Қазақстан республикасының Ұлттық жіктеуіші экономикалық Қызмет түрлерінің


Компьютерлерді, жеке пайдаланатын заттар мен тұрмыстық тауарларды жөндеу



бет284/290
Дата20.05.2022
өлшемі3.25 Mb.
#457975
1   ...   280   281   282   283   284   285   286   287   ...   290
ОКЭД kz

95 Компьютерлерді, жеке пайдаланатын заттар мен тұрмыстық тауарларды жөндеу

Аталған бөлімге дербес компьютерлер, ноутбуктер, магнитті дискілердегі жинақтауыштар, флэш-құрылғылар және принтерлер сияқты шеткері компьютерлер мен жабдықтарды жөндеу және техникалық қызмет көрсету кіреді. Аталған бөлімге сондай-ақ коммуникациялық жабдықтарды (факсимильді машиналар, радиотаратқыштар), электрондық тұрмыстық техниканы (радиоқабылдағыштар мен телевизорлар), үй және бау-бақша жабдықтарын (көгалшапқыш пен жапырақ жинағыш машиналар), аяқкиім мен былғары бұйымдарды, жиһаз және интерьер заттары, киім мен аксессуарлар, спорт тауарлары, музыкалық аспаптар, бос уақытқа арналған заттар және басқа да жеке пайдаланатын заттар мен тұрмыс тауарларын жөндеу кіреді.


Аталған бөлімге медициналық және диагностикалық жабдықтарды, өлшейтін және геодезикалық аспаптарды, зертханалық құралдарды, радарлар мен локаторларды жөндеу кірмейді, (33.13 қараңыз)


95.1 Компьютерлер мен коммуникациялық жабдықтарды жөндеу

Осы топқа компьютерлер, шеткері және коммуникациялық жабдықтарды жөндеу және техникалық қызмет көрсету кіреді.




95.11 Компьютерлер мен шеткері жабдықтарды жөндеу

Бұл класқа компьютерлер, компьютерлік және шеткері жабдықтар сияқты электронды жабдықтарды жөндеу кіреді.


95.11.0 Компьютерлер мен шеткері жабдықтарды жөндеу


Бұл ішкі класқа:


- дербес компьютерлер
- ноутбуктер
- магнитті дискілерді оқуға арналған құрылғылар, флэш-жабдықтар және басқа да ақпараттарды сақтауға арналған құрылғылар
- лазерлі (оптикалық) дискілерді оқуға арналған құрылғылар (CD-RW, CD-ROM, DVD-ROM, DVD-RW)
- принтерлер
- мониторлар
- пернетақталар
- тінтуірлер, басқару джойстиктері (иіндер) мен трекболдар
- сыртқы және ішкі компьютерлік модемдер
- бөлінген компьютерлік терминалдар
- компьютерлік серверлер
- штрих кодтарды есептеуге арналған құрылғыларды қоса алғанда сканнерлер
- смарт-карталарға арналған құрылғылар есептеуіш
- виртуалдық ойындарға арналған дулығалар мен каскалар
- компьютерлік проекторларды жөндеу мен техникалық қызмет көрсету кіреді

Бұл ішкі класқа сондай-ақ:


- механикалық емес тәсілмен басқарылатын банкоматтар, сауда автоматтары сияқты компьютерлік терминалдар
- тасымалданатын қалта компьютерлерін (PDA) жөндеу мен техникалық қызмет көрсету кіреді

Бұл ішкі класқа:


- модемдік жабдықтарды жөндеу мен техникалық қызмет көрсету кірмейді, (95.12.0 қараңыз)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   280   281   282   283   284   285   286   287   ...   290




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет