Қазақстан Республикасының медицинасының жай-күйі және дамуы


Денсаулық сақтау жүйесiнің негізгі көрсеткіштері



бет6/7
Дата04.05.2023
өлшемі54.54 Kb.
#473215
1   2   3   4   5   6   7
реферат методы.

Денсаулық сақтау жүйесiнің негізгі көрсеткіштері.
Денсаулық сақтаудың негiзгi көрсеткiштерiнiң серпiнi денсаулық сақтау саласына бағытталған бюджет қаражатын жыл сайын көбейе түскенiнiң дәлелi. Мәселен, 2004 - 2009 жылдар аралығындағы кезеңде тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн (бұдан әрi - ТМККК) қаржыландыру көлемi 90,5-тен 273,1 млрд. теңгеге дейiн көбейген. 2009 жылы Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстiк Қазақстан облыстарының, ТМККК қаржыландырылуын орта республикалық деңгейге дейiн кезең-кезеңмен жеткiзуге республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттермен 5,4 млрд. теңге бөлiнген болатын.
Соңғы жылдары денсаулық сақтау саласындағы жан басына шаққандағы шығыстар көлемi де айтарлықтай өскен: 2004 жылы 8 740 теңге болса, 2009 жылы 30 373 теңгеге дейiн өскен.
Мембағдарламаны iске асырған уақытта төсекпен қамтамасыз етiлу көрсеткiшi 10 мың адамға шаққанда 70,2-ге дейiн төмендеген (2005 ж. - 73,1). Бұл ретте, ауруханалық төсектер саны тек 2 330 бiрлiкке азайды. Сонымен бiрге стационарға емдеуге жатқызылған 30 %-ға дейiнгi науқастар стационарлық емге мұқтаж емес; жедел медициналық көмектi шақырту саны (2005 ж. 4 658 971-ден 2008 ж. 4 978 393-ке дейiн), оның iшiнде негiзсiз шақыртулар саны (тиiсiнше 126 756-дан 189 498-ге дейiн) көбейген.
Стационарды алмастыратын технологиялардың дамығандығы байқалады. Мәселен, амбулаториялық-емханалық ұйымдардың жанындағы күндiзгi стационарда 445 145 науқас (2005 ж. - 278 813), ауруханалардағы күндiзгi стационарда - 64 081 науқас (2005 ж. - 56 728), үйдегi стационарларда 158 758 науқас (2005 ж. - 155 480) емделген. 2009 жылы амбулаториялық-емханалық денсаулық сақтау ұйымдарында 104,5 млн. пациент қабылданған (2005 жылы - 99,3 млн.), бұл 1 тұрғынға шаққанда бұрынғы - 6,6 деңгейде қалып отыр.
Қазiргi таңда 50 денсаулық сақтау ұйымына Денсаулық сақтаудың бiрыңғай ақпараттық жүйесi (бұдан әрi - ДБАЖ) енгiзiлдi. Қашықтықтан мамандандырылған медициналық көмектiң қолжетiмдiлiгiн арттыру мақсатында Министрлiк 2004 жылдан бастап «Ауылдық (селолық) жерлерде денсаулық сақтаудағы телемедицинаны және ұтқыр медицинаны дамыту» атты инвестициялық жобаны iске асырып келедi. Соған байланысты қазiргi таңда 14 өңiрде ауылдық денсаулық сақтау саласына телемедицина кезең-кезеңмен енгiзiлуде. Телемедицина сеанстары түрлi бейiндегi мамандардың қатысуымен телеконференция түрiнде өткiзiледi: 2009 жылы 13 өңiрде 10 611 телемедициналық консультация өткiзiлдi.
Республикада денсаулық сақтау ұйымдары желiсiнiң жаңа мемлекеттiк нормативiне өту жалғасуда. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы» Қазақстан Республикасының Кодексiн iске асыру барысында Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2131 қаулысымен денсаулық сақтау ұйымдары желiсiнiң мемлекеттiк нормативi әзiрлендi және бекiтiлдi, бұл денсаулық сақтау ұйымдары желiсiн реттеуге, көпбейiндi ауруханалар желiсiн құруға, БМСК-ның қолжетiмдiлiгiн, бiрiншi кезекте ауыл халқы үшiн қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi. Бұдан басқа, медициналық ұйымдарды шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорын мәртебесiне кезең-кезеңмен ауыстыру басқару, қаржыландыру жүйесiн, денсаулық сақтау саласындағы инвестициялық саясатты жетiлдiруге, медициналық ұйымдардың қызметтерiнiң экономикалық тиiмдiлiгiн арттыруға, сондай-ақ кадрмен қамтамасыз ету мәселелерiн шешуге мүмкiндiк бередi.
Жоғары технологиялық қызметтер секторын дамыту жалғасуда. Қазiргi уақытта «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ (бұдан әрi - Холдинг) құрамына жоғары технологиялық көмек көрсететiн бес республикалық ғылыми орталық: Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы, Республикалық балаларды оңалту орталығы, Республикалық диагностикалық орталық, Нейрохирургия ғылыми орталығы, Жедел медициналық жәрдем ғылыми-зерттеу институты кiредi. 2011 жылы тағы бiр объект - Кардиохирургия республикалық ғылыми орталығының құрылысын аяқтау жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, денсаулық сақтау секторында бiрқатар iргелi проблемалар бар. Мәселен, денсаулық сақтау саласы, әсiресе бастапқы медициналық-санитариялық көмектi дамытуда қосымша салымдарды қажет етедi. ТМККК қаржыландыруды жыл сайын ұлғайтуға қарамастан (2003 ж. 64,8 млрд. теңгеден 2009 ж. 464,1 млрд. теңгеге дейiн), ол да қосымша шығыстарды қажет етедi. Негiзгi проблемалар тек ресурстардың жеткiлiксiздiгiне байланысты емес, сонымен қатар оларды пайдалану тиiмдiлiгiнiң төмендiгiне де байланысты болып отыр, яғни қазiргi таңда денсаулық сақтауды басқару мен қаржыландыру оның тиiмдiлiгiне емес, желiнiң қуаттылығын ұстауға бағдарланған.
БМСК-тi қаржыландырудың тиiмдi тетiктерi: ынталандыру төлемдерiне қаржыландырудың болмауы (44%), нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiрмеу, заңды тетiктердiң болмауы (25%); денсаулық сақтау менеджерлерiн нашар даярлау (6%) себептi жеткiлiксiз пайдаланылады.
Бұдан басқа, тариф белгiлеудiң объективтiк емес қолданыстағы жүйесi, мемлекеттiк денсаулық сақтау ұйымдары дербестiгiнiң төмендiгi мен бiлiктi менеджерлердiң болмауы медициналық қызметтердi ұсынушылардың бәсекелестiгiн дамытуды тежейдi.
Медициналық қызметтерге қол жеткiзудiң әркелкiлiгi мен медициналық қызметтер сапасының нашарлығы сақталуда. Мәселен, Қазақстан халқының 40 %-дан астамын ауыл адамдарының құрайтындығына қарамастан, қазiргi таңда денсаулық сақтау саласының инфрақұрылымы мегаполистерге, атап айтқанда Астана және Алматы қалаларына шоғырланған. Бұл елiмiздiң әртүрлi өңiрлерiндегi пациенттердiң сапалы және жоғары технологиялық медициналық қызметтерге қолжетiмдiлiгiн айтарлықтай қиындатады. Өңiрлер бойынша ресурстарды әркелкi бөлу де байқалады. Мәселен, 2009 жылы ТМККК-ге арналған шығыстарды жұмсау бiр тұрғынға шаққанда 12 964 теңгеден 21 289 теңгеге дейiн құрады.
Осыған байланысты өңiрлiк денсаулық сақтау мәселесi аса көңiл бөлудi талап етедi, сондықтан Мембағдарламаның негiзгi мiндеттерiнiң бiрi қаржыландыруды, медициналық көмектi өңiрлiк теңестiру, қазақстандықтардың сапалы және жоғары технологиялық медициналық көмекке әдiл қол жеткiзуiн қамтамасыз ету болып табылады.
Қазiргi таңда медициналық ұйымдарды материалдық-техникалық қамтамасыз етудiң жеткiлiксiз деңгейi проблемалы мәселе күйiнде қалып отыр. Мысалы, жедел медициналық жәрдемдi медициналық жабдықтармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен жарақтандыру республика бойынша 51,69 %-ды құрайды. Елдiң бiрқатар өңiрлерiнде медициналық көмек көрсететiн ұйымдар (жедел медициналық жәрдем станциясы, БМСК, сот-медициналық сараптама және басқалар) бейiмделген үлгiдегi емес үй-жайларда орналастырылған, 400-ден астам (4,3 %) денсаулық сақтау ұйымы авариялық ғимараттарда орналасқан.
Сонымен қатар, денсаулық сақтаудың бiрiншi буынында жалпы дәрiгерлiк практика және халықпен профилактикалық жұмыста денсаулықты сақтаушы технологиялар нашар дамуда.
Бұдан басқа, нормативтiк талаптар қаржылық қамтамасыз етумен сәйкес келмейтiнi байқалады. Бюджеттiң болмауына байланысты «Арнайы әлеуметтiк қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы iске асырылмай отыр.
Медицина қызметкерлерiне еңбекақы төлеу деңгейi төмен күйiнде қалып отыр, олардың жұмысының түпкiлiктi нәтижесiне негiзделген еңбекақы төлеуге сараланған тәсiл жоқ. Бұдан басқа, жер жерлерде, әсiресе ауылдық өңiрлерде бiлiктi кадрлардың тапшылығы байқалады, бұл республиканың ауыл халқын медицина қызметтерiмен қамтамасыз етудi қиындатады.
БҰДЖ-ның белсендi енгiзiлуiне қарамастан қазiргi таңда денсаулық сақтау саласында ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның төмен деңгейi, медициналық қызметкерлердiң арасындағы компьютерлiк сауаттылық деңгейiнiң төмендiгi және емдеу-профилактикалық үдерiстi автоматтандырудың жоқтығы сақталуда.
Мембағдарламаны iске асыру кезеңiнде денсаулық сақтау кадрларын даярлау сапасына қолжеткiзу жөнiнде нақты жұмыстар жүргiзiлдi. Медициналық және фармацевтикалық бiлiм берудiң нормативтiк базасы құрылды, 2007 жылдан бастап кәсiби бағытқа негiзделген және әлемдiк озық тәжiрибеге сүйенген медициналық жоғары бiлiм берудiң жаңа бағдарламалары iске асырылуда. Мемлекеттiк медициналық жоғары оқу орындары соңғы 10 жылда алғаш рет оқыту-клиникалық және зертханалық құрал-жабдықтар сатып алды, жоғары оқу орындарының 85 %-ы үлкен дербестiк алып, шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорындар статусына ауысты. Бiлiм берудiң инновациялық технологияларын енгiзу жұмыстары кезең-кезеңiмен жүзеге асырылуда. Құрылған оқыту-клиникалық орталықтары студенттер мен интерндердi клиникалық даярлықтан өткiзуге мән беруге мүмкiндiк туғызып отыр. Медициналық бiлiм берудiң дүниежүзiлiк федерациясы ұсынған сапаны жақсартудың жаһандық стандарттарына негiзделген базалық медициналық бiлiмдi институциялық аккредиттеудiң ұлттық стандарттары әзiрлендi. Мембағдарламаны iске асыру кезеңiнде медицина кадрларының бiлiктiлiгiн шетелде арттыруға, шетелдiк жетекшi мамандарды Қазақстан Республикасына тарта отырып, мастер-кластар ұйымдастыруға көп көңiл бөлiндi.
Денсаулық сақтау саласын бiлiктi кадрлармен қамтамасыз ету мәселесi өзектi проблема күйiнде қалып отыр. Бүгiнгi таңда салада шамамен 59 мыңнан астам дәрiгер еңбек етедi. Медициналық ЖОО-ларға қабылдаудың 9,5 %-дан астам өсуi есебiнен жоғары бiлiмi бар медицина кадрлары санының жыл сайын ұлғаюына, оқу бiтiрушiлер санының ұлғаюына қарамастан салада, әсiресе ауылдық жерлерде кадрлардың тапшылығы сақталуда. Ауыл халқының дәрiгер кадрларымен қамтамасыз етiлу көрсеткiшi қаламен салыстырғанда шамамен 4 есе кем. Қазақстан өңiрлерi бойынша дәрiгер кадрларды бөлудiң теңсiздiгi өте жоғары болып сипатталады және кейбiр өңiрлерде 10 мың адамға шаққанда 9,5-тен (Алматы облысы) 19,3-ке (Қарағанды облысы) дейiн құрайды.
Кадрлардың «қартаю» үрдiсi байқалады. Салаға жас мамандардың келуiнiң ұлғаюына қарамастан, олардың үлесi жеткiлiксiз және дәрiгер кадрлардың жалпы санының 4 %-ын құрайды. Бұрынғыша мамандыққа деген қызығушылықтың төмендiгi және уәждемелiк тетiктердiң болмауы салдарынан ЖОО-ны бiтiрушi түлектердi жұмыспен қамту деңгейi 87 %-дан аспайды.
Медицина кадрларының санаттылық деңгейiнiң жоғары болуына (42%) қарамастан, олар көрсететiн медициналық қызметтер сапасы тұтынушылар мен жұмыс берушiлердi қанағаттандырмайды.
Денсаулық сақтау саласындағы ғылым саласы дүниежүзiлiк стандарттардан айтарлықтай артта қалып отыр, отандық ғылыми өнiмнiң бәсекелестiкке қабiлетсiздiгi мен қажет етiлмейтiндiгi байқалады. Көрсетiлген мәселенi шешу үшiн 2007 жылдан бастап Медицина ғылымын реформалау тұжырымдамасы iске асырылуда. Медицина ғылымын басқаруды жетiлдiру iс-шаралары басталды. Бiрқатар ғылыми ұйымдар зор дербестiкке қол жеткiзу үшiн шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорындар мәртебесiне ауысты. Ғылыми-бiлiм беру-практикалық кластерлер құрылып жатыр. Ғылыми ұйымдарда дәлелдi медицина орталықтары құрылды. Болашағы зор 40-тан астам ғылыми қызметкер АҚШ, Сингапур университеттерiнде ғылыми зерттеулер менеджментi бойынша оқудан өттi. Халықаралық басылым беттерiнде рецензияланған жарияланымдар көбейiп, халықаралық патенттер пайда бола бастады. Медициналық ғылыми ұйымдардың қызметiн рейтингтiк бағалау жүйесi әзiрлендi.
Қабылданған шараларға қарамастан, кадрларды даярлау сапасы, жұмыс iстеп жүрген мамандардың бiлiктiлiк деңгейi, БМСК көрсететiн персоналдың тапшылығы, iрi қалалардағы медицина қызметкерлерiнiң аса көп шоғырлануы, жоғары және орта кәсiптiк медициналық бiлiм алған медицина қызметкерлерi санының теңсiздiгi, жұмысқа деген уәждемелiк ынталандырудың болмауы және денсаулық сақтау қызметкерлерiн әлеуметтiк қорғалудың жеткiлiксiздiгi, ғылыми зерттеулердiң бәсекеге қабiлеттiлiгiнiң төмендiгi, инновациялық жетiстiктердiң жоқтығы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет