Қазақстан республикасының Ұлттық банкі №3 баспасөзрелиз І



Дата23.02.2016
өлшемі229 Kb.
#6912
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ҰЛТТЫҚ БАНКІ

3 БАСПАСӨЗ Р Е Л И З І



2012 жылғы 10 қаңтар
2011 жылғы алдын ала қорытындылар

Қаржы нарығындағы ахуал туралы



  1. 2011 жылғы инфляция. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің ресми деректері бойынша инфляция 2011 жылдың қорытындылары бойынша 7,4% (2010 жылы 7,8%) деңгейде қалыптасты (1-график).

Инфляция 2011 жылы азық-түлік тауарларының айтарлықтай қымбаттауы аясында қалыптасты, осы кезеңде олардың бағасы 9,1% (2010 жылы 10,1%-ға) өсті. Азық-түлікке жатпайтын тауарлар 5,3%-ға (5,5%-ға), ақылы қызметтер 7,3%-ға (6,8%-ға) қымбаттады.

Азық-түлік тауарларының ішінде 2011 жылы көбіне жарма 43,3% қымбаттады, оның ішінде қарақұмық жармасы 54,7%-ға және ақталған тары 44,0%, сондай-ақ ет пен ет өнімдері 23,2%-ға, сүт өнімдері 8,9%-ға қымбаттады. Қант 18,7%-ға, жемістер мен көкөністер 3,5%-ға арзандады.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар тобында көбіне бензиннің бағасы 24,0%, дизель отыны – 26,2% өсті.

Ақылы қызмет көрсету құрылымында тұрғын үй-коммуналдық саладағы қызметтер ақысы 6,5%-ға қымбаттады. Бұл ретте электр энергиясы үшін ақы 10,3%-ға, кәріз үшін 9,9%-ға, суық су үшін 8,8%-ға қымбаттады. Сондай-ақ білім беру бағасы 12,4%-ға, оның ішінде жоғары білім 16,1%-ға өсті, байланыс қызметі 9,5%-ға, көлік қызметі 8,1%-ға, амбулаториялық қызметтер 6,2%-ға өсті.

1-график

2010 және 2011 жылдардағы инфляция және оның құрамдас бөліктері


2011 жылғы желтоқсандағы инфляция. 2011 жылғы желтоқсанда инфляция 0,3% (2010 жылғы желтоқсанда 0,7%) құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы 0,3%-ға (1,2%-ға), азық-түлікке жатпайтын тауарлар 0,4%-ға (0,4%-ға) және ақылы қызметтер 0,2%-ға (0,1%-ға) өсті.

Азық-түлік тауарларының нарығында 2011 жылғы желтоқсанда көбіне жұмыртқа –3,2%-ға, ет және ет өнімдері 1,0%-ға, балық және теңіз өнімдері 0,9%-ға, сүт өнімдері 0,7%-ға қымбаттады. Қант 7,3%-ға, жармалар 3,2%-ға, май және тоң май 0,5%-ға арзандады.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар тобында дизель отынының бағасы 0,8%-ға, жуатын және тазалайтын құралдар 0,5%-ға, киім және аяқ киім 0,4% өсті. Бензин 0,1%-ға арзандады.

Ақылы қызметтер құрылымында тұрғын үй-коммуналдық саладағы қызметтер ақысы 0,3%-ға, оның ішінде қатты отын 1,7%-ға, үй-жайды күтіп ұстау 1,6%-ға, тұрғын үйді жалдау 1,1%-ға, денсаулық сақтау қызметтері 0,4%-ға қымбаттады.


2. 2011 жылғы 9 айдағы төлем балансы және жалпы сыртқы борыш.

2011 жылғы 9 айда ағымдағы операциялар шотының профициті 2010 жылғы 9 айдағы осындай көрсеткіштен 3,5 есе асып, 11,3 млрд. АҚШ долл. құрады.

Ағымдағы операциялардың оң балансының ұлғаюы тауарлар экспорты құнының энергия тасымалдауыштардың әлемдік бағаларының қолайлы конъюнктурасына байланысты өсуімен қамтамасыз етілді. Тауарлар экспорты 2011 жылғы 9 айда 2010 жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда 48,9%-ға ұлғайып, 66,7 млрд. АҚШ долл. құрады.

Тауарлардың ресми экспорты 65,8 млрд. АҚШ долл. деңгейінде (2010 жылғы 9 айда 43,9 млрд. АҚШ долл.) қалыптасты. Экспорттың негізгі тауар номенклатурасының құрылымында 42,2 млрд. АҚШ долл. (64,1%) мұнай мен газ конденсатының экспортына тиесілі (2010 жылғы 9 айда 27,9 млрд. АҚШ долл.). Қара металл экспортының құны 43,4%-ға, түсті металдардікі 41,8%-ға ұлғайды. Бұл ретте, егер қара металдар экспортының өсімі көбіне нақты жеткізілім көлемінің ұлғаюымен байланысты болса, түсті металдар экспортының өсімі келісімшарттық бағалардың өсуіне байланысты болды.

Тауарлар импортының көлемі 2010 жылғы 9 аймен салыстырғанда 37,1%-ға ұлғая отырып, 2011 жылғы 9 айда 30,3 млрд. АҚШ долл. құрады (ресми импорт 27,2 млрд. АҚШ долл.). Өсу импорттың негізгі номенклатурасының барлық тауар топтары бойынша байқалды. 2011 жылғы қаңтар-қыркүйекте импорттың едәуір үлес салмағы (шамамен 40%) тиесілі болған аралық тұтыну тауарлары 26,7%-ға ұлғайды. Инвестициялық тауарлар импортының өсімі 31,4%-ды, ал тұтыну тауарлары 27,6%-ды құрады. Бұл ретте азық-түлік тұтыну тауарларының жалпы әкелінуі 38,3%, ал азық-түлікке жатпайтындардікі 19,7% болды. Экспорттау операцияларымен салыстырғанда импорт құнының ұлғаюы негізінен жеткізілім санының өсуімен қамтамасыз етілді.

Кеден одағы елдерімен тауар айналымы 6,7 млрд. АҚШ долл. (55,3%) ұлғайып, 18,9 млрд.АҚШ долл. құрады. Одақтас мемлекеттерге тауарлар экспорты 53,3%-ға 5,7 млрд. АҚШ долл. дейін, ал олардың импорты 56,1%-ға ұлғая отырып, 13,1 млрд. АҚШ долл. асып кетті. Кеден одағы елдерінің үлесі импорттың жалпы көлемінде 48,6%-ды құрады, оның 47,1%-ы Ресей Федерациясына тиесілі.

Тұтастай алғанда сауда балансы 2011 жылғы 9 айда 36,3 млрд. АҚШ долл. құрайтын (базалық кезеңмен салыстырғанда 60,6%-ға 22,6 млрд. долл. өсу) оң сальдомен қалыптасып, халықаралық қызметтермен және инвестициялық кірістермен операциялар бойынша ресурстардың нетто-әкетілуін өтеді.

2011 жылғы 9 айдағы қызмет көрсету балансының дефициті 2010 жылғы 9 айдағы көрсеткішпен салыстырғанда 11,5% төмендей отырып, 4,2 млрд. АҚШ долл. құрады. Қызмет көрсетудің теріс дисбалансының қысқаруы қызмет көрсету импортының 2010 жылғы 9 аймен салыстырғанда 4,7% азаюымен қамтамасыз етілді. Сонымен бірге, 2011 жылғы 3-тоқсанда резидент еместер ұсынған қызмет көрсету көлемінің өткен тоқсандармен (тиісінше 68% және 29%) салыстырғанда айтарлықтай ұлғаюы тіркелді, бұл Қашаған кен орнындағы 2011 жылғы 1-жартыжылдықта тоқтатыла тұрған тәжірибелік-өнеркәсіптік игерудің екінші фазасын іске асыру шеңберіндегі жұмысты жаңартуға байланысты болды.

Тауарлар экспортынан түскен түсімдердің ұлғаюы салдарынан экономиканың тиісті салаларының шетелдік тікелей инвесторлары табыстарының өсуі жалғасуда. Шетелдік тікелей инвесторларға төленген төлемдер 2011 жылғы 9 айда 18,7 млрд. АҚШ долл. болып қалыптасты, бұл 2010 жылғы 9 айдағы осындай көрсеткіштен (12,5 млрд. АҚШ долл.) 49,9% жоғары. Кредиторларға тікелей инвестициялауға байланысты емес сыйақылар төлеу де 2011 жылғы 9 айда 2,3 млрд. АҚШ долл. аса отырып, 21,5% ұлғайды. Нәтижесінде инвестициялық кірістер балансының теріс сальдосы 2010 жылғы 9 айдағы 13,2 млрд. АҚШ долл. салыстырғанда 19,5 млрд. АҚШ долл. құрады.

Қаржылық шот бойынша 2011 жылғы 9 айда 3,9 млрд. АҚШ долл. нетто-әкетілу қалыптасты, бұған 2011 жылғы 2 және 3-тоқсандағы операциялар себепші болды. Қазақстанға шетелдік тікелей инвестициялардың (ШТИ) таза түсуі 2010 жылғы 9 айдағы 8,7 млрд. АҚШ долл. салыстырғанда 11,3 млрд. АҚШ долл. жетті. Елге ШТИ нетто-әкелінуінің ұлғаюы негізінен шетелдік қатысу бар банктердің және банктік емес сектор кәсіпорындарының акционерлік капиталының ұлғаюына, сондай-ақ Қазақстан кәсіпорындарының бөлінбеген пайдасының (қайта инвестицияланған пайда) өсуіне байланысты болды. Нәтижесінде тікелей инвестициялау операциялары бойынша оң баланс есепті кезеңде 7,6 млрд. АҚШ долл. құрады.

Портфельдік инвестициялар бойынша 7,5 млрд. АҚШ долл. нетто-әкетілу Ұлттық қордың шетелдік активтерінің өсуімен толық айқындалды, резиденттердің басқа да активтерімен және міндеттемелерімен операциялар бойынша іс жүзінде нөлдік баланс қалыптасты. Резидент еместердің 2011 жылғы 2 және 3-тоқсанда Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттары нарығынан кетуі Ұлттық Банктің ноттарымен операциялар бойынша ресурстардың 2011 жылғы 9 айда 114 млн. АҚШ долл. нетто-әкетілуіне алып келді.

Сондай-ақ 2011 жылғы қаңтар-қыркүйекте еурооблигациялардың жаңа шығарылымдары, сондай-ақ арнайы мақсаттағы кәсіпорындар (АМК) шығарған еурооблигациялар бойынша эмитентті ауыстыру операциялары нәтижесінде мемлекеттік емес сектордың борыштық бағалы қағаздары бойынша міндеттемелердің өсуі (2011 жылғы 1-жартыжылдықтағы операциялар есебінен) байқалды. Сонымен бірге банктердің бұрын шығарылған еурооблигациялар бойынша міндеттемелерді өтеуі және қайталама нарықтағы операциялар банктердің портфельдік инвестициялар бойынша міндеттемелерінің ұлғаюын біршама деңгейде өтеді, нәтижесінде банктер міндеттемелерінің өсуі небәрі 166 млн. АҚШ долл. құрады.



Жалпы сыртқы борыш. 2011 жылғы 30 қыркүйекте жалпы сыртқы борыш 122,9 млрд. АҚШ долл. құрады, оның ішінде 4,9 млрд. АҚШ долл. немесе 4,0% мемлекеттік сектордың сыртқы борышы (Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің міндеттемелері) құрайды, фирмааралық берешектің үлесіне 58,7 млрд. АҚШ долл. немесе 47,8%, банктік сектордың үлесіне 16,5 млрд. АҚШ долл. немесе 13,4% тиесілі.

Жалпы алғанда, 2011 жылғы 3-тоқсанда жалпы сыртқы борыш 1,7 млрд. АҚШ долл. төмендеді. Бұл ретте, егер «Мемлекеттік басқару секторының» (ҚР Үкіметі) сыртқы борышы және фирмааралық берешек 2011 жылғы 3-тоқсанда тиісінше 0,2 және 2,3 млрд. АҚШ долл. өскенін көрсетсе, «Ақша-кредиттік реттеу органдарының» (ҚР Ұлттық Банкі), «Банктердің» және «Басқа секторлардың» сыртқы міндеттемелері (фирмааралық берешекті қоспағанда) осы кезеңде тиісінше 1,9 млрд. АҚШ долл., 2,3 млрд. АҚШ долл. және 0,1 млрд. АҚШ долл. төмендеді.

Қазақстан Республикасының Үкіметі міндеттемелерінің көрсетілген ұлғаюы негізінен халықаралық қаржы ұйымдарынан алынған заемдар бойынша қаражаттың түсуі есебінен болды. Ұлттық Банктің ноттары нарығында 2011 жылғы 3-тоқсанда резидент еместердің кетуі жалғасты – резидент еместердің қолындағы ноттар көлемі 2011 жылғы 2-тоқсандағы 1,9 млрд. АҚШ долларынан 2011 жылғы 3-тоқсанның аяғындағы 0,1 млрд. АҚШ долл. дейін төмендеді. Резидент еместердің Ұлттық Банктегі шоттарындағы қаражат та төмендеп, «Ақша-кредиттік реттеу органдарының» сыртқы міндеттемелері 2011 жылғы 30 қыркүйекте 0,7 млрд. АҚШ долл. құрады (2011 жылғы 30 маусымда – 2,5 млрд. АҚШ долл.).

Әлемдік қор және тауар нарықтарындағы құлдырау аясында 2011 жылғы 3-тоқсанда еурооблигациялар бағаларының құлдырауы жалғасты, бұл «Банктердің» қайталама нарықтардағы облигациялары құнының айтарлықтай төмендеуіне себепші болды. Банктік сектор бойынша сыртқы борыштық міндеттемелердің төмендеуі барлық қажы құралдары бойынша болғанын атап өту керек. Нәтижесінде, банктердің сыртқы борышы 2011 жылғы 2-тоқсанның аяғындағы 18,8 млрд. АҚШ долларынан 16,5 млрд. АҚШ долл. дейін қысқарды.

«Басқа секторлардың» сыртқы борышының 2011 жылғы 3-тоқсанда ұлғаюы басым түрде фирмааралық берешектің өсуі (2,3 млрд. АҚШ долл. ) есебінен болды, ал үлестес емес резидент еместер алдындағы міндеттемелер 0,1 млрд. АҚШ долл. төмендегенін көрсетті. Осылайша, 2011 жылғы 30 қыркүйекте «Басқа секторлардың» сыртқы борышы 101,4 млрд. АҚШ долл., оның ішінде фирмааралық берешек 58,7 млрд. АҚШ долл. (шетелдік компаниялардың филиалдары – 44,3 млрд. АҚШ долл.), басқа (үлестес емес) резидент еместер алдындағы міндеттемелер 42,7 млрд. АҚШ долл. құрады.

Сыртқы борыштың тауарлар мен қызмет көрсетулер экспортына (ТҚЭ) және ЖІӨ-ге байланысты салыстырмалы өлшемдерінің жақсаруы жалғасыда, бұл ТҚЭ мен ЖІӨ басым өсуіне байланысты. Атап айтқанда, 2011 жылғы 30 қыркүйекте жалпы сыртқы борыштың ТҚЭ-ге қатынасы 2011 жылғы 30 маусымдағы 159,3% және 2011 жылғы 30 наурыздағы 180,2% қарағанда 140,9% құрады. Жалпы сыртқы борыштың ЖІӨ-ге қатынасы 2011 жылғы 2-тоқсанмен салыстырғанда 2011 жылғы 30 қыркүйекте 69,6% және 2011 жылғы 1-тоқсанмен салыстырғанда 79,0% құрады.

Елдің активтерінің 2011 жыл бойы жалғасып отырған өсуі кезінде сыртқы борыштың төмендеуі нәтижесінде Қазақстанның таза сыртқы борышы 2011 жылғы 3-тоқсанда 3,5 млрд. АҚШ долл. қысқарып, 2011 жылғы 30 қыркүйекте 12,6 млрд. АҚШ долл. құрады. Бұл ретте 2011 жылдың ортасынан бастап «Банктер» таза борышкер тұрғысынан алғанда таза кредитор позициясына көшті.

3. 2011 жылғы халықаралық резервтер және ақша агрегаттары. 2011 жылы Ұлттық Банктің таза халықаралық резервтері 28,8 млрд. АҚШ долл.дейін 3,8%-ға өсті. Ұлттық Банктегі банктердің корреспонденттік шоттарындағы шетел валютасындағы қалдықтарының өсуі және Ұлттық Банктегі Үкіметтің шоттарына валютаның келіп түсуі ішкі валюта нарығында валюта сату, Үкіметтің сыртқы борышына қызмет көрсету, Ұлттық қордың активтерін алтынвалюта резервтері шоттарынан толықтырумен ішінара бейтараптандырылды. Нәтижесінде таза валюталық қорлар (ЕАВ) 2011 жылы 0,2% азайды, алтындағы активтер жүргізілген операциялар нәтижесінде және әлем нарықтарындағы оның бағасының 11,6%-ға өсуі нәтижесінде 36,0%-ға өсті.

2011 жылы елдің халықаралық резервтері тұтастай алғанда Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтерін қоса алғанда 73,0 млрд.АҚШ долл. дейін 23,2%-ға өсті (алдын ала деректер бойынша 43,7 млрд. АҚШ долл. )

2011 жылы ақша базасы 10,3%-ға кеңейді және 2836,1 млрд. теңге болды. Тар ақша базасы, яғни екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық Банктегі мерзімді депозиттерін есепке алмағандағы ақша базасы 27,8%-ға 2739,3 млрд. теңгеге дейін кеңейді.

2011 жылғы қаңтар-қарашада ақша массасы 13,3%-ға 9607,0 млрд. теңгеге дейін банк жүйесінің таза сыртқы активтерінің өсуі есебінен ұлғайды. 2010 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 2011 жылғы қарашада банк жүйесінің таза сыртқы активтерінің құрылымында Ұлттық Банктің таза халықаралық резервтері де, банктердің таза сыртқы активтері де ұлғайды.

2011 жылғы қаңтар-қарашада айналыстағы қолма-қол ақша көлемі 7,5%-ға өсіп, 1234,7 млрд. теңге болды, банк жүйесіндегі депозиттер - 14,2%-ға 8372,3 млрд. теңгеге дейін өсті. Айналыстағы қолма-қол ақшаның өсуімен салыстырғанда депозиттер көлемі өсуінің басым қарқыны ақша массасы құрылымындағы депозиттер үлесінің 2010 жылғы желтоқсандағы 86,5%-дан 2011 жылғы қарашадағы 87,1%-ға дейін өсуіне себепші болды.

Ақша базасының кеңеюі қарқынының ақша массасының өсу қарқынына қарағанда жоғары болуына байланысты ақша мультипликаторы 2010 жылғы желтоқсандағы 3,30-дан 2011 жылғы қарашаның қорытындысы бойынша 3,24-ке дейін төмендеді.



2011 жылғы желтоқсандағы халықаралық резервтер және ақша агрегаттары. 2011 жылғы желтоқсанда Ұлттық Банктің таза халықаралық резервтері 9,0%-ға 28,8 млрд. АҚШ долл. дейін (жыл басынан – өсуі 3,8%) төмендеді. Ұлттық қордың активтерін алтынвалюта резервтерінің шоттарынан толықтыру, банктердің Ұлттық Банктегі шетел валютасындағы корреспонденттік шоттарындағы қалдықтардың төмендеуі, ішкі валюта нарығындағы валютаны сату, Үкіметтің сыртқы борышына қызмет көрсету Үкіметтің Ұлттық Банктегі шоттарына валютаның келіп түсуімен ішінара бейтараптандырылды.

Нәтижесінде таза валюталық қорлар (ЕАВ) 2011 жылғы желтоқсанда 10,8%-ға азайды, алтындағы активтер 2,9%-ға өсті.

2011 жылғы желтоқсанда Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтерін қоса алғанда (алдын ала деректер бойынша 43,7 млрд. АҚШ долл.), елдің халықаралық резервтері тұтастай алғанда 3,2%-ға төмендеді және 73,0 млрд. АҚШ долл. болды (жыл басынан өсуі 23,2%).

2011 жылғы желтоқсанда ақша базасы Ұлттық Банктің таза сыртқы активтерінің төмендеуі есебінен 4,3%-ға тарылып 2836,1 млрд. теңге болды (жыл басынан кеңеюі 10,3%). Тар ақша базасы, яғни екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық банктегі мерзімді депозиттерін есепке алмағандағы ақша базасы 3,4%-ға 2739,3 млрд. теңгеге дейін тарылды.


4. 2011 жылғы валюта нарығы. 2011 жылы валюта нарығындағы жағдай тұтастай алғанда тұрақтылығымен сипатталды. 2011 жылғы 12 айда теңгенің орташа алынған биржалық айырбастау бағамы 1 АҚШ доллары үшін 146,64 теңге болды. 2011 жылдың аяғына биржалық бағам 1 АҚШ доллары үшін 148,40 теңге болды. 2011 жылы нақты көрсеткіштегі теңге АҚШ долларына қатысты 0,6%-ға әлсіреді.
2011 жылы Қазақстан қор биржасындағы биржалық сауда-саттық көлемі қосымша сауда-саттықтардағы мәмілелерді ескергенде 2010 жылмен салыстырғанда 16,5%-ға ұлғайып 70,7 млрд. АҚШ долл. болды. Операциялардың ең аз көлемі мамырда байқалды, ең жоғары – тамызда.

Биржадан тыс валюта нарығындағы операциялардың көлемі 2011 жылы 2010 жылғы осындай көрсеткішпен салыстырғанда 25,7%-ға азайды және 38,8 млрд. АҚШ долл. болды. Операциялардың ең аз көлемі қарашада байқалды, ең жоғары – тамызда.



2011 жылғы желтоқсандағы валюта нарығы. 2011 жылғы желтоқсанда теңгенің АҚШ долларына қатысты бағамы 1 АҚШ доллары үшін 147,59–148,40 теңге ауқымында ауытқыды. 2011 жылғы желтоқсанда теңге 0,5%-ға әлсіреді және 2011 жылғы желтоқсанның аяғында теңгенің биржалық бағамы бір АҚШ доллары үшін 148,40 теңге болды.

2011 жылғы желтоқсанда Қазақстан қор биржасындағы биржалық операциялардың көлемі қосымша сауда-саттықтардағы мәмілелерді ескергенде 2011 жылғы қарашамен салыстырғанда 11,1% ұлғайды және 5,5 млрд. АҚШ долл. болды (жыл басынан 70,7 млрд. АҚШ долл.).

Биржадан тыс валюта нарығындағы операциялардың көлемі 16,2% ұлғайды және 2,0 млрд. АҚШ долл. болды (жыл басынан – 38,8 млрд. АҚШ долл.).
5. 2011 жылғы мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы. 2012 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздарының және Ұлттық Банктің айналыстағы қысқа мерзімді ноттарының көлемі дисконтталған баға бойынша 2590,0 млрд. теңге құрады.

2011 жылы Қаржы министрлігі 2010 жылмен салыстырғанда 0,6%-ға азайып, мемлекеттік бағалы қағаздарды 655,8 млрд. теңгеге орналастырды.

2011 жылы Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздарын орналастыру бойынша 61 аукцион болды, оларда 12 айлық МЕККАМ (олар бойынша кірістілік 1,62% болды), 2, 3, 4, 5 жылдық МЕОКАМ (олар бойынша кірістілік 2,01%, 3,12%, 3,33%, 3,02%), 6, 7, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16-жылдық МЕУКАМ (кірістілік тиісінше 3,61%, 3,85%, 5,00%, 5,30%, 4,90%, 4,97%, 5,15%, 5,00%, 5,00%, 5,30%), 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 16, 18, 19, 20-жылдық МЕУЖКАМ (олар бойынша кірістілік инфляция деңгейінен 0,01%).

Нәтижесінде 2011 жылы Қаржы министрлігінің айналыстағы бағалы қағаздарының көлемі 24,6%-ға 2080,2 млрд. теңгеге дейін ұлғайды.



Қазақстан Ұлттық Банкінің қысқа мерзімді ноттары. Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын шығару көлемі 2011 жылы 2967,8 млрд. теңге болды, бұл 2010 жылмен салыстырғанда 10%-ға аз. Нәтижесінде айналыстағы ноттардың көлемі 2011 жылғы желтоқсанның соңында 2010 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 43,3%-ға 509,8 млрд. теңгеге дейін азайды.

Ноттар бойынша тиімді кірістілік 2010 жылғы 1,38%-дан 2011 жылдың қорытындысы бойынша 1,21%-ға дейін азайды.



2011 жылғы желтоқсандағы мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы. 2011 жылғы желтоқсанда Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздарын орналастыру бойынша 9 аукцион болды. Оларға 12 айлық МЕККАМ (4,3 млрд. теңге және 7,7 млрд. теңге), 3 жылдық МЕОКАМ (9,2 млрд. теңге), 9 жылдық МЕУКАМ (8,6 млрд. теңге және 3 млрд. теңге), 10 жылдық МЕУКАМ (9,8 млрд. теңге), 13 жылдық МЕУКАМ (9,5 млрд. теңге және 3,5 млрд. теңге), 20-жылдық МЕУЖКАМ (25 млрд. теңге) орналастырылған.

Орналастырылған бағалы қағаздар бойынша тиімді кірістілік 12 айлық МЕККАМ бойынша – 1,62%, 3 жылдық МЕОКАМ – 3,12%, 9 жылдық МЕУКАМ – 5,00%, 10 жылдық МЕУКАМ – 5,30%, 13 жылдық МЕУКАМ – 5,20% және 5,15%, 20 жылдық МЕУЖКАМ бойынша – инфляция деңгейінен 0,01% болды.

Қаржы министрлігінің айналыстағы бағалы қағаздар көлемі 2011 жылғы желтоқсанның аяғында алдыңғы аймен салыстырғанда 5,7% ұлғайып, 2080,2 млрд. теңгені құрады.

2011 жылғы желтоқсандағы Қазақстан Ұлттық Банкінің қысқа мерзімді ноттары. Ұлттық Банктің ноттарының эмиссия көлемі 2011 жылғы желтоқсанда 2011 жылғы қарашамен салыстырғанда 5,6 есе өсіп, 239,2 млрд. теңгені құрады.

Бұл ретте 3-айлық ноттарды орналастыру бойынша 3 аукцион (13,1 млрд. теңге, 52,9 млрд. теңге және 107,3 млрд. теңге), 6-айлық ноттарды орналастыру бойынша 2 аукцион (35,5 млрд. теңге және 6,9 млрд. теңге), 9 айлық ноттарды орналастыру бойынша 1 аукцион (23,3 млрд. теңге) өтті.

Орналастырылған ноттар бойынша тиімді кірістілік: 3-айлық ноттар бойынша –1,01%, 1,00% және 0,96%, 6-айлық ноттар бойынша – 1,46%, 9-айлық ноттар бойынша – 1,75%.

2011 жылғы желтоқсанның аяғында айналыстағы ноттар көлемі 2011 жылғы қарашамен салыстырғанда 1,6% ұлғайып, 509,8 млрд. теңге болды.


6. 2011 жылғы банкаралық ақша нарығы. 2011 жылы орналастырылған банкаралық депозиттердің жалпы көлемі 2010 жылмен салыстырғанда 24,8% азайып, баламасы 31,2 трлн. теңге болды.

Орналастырылған банкаралық теңгелік депозиттердің көлемі 13,9 трлн. теңгені құрап, 21,8%-ға төмендеді (2011 жылы орналастырылған депозиттердің жалпы көлемінің 44,4%). Бұл ретте банкаралық теңгемен орналастырылған депозиттердің орташа алынған сыйақы ставкасы 2011 жылғы желтоқсанда 2010 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда өзгерген жоқ және 0,57% болды.

Ұлттық Банк екінші деңгейдегі банктерден тартқан депозиттердің көлемі 2011 жылы 21,9% төмендеп, 13,4 трлн. теңге болды.

2011 жылы доллармен орналастырылған депозиттердің көлемі 20,0% (2011 жылы орналастырылған депозиттердің жалпы көлемінің 47,4%-ы) азайып, 101,1 млрд. АҚШ долларын құрады. Доллармен орналастырылған депозиттер бойынша орташа алынған сыйақы ставкасы 2011 жылғы желтоқсанда 0,26% құрады, ал ол 2010 жылғы желтоқсанда 0,28% болды.

Еуромен орналастырылған депозиттердің көлемі 2010 жылмен салыстырғанда 62,0% төмендеп, 9,2 млрд. еуроны (2011 жылы орналастырылған депозиттердің жалпы көлемінің 6,0%) құрады. Еуромен орналастырылған депозиттердің орташа алынған сыйақы ставкасы 2010 жылғы желтоқсандағы 0,46%-дан 2011 жылғы желтоқсанда 2,46%-ға дейін өсті.

Рубльмен орналастырылған депозиттердің көлемі аз ғана - орналастырылған депозиттердің жалпы көлемінің 2,2% болып қалып отыр.

Жалпы алғанда шетел валютасындағы банкаралық депозиттердің үлесі жоғары болып қалуда – орналастырылған депозиттердің жалпы көлемінің 55,6%, алайда соңғы жылы оның тұрақты түрдегі төмендеу үрдісі байқалды. Бұл ретте депозиттердің негізгі бөлігі (55,0%) резидент емес банктерде шетел валютасында орналастырылған.
7. 2011 жылғы 11 айдағы депозит нарығы. Депозиттік ұйымдардағы резиденттердің 2011 жылғы қаңтар-қарашада орналастырған депозиттерінің көлемі 14,2%-ға 8372,3 млрд. теңгеге дейін ұлғайды. Заңды тұлғалардың депозиттері 12,0%-ға 5755,0 млрд. теңгеге дейін, жеке тұлғалардың депозиттері 19,2%-ға 2617,3 млрд. теңгеге дейін өсті.

2011 жылғы қаңтар-қарашада ұлттық валютадағы депозиттердің көлемі 17,1%-ға 5595,8 млрд. теңгеге дейін, шетел валютасындағы депозиттердің көлемі 8,6%-ға 2776,5 млрд. теңгеге дейін өсті. Теңгемен депозиттердің үлес салмағы 2011 жылғы қарашада 2010 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 65,1%-дан 66,8%-ға дейін артты.

Халықтың банктердегі салымдар (резидент еместерді қоса есептегенде) 2011 жылғы қаңтар-қарашада 17,8%-ға 2649,3 млрд. теңгеге дейін өсті. Халықтың салымдары құрылымында теңгелік депозиттер 20,3%-ға 1503,1 млрд. теңгеге дейін ұлғайды, шетел валютасындағы депозиттер 14,6%-ға 1146,1 млрд. теңгеге дейін өсті. Нәтижесінде теңгемен депозиттердің үлес салмағы 2010 жылғы желтоқсандағы 55,5%-дан 2011 жылғы қарашаның қорытындысы бойынша 56,7%-ға дейін артты.

2011 жылғы қарашада банктік емес заңды тұлғалардың мерзімді теңгемен депозиттері бойынша орташа алынған сыйақы ставкасы 2,7% болды (2010 жылғы желтоқсанда – 3,4%), ал жеке тұлғалардың депозиттері бойынша – 8,6% (8,8%).


8. 2011 жылғы 11 айдағы кредит нарығы. Банктердің экономиканы кредиттеуінің жалпы көлемі 2011 жылғы қаңтар-қарашада 8570,1 млрд. теңгені құрап, 12,9% өсті.

Ұлттық валютадағы кредиттердің көлемі 25,4%-ға 5498,2 млрд. теңгеге дейін ұлғайды, шетел валютасындағы кредит көлемі – 4,3%-ға 3071,9 млрд. теңгеге дейін төмендеді. Теңгедегі кредиттердің үлес салмағы 2011 жылғы қарашада 2010 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 57,7%-дан 64,2%-ға дейін өсті.

Ұзақ мерзімді кредиттеу 2011 жылғы қаңтар-қарашада 9,8%-ға 6969,6 млрд. теңгеге дейін көбейді, қысқа мерзімді – 28,9%-ға 1600,5 млрд. теңге дейін өсті. Қорытындысында ұзақ мерзімді кредиттердің үлес салмағы 2011 жылғы қарашада 2010 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 83,6%-дан 81,3%-ға дейін төмендеді.

Заңды тұлғаларға берілген кредиттер 2011 жылғы қаңтар-қарашада 6255,8 млрд. теңгені құрап, 14,3%-ға ұлғайды, жеке тұлғаларға – 9,4%-ға 2314,3 млрд. теңгеге дейін ұлғайды. Жеке тұлғаларға берілген кредиттердің үлес салмағы 2011 жылғы қарашада 2010 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 27,9%-дан 27,0%-ға дейін төмендеді.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу 2011 жылғы қаңтар-қарашада 3,0%-ға 1343,0 млрд. теңгеге дейін төмендеді, бұл экономикаға кредиттердің жалпы көлемінің 15,7% (2010 жылғы желтоқсанда – 18,2%) құрайды.

Салалар бойынша экономикаға банктердің кредиттерінің айтарлықтай сомасы саудаға – 20,3% (2010 жылғы желтоқсанда – 24,0%), құрылысқа – 14,9% (18,1%), өнеркәсіпке – 11,7% (9,4%), ауыл шаруашылығына – 3,5% (3,8%) тиесілі.



Банктік емес заңды тұлғаларға ұлттық валютада берілген кредиттер бойынша орташа алынған сыйақы ставкасы 2011 жылғы қарашада 11,3% (2010 жылғы желтоқсанда – 12,9%), жеке тұлғаларға – 19,5% (20,3%) болды.





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет