Қазақстан республикасының Ұлттық стандарты



бет1/3
Дата25.02.2016
өлшемі0.73 Mb.
  1   2   3










ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ СТАНДАРТЫ








ТҰРАҚТЫ ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ ЕМЕС ТАСЫМАЛДАР БОЙЫНША АВТОКӨЛІК ҚЫЗМЕТТЕРІ


Жалпы талаптар




ҚР СТ 2273-2012





(БСТ 1731.2-2007 Жолаушыларды автомобиль көлігімен тасымалдау бойынша қызметтер. 2-бөлім. Жолаушыларды тұрақты қатынастағы автобуспен тасымалдауға қойылатын талаптар. NEQ)































Ресми басылым






















Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті

(Мемстандарт)







Астана

Алғысөз

1 Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі және «Көлік және коммуникация ғылыми зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ӘЗІРЛЕП ЕНГІЗДІ.

2 Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық ретеу және метрология комитеті Төрағасының 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 617-од бұйрығымен БЕКІТІЛІП ҚОЛДАНЫСҚА ЕНГІЗІЛДІ.

3 Осы стандарт Беларус Республикасының БСТ 1731.2-2007 «Автомобиль көлігімен жолаушыларды тасымалдау бойынша қызметтер. 2-бөлім. Жолаушыларды тұрақты қатынастағы автобустармен жолаушыларды тасымалдауға қойылатын талаптар», БСТ 1731.3-2007 «Автомобиль көлігімен жолаушыларды тасымалдау бойынша қызметтер». 3-бөлім. Жолаушыларды тұрақсыз қатынастағы автобустармен жолаушыларды тасымалдауға қойылатын талаптар» және БСТ 1389-2003 «Жолаушыларға арналған станциялық құрылстар, автомобильдер, троллейбустар, трамвайлар. Ақпараттық рәсімдеуге қойылатын негізгі талаптар» бірнеше ұлттық стандарттарының ережелері (талаптары) ескеріле отырып, Қазақстан Республикасы заңнамаларының талаптарымен белгіленген ережелерді, құрылым өзгерістерін, қосымша талаптарды ескере отырып әзірленді.

Осы стандарт дайындалған және оған сілтемелер келтірілген Беларусь Республикасының ұлттық стандартының ресми данасы Бірыңғай мемлекеттік нормативтік техникалық құжаттар қорында бар.

Сәйкестік дәрежесі – балама емес (NEQ).
4 Осы стандартта ҚРЗ № 29-1 15.07.1996 жылғы «Жол қозғалыс қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы; ҚРЗ № 476-II 04.07.2003 жылғы «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы; 2008 жылғы 9 шілдедегі № 675 «Автокөлік құралдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» Техникалық регламентін бекіту туралы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы; 2011 жылғы 2 шілдедегі № 767 «Автомобиль көлігімен жолаушыларды және жүктерді тасымалдау ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы нормалары іске асырылған.

5 БІРІНШІ ТЕКСЕРУ МЕРЗІМІ 2019 жылы

ТЕКСЕРУ КЕЗЕҢДІЛІГІ 5 жыл
6 АЛҒАШ РЕТ ЕНГІЗІЛДІ

Осы стандартқа енгізілетін өзгерістер туралы ақпарат «Стандарттау бойынша нормативтік құжаттар» сілтемесінде, ал өзгерістер мәтіні – ай сайынғы «Мемлекеттік стандарттар» ақпараттық сілтемесінде жарияланады. Осы стандартты қайта қараған немесе ауыстырған (жойған) жағдайда, тиісті ақпарат «Мемлекеттік стандарттар» ақпараттық сілтемесінде жарияланатын болады.

Осы стандарт Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің рұқсатынсыз ресми басылым ретінде толықтай немесе бөлшектеліп, басылып шығарыла, көбейтіле және таратыла алмайды.



Мазмұны
1 Қолданылу саласы 1

2 Нормативтік сілтемелер 1

3 Терминдер мен анықтамалар 2

4 Жалпы ережелер 3

5 Тұрақты жолаушылар тасымалдары 3

5.1 Автомобильмен тасымалдаушыға қойылатын талаптар 3

5.2 Автобусқа қойылатын талаптар 5

5.3 Автобус жүргузішіне қойылатын талаптар 9

5.4 Тұрақты қатынастарда жолаушыларды тасымалдау технологиялық процесстеріне қойылатын талаптар 11

6 Тұрақсыз жолаушылар тасымалдары 12

6.1 Жолаушыларды автомобильмен тасымалдауға қойылатын талаптар 12

6.2 Жолаушылар автомобильінің тасымалына қойылатын талаптар 15

6.3 Жолаушылар автомобильіне қойылатын талаптар 16

6.4 Тұрақсыз қатынастарда жолаушыларды тасымалдау технологиялық процесстеріне қойылатын талаптар 17

7 Қызмет көрсету жылдамдығы, уақыттылығы және сапасы 18

8 Қауіпсіздік талаптары 18

9 Мүгедектерге арналған қызметтердің қолжетімділігі және қауіпсіздігі 20

10 Басқада талаптар 20

А қосымшасы (міндетті) «Кіру» және «Шығу» белгілерінің түрлері және өлшемдері 21

Б қосымшасы (анықтамалық) Автобустардың сыртқы безендірулерінің мысалдары 22

В қосымшасы (міндетті) Тұрақсыз қатынастарда халықаралық автомобильдік тасымалдарды іске асыру үшін автобустарға қойылатын талпатар 25

Г қосымша (ақпараттық) Ұмытылған және табылған заттарды табу кезінде жолаушылардың әрекет ету тәртібі 32

Д қосымшасы (міндетті) Жолаушылармен наразылықты және актілерді рәсімдеу тәртібі 33

Библиография 34



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ СТАНДАРТЫ


ТҰРАҚТЫ ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ ЕМЕС ЖОЛАУШЫЛАР ТАСЫМАЛДАРЫ БОЙЫНША АВТОКӨЛІКТІК ҚЫЗМЕТТЕРІ

Жалпы талаптар


Енгізілген күні 2014.01.01

1 Қолданылу саласы

Осы стандарт Қазақстан Республикасы аумағында тұрақты және тұрақсыз қатынастарда автобустармен жолаушыларды тасымалдау бойынша қызметтерге таралады және осы қызметтерге жалпы талаптар белгілейді.

Стандарттың ережелері [1-8] талаптарына сәйкес қалалық (ауылдық), қала маңы, ауданаралық (қалааралық, облыс ішілік), қалааралық, облысаралық және халықаралық тұрақты және тұрақсыз тасымалдарда жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыратын заңды тұлғалармен және жеке кәсіпкерлермен қолданылады.

2 Нормативтік сілтемелер

Осы стандартты қолдану үшін мынадай сілтемелік нормативтік құжаттар қажет:

2008 жылғы 9 шілдедегі № 675 «Автокөлік құралдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы.

ҚР СТ 41.36-2008 Жалпы құрылымына байланысты үлкен сыйымдылықты жолаушылар көлігін ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар.

ҚР СТ 41.52-2008 Жалпы құрылымына байланысты М2 және М3 санатты аз сыйымдылықты көлік құралдарын ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар.

ҚР СТ ГОСТ Р 41.104-2001 Үлкен ұзындықтағы және жүк көтергіш көлік құралдарына арналған жарық түсіретін таңбалауды ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар

ҚР СТ 41.125-2009 Жүргізушінің алдыңғы жақтан шолу кеңістігіне қатысты механикалық көлік құралдарын ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар.

ҚР СТ 1040-2001 Жолаушыларды тасымалдау бойынша автокөлік қызметтері. Жалпы техникалық талаптар.

ҚР СТ 1811-2011 Автомотокөлік құралдары. Міндетті техникалық көлік бақылауы. Бақылау әдістері.

ҚР СТ ГОСТ Р 51090-2010 Қоғамдық жолаушылар көлігінің құралдары. Мүгедектерге арналған қолжетімділіктің және қауіпсіздіктің жалпы техникалық талаптар.

ҚР СТ ГОСТ Р 51160-2008 Балаларды тасымалдауға арналған автобустар. Жалпы техникалық талаптар.

ҚР СТ ГОСТ Р 51253-2001 Автокөлік құралдары. Жарық түсіретін таңбаларды орналастырудың цветографиялық схемалар. Техникалық талаптар.

ҚР СТ ГОСТ Р 51709-2004 Автокөлік құралдары. Қозғалыс қауіпсіздігі шарттары бойынша техникалық күйіне қойылатын талаптар. Тексеру әдістері.


Каталог: sites -> default -> files -> pages
pages -> Регламенті Негізгі ұғымдар Осы «Спорт құрылыстарына санаттар беру»
pages -> Оңтүстік Қазақстан облысының 2014 – 2018 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы Кіріспе
pages -> 2. Мақсаттарға жету және іс-шараларды орындау
pages -> 2015 жылдың 9 айға су көлігі қызметіне талдау Теңіз көлігі
pages -> Бағдарламасы Бағдарламаның паспорты Атауы
pages -> Бәйдібек ауданының 2015-2017 жылдарға арналған Азаматтық бюджеті
pages -> Облыстың 2013-2014 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері
pages -> «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасына анықтама-негіздеме
pages -> Қаулы жобасына ТҮсіндірме жазба
pages -> Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет