Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы»



Дата29.02.2016
өлшемі21.33 Kb.
#32105


жоба

Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы»

Қазақстан Республикасының Конституциялық

заңына өзгерістер енгізу туралы
1-бап. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 17-18, 114-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 192-құжат; 1998 ж., № 7-8, 71-құжат; № 22, 290-құжат; 1999 ж., № 10, 340-құжат; № 15, 593-құжат; 2004 ж., № 7, 45-құжат; 2005 ж., № 7-8, 17-құжат; 2006 ж., № 23, 138-құжат; 2007 ж., № 12, 85-құжат; 2009 ж.; № 2-3, 5-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) 26-бапың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Әрбiр азамат (таңдаушы) сайлаушылар тiзiмдеріндегі өзi туралы деректердi тексеруге және тiзiмге енгiзiлмегенi, дұрыс енгiзiлмегенi немесе тiзiмнен шығарып тасталғаны, сондай-ақ тiзiмдердегi сайлаушы (таңдаушы) туралы деректерде жаңсақтық жiберiлгенi үшiн шағымдануға құқылы. Сайлаушылар тізіміне енгізу, одан шығару не тізімдерге түзетулер жасау қажеттiгi туралы арыздарды тиiстi сайлау комиссиясы сайлау комиссиясына арыз келiп түскен күнi қарайды. Арыз мақұлданбаған жағдайда сайлау комиссиясы арызданушыға оның арызының мақұлданбағаны туралы дәлелдi шешiмнiң көшiрмесiн кешiктiрмей бередi. Шешiмге сайлау комиссиясы тұрған жер бойынша тиiстi сотқа шағым жасауға болады, ол шағымды - арыз келіп түскен күні қарайды. Арызданушы үшiн дұрыс шешiм қабылданған жағдайда сайлау комиссиясы сайлаушылар (таңдаушылар) тiзiмiне түзетудi немесе енгiзiлмеген сайлаушыны тiзiмге енгізудi дереу жүргiзедi.»;

2) 49-бапың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Соттар мен прокуратура органдары сайлау комиссиялары мүшелерiнiң, азаматтардың, заңда белгiленген тәртiппен тiркелген қоғамдық бiрлестiктер өкiлдерiнiң дауыс берудi өткізуге қатысты, сондай-ақ сайлау туралы заңдардың бұзылуы жөніндегі сайлауды әзiрлеу мен өткізу кезеңiнде келiп түскен арыздарын қарап, егер осы Конституциялық заңда өзгеше көзделмесе, оларды бес күн мерзiмде, ал дауыс беру алдындағы бес күнге жетпейтiн уақыт iшiнде және дауыс беру күнi келiп түскендерiн дереу қарауға мiндеттi.»;

3) 59-баптың 7-тармағының он екінші абзацы алып тасталсын;

4) 89-баптың 6-тармағын 5) тармақшасының тоғызыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«Партиялық тізімге енгізілген адамды осы тізімнен шығару туралы шешімге партиялық тізімді ұсынған саяси партия не партиялық тізімнен шығарылған адам тиісті сотқа шағым жасауына болады.»

5) 104-баптың 6-тармағының он үшінші абзацы алып тасталсын;

6) 118-баптың 6-тармағының он үшінші абзацы алып тасталсын.

2-бап. Осы Конституциялық заң ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Президенті

                    





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет