25.4 Қару-жарақ және оқ-дәрілер өндіру
25.40 Қару-жарақ және оқ-дәрілер өндіру
25.40.0 Қару-жарақ және оқ-дәрілер өндіру
Бұл ішкі класқа:
- ауыр қару-жарақ (артиллериялық снарядтар, жылжымалы зеңбіректер, баллистикалық ракеталар, торпедалық қондырғылар, ауыр пулеметтер) өндіру
- жеңіл қару-жарақтар (револьверлер, винтовкалар, дробовиктер, жеңіл пулеметтер) өндіру
- пневматикалық немесе газ қаруларын және пистолеттер өндіру
- әскери оқ-дәрілер және жабдықтар өндіру кіреді
Бұл ішкі класқа сондай-ақ:
- оқ-дәрілік аңшылық, спорттық, қару немесе өзін қорғау үшін оқ-дәрілік қарулар және оларға оқ-дәрілер өндіру
- бомба, мина және торпеда сияқты жарылғыш құралдар өндіру кіреді
Бұл ішкі класқа:
- жарғыштар, детонаторлар немесе сигнал ракеталарын өндіру, (20.51.1 қараңыз)
- қылыштар, семсерлер, шпагалар, сүңгілер және т.б. өндіру, (25.71.0 қараңыз)
- ақша немесе құнды заттарды тасымалдауға арналған брондалған автомобильдер өндіру, (29.10.1 қараңыз)
- ғарыш кемелерін өндіру, (30.30.2 қараңыз)
- танкілер және өзге жауынгерлік көлік құралдарын өндіру кірмейді, (30.40.0 қараңыз)
25.5 Металды соққылап өңдеу, сығымдау, қалыптау, бейіндеу; ұнтақтық металлургия
Осы топқа, әдетте, сыйақыға немесе шарт негізінде жүзеге ұсынылатын соққылып өңдеу немесе сығымдау сияқты металдарды өңдеу бойынша қызметтің түрлері кіреді.
25.50 Металды соққылап өңдеу, сығымдау, қалыптау, бейіндеу; ұнтақтық металлургия
25.50.1 Соққылап өңдеу, сығымдау, қалыптау және бейіндеу арқылы дайын металл бұйымдарын немесе жартылай фабрикаттар өндіру
Бұл ішкі класқа:
- металды соққылап өңдеу, сығымдау, қалыптау және бейіндеу кіреді
25.50.2 Ұнтақтық металлургия әдісімен металл бұйымдарын өндіру
Бұл ішкі класқа:
- ұнтақтық металлургия: қысым астында немесе термиялық өңдеу (қақтау) арқылы металдық ұнтақтан тікелей металл бұйымдар өндіру кіреді
Бұл ішкі класқа:
- металдық ұнтақ өндіру кірмейді, (24.1, 24.4 қараңыз)
Достарыңызбен бөлісу: |