Қазақстан республикасының Ұлттық банкі №9 баспасөзрели зі



Дата23.02.2016
өлшемі59.81 Kb.
#5671


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ҰЛТТЫҚ БАНКІ

9 БАСПАСӨЗ Р Е Л И ЗІ



2012 жылғы 6 наурыз
Қаржы нарығындағы ахуал туралы


  1. Инфляция

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің ресми деректері бойынша инфляция 2012 жылғы ақпанда 0,4% (2011 жылғы ақпанда – 1,5%) деңгейінде қалыптасты. Азық-түлік тауарларының бағасы 0,6% (2,0%), азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 0,3% (0,2%) және ақылы қызмет көрсету 0,2% (2,2%) өсті.

Азық-түлік тауарлары нарығында өткен айда көп дәрежеде ет және ет өнімдері – 1,6%, оның ішінде шошқа еті – 3,2%, жылқы еті – 2,8%, сиыр еті – 2,1%, қой еті – 1,4%, қант – 1,4%, балық және теңіз өнімдері – 0,7%, сүт өнімдері – 0,3% қымбаттады. Жарманың бағасы 3,2%, жұмыртқа – 0,2%, май және тоң майлар – 0,6% төмендеді.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар тобында киім және аяқ киім бағасы 0,3%, жуатын және тазалағыш құралдар – 0,6%, дәрі-дәрмектер – 0,2% және дизель отыны – 0,4% көтерілді.

Ақылы қызмет көрсету тобында тұрғын үй-коммуналдық саласындағы қызметке ақы төлеу 0,2%-ға өсті. Бұл ретте қоқыс жинағаны үшін тарифтер 1,1%, тұрғын үйді жалға алу – 0,5%, тұрғын үйді ұстау – 0,7% өсті. Сондай-ақ ақылы қызмет көрсету саласында теміржол көлігінің қызметі 1,1%, медициналық қызмет көрсету – 1,3%, мектепке дейінгі және бастауыш білім беру қызметі – 0,2% өсті.

2012 жылғы қаңтар-ақпанда инфляция 0,7% (2011 жылғы қаңтар-ақпанда – 3,2%) болды. Азық-түлік тауарлары 2012 жылдың басынан бастап 1,2% (5,1%), азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 0,6% (0,7%), ақылы қызмет көрсету – 0,3% (3,4%) қымбаттады (1-график).
1-график

2011 және 2012 жж. қаңтар-ақпандағы
инфляция және оның құрамдас бөліктері

2012 жылғы ақпанда инфляция жылдық көрсетуде 4,7% (2011 жылғы желтоқсанда – 7,4%) болды. Бұл жылдық инфляцияның 1999 жылғы мамырдан бастап ең төмен деңгейі. Соңғы 12 айда азық-түлік тауарлары 5,0%-ға (9,1%), азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 5,1%-ға (5,3%), ақылы қызмет көрсету – 4,0%-ға (7,3%) қымбаттады.
2. Халықаралық резервтер және ақша агрегаттары

2012 жылғы ақпанда Ұлттық Банктің халықаралық резервтері ұлғайды. Ұлттық Банктің жалпы халықаралық резервтері 35,4 млрд. АҚШ долл. дейін 4,9%-ға өсті (жыл басынан бері 20,6%-ға өсу). Ұлттық Банктің таза халықаралық резервтері 5,1%-ға ұлғайып, 34,8 млрд. АҚШ долл. құрады (жыл басынан бері 21,0%-ға өсу). Ішкі валюта нарығында валюта сатып алу, банктердің Ұлттық Банктегі корреспонденттік шоттарындағы шетел валютасындағы қалдықтардың ұлғаюы, Үкіметтің Ұлттық Банктегі шоттарына валютаның түсуі Үкіметтің сыртқы борышына қызмет көрсету және Ұлттық қордың активтерін алтынвалюта резервтерінің шоттарынан толықтыру жөніндегі операциялармен ішінара бейтараптандырылды. Нәтижесінде таза валюта қорлары (ЕАВ) 2012 жылғы ақпанда 5,0%-ға өсті. Алтындағы активтер жүргізілген операциялар және оның әлемдік нарықтардағы бағасының өсуі нәтижесінде 5,4%-ға өсті.

2012 жылғы ақпанда Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтерін (алдын ала деректер бойынша 47,4 млрд. АҚШ долл.) қоса алғанда, тұтастай елдің халықаралық резервтері 4,4%-ға 82,7 млрд. АҚШ долл. дейін өсті (жыл басынан бері 13,3%-ға өсу).

2012 жылғы ақпанда ақша базасы 2,5%-ға кеңейіп, 3469,5 млрд. теңге құрады (жыл басынан бері 22,3%-ға кеңею). Тар ақша базасы, яғни екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық Банктегі мерзімді депозиттерін есептемегендегі ақша базасы 3286,8 млрд. теңгеге дейін 3,8%-ға кеңейді.

2012 жылғы қаңтарда ақша массасы 9622,1 млрд. теңгеге дейін 1,3% төмендеді. Айналыстағы қолма-қол ақша көлемі 1301,4 млрд. теңгеге дейін 4,7% азайды, банк жүйесіндегі депозиттер 0,8% төмендеп, 8320,7 млрд. теңгені құрады. Ақша массасының құрылымындағы депозиттер үлесі 2011 жылғы желтоқсандағы 86,0%-дан 2012 жылғы қаңтардағы 86,5%-ға дейін ұлғайды. Айналыстағы қолма-қол ақша көлемінің қысқаруымен салыстырғанда депозиттер төмендеуінің барынша аз қарқыны депозиттер үлесі өсуінің негізгі себебі болды.

Ақша мультипликаторы 2012 жылғы қаңтарда тіркелген ақша базасының кеңеюі аясында ақша массасының төмендеуі салдарынан 2011 жылғы желтоқсандағы 3,44-тен 2012 жылғы қаңтардың қорытындысы бойынша 2,84-ге дейін төмендеді.


3. Валюта нарығы

2012 жылғы ақпанда теңгенің АҚШ долларына қатысты бағамы 1 АҚШ доллары үшін 147,62–148,72 теңге диапазонында өзгерді. 2012 жылғы ақпанда теңге 0,6%-ға нығайды және айдың аяғында теңгенің биржалық бағамы бір АҚШ доллары үшін 147,74 теңге болды.

2012 жылғы ақпанда Қазақстанның Қор биржасындағы биржалық операциялардың көлемі қосымша сауда-саттықтардағы мәмілелерді қоса алғанда 2012 жылғы қаңтармен салыстырғанда 53,0% төмендеді және 4,9 млрд. АҚШ долл. болды. Биржадан тыс валюта нарығындағы операциялардың көлемі 31,7% өсіп, 2,0 млрд. АҚШ долл. құрады.

Тұтастай алғанда ішкі валюта нарығындағы операциялардың көлемі 46,1%-ға өсіп, 6,9 млрд. АҚШ долл. құрады. 2012 жылғы ақпанда Ұлттық Банк ішкі валюта нарығында шетел валютасын нетто-сатып алушы ретінде болды.


4. Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы

2012 жылғы ақпанда Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздарын орналастыру бойынша 6 аукцион болды. Оларда 12 айлық МЕККАМ (982 млн. теңге), 4 жылдық МЕОКАМ (7,8 млрд. теңге), 7 жылдық МЕУКАМ (6,6 млрд. теңге), 8 жылдық МЕУКАМ (12,3 млрд. теңге), 15 жылдық МЕУКАМ (13,9 млрд. теңге), 17 жылдық МЕУЖКАМ (20 млрд. теңге) орналастырылды.

Орналастырылған бағалы қағаздар бойынша тиімді кірістілік 12 айлық МЕККАМ бойынша – 2,04%, 4 жылдық МЕОКАМ бойынша – 3,84%, 7 жылдық МЕУКАМ бойынша – 4,50%, 8 жылдық МЕУКАМ бойынша – 5,30%, 15 жылдық МЕУКАМ – 5,50%, 17 жылдық МЕУЖКАМ бойынша инфляция деңгейінен 0,01% болды.

Қаржы министрлігінің айналыстағы бағалы қағаздарының көлемі өткен аймен салыстырғанда 2,2%-ға ұлғайып, 2012 жылғы ақпанның аяғында 2167,3 млрд. теңге болды.



Қазақстан Ұлттық Банкінің қысқа мерзімді ноттары. Ұлттық Банктің ноттары эмиссиясының көлемі 2012 жылғы қаңтармен салыстырғанда 37,6% ұлғайып, 2012 жылғы ақпанда 96 млрд. теңгені құрады.

Бұл ретте 3 айлық ноттарды орналастыру бойынша 2 аукцион (26,4 млрд. теңге және 33 млрд. теңге), 6 айлық ноттарды орналастыру бойынша 1 аукцион (21,4 млрд. теңге), 9 айлық ноттарды орналастыру бойынша 1 аукцион (15,2 млрд. теңге) өтті.

Орналастырылған ноттар бойынша тиімді кірістілігі 3-айлықтар бойынша–1,01%, 6-айлықтар бойынша – 1,51%, 9-айлықтар бойынша – 1,75% болды.

Айналыстағы ноттар көлемі 2012 жылғы қаңтармен салыстырғанда 2012 жылғы ақпанның аяғында 6,5% ұлғайып, 576,5 млрд. теңге құрады.


5. Депозит нарығы.

Депозиттік ұйымдардағы резиденттер депозиттерінің жалпы көлемі 2012 жылғы қаңтарда 0,8%-ға 8320,7 млрд. теңгеге дейін төмендеді. Заңды тұлғалардың депозиттері 1,4%-ға 5584,5 млрд. теңгеге дейін төмендеді, жеке тұлғалардың депозиттері - 0,4%-ға 2736,2 млрд. теңгеге дейін өсті.

2012 жылғы қаңтарда шетел валютасындағы депозиттердің көлемі 4,5%-ға 2747,4 млрд. теңгеге дейін өсті, ұлттық валютада –3,2%-ға 5573,4 млрд. теңгеге дейін төмендеді. Теңгедегі депозиттердің үлес салмағы 2011 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 2012 жылғы қаңтарда 68,6%-дан 67,0%-ға дейін төмендеді.

Банктердегі халықтың салымдары (резидент еместерді қоса есептегенде) 2012 жылғы қаңтарда 0,2%-ға 2764,3 млрд. теңгеге дейін өсті. Халықтың салымдары құрылымында теңгедегі депозиттер 1,0%-ға 1581,7 млрд. теңгеге дейін төмендеді, шетел валютасындағы депозиттер 1,9%-ға 1182,6 млрд. теңгеге дейін өсті. Нәтижесінде теңгедегі депозиттердің үлес салмағы 57,9%-дан 57,2%-ға дейін төмендеді.

2012 жылғы қаңтарда банктік емес заңды тұлғалардың теңгедегі мерзімді депозиттері бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 3,1% (2011 жылғы желтоқсанда 2,7%), ал жеке тұлғалардың депозиттері бойынша – 8,2% (8,4%) болды.
6. Кредит нарығы

2012 жылғы қаңтарда банктердің экономиканы кредиттеуінің жалпы көлемі 8793,2 млрд. теңгені құрап, 0,1%-ға ұлғайды.

Ұлттық валютадағы кредиттердің көлемі 5712,8 млрд. теңгеге дейін 0,5% өсті, шетел валютасында 3080,4 млрд. теңгеге дейін 0,6%-ға төмендеді. Теңгедегі кредиттердің үлес салмағы 2011 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 2012 жылғы қаңтарда 64,7%-дан 65,0%-ға дейін өсті.

2012 жылғы қаңтарда ұзақ мерзімді кредиттеу 7042,9 млрд. теңгеге дейін 0,6% төмендеп, қысқа мерзімді кредиттеу 1750,3 млрд. теңгеге дейін 3,3% өсті. Нәтижесінде ұзақ мерзімді кредиттердің үлес салмағы 2011 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 2012 жылғы қаңтарда 80,7%-дан 80,1%-ға дейін төмендеді.

2012 жылғы қаңтарда заңды тұлғаларға кредиттер 6451,5 млрд. теңгені құрап, 0,3%-ға өсті, жеке тұлғаларға – 2341,7 млрд. теңгеге дейін 0,2%-ға азайды. Жеке тұлғаларға берілген кредиттердің үлес салмағы 2011 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 2012 жылғы қаңтарда 26,7%-дан 26,6%-ға дейін төмендеді.

2012 жылғы қаңтарда шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу 1328,7 млрд. теңгеге дейін 0,9% төмендеді, бұл экономикаға берілген кредиттердің жалпы көлемінің 15,1% құрайды.

Банктердің экономикаға берілген кредиттерінің неғұрлым айтарлықтай сомасы салалық бөлуде сауда (жалпы көлемдегі үлесі – 20,8%), құрылыс (14,9%), өнеркәсіп (12,2%) және ауылшаруашылығы (3,6%) сияқты салаларға тиесілі.

2012 жылғы қаңтарда банктік емес заңды тұлғаларға ұлттық валютамен берілген кредиттер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 11,2% (2011 жылғы желтоқсанда – 10,8%), жеке тұлғаларға – 21,5% (20,4%) құрады.



7. «ГНПФ» жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-ның комиссиялық сыйақысын төмендету

«ГНПФ» жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ 2012 жылғы 12 наурыздан бастап өзінің салымшылары үшін комиссиялық сыйақы мөлшерлемелерін біржақты тәртіппен төмендетуге шешім қабылдады:

- инвестициялық кірістен комиссиялық сыйақы бойынша 15%-дан 12%-ға дейін;

- зейнетақы активтерінен комиссиялық сыйақы бойынша жылына 0,5%-дан 0,45%-ға дейін.



Осы өзгерістер нәтижесінде, бағалау бойынша, «ГНПФ» жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-ның жоспарлы таза пайдасы 2012 жылдың қорытындылары бойынша 50%-дан астам төмендейді.




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет