Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қ аулыс ы



Дата20.06.2016
өлшемі57.31 Kb.
#148960




Жоба
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының

қ а у л ы с ы


Алматы қ.

2011 жылғы ___ ___________

№ _____



Алтын-валюта активтерін толықтыру

үшін құймалар түріндегі тазартылған

алтынды сатып алуға мемлекеттің

басым құқығын іске асыру

ережесін бекіту туралы
«Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының Кеден одағын бірыңғай тарифтік емес реттеу туралы» Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Мемлекетаралық Кеңесінің (Кеден одағының жоғары органы) 2009 жылғы 27 қарашадағы № 19 шешімін орындау жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 21 шілдедегі № 120 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған Алтын-валюта активтерін толықтыру үшін құймалар түріндегі тазартылған алтынды сатып алуға мемлекеттің басым құқығын іске асыру ережесі бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Ұлттық Банк

Төрағасы Г. Марченко
Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Басқармасының

2011 жылғы ___ ____________

№ ___ қаулысымен

бекітілген

Алтын-валюта активтерін толықтыру үшін құймалар

түріндегі тазартылған алтынды сатып алуға мемлекеттің басым құқығын іске асыру ережесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже «Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының кеден одағын бірыңғай тарифтік емес реттеу туралы» Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Мемлекетаралық Кеңесінің (Кеден одағының жоғары органы) 2009 жылғы 27 қарашадағы № 19 шешімін орындау жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 21 шілдедегі № 120 Жарлығына және «Бағалы металдарды және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын Кеден одағына кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету қағидасын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 16 тамыздағы № 924 қаулысымен бекітілген Бағалы металдарды және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын Кеден одағына кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету қағидасына сәйкес әзірленген.

2. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – Ұлттық Банк) алтын-валюта активтерін толықтыру үшін тазартылған құйма алтынды сатып алуға мемлекеттің басым құқығын (бұдан әрі – басым құқық) іске асыру туралы шешімді қабылдау тәртібін реттейді.


2-тарау. Осы Ережеде пайдаланылатын негізгі ұғымдар
3. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) бид-аск (bid-ask) спред – халықаралық нарықтағы сатып алу мен сату бағасы арасындағы айырма;

2) клиенттер - Ұлттық Банкке тазартылған құйма алтынды сату туралы ұсыныс жасаған субъектілер;

3) сақтау орны – тазартылған алтын сақталатын арнайы жабдықталған үй-жай;

4) сатып алу лимиті – Ұлттық Банктің басым құқықты іске асыру шеңберінде белгілі бір кезеңде тазартылған құйма алтынды ең көп ықтимал сатып алу көлемі;

5) сауда тикеті (мәміле паспорты) – мәміле тараптары қол қоятын, алтын-валюта активтерін толықтыру үшін тазартылған құйма алтынды сатып алу-сатудың жалпы талаптары туралы жасалған шартқа сәйкес тазартылған құйма алтынның нақты лотын жеткізудің барлық елеулі талаптары мен өлшемдері бар құжат;

6) тазартылған құйма алтын тазарту кезеңінен өткен және:

Кеден одағына қатысушы мемлекеттерде белгіленген талаптарға не Лондон қымбат металдар нарығы қауымдастығы (London bullion market association) қабылдаған және осы қауымдастықтың құжаттарында «Лондон сапалы жеткізілімі» («London good delivery») стандарты ретінде белгіленген халықаралық сапа стандарттарына сәйкес келетін Кеден одағына қатысушы мемлекеттерде өндірілген құймалар;

шығарылған елінің заңнамасына не Лондон қымбат металдар нарығы қауымдастығы (London bullion market association) қабылдаған және осы қауымдастықтың құжаттарында «Лондон сапалы жеткізілімі» («London good delivery») стандарты ретінде белгіленген халықаралық сапа стандарттарына сәйкес дайындалған, таңбаланған және сертификатталған шет елде өндірілген құймалар түрінде берілген қымбат металл;

7) тазартылған құйма алтынды сынау - тазартылған құйма алтынның сандық және сапалық сипаттамаларын белгілеу мақсатында жүргізілетін жұмыстар кешені.


3-тарау. Басым құқықты іске асыру тәртібі
4. Ұлттық Банк басым құқықты іске асыруды тазартылған құйма алтынды Ұлттық Банкке өтініш білдірген клиенттерден тікелей сатып алу жолымен жүзеге асырады.

Клиенттер Ұлттық Банкке тазартылған құйма алтынды өндірудің және сатудың алдағы жылдың бірінші жартыжылдығына арналған болжамының кестесін – ағымдағы жылдың 1 қарашасына дейін, ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығына арналған болжамының кестесін – ағымдағы жылдың 1 мамырына дейін ұсынады.

5. Ұлттық Банк Төрағасы тазартылған құйма алтынды өндіру және сату болжамын, ақша нарығының жай-күйін, ақша-кредит саясатының көрсеткіштерін және халықаралық қаржы нарықтарының конъюнктурасын негізге ала отырып, алдағы жартыжылдыққа арналған басым құқықты іске асыру шеңберінде сатып алу лимитін бекітеді не алдағы кезеңде (бір айдан жарты жылға дейін) басым құқықты іске асырудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

Бекітілген сатып алу лимиті шеңберінде Ұлттық Банк тазартылған құйма алтынның болжамы мен сату кестесін ұсынған нақты клиенттен сатып алынатын тазартылған құйма алтынның көлемін айқындайды. Сатып алу көлемдері клиенттерге алдағы жылдың бірінші жартыжылдығына – ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына дейін, ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығына – ағымдағы жылдың 1 маусымына дейін жеткізіледі.

Алдағы кезеңде (бір айдан жарты жылға дейін) басым құқықты іске асырудан бас тартылған жағдайда, бұл туралы шешім бес жұмыс күні ішінде Ұлттық Банктің ресми интернет-ресурсында жарияланады.

6. Алтын-валюта активтерін толықтыру үшін тазартылған құйма алтынды сатып алудан бас тарту:

1) басым құқықты іске асыру шеңберінде тазартылған құйма алтынды сатып алу лимитіне жеткен жағдайда;

2) осы Ереженің 5-тармағына сәйкес алдағы кезеңде басым құқықты іске асырудан бас тарту туралы шешімді қабылдаған жағдайда жасалады.

Осы Ереженің 5-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген клиенттерге қатысты, оларға жеткізілген тазартылған құйма алтынды сатып алу көлемдері шегінде алтын-валюта активтерін толықтыру үшін құймалар түріндегі тазартылған алтынды сатып алудан бас тарту жасалмайды.

Сатып алуға дайын екендігі туралы растау не алтын-валюта активтерін толықтыру үшін тазартылған құйма алтынды сатып алудан бас тарту клиентке клиент өтініш білдірген күннен бастап 10 (он) жұмыс күн ішінде Ұлттық Банк Төрағасының не Төрағасы орынбасарының қолы қойылып жіберіледі.

7. Тазартылған құйма алтынды сатып алу Ұлттық Банктің клиентпен жасасқан алтын-валюта активтерін толықтыру үшін тазартылған құйма алтынды сатып алу-сатудың жалпы талаптары туралы шарттың және сатып алынатын тазартылған құйма алтынның нақты лотына ресімделетін сауда тикеті (мәміле паспорты) негізінде жүзеге асырылады.

Тазартылған құйма алтынның сапасы мен санына сынақтар жүргізу және олар бойынша шағым-талаптар қою тәртібі алтын-валюта активтерін толықтыру үшін тазартылған құйма алтынды сатып алу-сатудың жалпы талаптары туралы шартта белгіленеді.

8. Тазартылған құйма алтынның бағасы теңгенің мәміле күнінің алдындағы күнгі, АҚШ долларына қатысты орташа алынған биржалық бағамына және алтынның Лондон қымбат металдар нарығы қауымдастығының бүкіл жеткізу айына орташа алынған таңертеңгі және кешкі фиксингінің орташа мәніне қарай және:

алтынды халықаралық нарықтарға экспорттау жөніндегі көлік және кеден шығыстарынан;

артық ақша массасын стерилизациялау шығыстарынан;

бид-аск (bid-ask) спред;



Лондон қымбат металдар нарығы қауымдастығы қабылдаған және осы қауымдастықтың құжаттарында «Лондон сапалы жеткізілімі» («London good delivery») стандарты ретінде белгіленген халықаралық сапа стандарттарына жауап бермейтін құймалар сатып алынған жағдайда қолданылатын сапа үшін жеңілдіктен тұратын дисконтқа қарай теңгемен айқындалады.

Бір кезеңде сатып алынатын бір сападағы барлық құймаларға бірыңғай дисконт ставкасы қолданылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет