28.9 Арнайы мақсатқа арналған өзге де машиналар мен жабдықтар өндіру
Бұл топқа арнайы мақсаттағы, яғни бір немесе санаулы қызмет түрлеріне ғана арналған машиналар мен жабдықтарды өндіру кіреді.
Олардың көбісі, сондай-ақ тамақ өнімдері өндірісі немесе тоқыма бұйымдары сияқты басқа да өндірістік процестерде пайдаланылатын машиналар мен жабдықтар.
Бұл топқа сондай-ақ әуе кемелеріне немесе демалыс парктеріне және т.б. арналған іске қосу құрылғылары немесе жабдықтар сияқты басқа да спецификалық жабдықты (өндірістік емес) өндіру кіреді.
28.91 Металлургияға арналған машиналар мен жабдықты өндіру
28.91.0 Металлургияға арналған машиналар мен жабдықты өндіру
Бұл ішкі класқа:
-сұйық металдарды өңдеуге арналған машиналар мен жабдықтар: конверторлар, қалыптарды, шөміштерді, құю машиналарын өндіру
- прокатты, турбинды орнақтарды және оларға арналған біліктерін өндіру кіреді
Бұл ішкі класқа:
- опоктар және құю қалыптарды өндіру (калыптардан басқа), (25.73.1 қараңыз)
- сым созатын станоктар өндіру, (28.41.3 қараңыз)
- құюға қалыптарды жасауға арналған жабдықтарды өндіру кірмейді, (28.99.9 қараңыз)
28.92 Тау-кен қазу өнеркәсібі, жер асты қазба жұмыстары мен құрылысқа арналған машиналар мен жабдықтарды өндіру
28.92.1 Тау-шахталық және тау-кен жабдықтарын шығару
Бұл ішкі класқа:
- үздіксіз жұмыс істейтін механизмдерді және жер асты жұмыстары үшін конвейерлерді өндіру
- бұрғылау, ойықшалау өтетін машиналар, тоннельдерді салуға арналған техниканы өндіру (жер астында және басқа мақсатта пайдалану үшін)
- себуге, сұрыптау, бөлу, жуу, ұсақтау және т.б. ақылы минералдарды өңдеу техниканы өндіру
- тау-кен өнеркәсібінде пайдаланылатын шынжыр табанды тракторларды өндіру
- кенді беруге арналған машиналарды өндіру кіреді
Бұл ішкі класқа:
- көтергіш – тасымалдау жабдығын өндіру, (28.22 қараңыз)
- басқа да тракторларды өндіру, (28.30.1, 29.10.1 қараңыз)
- тасты жаруға немесе ұсақтауға арналған машиналарды қоса, тас өңдеуге арналған станоктарды өндіру кірмейді, (28.49.1 қараңыз)
28.92.2 Жол және жер қазу машиналарын өндіру
Бұл ішкі класқа:
- жер қазу машиналары: бульдозерлер, айналма қайырмасы бар бульдозерлер, грейдерлер, скреперлер, жоспарлаушылар, бір қауғалы экскаваторлар, шөмішті тиегіштер және т.б. өндіру
- бульдозерлерге арналған қайырмаларды өндіру
- таптағыш машиналарды, жол катоктарын өндіру
- самосвал – жолсызбен жүретін машиналар өндіру кіреді
Бұл ішкі класқа:
- өзге де тракторларды өндіру кірмейді, (28.30.1, 29.10.1 қараңыз)
28.92.3 Құрылыс машиналар өндіру
Бұл ішкі класқа:
- бетон араластырғыштар және ерітінді араластырғыштарды өндіру
- ерітінді, битум, бетон және т.б. бөлуге арналған машиналарды өндіру
- құрылыста пайдаланылатын тракторларды өндіру кіреді
Бұл ішкі класқа:
- автобетон араластырғыштарын өндіру (29.10.1 қараңыз)
- өзге де тракторларды өндіру кірмейді, (28.30.1, 29.10.1 қараңыз)
28.92.4 Құрылыс материалдарын өңдеуге арналған жабдықтарды өндіру
28.92.5 Шымтезек өнеркәсібіне арналған жабдықтарды өндіру
Бұл ішкі класқа:
- егісті, шымтезек шығаруға және тыңайған шымтезекті пайдалануға дайындау үшін арна қазу, арна тазалау, егістерді жөндеуге арналған машиналар жабдықтарын өндіру
- фрезерлі шымтезекті алу, жинау және кептіру үшін жабдықтарды: аударыстырғыштар, дестелегіштер, тізбектегіш машиналар және т.б. өндіру
- кесекті шымтезек және шымтезекті төсемдерді алу, кептіру және жинау үшін жабдықтарды: шымтезектік экскаваторлар, шымтезектік брикетті престер және т.б. өндіру кіреді
Достарыңызбен бөлісу: |