61.2 Сымсыз телекоммуникациялық байланыс
61.20 Сымсыз телекоммуникациялық байланыс
Бұл класқа:
- сымсыз телекоммуникациялық инфрақұрылымды пайдаланумен дауыстық, мәтіндік, дыбыстық немесе бейнедеректерді беретін құрылғыларға рұқсат беру немесе техникалық қызмет көрсетумен, пайдаланумен байланысты қызмет
- пейджинг және ұялы байоаныс және басқа сымсыз телекоммуникациялық желілерді пайдалану және техникалық кызмет көрсету қызметі кіреді
Аталған жабдық радио- және теледидар арналары арқылы хабар таратуды қамтамасыз етеді және ол бір технология негізінде де, бірнеше технологияның қосылған негізінде де жұмыс істей алады.
Бұл класқа сонымен қатар:
- желілер иелері мен операторларынан құқықтары және тораптар сыйымдылығын алу, сондай-ақ осы қуаттылықтарды өндірістік және тұрмыстық мақсаттармен пайдалана отырып сымсыз телекоммуникациялық қызметтерді (спутник қызметтеден басқа) ұсыну жатады
- сымсыз байланыстың операторынан Интернет желісіне кіру рұқсатын беру кіреді
Бұл класқа:
- телекоммуникациялық қызметтерді қайта сату кірмейді, (61.90.9 қараңыз)
61.20.1 Бірыңғай көлік ортасы арқылы сымсыз телекоммуникациялық байланыс
Бұл ішкі класқа мемлекеттік органдардың, сондай-ақ акциялары (қатысу үлестері) тікелей және (немесе) жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйымдардың сымсыз телекоммуникациялық инфрақұрылымын пайдаланумен дауыстық, мәтіндік, дыбыстық немесе бейнедеректерді беретін құрылғыларды басқарумен, оларға техникалық қызмет көрсетумен немесе қолжетімділікті ұсынумен байланысты қызмет кіреді
61.20.2 Телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторының желісі арқылы теле-, радио бағдарламаларды таратуды ұйымдастыру
Бұл ішкі класқа телерадиоарналарды қалыптастыруды, қабылдау, өңдеу, таратуға және телерадио сигналдарды қалыптастыруға, қабылдауға, өңдеуге және беруге мүмкіндік беретін телерадио хабарларын таратудың техникалық құралдарын және телекоммуникациялық техникалық құралдарды пайдалану, басқару және техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметтерді кіреді
61.20.9 Өзге де сымсыз телекоммуникациялық байланыс
Достарыңызбен бөлісу: |