46.9 Мамандандырылмаған көтерме саудада сату
46.90 Мамандандырылмаған көтерме саудада сату
Бұл класқа қандай да бір нақты мамандандырусыз тауар түрлі ассортименттерін көтерме саудада сату кіреді.
46.90.1 Жартылай асыл тастарды көтерме саудада сату
46.90.2 Еменді көтерме саудада сату
46.90.3 Сауда алаңы 2000 ш.м-ден астам (2000 ш.м. және жоғары) сауда объектілерінде қандай да бір нақтылаусыз тауарлардың кең ассортиментін көтерме саудада сату, көтерме азық-түлікті тарату орталықтарын қоса алғанда
46.90.4 Бұрын пайдалануда болған жабдықтармен және материалдарды көтерме саудада сату
Бұл ішкі класқа:
- бұрын пайдалануда болған жабдықты көтерме саудада сату
- ескірген жабдықты ауыстыруға байланысты пайдаланылмайтын қосалқы бөлшектер мен материалдарды көтерме саудада сату кіреді
46.90.8 Басқа топтамаларға енгізілмеген тауарларды мамандандырылған көтерме саудада сату
46.90.9 Қандай да бір нақтылаусыз тауарлардың кең ассортиментін көтерме саудада сату
47 Автомобильдер мен мотоциклдерді сатудан басқа, бөлшек саудада сату
Аталған бөлімге пошта, саудагерлер немесе тасушылар, тұтынушы кооперативтер арқылы дүкендер, әмбебап дүкендер, дүңгіршектер, палаткалар, фирмалар жүзеге асыратын жеке немесе тұрмыстық пайдалану үшін жаңа және ұстаған тауарларды қайта сату (түрін өзгертпей сату) кіреді.
Бөлшек саудада сату, біріншіден, сауда орындарының типтері бойынша (дүкендердегі бөлшек саудада сату: 47.1-47.7 топтары; дүкеннен тыс бөлшек саудада сату: 47.8 және 47.9 топтары) жіктеледі. Дүкендер арқылы жүзеге асырылатын бөлшек сатуға пайдаланылған тауарларды бөлшек саудада сату кіреді (47.79 класы). Дүкендер арқылы бөлшек саудада сату үшін одан әрі бір салаға арналған бөлшек сатуға (47.2-47.7 топтары) және бір салаға арналмаған бөлшек сатуға (47.1 тобы) арналған бөлімшелер бар. Жаңа тауарлар мамандандырылған бөлшек саудада сату өткізілетін тауарлар түріне байланысты жіктеледі. Осы бөлімге сондай-ақ сауда алаңы 2000 ш.м-ден астам (2000 ш.м. және жоғары) сауда объектілері болып табылатын дүкендердегі бөлшек сауданы кіреді. Сонымен қатар, дүкендер жалға алынған болуы мүмкін. Дүкендерден тыс сату шатырлар мен базарлар арқылы (47.8 тобы) және дүкендер арқылы емес, мысалы пошта арқылы тапсырыс, үйге жеткізу, сауда автоматтары және т.б. (47.9 тобы) арқылы жүзеге асырылатын басқа бөлшек сауда типтері сияқты сауда түрлеріне сәйкес бөлінеді.
Аталған бөлімде берілген тауарлар әдетте тұтыну тауарлары немесе бөлшек сауда тауарлары деп аталатын тауарлармен шектеледі. Сондықтан әдетте бөлшек сауда тауарлары ретінде жіктелмейтін астық, дәнді дақылдар, кен, өнеркәсіптік жабдықтар және т.б. тауарлар аталған бөлімнен шығарып тасталды.
Аталған бөлімге сондай-ақ бұл өнімдер жеке немесе тұрмыстық пайдалануға арналмауы мүмкін екеніне қарамастан, компьютерлер, кеңсе тауарлары, бояу немесе ағаш сияқты тауарларды сату кіреді. Саудадағы тауардың негізгі сипатына әсер етпейтін тауармен әдеттегі қарым-қатынасқа сұрыптау, бөлу, араластыру және орау кіреді.
Аталған бөлімге сондай-ақ комиссиялық агенттер және бөлшек сауда аясындағы аукциондық үйлер қызметі арқылы бөлшек саудада сату кіреді.
Бұл бөлімге:
- ауылшаруашылық өндірушілермен ауылшаруышылық өнімдерін сату, (01 бөлімді қараңыз)
- өнеркәсіптік өндірілген өнімдерді өндіру және сату, (10-32 бөлімдерді қараңыз)
- автомобильдерді, мотоциклдерді және олардың қосалқы бөлшектерін сату, (45 бөлімді қараңыз)
- дәнді дақылдар, кендер, шикізаттық мұнай, өнеркәсіптік химиялық заттармен, темір және болат, сондай-ақ өнеркәсіптік машина мен құрал-жабдықтар көтерме саудада сату, (46 бөлімді қараңыз)
- тамақтар сататын жерлерде және тамақты алып әкету сату үшін тамақ өнімдері мен сусындарды сату, (56 бөлімді қараңыз)
- тұрмыстық және жеке пайдалану үшін таурларды жалға беру және лизинг кірмейді, (77.2 тобын қараңыз)
Достарыңызбен бөлісу: |