03.1 Балық аулау
Бұл топқа «аулау», яғни адамның тағам ретінде қолдануы үшін немесе қолмен не балық аулауға арналған құылғылардың әр түрлі типтерінің (тор, қармақ және тұрақты қақпан) көмегімен өсімдіктерді (балдырларды) қоса алғанда, жағалаудағы немесе ішкі сулардан тірі жабайы су организмдерін (киттерді, балықтарды, моллюскалар және шаянтәрізділерді) аулау және жинау жөніндегі қызмет кіреді. Мұндай қызмет түрлері жағалауда (мысалы, мидиялар және устрицалар сияқты моллюскаларды жинау), тор, қармақ, балық аулайтын қайық немесе балық аулайтын кемелердің көмегімен мұхитта, жағалау немесе ішкі суларда, соның ішінде су қоймаларында жүзеге асырылуы мүмкін.
03.11 Теңізде балық аулау
03.11.0 Теңізде балық аулау
Бұл ішкі класқа:
- мұхит және теңіз суларында коммерциялық негізде балықтарды, теңіз шаян тәрізділерін және моллюскаларды, киттерді, теңіз тасбақаларын, медузаларды, сегізаяқтарды, теңіз кірпілерін және т.б. аулау (өндіру) кіреді
Бұл ішкі класқа сонымен бірге:
- теңіз балығын аулауды, сондай-ақ балықты өңдеуді және консервілеуді жүзеге асыратын кемелердің қызметі
- басқа да теңіз организмдерін және материаларын: табиғи теңіз маржанын, губканы, інжулерді және балдырларды жинау кіреді
Бұл ішкі класқа:
- киттерден басқа, теңіз сүт қоректілерін аулау, мысалы, сайдақтістілерді және итбалықтарды аулау, (01.70.0 қараңыз)
- өнеркәсіптік кемелерде киттерді өңдеу, (10.11.0 қараңыз)
- өнеркәсіптік кемелерде немесе жағалаудағы балық зауыттарында балықтарды, шаян тәрізділерді және моллюскаларды өңдеу, (10.20.0 қараңыз)
- экипажбен бірге туристік теңіз қайықтарын және жағалаудағы су көлігін жалға алу (мысалы, балық аулау круиздер үшін), (50.10.0 қараңыз)
- балық аулауды қадағалау, (84.24.0 қараңыз)
- спорттық-әуесқой балық аулау және осы саладағы көрсетілетін қызметтерді ұсыну, (93.19.0 қараңыз)
- спорттық балық аулауға арналған қорықтардың қызметі кірмейді, (93.19.0 қараңыз)
Достарыңызбен бөлісу: |