Қазақстан Республикасының Кодексі



бет10/15
Дата14.07.2016
өлшемі0.81 Mb.
#197951
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
148-бабында көзделген мән-жайлар жойылса, сот шешімімен тоқтатылады.

 

 

21-тарау. Отбасының басқа мүшелерінің алименттік міндеттемелері



 

151-бап. Еңбекке жарамды ағалары мен апаларының өздерінің кәмелетке толмаған туған інілері (қарындастары) мен сіңлілерін күтіп-бағу жөніндегі міндеттері

Кәмелетке толмаған көмекке мұқтаж інілері (қарындастары) мен сіңлілерінің өз ата-аналарынан күтіп-бағу қаражатын алуға мүмкіндігі болмаған жағдайда, өздерінің алимент төлеуге қажетті қаражаты бар еңбекке жарамды, кәмелетке толған бірге туған ағалары мен апаларынан сот тәртібімен алимент алуға құқығы бар.

 

152-бап. Атасы мен әжесінің немерелерін күтіп-бағу жөніндегі міндеттері



 

Өздерінің еңбекке жарамды ата-аналарынан, бірге туған кәмелетке толған еңбекке жарамды ағалары мен апаларынан күтіп-бағу қаражатын алуға мүмкіндік болмаған жағдайда, кәмелетке толмаған көмекке мұқтаж немерелердің өздерінің алимент төлеуге қажетті қаражаты бар атасы мен әжесінен сот тәртібімен алимент алуға құқығы бар.

 

153-бап. Немерелердің атасы мен әжесін күтіп-бағу міндеті



Өздерінің кәмелетке толған еңбекке жарамды балаларынан немесе жұбайынан (бұрынғы жұбайынан) күтіп-бағу қаражатын алу мүмкін болмаған жағдайда, көмекке мұқтаж, еңбекке жарамсыз атасы мен әжесі өздерінің алимент төлеуге қажетті қаражаты бар еңбекке жарамды кәмелетке толған немерелерінен сот тәртібімен алимент талап етуге құқылы.

 

154-бап. Тәрбиеленушілердің өздерін іс жүзінде тәрбиелеген адамдарды күтіп-бағу міндеті

1. Кәмелетке толмаған балаларды іс жүзінде тәрбиелеген және күтіп- баққан еңбекке жарамсыз мұқтаж адамдардың, егер олар өздерінің кәмелетке толған еңбекке жарамды балаларынан немесе немерелерінен не жұбайларынан (бұрынғы жұбайларынан) күтіп-бағу қаражатын ала алмаса, өздерінің кәмелетке толған еңбекке жарамды тәрбиеленушілерінен сот тәртібімен күтіп-бағу қаражатын беруді талап етуге құқығы бар.

2. Егер іс жүзінде тәрбиелеген адамдар тәрбиеленушілерді бес жылдан аз уақыт күтіп-бақса және тәрбиелесе, сондай-ақ өздерінің тәрбиеленушілерін тиісті түрде күтіп-бақпаса және тәрбиелемесе, сот тәрбиеленушілерді осы адамдарды күтіп-бағу жөніндегі міндеттен босатуға құқылы.

3. Осы баптың 1-тармағында көзделген міндеттер қорғаншылықтағы немесе қамқоршылықтағы не патронаттағы адамдарға жүктелмейді.

 

155-бап. Өгей ұлдар мен өгей қыздардың өгей әкесін және өгей шешесін күтіп-бағу жөніндегі міндеттері

1. Өздерінің өгей ұлдарын немесе өгей қыздарын тәрбиелеген және күтіп-баққан, көмекке мұқтаж, еңбекке жарамсыз өгей әке мен өгей шеше, егер олар өздерінің кәмелетке толған еңбекке жарамды балаларынан немесе немерелерінен не жұбайларынан (бұрынғы жұбайларынан) күтіп-бағу қаражатын ала алмаса, осыған қажетті қаражаты бар еңбекке жарамды, кәмелетке толған өгей ұлдарынан немесе өгей қыздарынан сот тәртібімен күтіп-бағу қаражатын беруді талап етуге құқылы.

2. Егер өгей әке мен өгей шеше өгей балалары мен өгей қыздарын бес жылдан аз уақыт тәрбиелесе және күтіп-бақса, сондай-ақ олар өздерінің тәрбиелеу немесе күтіп-бағу жөніндегі міндеттерін тиісті түрде атқармаса, сот өгей ұлдар мен өгей қыздарды өгей әкесін немесе өгей шешесін күтіп-бағу міндеттерінен босатуға құқылы.



 

156-бап. Отбасының басқа мүшелерінен сот тәртібімен өндіріп алынатын алименттің мөлшері

1. Осы Кодекстің 151-155-баптарында аталған адамдарға алименттің мөлшері мен оны төлеу тәртібі тараптардың келісімімен айқындалуы мүмкін.

2. Тараптардың келісімі болмаған кезде сот тәртібімен өндіріп алынатын алименттің мөлшерін сот әрбір жеке жағдайда алимент төлеуші мен алушының материалдық және отбасылық жағдайлары мен тараптардың басқа да назар аударарлық мүдделерін негізге ала отырып, алимент төлеген кезде қолданылып жүрген айлық есептік көрсеткіштің еселенген қатынасында белгілейді.

3. Егер отбасының алимент талап етуші мүшесін бір мезгілде бірнеше адам күтіп-бағуға міндетті болса, сот олардың материалдық және отбасылық жағдайларына қарай олардың әрқайсысының алимент төлеу жөніндегі міндетін орындауға қатысу мөлшерін айқындайды. Алимент мөлшерін айқындау кезінде сот алимент төлеуге міндетті адамдардың бәріне, олардың біреуіне немесе бірнешеуіне талап-арыз берілгеніне қарамастан, сол адамдардың бәрін ескеруге құқылы.

 

 

22-тарау. Алимент төлеу туралы келісім



 

157-бап. Алимент төлеу туралы келісім жасау

Алимент төлеу (алименттің мөлшері, оны төлеудің шарттары мен тәртібі) туралы келісім алиментті төлеуге міндетті адам мен оны алушының арасында, ал алиментті төлеуге міндетті адам және (немесе) алимент алушы әрекетке қабілетсіз болған кезде, осы адамдардың заңды өкілдерінің арасында жасалады.

 

158-бап. Алимент төлеу туралы келісімнің нысаны



Алимент төлеу туралы келісім жазбаша нысанда жасалады және ол нотариатта куәландырылуға тиіс.

Алимент төлеу туралы келісімнің заңда белгіленген нысанын сақтамау Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің нормаларында көзделген салдарларға әкеп соғады.

 

 

159-бап. Алимент төлеу туралы келісімді жасау, орындау, өзгерту, бұзу және жарамсыз деп тану тәртібі

1. Алимент төлеу туралы келісімді жасауға, орындауға, өзгертуге, бұзуға және жарамсыз деп тануға Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің азаматтық-құқықтық мәмілелерді жасауды, орындауды, өзгертуді, бұзуды және жарамсыз деп тануды реттейтін нормалары қолданылады.

2. Алимент төлеу туралы келісімді орындаудан біржақты бас тартуға немесе оның шарттарын біржақты өзгертуге тыйым салынады.

3. Тараптардың материалдық немесе отбасылық жағдайлары елеулі түрде өзгеріске ұшыраған жағдайда және алимент төлеу туралы келісімді өзгерту немесе бұзу жөніндегі келісімге қол жетпеген кезде, мүдделі тарап осы келісімді өзгерту туралы немесе бұзу туралы сотқа талап-арызбен жүгінуге құқылы. Алимент төлеу туралы келісімді өзгерту немесе бұзу туралы мәселені шешу кезінде сот тараптардың назар аударарлық кез келген мүддесін ескеруге құқылы.

 

160-бап. Алимент алушының мүддесін бұзатын алимент төлеу туралы келісімді жарамсыз деп тану

Егер алимент төлеу туралы келісімде көзделген кәмелетке толмаған баланы немесе кәмелетке толған әрекетке қабілетсіз отбасы мүшесін күтіп- бағу шарттары олардың мүдделерін елеулі түрде бұзатын болса, атап айтқанда, осы Кодекстің 161-бабы 2-тармағының талаптары сақталмаған жағдайда, мұндай келісім кәмелетке толмаған баланың немесе кәмелетке толған әрекетке қабілетсіз отбасы мүшесінің заңды өкілінің, сондай-ақ қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның немесе прокурордың талап етуі бойынша сот тәртібімен жарамсыз деп танылуы мүмкін.

 

161-бап. Алимент төлеу туралы келісім бойынша төленетін алименттің мөлшері

1. Алимент төлеу туралы келісім бойынша төленетін алименттің мөлшерін тараптар осы келісімде айқындайды.

2. Кәмелетке толмаған балаларға алимент төлеу туралы келісім бойынша белгіленетін алименттің мөлшері олардың сот тәртібімен алимент өндіріп алған кездегі алуы мүмкін алименттің мөлшерінен төмен болмауға тиіс.



 

162-бап. Алимент төлеу туралы келісім бойынша алимент төлеудің тәсілдері мен тәртібі

1. Алимент төлеу туралы келісім бойынша алимент төлеудің тәсілдері мен тәртібі осы келісімде айқындалады.

2. Алимент оны төлеуге міндетті адамның табысына және (немесе) өзге де кірісіне үлеспен кезең-кезеңмен төленіп тұратын тұрақты ақша сомасымен; біржолғы төленетін тұрақты ақша сомасымен; мүлік беру жолымен, сондай-ақ келісімде қол жеткізілген өзге де тәсілдермен төленуі мүмкін.



Алимент төлеу туралы келісімде алимент төлеудің әртүрлі тәсілдерін ұштастыру көзделуі мүмкін.

 

 

23-тарау. Алиментті сот тәртібімен төлеттіру және өндіріп алу тәртібі



 

163-бап. Алиментті сот шешімі бойынша өндіріп алу

Осы Кодекстің 143-155-баптарында аталған отбасы мүшелері алимент төлеу туралы келісім болмаған кезде алимент өндіріп алу туралы талаппен сотқа жүгінуге құқылы.

 

164-бап. Алимент алу үшін өтініш беру мерзімдері

1. Алимент алуға құқығы бар адам, егер бұрын алимент төлеу туралы келісім бойынша алимент төленбеген болса, алимент алу құқығы туындаған кезден бастап өткен мерзімге қарамастан, сотқа алимент өндіріп алу туралы өтініш жасауға құқылы.

2. Алимент сотқа өтініш жасалған кезден бастап тағайындалады.



Егер сотқа өтініш беруден бұрын күтіп-бағуға қаражат алу шаралары қолданылғанын, бірақ алиментті төлеуге міндетті адамның оны төлеуден жалтаруы салдарынан алимент алынбағанын сот анықтаған болса, сотқа өтініш жасалған кезден бастап үш жыл мерзім шегінде өткен кезеңге алимент өндіріп алынуы мүмкін.

 

165-бап. Ұйымның лауазымды адамының алиментті ұстап қалу міндеті



Алимент төлеуге міндетті адамның жұмыс орны бойынша ұйымның лауазымды адамы нотариатта куәландырылған алимент төлеу туралы келісімнің негізінде немесе атқару құжатының негізінде оның жалақысынан және өзге де кірісінен алимент алатын адамның пайдасына ай сайын алимент ұстап қалуға және оны алимент төлеуге міндетті адамның есебінен жалақының және өзге де кірістің төленген күнінен бастап үш күн мерзімнен кешіктірмей төлеуге немесе аударуға міндетті.

Төлеушіден ұсталған, бірақ алушыға уақтылы аударылмаған алиментті төлеуді кешіктіргені үшін жауапкершілік ұйымның лауазымды адамына жүктеледі.

 

166-бап. Алимент төлеу туралы келісімнің негізінде алиментті ұстап қалу



Нотариатта куәландырылған алимент төлеу туралы келісімнің негізінде алиментті ұстап қалу, егер осындай келісімнің және атқару құжаттарының негізінде ұстап қалудың жалпы сомасы алимент төлеуге міндетті адам жалақысының және өзге де кірісінің елу пайызынан аспайтын болса, жүргізіледі.

 

167-бап. Алимент төлеуге міндетті адамның жұмыс орнын немесе тұрғылықты жерін ауыстырғаны туралы хабарлау міндеті

1. Сот шешімі немесе нотариатта куәландырылған алимент төлеу туралы келісім негізінде алиментті ұстап қалатын ұйымның лауазымды адамы алиментті өндіріп алу туралы шешімнің орындалатын жері бойынша сот орындаушысына және алимент алушы адамға алиментті төлеуге міндетті адамның жұмыстан босағаны туралы, сондай-ақ, егер бұл өзіне белгілі болса, оның жаңа жұмыс орны немесе тұрғылықты жері туралы үш күн мерзімде хабарлауға міндетті.

2. Алимент төлеуге міндетті адам сот орындаушысы белгілеген мерзімде осы сот орындаушысына және сондай-ақ алимент алушы адамға жұмыс орнының немесе тұрғылықты жерінің өзгергені туралы, ал кәмелетке толмаған балаларға алимент төлеген кезде қосымша табысының немесе өзге де кірісінің болуы туралы хабарлауға және хабарлағаны туралы растама алуға тиіс.



 

168-бап. Алимент төлеуге міндетті адамның мүлкінен өндіріп алу

1. Алимент төлеу туралы келісіммен немесе сот шешімімен белгіленген мөлшерде алиментті өндіріп алу, сондай-ақ алимент бойынша берешекті өндіріп алу алимент төлеуге міндетті адамның табысынан және өзге де кірісінен жүргізіледі, табысы және өзге де кірісі жеткіліксіз болған кезде алимент сол алимент төлеуге міндетті адамның банктердегі шотындағы және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын өзге де ұйымдардағы ақшалай қаражатынан ұсталады. Бұл қаражат жеткіліксіз болған кезде ол алимент төлеуге міндетті адамның заң бойынша өндіріп алуға болатын кез келген мүлкінен өндіріп алынады.

2. Алимент төлеуге міндетті адамның шотындағы ақшалай қаражатынан және оның өзге де мүлкінен алимент өндіріп алу Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен жүргізіледі.



 

169-бап. Алимент бойынша берешек мөлшерін белгілеу

1. Алимент төлеу туралы келісімнің негізінде немесе атқару құжатының негізінде өткен кезең үшін алимент өндіріп алу атқару құжаты не нотариатта куәландырылған алимент төлеу туралы келісім табыс етілгенге дейінгі үш жыл мерзім шегінде жүргізіледі.

Алимент төлемдерiн жалақыдан немесе өзге де кірістерден қатарынан үш ай бойы өндiрiп алу мүмкiн болмаған кезде борышкердiң Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өндiрiп алуға болмайтын мүлкінен басқа мүлкiнен өндiрiп алынады.

2. Атқару құжатының негізінде немесе нотариатта куәландырылған келісімнің негізінде алимент ұстап қалу алиментті төлеуге міндетті адамның іздестірілуіне байланысты жүргізілмеген жағдайларда, осы баптың 1-тармағында белгіленген мерзімге қарамастан және күтіп-бағуға алимент тағайындалған адамның кәмелетке толғанына қарамастан, алимент бүкіл кезең үшін өндіріп алынады.

3. Осы Кодекстің 139-бабына сәйкес кәмелетке толмаған балаларға төленетін алимент бойынша берешектің мөлшерін алимент төлеуге міндетті адамның алимент өндіріп алынбаған кезеңдегі жалақысы мен өзге де кірісін негізге ала отырып, сот орындаушысы айқындайды. Егер алимент төлеуге міндетті адам осы кезеңде жұмыс істемеген болса немесе оның табысы мен өзге де кірісін растайтын құжаттар тапсырылмаса, алимент бойынша берешек сол берешекті өндіріп алу кезіндегі Қазақстан Республикасындағы айлық жалақының ең төменгі мөлшері негізге алына отырып айқындалады.

Бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан адамдар үшін, егер борышкер осы кезеңде жұмыс істемеген болса, алимент бойынша берешек бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айқындалады.

4. Сот орындаушысының алимент бойынша берешекті айқындауымен келіспеген кезде кез келген тарап Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен сот орындаушысының іс-әрекетіне шағым жасай алады.

5. Баланың алимент төлеуден жалтарып жүрген ата-анасын іздестіру кезеңінде төленген, балаға Қазақстан Республикасының балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы заңнамасында белгіленген ай сайынғы жәрдемақы сомалары төленген сомалардың он пайызын бюджет кірісіне есептеу арқылы сол ата-аналардан өндіріп алынады.

 

170-бап. Алимент бойынша берешекті төлеуден босату

1. Алимент бойынша берешекті төлеуден босату немесе тараптардың келісімі бойынша алимент төлеген кезде осы берешекті азайту, кәмелетке толмаған балаларға алимент төлейтін жағдайларды қоспағанда, тараптардың өзара келісімі бойынша жүргізілуі мүмкін.

2. Алимент төлеуге міндетті адамның талап-арызы бойынша сот, егер алимент осы адамның науқастануына байланысты немесе басқа да дәлелді себептер бойынша төленбегенін және оның материалдық және отбасылық жағдайы алимент бойынша пайда болған берешекті өтеуге мүмкіндік бермейтінін анықтаса, оны алимент бойынша берешекті төлеуден толық немесе ішінара босатуға құқылы.



 

171-бап. Алиментті уақтылы төлемеу

1. Алимент төлеу туралы келісім бойынша алимент төлеуге міндетті адамның және (немесе) сот шешімі бойынша алимент төлеуге міндетті адамның кінәсінен берешек пайда болған кезде кінәлі адам алимент алушыға кешіктірген әрбір күні үшін төленбеген алимент сомасының оннан бір пайызы мөлшерінде тұрақсыздық айыппұлын төлейді.

2. Алимент алушы алименттің уақтылы төленбеуіне кінәлі адамнан алиментті төлеу жөніндегі міндетін орындауды кешіктіруден келтірілген бүкіл залалының тұрақсыздық айыппұлымен жабылмаған бөлігін де өндіріп алуға құқылы.



 

172-бап. Алиментті есепке жатқызуға және кері өндіріп алуға жол бермеу

1. Алиментті басқа қарсы талаптармен есепке жатқызуға болмайды.

2. Төленген алимент сомасын:

1) Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінде көзделген;

2) алимент алушы тарапынан алдап, қорқытып немесе күш қолданып жасалған алиментті төлеу жөніндегі келісім жарамсыз деп танылған жағдайларды қоспағанда, кері талап етуге болмайды.

3. Егер осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында тізбеленген іс-әрекеттерді кәмелетке толмаған баланың немесе кәмелетке толған әрекетке қабілетсіз алимент алушының өкілі жасаса, алимент кері өндіріп алынбайды, ал төленген алименттің сомасы алимент төлеуге міндетті адамның талап-арызы бойынша кінәлі өкілден өндіріп алынады.

 

173-бап. Алиментті индекстеу



Сот шешімі бойынша тұрақты ақша сомасында өндіріп алынатын алименттің индекстелуін алиментті ұстап қалатын орын бойынша ұйымның әкімшілігі айлық есептік көрсеткіштің мөлшеріне барабар түрде жүргізеді.

 

174-бап. Алимент төлеуге міндетті адам Қазақстаннан тыс жерлерге уақытша кеткен немесе тұрақты тұруға кеткен жағдайда алимент төлеу

1. Алимент төлеуге міндетті адам Қазақстаннан тыс жерлерге уақытша кеткен немесе тұрақты тұруға кеткен жағдайда, ол заң бойынша күтіп-бағуға қаражат беруге міндетті отбасы мүшелерімен осы Кодекстің 157-162-баптарына сәйкес алимент төлеу туралы келісім жасасуға құқылы.

2. Келісімге қол жеткізілмеген кезде мүдделі адам алименттің мөлшерін тұрақты ақша сомасында белгілеу туралы немесе алиментті біржолғы төлеу туралы не белгілі бір мүлікті алимент есебіне беру туралы немесе алиментті өзге де тәсілмен төлеу туралы талаппен сотқа жүгінуге құқылы.

3. Алиментті төлегенін растайтын құжаттары болмаған жағдайда борышкерге Қазақстаннан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін кетуге рұқсат берілмейді.

 

175-бап. Сот бұрын белгілеген алимент мөлшерін өзгерту және алимент төлеуден босату

1. Егер алимент төлеу туралы келісім болмаған кезде алимент мөлшері сот тәртібімен белгіленгеннен кейін тараптардың бірінің материалдық немесе отбасылық жағдайы өзгерсе, сот кез келген тараптың талап етуі бойынша белгіленген алимент мөлшерін өзгертуге немесе алимент төлеуге міндетті адамды оны төлеуден босатуға құқылы. Алимент мөлшері өзгертілген немесе оны төлеуден босатылған кезде сот тараптардың назар аударарлық өзге де мүддесін ескеруге құқылы.

2. Егер кәмелетке толған әрекетке қабілетті адамның алимент төлеуге міндетті адамға қатысты қасақана қылмыс жасағаны анықталса немесе кәмелетке толған әрекетке қабілетті адам отбасында лайықсыз мінез-құлық көрсеткен жағдайда, сот оған алимент өндіріп беруден бас тартуға құқылы.



 

176-бап. Алимент төлеу жөніндегі міндеттерді тоқтату

1. Алимент төлеу туралы келісімде белгіленген алимент төлеу жөніндегі міндет осы келісімнің қолданылу мерзімі аяқталғанда немесе осы келісімде көзделген негіздер бойынша, сондай-ақ тараптардың бірі қайтыс болғанда тоқтатылады.

2. Сот тәртібімен өндіріп алынатын алиментті төлеу:

1) бала кәмелетке толғанда немесе кәмелетке толмаған балалар кәмелетке толғанға дейін толық әрекетке қабілетті болған жағдайда немесе алимент төлеу туралы келісімде көрсетілген жасқа толғанда;

2) күтіп-бағу үшін алимент өндіріп алынған бала асырап алынғанда;

3) сот алимент алушының еңбекке жарамдылығы қалпына келтірілген немесе көмекке мұқтаждығы тоқтатылған деп танығанда;

4) еңбекке жарамсыз, бұрынғы жұбайының көмегіне мұқтаж болып келген алимент алушы жаңа некеге отырғанда (ерлі-зайыпты болғанда);

5) алимент алушы адам немесе алимент төлеуге міндетті адам қайтыс болғанда тоқтатылады.

 

 

ЕРЕКШЕ БӨЛІМ



 

6-бөлім. Азаматтық хал актілері

 

24-тарау. Жалпы ережелер



 

177-бап. Мемлекеттік тіркеуге жататын азаматтық хал актілері

Туу, қайтыс болу, неке қию (ерлі-зайыпты болу), некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу, бала асырап алу, әке (ана) болуды анықтау, атын, әкесінің атын және тегін өзгерту тіркеуші органдарда осы Кодексте белгіленген мерзімде міндетті мемлекеттік тіркелуге жатады.

Басқа мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуіне тыйым салынады және ол танылмайды.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет