Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі 10. 09. 2010 ж. №07-01-33/782



Дата23.02.2016
өлшемі174.85 Kb.
#8959
Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі


10.09.2010 ж. № 07-01-33/782

"2010 жылдың 9 айына облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы бойынша"

ЕСЕБІ

1. Желісі және негізгі көрсеткіштер

Ақмола облысында барлығы 687 мәдениет мекемелері мен кәсіпорындары жұмыс істейді: оның 276-ы клубтар, 391-і кітапхана, 11-і музей, 4 киноқондырғы, 2 театр, облыстық филармония, облыстық халық шығармашылық және мәдени-демалыс орталығы, тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы. Оның ішінде ауылдық жерлерде: 255 клуб, 352 кітапхана, 2 музей, 1 киноқондырғы. Мәдениет желісі өткен жылғымен салыстырғанда өзгеріссіз қалды.

Өткен 2009 жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда облысымызда бүгінгі таңда негізгі көрсеткіштер мынадай: 2878 клубтық бірлестіктер жұмыс істейді, оған қатысушылар саны 34831 адам, оның ішінде ауылдық жерлерде 2529 бірлестіктер, қатысушылар 27814 адам. 65 ұжым "Халықтық" атағының иелері, 7-уі "Үлгілі", барлығы 72 (2009 ж. барлығы - 62), оның ішінде ауылдық жерлерде 41-нің "Халықтық", "Үлгілі" атақтары бар.

2010 жылғы 9 айдың есебінде облыстың мемлекеттік тораптағы көпшілік кітапханалары 225775 бірлік оқырмандарға кітапханалық қызмет көрсеткен (2009 жылы -211093), оның ішінде 135660 - ауылдық жерлерде. Оларға берілген кітап берілімнің жалпы саны – 3396044 дана құраған (2009 жылы – 3665846), оның ішінде ауылдық жерде – 2167537 бірлік дана. Оқырмандардың жалпы келім саны – 1764662 (2009 жылы – 1605404).


2. Мәдениет мекемелерінің материалдық-техникалық негізін нығайту
Облыс мәдениетін дамытудағы жалпы қаржыландырудың көлемі ағымдағы жылдың 9 айына 1317116,85 мың теңгені құрады, оның ішінде ауылдық жерлерге 444807,0 мың теңге бөлінді. Есеп беру кезінде мәдениет кәсіпорындарының жергілікті бюджеттен материалдық-техникалық негізін нығайтуға 111702,7 м.т. бөлінген, оның 38160,9 мың теңгесі ағымды және жеңіл жөндеу жұмыстарына жұмсалған.

"Жол картасы" бағдарламасы бойынша облыстық бюджеттен Красный Яр ауылының "Көкше" мәдениет үйіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. 16 799,4 мың теңге қаржы бөлініп игерілді, спорт зал, көрермендер залы және шатыры толығымен жөндеуден өтті.

Астрахан аудандық Мәдениет үйінің фасадын күрделі жөндеуден өткізуге аудан бюджетінен 5239,7 мың теңге бөлінді, Сандықтау ауданында аудандық Мәдениет үйін күрделі жөндеуден өткізуге 9121,0 мың теңгеге сметалық-жобалау құжаттары әзірленді, Зеренді ауданында ауылдық клубтарды жөндеу жұмыстарына 10578,0 мың теңге бөлінді. Бұланды ауданында аудандық Мәдениет үйінің көрермендер залына 142,0 мың теңгеге ағымды жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 1322,0 мың теңгеге жылу беру қазандығы ауыстырылды. Аршалы ауданында Арнасай ауылдық Мәдениет үйінің жылу беру жүйесіне 380,0 мың теңгеге ағымды жөндеу өткізілді. Егіндікөл ауданында аудандық мәдениет үйінің көрермендер залына 150 орындық алу үшін 1011,0 мың теңге бөлінді. Сандықтау ауданында сахна киімін тіктіруге, дыбыс жазу үшін компьютер сатып алуға, сахнаны безендіруге 1600,0 мың теңге жұмсалды (жергілікті бюджет).

Облысымыздағы мәдениет кәсіпорындарымен бірқатар шаруашылық мәселелерін шешуде демеушілерді тарту жөнінде ауқымды жұмыстар атқарылуда, нәтижесінде мәдениет саласында жалпы сомасы 4496,6 мың теңгеге 10 меморандум жасалынды.

Кітапханалардың МТН нығайту үшін 21 410,4 мың теңге игерілді (кітап қорын толықтыруға -13 512,2 оргтехника және компьютерге -1380,0 жиһаз – 686,9, ғимаратқа – 5299,5 т.б. қажеттіліктерге – 531,8 м.т.) Бұл 2009 жылдың І жарты жылдығымен салыстырғанда 4 225,1 мың теңгеге артық. Модернизациялау шеңберінде есепті кезеңде облыс кітапханаларына 9 компьютер сатылып алынды. Нәтижесінде облыс кітапханаларындағы компьютерлер саны 230 - ға жетті, оның 87 - ауылдық жерлерде. Облыс бойынша барлығы 49 компьютер ғаламторға қосылған, оның – 27-і ауылдық жерде. Аршалы ауданының ОКЖ-нің Бессуат және Арнасай ауылдық кітапханаларына «Модельді селолық кітапхана» дәрежесі берілді. РАБИС бағдарламасының модулі Ақкөл, Аршалы, Бұланды, Бурабай, Есіл, Шортанды, Степногорск ОКЖ мен Көкшетау ҚАКЖ, М.Жұмабаев атындағы ОӘҒК қызмет етеді. Бірінші жартыжылдықта Жақсы ОКЖ-да РАБИС бағдарламасын орнатуға 80,0 мың теңге мөлшерінде алдын ала төлем жасалды.
3. «Мәдени мұра» бағдарламасы аясындағы шаралар
2010 жылдың археологиялық маусым жұмысында «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» ММ-сі жанынан негізделген Ақмола археологиялық экспедициясы жергілікті бюджет қаражатынан Зеренді ауданының Орманды бұлақ және Орманды бұлақ 1 ерте темір және қола ғасырына жататын археологиялық ескерткіштеріне қорғау және құтқару жұмыстарын жүргізді. Жұмыс барысында 29 археологиялық заттар анықталды.

Сондай-ақ, Ақмола облысының Ерейментау және Қорғалжын аумақтарына барлау жұмыстары жүргізілді. Ерте темір және орта ғасырға жататын барлығы 30 археологиялық ескерткіш анықталды. Осы ауданға археологиялық барлау жұмыстарын жүргізу кезінде ескерткіштердің орналасқан жерінде топографиялық жоспар және фотофиксациясы, GPS спутникалық навигация жүйесі арқылы белгіленген нақты сипаттамасы жасалынды. Қазіргі уақытта тарихи мұраны сақтау мақсатында жаңадан анықталған археологиялық ескерткіштерді Облыстық жер қатынастар басқармасына тапсыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Аудандық және қалалық жергілікті органдардың қолдауымен Ұлы Отан Соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына орай 252 ҰОС жылдарында қаза болғандар обелискілері мен стелаларға жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында 2010 жылдың 29 маусымнан 1 шілдеге дейін Атбасар ауданында Ақмола облысының тарихи-өлкетану музейінің кешендік экспедициясы өтті. Экспедиция барысында одан әрі зерттеу мақсатында топонимикалық материал жиналып, аудан бойынша 123 этнография және тұрмыстық көшіп- қону бойынша экспонаттар жинақталды. Қазіргі уақытта тарих және этнография, ғылыми-әдістемелік бөлімдердің қызметкерлері музей заттарына сипаттама және өңдеу, экспедициялық күнделік жазу және топонимикалық есеп жасаумен айналысуда.




4. Өткізілген негізгі мәдени шараларға қысқаша сипаттама, олардың нәтижесі және одан арғы болжамдары, шығармашылық перспективасы
Клубтар

Осы мәдени шаралардың ішінен ауқымды деген, үлкен шығармашылық және көрермендер тарапынан зор ықыласқа ие болғандарын атап өтуге болады: Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына арналған "Ақмол жұлдыздары" облыстық халық шығармашылығы байқауы, ән падишасы, "қазақ вальсінің каролі" атанған композитор Шәмші Қалдаяқовтың 80 жылдығына арналған "Ән аға - Шәмші аға" байқауы, Астана күндеріне арналған "Мақтанышым – Астана" мерекелік концерті және "Әлемге әйгілі – Астана" жас ақындардың облыстық мүшайрасы, ақын, әнші, композитор Үкілі Ыбырайдың 150 жылдығына орайластырып, облыстық халық шығармашылық және мәдени-демалыс орталығының ұйымдастыруымен өткізілген "Күмбірле, домбыра" облыстық байқауы, аты аңызға айналған Құлагер тұлпарына арналған ескерткіштің салтанатты ашылуы, отбасы күніне арналған "Өнерлі жанұя" жанұялық ансамбльдердің облыстық байқауы және басқа да көптеген мәдени шаралар.

Облыстық халық шығармашылық орталығының "Достық үйі" филиалының жұмысы да жандана түсуде, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясымен және аудандық этномәдени орталықтармен бірлесе отырып, Халықаралық мәдениетті жақындастыру жылының аясында ұлтаралық келісімнің, достықтың, өзара түсіністіктің нығаюына ықпалы зор, 100-ге тарта мәдени шаралар өткізілді.

Шығармашылық ұжымдар мен дарынды орындаушыларды, әртістерді мақсатты түрде және үнемі қолдаудың нәтижесінде олар жаңа шығармашылық табыстарға қол жеткізді. Осылайша, Көкшетау қаласының тарихында алғашқы рет Астана қаласындағы "Жас қанат" республикалық жас орындаушылар конкурсында Арайлым Әбдібекова бас жүлдені жеңіп алды. "Арай" халықтық би ансамблі Талдықорғанда өткен "Жетісу өрнегі" ХІ дәстүрлі республикалық би конкурсында Бас жүлде иегері атанды. "Көкшетау" мәдениет сарайының ұжымдары Түркия, Париж, Малайзия, Қытайда өнер көрсетіп, ұлттық өнерімізді барша әлемге паш етті.

"Көкшетау" мәдениет сарайының би ұжымдары Халықаралық фестиваль-конкурстарға қатысып, жүлделі орындардан көріне білді. Солардың бірі "Шалқыма" би ансамблі Малайзияда өткен "Сабах" Халықаралық фольклорлық фестиваль-конкурсынан жүлделі І орынмен оралды. "Он алты қыз" халықтық би ансамблі Пекинде (Қытай) өткен "Шығыс інжулері" халықаралық фестиваль-конкурсында І орынды жеңіп алды.

"Көкшетау" халықтық би ансамблі Францияның Париж қаласында және Портбаилда болған "Хрустальная лира" фестивал-конкурсында І орын иегері атанды.

Қазақстан Республикасының Конституциясы негізгі Заңының қабылданған күнінің 15 жылдығын мерекелеуге, Вильнюсте орналасқан Консульствалар мен Елшіліктердің ресми қабылдаулары өткен іс-шараға қатысуға "Айнакөл" фольклорлық ансамблінің музыканттары мен "Көкшетау" халықтық би ансамблінің бишілері Литвадағы Қазақстан Елшілігінің шақыртуымен барып қайтты.

Облыс бойынша түрлі халықаралық және республикалық конкурстар мен фестивальдердің лауреаттары мен жеңімпаздарының жалпы саны 9. Облыстық конкурстар мен фестивальдердің лауреаттары мен жеңімпаздары 438 ұжым және солистер.


Музейлер

Облыс бойынша 11 музей жұмыс атқаруда, оның ішінде ауылдағы 2 (Мариновский тарихи-өлкетану музейі мен Боровской Абылай хан атындағы тарихи-өлкетану музейі). Музейлердің ағымдағы жөндеу жұмыстарына 1609,0 мың теңге, оның ішінде ауылдардағы музейлерге 710,0 мың теңге (Атбасар тарихи-өлкетану музейіне – 699,0 мың теңге, Мариновский музейіне – 710 мың теңге, Есенберлин атындағы музейге- 200,0 мың теңге) қаржы бөлінді.

Облыстық тарихи-өлкетану музейіне қайта жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатыр, бағдарламаның әкімшілігі болып Ақмола облысының құрылыс басқармасы болып саналады, жөндеу жұмыстарын «Альянс ИМ» ЖШС-гі жүргізуде, алдын ала есеп бойынша шарттың сомасы 221273,7 мың теңгені құрайды.
Кәсіби өнер

Облыста 2 облыстық театр, қазақ музыкалық-драмалық театры және орыс драм театры ойдағыдай жұмыс істеп келе жатыр. Театр өнерін ұстау мен дамуына бюджеттен 112033 теңге 3 тиын бөлінді. Облыс театрларымен ағымдағы жылдың 9 айына барлығы 240 спектакль жүзеге асырылды, соның ішінде 9 жаңа қойылым.

«2004-2010 жж.. Ауылдық аумақтың дамуы» мемлекеттік бағдарламасын қолдау мақсатында, жұмыс жоспары бойынша, ауыл көрермендеріне әлеуметтік-мәдениеттік қызмет көрсету бойынша, облыстың кәсіқой ұжымдары облыс аудандарына гастрольдік спектакльдерімен шығады.

Ағымдағы жылдың маусым айында Ш.Құсайынов атындағы қазақ музыкалық-драмалық театрының 6 гастрольдік спектакльдері қойылды. «Томпақ қонжық» спектаклі (режисері Ф.Канафин) және «Тамаша» ойын-сауық концерттік бағдарламасымен Зеренді, Шортанды, Целиноград және облыстың басқа да аудандарында болды.

Ағымдағы 2010 жылда облыс театрларымен 24867 адамға қызмет көрсетілді, бюджетке түскені 8299 теңге 3 тиынды құрады.

Жылдан-жылға Ақмола облыстық филармониясы әртістерінің кәсібилігі және шеберлігі өсіп келеді. Есеп беру кезеңінде филармония ұжымдарымен 108 концерт өткізілді. Соның ішінде шығып берілген концерт 20. Ақшалай түскен қаражат 4226 теңге 2 тиынды құрады, 25445 көрерменге қызмет көрсетілді. Филармонияны ұстауға қаржылау көлемі жалпы 63260 теңге 5 тиынды құрайды.



5 . Орын алатын проблемалар
1. Саланы жеткіліксіз қаржыландыру;

2. Материалдық-техникалық базаның бүгінгі күннің талабына сәйкес болмауы, қаржыландырудың жеткіліксіздігінен саланы модернизациялау қажет. Осыған байланысты ауылды жерлерде орналасқан 18 мемлекеттік клубтық кәсіпорындар авариялық жағдайда, 58 күрделі жөндеу жүргізуді қажет етеді.

Облыс кітапханалары ішінде 7 кітапхана күрделі жөндеуді қажет етеді. Олар: Бурабай ОКЖ-нің Щучье ауылдық кітапханасы, Көкшетау ҚАКЖ-нің Краснояр қалалық кітапханасы, Қазақ ҚК, Көкшетау -2 станциясының кітапханасы, Аршалы ОКЖ-нің аудандық кітапханасы, Атбасар ОКЖ-нің аудандық кітапханасы, Есіл ОКЖ-нің аудандық кітапханасы. Былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда күрделі жөндеуді қажет ететін кітапханалардың саны 2-ге көбейді. Тізімге Атбасар және Есіл АОК қосылды. Облыс бойынша осы күнге дейін 7 кітапхананың жылыту мәселесі шешілмей отыр. Олар: Астрахан ОКЖ-гі Есіл, Камышенка, Лозов ауылдық кітапханалары, Еңбекшілдер ОКЖ –гі Невская а/к, Жақсы ОКЖ-гі Лозов а/к, Шортанды ОКЖ –гі Степнов және Ново – Первомай а/к. Тек алты ОКЖ-де ғана көлік бар.



3. Кәсіби клубтық мамандардың жоқтығы, селолық кітапханашыларға толық мөлшерлеме беру мәселесі әлі де шешімін таппай отыр. 623 кітапханашының 41,7 пайызы толық емес мөлшерлемемен жұмыс істеп отыр. Осы мәселелердің барлығы аудан әкімдіктерінің алдына қойылғанымен шешімін таппай келеді.

4. Қазақстан Республикасы Бюджеттік Кодексінде қарастырылмаған жөндеу жұмыстарына мемлекеттік бюджеттен қаражат бөлу мәселесі түйінді мәселе болып қала береді.

ҚР Парламенті Сенатының депутаттарына орталықтың атынан тарих және мәдениет объектілері мен ескерткіштеріне заңнамалық бастамашылық жасап (облыстағы тарих және мәдениет ескерткіштерінің Мемлекеттік тізіміне тіркелген) жөндеу жұмыстарын қала және аудандардың жергілікті бюджеттерінен қарастырылатын мақсатты қаржыландыру көзін бөлетін заңнамасын ҚР Бюджеттік Кодексіне қайыра қайтарылса деген өтінішпен хат жолданды. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің жіберілген ресми хат жауабында тарих және мәдениет объектілері мен ескерткіштеріне (облыстағы тарих және мәдениет ескерткіштерінің Мемлекеттік тізіміне тіркелген) жөндеу жұмыстарына қала және аудандардың жергілікті бюжеттерінен мақсатты қаражат бөлу көзін қарастыруды енгізу мақсатсыз деп санайды. Бірақ, бұл мәселе өзекті болған соң, біздің көзқарасымыз бойынша әлі шешілмеген мәселе болып қала береді, әсіресе көптеген ауыл тұрғындарына ірі инвесторлардың болмауынан демеушілік қаражат табу, бюджеттен тыс болуы жөндеу жұмыстарын жүргізуге қиыншылық туғызады.



Отчет

«Об итогах социально-экономического развития области

за 9 месяцев 2010 года»
1. Сеть и основные показатели.

В Акмолинской области функционирует всего 687 государственных предприятий и учреждений культуры: 276 клубов, 391 библиотек, 11 музеев, 4 киноустановки, 2 театра, областная филармония, ОЦНТ, Центр по охране и использованию историко-культурного наследия. Из них на селе: 255 клубов, 352 библиотек, 2 музея, 1 киноустановка. Сеть культуры осталась без изменений в сравнении с прошлым годом.

На сегодня в области по сравнению с отчетным периодом 2009 года основные показатели составляют следующее: действуют 2878 клубных формирований, с числом участников 34831 человек, из них на селе формирований 2529, участников 27814 человек. 65 коллектива носят звание «Народный», 7 имеют звание «Образцовый», всего 72 (в 2009г. всего – 62), из них на селе с почетным званием «Народный» и «Образцовый» - 41.

За 9 месяцев 2010 года в библиотеках области было обслужено 225775 читателя (в 2009 г.- 211093), в том числе в сельской местности – 135660. Общая книговыдача составила 3396044 экземпляров (в 2009 г. - 3665846), в том числе в сельской местности – 2167537 экземпляров. Общее число посещений составило 1764662 (в 2009 г.- 1605404).


2. Укрепление материально-технической базы учреждений культуры
Общий объем финансирования за 9 месяцев т.г. на развитие культуры области составило 1317116,85 т.т. , из них на село выделено 444807,0 т.т. На укрепление материально-технической базы предприятий культуры из местного бюджета за отчетный период выделено 111702,7 т.т., из них на проведение текущего и косметического ремонтов 38160,9 т.т.

Из областного бюджета по программе «Дорожная карта» проведен капитальный ремонт Дома культуры «Кокше» села Красный Яр. Выделено и освоено 16 799,4 т.т., полностью отремонтирован спортивный зал, сделан ремонт крыши и зрительного зала.

Из бюджета районов выделено на капитальный ремонт фасада РДК Астраханского района 5239,7 т.т., на изготовление ПСД для капитального ремонта РДК Сандыктауского района 912,0 т.т., 10578,0 т.т. выделено для проведения ремонтов сельских клубов в Зерендинском районе. В Буландынском районе проведен текущий ремонт зрительного зала РДК на 142,0 т.т, на 1322,0 т.т. произведена замена обогревательного котла. В Аршалынском районе произведен текущий ремонт системы отопления в Арнасайском СДК 380,0 т.т. В Егиндыкольском районе выделено 1011,0т.т. на приобретение 150 кресел для зрительного зала РДК. В Сандыктауском районе на пошив сценических костюмов, приобретение компьютера для звукозаписи, оформление сцены израсходовано 1600,0 т.т. (местный бюджет).

Большая работа ведется предприятиями культуры области по привлечению спонсоров в решении ряда хозяйственных вопросов, в итоге заключено более 10 меморандумов в сфере культуры на общую сумму 4496,6 т.т.

На укрепление МТБ библиотек освоено 21410,4 тыс. тенге (комплектование – 13512,2 т.т., оргтехника и компьютеры – 1380,0 т.т., мебель – 686,9 т.т, приобретение здания - 5299,5 т.т., прочее – 531,8 т.т.), что на 4225,1 т.т. больше, чем в 2009 году.

В рамках модернизации библиотечной системы библиотеками области было приобретено 9 компьютеров. В результате число компьютеров в библиотеках области составляет 230, из них 87 в сельской местности. Всего по области 49 компьютеров подключены к сети Интернет, из них 27 в сельской местности. Приобрели статус «Модельная сельская библиотека» две библиотеки Аршалынской ЦБС – Берсуатская и Арнасайская. Модули программы РАБИС действуют в Аккольской, Аршалынской, Буландинской, Бурабайской, Есильской, Шортандинской, Степногорской ЦБС, ГИБС г.Кокшетау, ОУНБ им. М.Жумабаева. В первом полугодии произведена предоплата в размере 80,0 тыс. тенге на установку программы РАБИС в Жаксынской ЦБС.



3. Мероприятия в рамках программы «Культурное наследие».
В полевом сезоне 2010 года Акмолинская археологическая экспедиция базирующаяся при ГУ «Центр по охране и использованию историко-культурного наследия» из средств местного бюджета проводила охранно-спасательные работы на памятниках археологии – могильниках Орманды Булак и Орманды Булак 1 Зерендинского района, относящихся к периоду бронзы и РЖВ. В ходе проведения работ обнаружено 29 археологических находок.

Проведены также разведочные работы на территории Ерейментауского и Коргалжынского районов Акмолинской области. Всего обнаружено более 30 памятников археологии относящихся к периоду РЖВ и средневековья. Найденные памятники обозначены спутниковой системой навигации GPS, составлены подробные описания, фотофиксация и топографические планы расположения на месте. В настоящее время в целях сохранения исторического наследия проводится работа по передаче данных на вновь выявленные памятники археологии в областное Управление земельных отношений.

К 65-летию со Дня Победы в Великой Отечественной войне при поддержке районных и городских местных исполнительных органов были проведены ремонты 252 обелисков и стел погибшим в годы ВОВ.

В рамках программы «Культурное наследие» с 29 июня по 1 июля 2010 года также прошла комплексная экспедиция Акмолинского областного историко-краеведческого музея в Атбасарском районе. В ходе экспедиции собран топонимический материал по району для дальнейшей исследовательской работы, собраны 123 экспоната по этнографии и переселенческому быту. В данный период сотрудники отделов истории, этнографии и научно-методического отдела занимаются обработкой и описанием музейных предметов, составлением экспедиционного дневника и топонимического отчёта.



4. Краткая характеристика проведенных основных мероприятий, их результаты и дальнейшие прогнозы, творческие перспективы.
Клубы

Из этого числа мероприятий можно отметить наиболее крупные, имевшие большой творческий и зрительский резонанс: областной смотр народного творчества «Акмола жұлдыздары», посвященный 65-летию Победы в Великой Отечественной войне; мероприятия, посвященные 80-летию композитора Шамши Калдаякова; праздничный концерт «Мақтанышым Астана» и областной конкурс молодых поэтов Мушайра «Әлемге әйгілі – Астана», посвященные Дню столицы; областной конкурс «Күмбірле, домбра», организованный областным центром народного товречства и кльтурного досуга и посвященный 150-летию композитора, певца Үкілі Ыбырая Сандыбайұлы; торжественное открытие памятника знаменитому тулпару Кулагеру; областной конкурс семейных ансамблей «Өнерлі жанұя», посвященный Дню семьи и другие.

Активизировал свою работу филиал обалстного центра народного творчества «Дом дружбы», совместно с Акмолинской ассамблеей народа Казахстана и областными, районными этнокультурными объединениями в частности в рамках Международного Года сближения культур было проведено более 100 мероприятий, способствующих укреплению межнационального согласия, дружбы, взаимопонимания.

Как результат целенаправленной и постоянной поддержки творческих коллективов и талантливых исполнителей, артистов ими достигнуты новые творческие успехи. Так, впервые в истории города Кокшетау и Акмолинской области было завоевано Гран-при Республиканского конкурса молодых исполнителей «Жас қанат» в г.Астана нашим исполнителем Арайлым Абдибековой. Народный ансамбль «Арай» стал обладателем Гран-при ІХ традиционного республиканского конкурса танцев «Жетісу өрнегі», прошедшем в Талдыкоргане. Коллективы ДК «Кокшетау» успешно выступили в Турции, Париже, Малайзии, Китае.

Танцевальные коллективы областного Дворца культуры «Кокшетау» приняли участие в Международных фестивалях-конкурсах и завоевали почетные места: одними из них стали ансамбль танца «Шалкыма» приехавший из Малайзии с почетным І местом с Международного фольклорного конкурса-фестиваля «Сабах», и народный ансамбль танца «Он алты қыз», который принял участие и завоевал призовое І место в Международном фестивале-конкурсе «Жемчужина Востока» в Пекине (Китай).

Народный ансамбль танца «Көкшетау» ДК «Кокшетау» стал обладателем I места в фестивале-конкурсе «Хрустальная лира» в г.Париж и Портбаил во Франции.

Для участия в праздновании 15-летие со дня принятия основного Закона - Конституции Республики Казахстан музыканты фольклорного ансамбля «Айнаколь» и солисты народного ансамбля танца «Кокшетау» были приглашены Посольством Казахстана в Литву, где состоялся официальный прием представителей Посольств и Консульств, находящихся в Вильнюсе.

В целом по области насчитывается 9 лауреатов и победителей различных международных и республиканских конкурсов и фестивалей. 438 коллективов и солистов стали лауреатами и победителями областных конкурсов и фестивалей.


Музеи

В области действуют 11 музеев, из них на селе 2 (Мариновский историко-краеведческий музей и Боровской историко-краеведческий музей им.Абылай хана). За отчетный период музеями проведено 1459 экскурсий, 237 лекций, 184 выставок. Их посетило 47374 человек, поступления от платных услуг составило 609858 тенге.

На содержание и дальнейшее развитие музейного дела в области из бюджета выделено 69710,0 т.т., из них для музеев на селе 6791,5 т.т. На текущие ремонты музеев выделено 1609,0 т.т., в том числе музеям на селе 710,0 т.т. (Атбасарский историко-краеведческому музей - 699,0т.т.; Мариновский музей – 710,0 т.т., Музей им.Есенберлина - 200,0 т.т.).

Идет реконструкция областного историко-краеведческого музея, администратором программы являются Управление строительства Акмолинской области, ремонтные работы ведет ТОО «Альянс ИМ», по предварительным расчетам сумма договора составляет 221273,7 т.т.



Профессиональное искусство
В области успешно работают 2 областных театра, казахский музыкально-драматический театр имени Ш.Хусаинова и областной русский театр драмы. Для развития и содержания театрального искусства из бюджета выделено 112033,3 т.т. Всего театрами области за 9 месяцев т.г. было осуществлено 240 спектаклей из них, 9 новых постановок.

В целях поддержки государственной программы «Развитие сельских территорий РК на 2004-2010 г.г», согласно плану работы по социально-культурному обслуживанию сельского зрителя, профессиональные коллективы области выезжают с гастрольными спектаклями в районы области.

Так, в июне т.г. состоялись 6 гастрольных спектаклей казахского музыкально-драматического театра им.Ш.Хусаинова со спектаклем «Томпақ қонжық» режиссер Ф.Канафин и развлекательной, концертной программой «Тамаша» в Зерендинском, Шортандинском, Целиноградском и др. районах области. Спектакли посетили более 1500 сельских зрителей.

Всего за текущий 2010 год театрами области обслужено 24867 человек, поступления в бюджет составил 8299,3 т.т.

Из года в год растет мастерство и профессионализм артистов областной государственной филармонии. За отчетный период коллективами филармонии проведено 108 концертов. Из них выездных концертов 20. Сумма вырученных средств составило 4226,2 тыс. тенге, обслужено 25445 зрителей. Общий объем финансирования на содержание филармонии составляет 63260,5 т.т.

5. Существующие проблемы:
1. Недостаточное финансирование отрасли;

2. Недостаточно современно оснащенная материально-техническая база, необходима модернизация отрасли как следствие недостаточного финансирования. В связи с чем, 18 государственных клубных предприятий, находящихся в сельской местности клубов находятся в аварийном состоянии, 58 требуют капитального ремонта. Требуют капитального ремонта 7 библиотек: Щучинская сельская библиотека Бурабайской ЦБС, Красноярская ГБ, Казахская ГБ, Станции Кокшетау- 2 ГИБС г. Кокшетау, ЦРБ - Аршалынской ЦБС, ЦРБ – Атбасарской ЦБС, ЦРБ – Есильской ЦБС. По сравнению с аналогичным периодом прошлого года число библиотек, требующих капитального ремонта увеличилось на – 2. К списку добавился ремонт помещений Атбасарской и Есильской ЦРБ. В неотапливаемых помещениях находятся 7 сельских библиотек: Лозовская, Камышенская, Есильская Астраханской ЦБС, Невская - Енбекшильдерской ЦБС, Лозовская - Жаксынской ЦБС, Степновская и Ново-Первомайская Шортандинской ЦБС. Только в шести ЦБС области имеется транспорт.

3. Нехватка квалифицированных клубных специалистов, предоставление полной ставки сельским библиотекарям. Из 623 библиотечных работников 41,7% работают на неполную ставку.

Все эти проблемы ставятся перед местными акиматами, но пока не находят своего решения.



4. Проблемным вопросом остается выделение средств из госбюджета на ремонт памятников, которые не предусмотрены Бюджетным Кодексом РК. В связи с чем, на имя депутатов Сената Парламента РК Центром по охране и использованию историко-культурного наследия было направлено письмо-обращение с просьбой проявить законодательную инициативу и вернуть в Бюджетный Кодекс РК норму, предусматривающую выделение целевых средств на ремонт памятников и объектов истории и культуры (значащихся в Государственном списке памятников истории и культуры областей) из бюджетов городов и районов. В официальном ответе Министерства экономики и бюджетного планирования изложено, что внесение в Бюджетный Кодекс РК дополнений, предусматривающих финансирование ремонтных работ памятников истории и культуры местными исполнительными органами районов (городов областного значения) считается нецелесообразным. Однако, на наш взгляд, вопрос остается открытым, так как является проблемным и актуальным, особенно в сельской местности, где привлечение внебюджетных, спонсорских средств является затруднительным по причине отсутствия во многих регионах крупных инвесторов.


Бастық М. Оспанов

Орын. Ж.Әльтекова

258170

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет