Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Қаулысы



Дата23.02.2016
өлшемі133.71 Kb.
#4831


Жоба
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының

ҚАУЛЫСЫ
Алматы қ. 2013 жылғы «__» ___________ №____



Кейбір нормативтік құқықтық актілерге ақша төлемi мен аударымын жүзеге асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы



«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы


30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру мен автоматтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы
8 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған, осы қаулының (бұдан әрі – қаулы) қосымшасына сәйкес Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін ақша төлемi мен аударымын жүзеге асыру мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер тізбесі бекітілсін.

2. 2013 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін қосымшаның
2-тармағының үшінші – оныншы, он үшінші – жиырмасыншы абзацтарын, қосымшаның 4-тармағын, қосымшаның 5-тармағының бесінші – он сегізінші абзацтарын қоспағанда, осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Ұлттық Банк

Төрағасы Г. Марченко

Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Басқармасының

2013 жылғы «__»_______

№__ қаулысына

қосымша
Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін ақша төлемi мен аударымын жүзеге асыру мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер тізбесі


1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасында ақша төлемi мен аударымын жүзеге асырған кезде электронды құжаттар алмасу ережесiн бекiту туралы» 2000 жылғы
21 сәуірдегі №146 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1148 тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында ақша төлемi мен аударымын жүзеге асырған кезде электронды құжаттар алмасу ережесiнде:

1-тарау мынадай мазмұндағы 3-2-тармақпен толықтырылсын:

«3-2. Ақша төлемi мен аударымын электрондық тәсілмен жүзеге асыру кезінде банк заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру схемаларында электронды құжаттар алмасу жүйелерін пайдалануды болдырмау бойынша шараларды, сондай-ақ қажетті рәсімдерді әзірлейді және қолданады.».

2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын пайдалану және ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2000 жылғы 25 сәуірдегі № 179 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1155 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын пайдалану және ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдерi мен аударымдарын жүзеге асыру ережесiнде:

22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«22. Алушы-банк немесе бенефициар банкі 2008 жылғы


10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының Кодексінде, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы
31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – Банктер туралы заң), «Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы
28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – КЖТҚҚІ туралы заң), Төлемдер туралы заңда көзделген негіздер бойынша төлем құжатын алған күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, сондай-ақ мынадай:

1) осы Ереженің, сондай-ақ Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1011 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану және төлемдер бойынша оларға сәйкес мәліметтер ұсыну қағидаларын бекіту туралы» 1999 жылғы 15 қарашадағы № 388 қаулысының, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1304 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының аумағында банктік есепшот ашпай ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдерi мен аударымдарын жүзеге асыру ережесі» 2000 жылғы 13 қазандағы № 395 қаулысының және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1352 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Клиент пен оған қызмет көрсететiн банктiң арасында қолма-қол жасалмайтын төлемдердi жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы»


2000 жылғы 25 қарашадағы № 433 қаулысының талаптарына сәйкес келмейтін нысанда толтырылған және ұсынылған;

2) клиенттің деректемелері (жеке сәйкестендіру коды (бұдан әрі – ЖСК), ЖСН (БСН) төлем құжатында көрсетілген деректемелерге сәйкес келмеген;

3) ақша жөнелтушінің атауы клиенттің төлем құжатында көрсетілген атауына сәйкес келмеген;

4) бюджетке төлемдерді төлеу кезінде бюджеттік жіктеу кодының цифрлық белгісі болмаған;

5) көлік құралына салық төлеу кезінде төлем құжатында көрсетілген көлік құралының сәйкестендіру нөмірі жол қозғалысының қауіпсіздігі жөніндегі орталық атқарушы орган ұсынған деректермен сәйкес келмеген жағдайларда оны акцептеуден бас тартады.

Егер басқа деректемелер (ЖСК, ЖСН (БСН)) банк клиентін сәйкестендіріп, клиенттің инкассалық өкімде көрсетілген атауы нақты атауына сәйкес келмеген жағдайда салық органдары электрондық тәсілмен ұсынған инкассалық өкімді акцептеуден бас тартуға жол берілмейді.»;

мынадай мазмұндағы 22-3-тармақпен толықтырылсын:

«22-3. Банк (алушы-банк, бенефициар банкі, делдал-банк) КЖТҚҚІ туралы заңға сәйкес ақша жөнелтушіні және/немесе бенефициарды сәйкестендіруге мүмкіндік беретін мәліметтерді, сондай-ақ КЖТҚҚІ туралы заңға сәйкес клиентті тиісінше тексеру жөніндегі шараларды жүргізу талап етілмейтін жағдайларды қоспағанда, ақша жөнелтуші жүргізген ақша төлемi және/немесе аударымы туралы мәліметтерді клиенттің банк шоты жабылғаннан кейін бес жыл ішінде сақтайды.»;

28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«28. Ақша жөнелтуші қызмет көрсететін алушы-банкке төлем тапсырмасын белгіленген нысандағы бланктерде (1-қосымша) ұсынады.

Бюджетке төлемдерді төлеу кезінде ақша жөнелтуші қызмет көрсететін алушы-банкке осы Ереженің 1-1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бюджетке төлемдер төлеуге арналған төлем тапсырмасын ұсынады. Ақша жөнелтушінің осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бюджетке төлемдер төлеуге арналған төлем тапсырмасын ұсынуына жол беріледі.

«Төлемнің мақсаты» бағанында ақша жөнелтуші ақша аударымын жүзеге асыруға негіз болатын құжаттың (құжаттардың) атауын, нөмірі мен күнін және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1304 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының аумағында банктік есепшот ашпай ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдерi мен аударымдарын жүзеге асыру ережесі» 2000 жылғы 13 қазандағы № 395 қаулысында, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1352 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Клиент пен оған қызмет көрсететiн банктiң арасында қолма-қол жасалмайтын төлемдердi жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы» 2000 жылғы 25 қарашадағы № 433 қаулысында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысында көзделген өзге де деректемелерді, сондай-ақ «төлем мақсатының коды» бағанында төлемнің кодтық белгіленуін көрсетеді.

Заңды тұлға өзінің құрылымдық бөлімшелері үшін бюджетке төлемдерді, сондай-ақ зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды төлеу кезінде «төлем мақсаты» бағанында ең алдымен төлем жүзеге асырылатын заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі БСН, одан кейін оның атауы көрсетіледі.

Көлік құралына салық төлеу кезінде (оның ішінде электрондық құрылғылар арқылы) «төлем мақсаты» бағанында көлік құралының сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі. Бұл деректеме төлем құжатының «төлем мақсаты» бағанында мынадай ретпен көрсетіледі: «VIN» сөзі, көлік құралының сәйкестендіру нөмірі, «/V» символдары.

Бюджетке төлемдерді төлеу кезінде төлем тапсырмасында бюджеттік жіктеу кодының сандық белгісі көрсетіледі. Төлем тапсырмасында бюджеттік жіктеу кодының дұрыс көрсетілуін жөнелтуші қамтамасыз етеді.

Зейнетақы жарналарын немесе әлеуметтік аударымдарды төлеуге ақша аударымдарын жүзеге асырған кезде жөнелтуші төлем тапсырмасымен бірге бір мезгілде Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Міндетті зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстап қалудың (қоса есептеудің) және жинақтаушы зейнетақы қорларына аударудың ережесін бекіту туралы» 1999 жылғы 15 наурыздағы 


№ 245 және «Әлеуметтік аударымдарды есептеу және аудару ережесін бекіту туралы» 2004 жылғы 21 маусымдағы № 683 қаулыларының талаптарына сәйкес ресімделген зейнетақы жарналары немесе әлеуметтік аударымдар төленетін тұлғалардың тізімін (бұдан әрі – тізім) алушы-банкке ұсынады. 50-ден астам позициядан (аты-жөннен) тұратын тізім алушы-банкке тізімнің электрондық тасымалдауыштардағы көшірмесі қоса беріле отырып ұсынылады. Алушы-банк қажет болған жағдайда, егер бұл алушы-банктің ішкі құжаттарында белгіленген болса, 50 және одан аз позициядан (аты-жөннен) тұратын тізімнің электрондық көшірмесін ұсынуды талап етеді.»;

3-тарауда:

38-1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Көшірмесі дұрыс» деген жазу тырнақшасыз көрсетіледі, банктің көшірмені растаған уәкілетті адамының лауазымы, тегі, аты және әкесінің аты, растаған күні көрсетіле отырып, оның қолымен расталады және банк мөрінің бедерімен бекітіледі.»;

38-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«38-2. Банк осы Ереженің 38-1-тармағында көрсетілген құжаттарды алған күннен кейінгі бес жұмыс күнінен кешіктірмей сұрау салған банкке клиенттің банк шоттарының болуы және нөмірлері туралы анықтаманы немесе олардың жоқ екендігі туралы мәліметтерді жібереді. Клиенттің банк шоттарының болуы және нөмірлері туралы анықтамада анықтаманың жазылу күні, банктің атауы мен банктік сәйкестендіру коды, клиенттің атауы, оның жеке сәйкестендіру коды, сәйкестендіру нөмірі, банк шотының валютасы, банктің уәкілетті адамының аты-жөні және мөртабан қамтылуға тиіс. Егер клиентке банк шоты мемлекеттік бюджеттен төленетін жәрдемақыларды және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді аудару үшін ашылған болса, онда осы факті туралы ақпарат клиенттің банк шоттарының болуы және нөмірлері туралы анықтамада көрсетіледі.».

3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу ережесін бекіту туралы» 2000 жылғы 2 маусымдағы № 266 қаулысына (2000 жылғы 18 шілдеде Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1199 тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу ережесінде:

мынадай мазмұндағы 6-2-тармақпен толықтырылсын:

«6-2. Банктің анонимді банк шоттарын немесе ойдан шығарылған аттарға банк шоттарын ашуына тыйым салынады.»;

22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«22. Клиенттің жеке басын куәландыратын құжаттың (кәмелетке толмаған клиенттің тууы туралы куәлігінің), жарғының (оқшауланған бөлімшелер үшін – Ереженің) не үлгі жарғының негізінде клиенттің қызметі фактісін растайтын құжаттың түпнұсқасын қоспағанда, шот ашу үшін клиент берген құжаттар банкте әрбір клиент бойынша арнайы ашылған істе шарттың түпнұсқасымен не клиенттің үлгі шартқа қосылу туралы өтінішімен және клиенттің жеке басын куәландыратын құжаттың (кәмелетке толмаған клиенттің тууы туралы куәлігінің), жарғының (оқшауланған бөлімшелер үшін – Ереженің) не үлгі жарғының негізінде клиенттің қызметі фактісін растайтын құжаттың көшірмелерімен бірге тігілуге және сақталуға тиіс.

Әрбір клиент бойынша арнайы ашылған істе сондай-ақ банкте операциялар жасау құқығына арналған сенімхаттың көшірмесі тігіледі және сақталады.

Егер банктің (банк филиалының, бөлімшесінің) электрондық досье қалыптастыру мүмкіндіктері болса, клиенттің түпнұсқалар болып табылмайтын құжаттарының (электрондық цифрлық қолтаңбамен расталған құжаттар, клиент құжаттарының көшірмелері) қағаз тасымалдауыштарда қосымша сақтамай-ақ тек қана электрондық түрде сақталуына жол беріледі.».

4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасында төлем карточкаларын шығару және пайдалану ережесiн бекiту туралы» 2000 жылғы 24 тамыздағы № 331 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1260 тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында төлем карточкаларын шығару және пайдалану ережесiнде:

45-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«45-1. Салықты немесе бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді банкоматтар арқылы не электронды терминалдар арқылы жүзеге асырған кезде төлем карточкасын ұстаушыға берілетін сауда чегінде осы Ереженің


45-тармағында көрсетілген деректемелерден басқа мынадай қосымша деректемелер болуы тиіс:

1) салық төлеушінің жеке сәйкестендіру нөмірі;

2) салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты;

3) бюджеттік жіктеу кодының цифрлық белгісін көрсете отырып, салықтың немесе бюджетке төленетін басқа төлемнің атауы;

4) салық органының коды;

5) төлем мақсатының коды;

6) комиссиялық сыйақының мөлшері (комиссия алынған жағдайда);

7) көлік құралына салық төлеу кезінде көлік құралының сәйкестендіру нөмірі.».

5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының аумағында банктік есепшот ашпай ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдерi мен аударымдарын жүзеге асыру ережесі» 2000 жылғы 13 қазандағы № 395 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1304 тіркелген, 2001 жылы Қазақстан Республикасының орталық атқару және өзге мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде № 5 жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында банктiк есепшот ашпай ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдерi мен аударымдарын жүзеге асыру ережесiнде:

мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:

«6-1. Банк (алушы-банк, бенефициар банкі, делдал-банк) ақша жөнелтуші және/немесе бенефициар туралы ақпаратты (атауы не тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке сәйкестендіру коды (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН) (бар болса), жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру коды болмаған жағдайда жеке басын куәландыратын құжаттың деректері (жеке тұлға үшін) және почталық мекенжайы (елі, қаласы, индексі, көшесі, үй мен пәтер нөмірі), сондай-ақ «Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы


28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес клиентті тиісінше тексеру жөніндегі шараларды жүргізу талап етілмейтін жағдайларды қоспағанда, ақша жөнелтуші жүргізген ақша төлемi мен аударымы туралы мәліметтерді операция жасалған күннен бастап бес жыл ішінде сақтайды.»;

13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«13. Жеке тұлға бюджетке төлемдер төлеуге арналған түбіртек-хабарламаны осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес белгіленген нысандағы бланктерде, дара кәсіпкер, жеке нотариус, жеке сот орындаушысы немесе адвокат осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес белгіленген нысандағы бланктерде ұсынады.

Заңды тұлға бюджетке төлемдер төлеуге арналған түбіртек-хабарламаны осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес белгіленген нысандағы бланктерде ұсынады. Заңды тұлға өзінің филиалдары (өкілдіктері, құрылымдық бөлімшелері) үшін бюджетке төлемдер төлеген кезде «ақша жөнелтуші» бағанында заңды тұлға филиалының (өкілдігінің, құрылымдық бөлімшесінің) атауы көрсетіледі, «БСН» бағанында филиалдың (өкілдіктің, құрылымдық бөлімшенің) бизнес - сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі, «ақша жөнелтушінің мекенжайы мен телефоны» бағанында заңды тұлғаның мекенжайы және телефоны көрсетіледі.

Көлік құралдарына салық төлеу кезінде «Төлем атауы» бағанында көлік құралының сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі. Бұл деректеме төлем хабарламасының «Төлем атауы» бағанында «Жеке тұлғалардан көлік құралдарына салық» жазуының астында мынадай ретпен көрсетіледі: «VIN» сөзі, көлік құралының сәйкестендіру нөмірі, «/V» символдары.

Салық төлеушінің алушы-банкке қолма-қол ақша енгізу күні ақша жөнелтушінің бюджетке төлемдер төлеуге арналған түбіртек-хабарламада көрсеткен күнімен сәйкес келуі тиіс. Бюджетке төлемдер төлеуге арналған түбіртек-хабарламада оның атауына сәйкес келетін бюджеттік жіктеу коды көрсетіледі. Бенефициар деректемелерінің және бюджеттік жіктеу кодының дұрыс көрсетілуін жөнелтуші қамтамасыз етеді.

Зейнетақы жарналарын аударуға арналған түбіртек-хабарлама осы Ереженің 4-қосымшасына сәйкес белгіленген нысандағы бланктерде ұсынылады.

Әлеуметтік аударымдарды төлеуге арналған түбіртек-хабарлама осы Ереженің 5-қосымшасына сәйкес белгіленген нысандағы бланктерде ұсынылады. 50-ден астам позициядан (аты-жөннен) тұратын осы Ереженің


5-қосымшасы екінші бөлігі алушы-банкке электрондық тасымалдауыштардағы көшірмесі қоса беріле отырып ұсынылады. Алушы-банк қажет болған жағдайда, егер бұл алушы-банктің ішкі құжаттарында белгіленген болса, 50 және одан аз позициядан (аты-жөннен) тұратын осы Ереженің 5-қосымшасы екінші бөлігінің электрондық көшірмесін ұсынуды талап етеді.»;

19-3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«19-3. Ақша жөнелтуші бюджетке төлемдерді электрондық терминалдар арқылы жүзеге асырған кезде чекте осы Ереженің 19-2-тармағында көзделген деректемелерден басқа мынадай деректемелер болуы тиіс:

1) клиенттің сәйкестендіру нөмірі;

2) бюджеттік жіктеу кодының цифрлық белгісін көрсете отырып, бюджетке төленетін төлемдердің атауы;

3) салық органының коды (цифрлық белгісі);

4) көлік құралына салық төлеу кезінде көлік құралының сәйкестендіру нөмірі.

Чекте банк белгілеген қосымша деректемелер болуы мүмкін.».

6. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Клиенттің банк шоттары бойынша ақша қозғалысы туралы көшірменің мазмұнына талаптар белгілеу туралы» 2004 жылғы 22 шілдедегі № 102 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3019 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақта:

6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«6) теңгемен банк шоты бойынша – бенефициар банкінің (ақша жөнелтуші банкінің) атауы, банктік сәйкестендіру коды, бенефициардың және ақша жөнелтушінің атауы мен жеке сәйкестендіру (бизнес-сәйкестендіру) нөмірі.

Бенефициар банкінің (ақша жөнелтуші банкінің) атауы және/немесе банктік сәйкестендіру коды клиенттің және оған қызмет көрсететiн банктiң арасында ақша төлемi мен аударымын жүзеге асыру кезінде жазылмайды;»;

11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«11) банктің уәкілетті адамының аты-жөні және мөртабан (үзінді көшірме электрондық түрде берілетін жағдайларды қоспағанда).».

7. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың электрондық банк қызметiн көрсету ережесін бекіту туралы» 2008 жылғы 28 наурыздағы № 18 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5189 тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың электрондық банк қызметiн көрсету ережесінде:

2-тарау мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:



«6-1. Банк заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру схемаларында электрондық банк қызметтерін көрсетудің қолданыстағы немесе ендірілетін тәсілдері мен технологияларын пайдалануды болдырмау бойынша шараларды, сондай-ақ қажетті рәсімдерді әзірлейді және қолданады.».



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет