Қазақстан республикасының Ұлттық жіктеуіші экономикалық Қызмет түрлерінің


Өзге де инженерлік имараттар құрылысы



бет145/290
Дата20.05.2022
өлшемі3.25 Mb.
#457975
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   290
ОКЭД kz

42.9 Өзге де инженерлік имараттар құрылысы


42.91 Су имараттарының құрылысы

42.91.0 Су имараттарының құрылысы


Бұл ішкі класқа:


- су жолдарын, теңіз және өзен порттары имараттары, спорт-туристік кемелерге арналған кемежайлар, шлюздер және т.б.; тоғандар және бөгеттер құрылысы
- түбін тазалау және түбін тереңдету жұмыстары кіреді

Бұл ішкі класқа:


- инженерлік имараттардың құрылысы бойынша жобаларды басқару кірмейді, (71.12 қараңыз)


42.99 Басқа топтамаларға енгізілмеген өзге де инженерлік имараттар құрылысы

42.99.0 Басқа топтамаларға енгізілмеген өзге де инженерлік имараттар құрылысы


Бұл ішкі класқа:


- мұнай өңдейтін, химиялық зауыттар сияқты ғимараттарды қоспағанда, өнеркәсіптік имараттар құрылысы
- ашық спорт имараттарының құрылысы кіреді

Бұл ішкі класқа сондай-ақ:


- жерлердің жағдайын жақсарту жұмыстарын жүргізе отырып жерлерді бөлу (мысалы, жолдар құрылысы, коммуналдық объектілер және т.б.) кіреді

Бұл ішкі класқа:


- өнеркәсіптік машина мен жабдықтар орнату, (33.20.0 қараңыз)
- жерлердің жағдайын жақсартусыз жерлерді бөлу, (68.10.2 қараңыз)
- инженерлік имараттардың құрылысы бойынша жобаларды басқару кірмейді, (71.12 қараңыз)


43 Мамандандырылған құрылыс жұмыстары

Аталған бөлімге азаматтық құрылыс ғимараттары мен объектілерінің кейбір бөліктерін тұрғызу немесе оларды әрлеу бойынша мамандандырылған құрылыс жұмыстары кіреді. Мұндай құрылыс қызметі бір бағытқа мамандырылған жалпы ғимараттардың және имараттардың түрлі түрлеріне арналған, тіреу орнату, іргетасын салу, каркас жұмыстары, бетон және темір бетон жұмыстары, кірпіш қалау, тас жұмыстары, құрылыс ормандарын орнату, төбе жабу жұмыстары және т.б. жұмыстарды орындау үшін арнайы мамандығын немесе жабдығын талап ететін құрылыс жұмыстары кіреді. Аталған бөлімге бір ұйыммен салынып болып табылмаған жағдайда, металл конструкциялар салу жатады. Мамандырылған құрылыс жұмыстары негізінен қосалқы мердігерлік негізде орындалады, бірақ жөндеу жұмыстарын жүзеге асыру кезінде бұл тікелей мүлік иесі үшін бақылайды.


Бұл бөлімге сондай - ақ әрлеу жұмыстары және құрылыстың аяқталу жұмыстары кіреді.
Аталған бөлімге сондай-ақ инженерлік жабдықтарды монтаждау және орнату кіреді. Жұмыстардың кейбір бөлігі мамандандырылған шеберханаларда орындалуы мүмкін болса да, мұндай жұмыстар әдетте құрылыс алаңдарында орындалады.
Бұған сондай-ақ слесарлық жұмыстар, сондай-ақ су өткізгіш және газ өткізгіш жұмыстары, жылу және вентиляция жүйелерді орнату, антенналарды, дабылдама жүйелерін орнату және басқа электрлік жүйелер, өрт дабылы жүйелер, лифтілер мен эскалаторлар, су- , жылу- және дыбыс өткізбеу жұмыстары, табақша металмен қаптау, өндірістік тоңазытқыш қондырғылар орнату, автомобиль жолдары мен темір жолға, әуежайларға, порттарға және т.б. орнату жұмыстары жатады. Бұл бөлімге жоғарыда аталған жұмыстардың барлық типтеріне қатысты жөндеу жұмыстары жатады.
Ғимаратты әрлеу жұмысына шыны, жылтырату, сылақ жұмыстары, сыртын қаптау және едендер мен қабырғаларға паркет, ковролан тұсқағаздар және т.б. осындай материалдармен жабу, сондай-ақ едендерді жылтырлату, ұсталық, акустикалық жұмыстары, құрылыс аумақтарды тазалау және т.б. кіреді. Сондай-ақ бұл бөлімге жоғарыда айтылған жұмыстардың барлық типтеріне қатысты жөндеу жұмыстары жатады.
Экипажбен бірге машиналар мен жабдықтарды жалға алу тиісті құрылыс қызмет түрлерінде жіктеледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   290




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет