20.14 Өзге де негізгі органикалық химиялық заттар өндіру
Бұл класқа крекинг, пиролиз, айдау, алкилирлеу және т.б. сияқты негізгі процестердің көмегімен химиялық заттарды өндіруді қамтиды. Осы процестердің нәтижесі әдетте жекелеген химиялық элементтерді немесе белгілі бір химиялық қоспаларды алу болып табылады.
20.14.1 Илейтін заттар өндіру
20.14.2 Биоэтанол өндіру
Бұл ішкі класқа:
- спиртті және күрделі эфирді өндіру үшін қант қамысын, жүгеріні немесе т.б. ферменттеу кіреді
20.14.3 Көмірсутек шикізатынан ациклдік және циклдік көмірсутек өндіру
Бұл ішкі класқа:
- ациклді, қаныққан және қанықпаған көмірсутектерді өндіру
- циклді, қаныққан және қанықпаған көмірсутектерді өндіру кіреді
20.14.4 Көмірсутек шикізатынан қарапайым эфирді өндіру
Бұл ішкі класқа:
- бутилдық эфирлер өндіру
- амилдік эфирлер өндіру кіреді
20.14.9 Басқа топтамаларға енгізілмеген өзге де негізгі органикалық химиялық заттар өндіру
Бұл ішкі класқа:
- негізгі органикалық химиялық заттар: циклді және циклді спирттерді; сірке қышқылын қоса алғанда, моно- және поликарбонды қышқылдар; альдегид, кетон, хинондар және екі немесе одан да көп құрамында оттегі бар топтарды қоса алғанда, өзге де оттек қоспалары бар функционалды топтармен басқа да қосылыстар; аминдерді қоса алғанда, азот-функционалды органикалық қосылыстар, синтетикалық глицерин; ағашты айдау жолымен алынған өнімдерді қоса алғанда, басқа да органикалық қосылыстар (мысалы, ағаш көмір) және т.б. өндіру
- синтетикалық хош иісті өнімдер өндіру
- таскөмір шайырын айдау кіреді
Бұл ішкі класқа:
- көмірсутекті шикізаттан қарапайым эфирді өндіру, (20.14.4 қараңыз)
- бастапқы пішіндегі пластмассаларды өндіру, (20.16 қараңыз)
- бастапқы пішіндегі синтетикалық каучук өндіру, (20.17.0 қараңыз)
- тазартылмаған глицерин өндіру, (20.41.0 қараңыз)
- табиғи эфир майларын өндіру, (20.53.0 қараңыз)
- салицильді және O-ацетилсалицильді қышқылдар өндіру кірмейді, (21.10.0 қараңыз)
Достарыңызбен бөлісу: |