлеттi орган және мемлекеттік органдар, сондай-ақ қызметінің негізгі нысанасы стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарды әзірлеу, стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысу және шетелдік ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау болып табылатын стандарттау жөніндегі ұйымдар әзірлейді.

5. Шет мемлекеттердiң, халықаралық ұйымдардың стандарттары осы Кодекстің 152-бабында көзделген мақсаттарға қол жеткізу үшiн тиiмсiз немесе қолайсыз болып табылатын жағдайларды қоспағанда, осы стандарттар ұлттық стандарттарды әзiрлеу кезiнде негiз ретiнде толық немесе ішінара қолданылады.

6. Ұлттық стандарттарда:

1) техникалық регламенттерде белгiленген талаптардың сақталуын қамтамасыз ететiн өнiмнiң, процестердiң қауiпсiздiгi жөнiндегi қажеттi талаптар;

2) өнiмдi, көрсетiлетiн қызметтердi жiктеуге қойылатын талаптар;

3) өнiмнiң бiрiздiлiк, үйлесiмдiлiк және өзара алмастырушылық көрсеткiштерi;

4) терминдер мен анықтамалар;

5) өнiм, көрсетiлетiн қызметтер сапасының деңгейін айқындайтын олардың тұтыну қасиеттерi мен сипаттамаларын қоса алғанда, функционалдық мақсатының көрсеткiштерi;

6) қабылдау, буып-түю, таңбалау, тасымалдау, сақтау, кәдеге жарату және жою қағидалары;

7) сапасы мен қауiпсiздiгін сынау әдiстерi;

8) ресурстардың барлық түрлерiн сақтауға және ұтымды пайдалануға қойылатын талаптар;

9) менеджмент жүйелерiн енгiзудi қамтамасыз ететiн өндiрiстi ұйымдастыруға қойылатын талаптар;

10) белгiлi бiр қызмет саласына арналған ұйымдастырушылық-әдiстемелiк сипаттағы ережелер, сондай-ақ жалпы техникалық нормалар мен қағидалар белгiленуi мүмкiн.

7. Ұлттық стандарттар өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң шығарылған жерiне қарамастан, тең дәрежеде қолданылады.


171-бап. Алдын ала ұлттық стандарттар

1.Алдын ала ұлттық стандарттар – уақытша қолдануға, оны қолдану процесінде қажетті тәжірибені жинақтауға арналған және тұтынушылардың үлкен тобына қолжетімді стандарт.

2. Алдын ала ұлттық стандарттар осы Кодекстің 152-бабында көзделген мақсаттар үшін әзірленеді.

3. Алдын ала ұлттық стандарттар Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға қайшы келмеуге тиіс.

4. Алдын ала ұлттық стандарттарда белгіленген сапа көрсеткіштері ұлттық және өңірлік стандарттарда белгіленген көрсеткіштерден төмен болмауға тиіс.

5. Алдын ала ұлттық стандарттар ұлттық және өңірлік стандарттарды қайталамауға тиіс.

6. Алдын ала ұлттық стандарттар сәйкестікті растау мақсаттары үшін қабылданады.
172-бап.Үкіметтік емес стандарттар мен консорциум стандарттары

1. Үкіметтік емес стандарт – Қазақстан Республикасының коммерциялық ұйымдары әзірлеген және бекіткен стандарт.

Консорциум стандарты – консорциум әзірлеген және бекіткен, оның мүшелері қолданатын стандарт.

2. Үкіметтік емес стандарттар мен консорциум стандарттары осы Кодекстің 152-бабында көзделген мақсаттар үшін әзірленеді.

3. Үкіметтік емес стандарттар мен консорциум стандарттарында белгіленген сапа көрсеткіштері ұлттық, өңірлік және халықаралық стандарттарда белгіленген көрсеткіштерден төмен болмауға тиіс.

4. Үкіметтік емес стандарттар ұлттық, өңірлік және халықаралық стандарттарды қайталамауға тиіс және тұтынушылардың қалың көпшілігіне қолжетімді болуға тиіс.

5. Консорциум стандарттарын әзірлеу, бекіту, есепке алу, өзгерту, күшін жою, тіркеу, белгілеу, басып шығару тәртібін консорциум айқындайды. Қаралсын

6. Үкіметтік емес стандарттарды республикалық немесе жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен қаржыландыруға тыйым салынады.



173-бап. Техникалық-экономикалық ақпараттың ұлттық жiктеуiштерi

1.Техникалық-экономикалық ақпараттың ұлттық жіктеуіші – техникалық-экономикалық ақпараттар объектілері жіктеуіш топтарының кодтары мен атауларының жүйеленген жиынтығы болып табылатын құжат.

2. Экономика салаларында пайдаланылатын және есепке алынуға тиiс техникалық-экономикалық ақпарат жiктелуге және код қойылуға жатады.

3. Техникалық-экономикалық ақпараттың ұлттық жіктеуіштерін әзiрлеу ұлттық стандарттау жөнiндегi жұмыс жоспарларына сәйкес жүргiзiледi.

4. Мемлекеттiк органдар өз құзыретi шегiнде техникалық-экономикалық ақпараттың ұлттық жiктеуiштерiн әзiрлеудi, жүргiзудi және өзектi етуді жүзеге асырады.

Техникалық-экономикалық ақпараттың ұлттық жiктеуiштерiнiң тiзiлiмiн техникалық реттеу саласындағы уәкiлеттi орган жүргiзедi.

5. Қазақстан Республикасында техникалық-экономикалық ақпаратты жiктеу және оған код қою жүйесiн құру мен оның жұмыс істеуін бақылау жөніндегі жұмыстарды үйлестiрудi техникалық реттеу саласындағы уәкiлеттi орган белгiлейдi.
174-бап. Қазақстан Республикасындағы ұйымдар стандарттары және стандарттау жөнiндегi  ұсынымдар

1. Ұйымдардың стандарттары – ұйымдардың ішінде қолданылатын техникалық реттеу объектілеріне, оның ішінде өнімнің құрамдас бөліктеріне, терминологияға, қабылдау және бақылау жүйесіне,  технологиялық жарақтауға, құралғаұйымдар дербес әзірлейтін және бекітетін, сондай-ақ менеджмент жүйесі, өндіріске әзірлеу және қою шеңберінде ұйымдардағы қызметті басқару стандарты.

Ұйымдардың стандарттары техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органда есепке алуға және тіркеуге жатпайды.

Ұйымдардың қауіпсіздік талаптарын белгілейтін стандарттары техникалық регламенттердің және олармен үйлестірілген стандарттардың талаптарына қайшы келмеуге тиіс.

2. Ұйым нарыққа айналымға шығаратын өнімге қолданыстағы техникалық регламент болмаған кезде алдын ала ұлттық стандарт әзірленеді және бекітіледі.

3. Ұсынымдар стандарттау, өлшемдер бiрлiгiн қамтамасыз ету, сәйкестiктi растау жөнiндегi жұмыстар жүргiзуге қатысты, қолданылу үшiн ерiктi ұйымдастыру-әдiстемелiк ережелерiн қамтиды. 

Ұсынымдардың жасалуына, ресiмделуiне, мазмұнына, баяндалуына, оларды әзiрлеу, келiсу, бекiту, тiркеу және қолдану тәртiбiне қойылатын талаптарды оларды бекiтетiн ұйым белгiлейдi. 
175-бап. Халықаралық, өңiрлiк стандарттарды және шет мемлекеттердiң стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарын қолдану

1. Қазақстан Республикасының аумағында осы Кодекстің  152-бабында көзделген мақсаттарға сай келетiн халықаралық, өңiрлiк стандарттар, техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерi, қағидалар, нұсқаулықтар мен ұсынымдар, сондай-ақ шет мемлекеттердiң және ұйымдардың стандарттары қолданылуы мүмкiн.

Халықаралық стандарт – стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымдар қабылдаған және тұтынушылардың үлкен тобына қолжетімді стандарт.

Өңірлік стандарт - стандарттау жөніндегі өңірлік ұйымдар қабылдаған және тұтынушылардың үлкен тобына қолжетімді стандарт.

Стандарттау жөніндегі өңірлік ұйым –қызметіне қатысу географиялық немесе экономикалық тек бір өңірдің стандарттау жөніндегі тиісті органдары үшін ашық стандарттау жөніндегі ұйым.

Шет мемлекет стандарты – шет мемлекеттің стандарттау жөніндегі уәкілетті органы қабылдаған және тұтынушылардың үлкен тобына қолжетімді стандарт.

2. Халықаралық, өңiрлiк стандарттарды және шет мемлекеттердiң стандарттарын ұлттық стандарттар ретiнде қолдану үшiн:

1) Қазақстан Республикасының стандарттау, метрология және аккредиттеу жөнiндегi халықаралық және өңiрлiк ұйымдарға мүше болуы;

2) Қазақстан Республикасының cтандарттау саласындағы ынтымақтастық туралы халықаралық шарттарының болуы;

3) стандарттау жөніндегі уәкілетті орган мен халықаралық немесе өңірлік ұйым арасында cтандарттау саласындағы ынтымақтастық туралы шарттың болуы қажетті талаптар болып табылады.

3. Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларының Қазақстан Республикасы мүше болып табылмайтын халықаралық және өңiрлiк ұйымдардың стандарттарын, сондай-ақ шет мемлекеттердің стандарттау жөніндегі басқа да нормативтік құжаттарын қолдануы Қазақстан Республикасының шарттарында немесе стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарында көрсетілген стандарттарға немесе шет мемлекеттердің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарына сiлтемелер болған жағдайда жүзеге асырылады.

4. Қазақстан Республикасының аумағында қолданылуға жататын халықаралық, өңірлік стандарттар және шет мемлекеттердің стандарттары Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген техникалық регламенттерде және олармен үйлестiрiлген стандарттарда белгiленген талаптарға қайшы келмеуге, сапалық көрсеткіштері бойынша ұлттық стандарттардан төмен болмауға және мемлекеттік органдардың құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша олармен келісілуге тиіс.

5. Шет мемлекеттер ұйымдарының стандарттарын қолдану түпнұсқаларды ұстаушы ұйымдардың осы құжаттарды қолдануға авторлық құқықтары сақталған жағдайда жүзеге асырылады.

6. Халықаралық, өңірлік стандарттар және шет мемлекеттердің стандарттары Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген техникалық регламенттерде және олармен үйлестірілген стандарттарда белгіленген талаптарға қайшы келмеген, сапалық көрсеткіштері бойынша ұлттық стандарттардан төмен болмаған жағдайда, осы баптың 2, 3 және 4-тармақтарының талаптары Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыруға және өткізуге арналған тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге қатысты осындай халықаралық, өңірлік стандарттарға және шет мемлекеттердің стандарттарына қолданылмайды.


176-бап. Мемлекеттiк стандарттау жөнiндегi жұмыстарды жоспарлау

1. Стандарттау жөнiндегi жұмыстардың жоспарлары Қазақстан Республикасы экономикасының салаларындағы басым бағыттар ескеріле отырып, Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының, стандарттау жөнiндегi техникалық комитеттерiнiң, жеке және заңды тұлғаларының ұсыныстары негізiндетехникалық реттеу саласындағы уәкiлеттi орган белгілеген тәртiппен бекiтiледi.

2. Мемлекеттiк стандарттау жөнiндегi жұмыстардың жоспарларын әзiрлеу кезінде Қазақстан Республикасы Президентiнің және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген талаптар, Қазақстан Республикасының әлеуметтiк және экономикалық дамуының және ғылыми-зерттеу жұмыстардың жоспарлары ескерiледi.

3. Мемлекеттiк стандарттау жөнiндегi жұмыстардың бекiтiлген жоспарлары ресми баспасөз басылымдарында және жалпыға ортақ пайдаланымдағы ақпараттық жүйеде жарияланады.

4. Мемлекеттiк стандарттау жоспарларын әзiрлеу тәртiбiн техникалық реттеу саласындағыуәкiлеттi орган белгілейді.
177-бап. Өнімді каталогтау жүйесі

1. Өнімді каталогтау жүйесі техникалық реттеу субъектілерін отандық өнімнің сипаттамалары және дайындаушылары туралы ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында құрылатын өнімнің сипаттамалары және дайындаушылары туралы ұйымдастырушылық-техникалық ақпарат жүйесі болып табылады.

2. Қазақстан Республикасында шығарылатын өнім каталогтау жүйесінде тіркелуге жатады.

3. Өнімді каталогтау жүйесінде тіркеуге:

1) өнімнің тәжірибелік үлгілері (тәжірибелік топтары), өнімнің белгіленген сериялары;

2) бірлі-жарым өндіріс өнімі, авторлық құқық объектілері, кәдесыйлар, өнімнің құрамдас бөліктері жатпайды.

4. Өнімді каталогтау жүйесінде тіркелуге жататын өнім өндірушілер техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органға өндірілген (өндірілетін) өнім туралы мәліметтерді өнімнің каталог парағында қағаз және электрондық жеткізгіштерде қазақ және орыс тілдерінде ұсынады.

5. Техникалық реттеу саласындағыуәкілетті орган каталог парағын алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде:

1) каталог парағын толтырудың дұрыстығын және онда көрсетілген мәліметтердің анықтығын тексереді;

2) бұзушылықтар болмаған жағдайда шығарылатын өнім туралы мәліметтерді өнімді каталогтау жүйесіне енгізеді және өндірушінің каталог парағында көрсетілген электрондық мекенжайына, берілген тіркеу нөмірін көрсете отырып, олардың өнімді каталогтау жүйесіне енгізілгені (қосылғаны) туралы хабарлама жібереді;

3) каталог парағында толық емес не дәйекті емес мәліметтер ұсынылу фактісі анықталған жағдайда, тіркеуден дәлелді жазбаша бас тартуды жібереді.

6. Өндіруші каталог парағындағы мәліметтер өзгерген күннен бастап он жұмыс күні ішінде тиісті өзгерістерді көрсете отырып, каталог парағын техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органға жібереді.

7.Техникалық реттеу саласындағыуәкілетті орган өнімді:

1) өндіруші таратылған;

2) өндіруші өтініш жасаған;

3) өнімді каталогтау жүйесіне өнімнің енгізілуі (қосылуы) үшін негіз болған дәйекті емес мәліметтер табыс ету фактілері анықталған жағдайларда өнімді каталогтау жүйесінен алып тастайды.

8. Осы баптың 7-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген жағдайда техникалық реттеу саласындағыуәкілетті орган өндірушінің каталог парағында көрсетілген электрондық мекенжайына өнімнің каталогтау жүйесінен алып тасталғаны туралы хабарлама жібереді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   29




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет