"Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жолдама беру үшін мектеп жасына дейінгі (7 жасқа дейінгі) балаларды тіркеу" электрондық мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы



жүктеу 416.04 Kb.
бет1/3
Дата03.07.2016
өлшемі416.04 Kb.
  1   2   3


"Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жолдама беру үшін мектеп жасына дейінгі (7 жасқа дейінгі) балаларды тіркеу" электрондық мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы

Астана қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 23 шілдедегі № 107-1014 қаулысы. Астана қаласының Әділет департаментінде 2012 жылғы 6 тамызда нормативтік құқықтық кесімдерді Мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 740 болып енгізілді

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабына және «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабына, «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 561 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 ақпандағы № 140 қаулысына сәйкес, электрондық мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мақсатында Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жолдама беру үшін мектеп жасына дейінгі (7 жасқа дейінгі) балаларды тіркеу» электрондық мемлекеттік қызмет регламенті бекітілсін.
      2. «Астана қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бастығы осы қаулының мемлекеттік тіркелуін, оны кейіннен ресми жариялау мен Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орнатылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары А.Ғ. Балаеваға жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім                                       И. Тасмағамбетов

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Көлік және коммуникация министрі
      ___________________ А. Жұмағалиев
      2012 жылғы 23 шілде

Астана қаласы әкімдігінің


2012 жылғы 23 шілдедегі
№ 107-1014 қаулысымен 
бекітілді       

«Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі балалар ұйымдарына
жолдама беру үшін мектеп жасына (7 жасқа дейінгі) балаларды
тіркеу» электрондық мемлекеттiк қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. «Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жолдама беру үшін мектеп жасына (7 жасқа дейінгі) балаларды тіркеу» электрондық мемлекеттiк қызметті (бұдан әрі – электрондық мемлекеттiк қызмет) мекен-жайы осы Регламенттің 2-қосымшасында көрсетілген «Астана қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі уәкілетті органы осы Регламенттің 1-қосымшасына сай алтернативтік негізде халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі – ХҚКО) арқылы, алушының электрондық сандық қолы болған жағдайда Астана қаласы әкімдігінің «Электрондық қызметтер» www.e.astana.kz жүйешесі бойынша және «электрондық үкімет» веб-порталы: www.e.dov.kz  арқылы көрсетеді.


      2. Электрондық мемлекеттiк қызметі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 ақпандағы № 140 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жолдама беру үшін мектеп жасына (7 жасқа дейінгі) балаларды тіркеу» мемлекеттiк қызмет стандарты негізінде көрсетіледі.
      3. Электрондық мемлекеттiк қызметті автоматтандыру дәрежесі: ішінара автоматтандырылған (медиа-алшақтықты қамтымайтын электрондық мемлекеттік қызмет).
      4. Электрондық мемлекеттiк қызмет көрсетудің түрі: транзакциялық қызмет.
      5. Осы «Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жолдама беру үшін мектеп жасына (7 жасқа дейінгі) балаларды тіркеу» электрондық мемлекеттiк қызмет регламентінде (бұдан әрі – Регламент) келесі түсініктер және қысқарған сөздер пайдаланылады:
      1) ақпараттық жүйе – аппараттық-бағдарламалық кешенді қолданумен ақпаратты сақтау, өңдеу, іздеу, тарату, тапсыру және беру үшін арналған жүйе (бұдан әрі – АЖ);
      2) Астана қаласы әкімдігінің «Электрондық қызметтер» жүйе тармағы – азаматтар мен бизнес-құрылымдарға өңірлік деңгейде электрондық қызмет көрсетуге арналған ақпараттық жүйе (бұдан әрі – Е-Астана АЖ);
      3) жеке сәйкестендіру нөмірі – жеке тұлға, оның ішінде жеке кәсіпкерлік түрінде өзінің қызметін жүзеге асыратын жеке кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір (бұдан әрі – ЖСН);
      4) жергiлiктi атқарушы орган (әкімдік) – облыстың республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкiмi басқаратын, өз құзыретi шегiнде тиiстi аумақта жергiлiктi мемлекеттiк басқаруды және өзiн-өзi басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган (бұдан әрі – ЖАО);
      5) Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландыру орталығының ақпараттық жүйесі – мемлекеттік және мемлекеттік емес ақпараттық жүйелеріне, «электрондық үкімет» қатысушыларына қызмет көрсететін куәландыру орталығы (бұдан әрі – ҰКО АЖ);
      6) құрылымдық-функционалдық бірліктер – электрондық қызмет көрсету үдерісіне қатысатын мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелерінің, мемлекеттік мекемелердің немесе басқа ұйымдардың тізбесі (бұдан әрі – ҚФБ);
      7) МБҰ – мектепке дейінгі тәрбие мен білім беретін жалпы білім беретін бағдарламаны іске асыратын мектепке дейінгі балалар ұйымы;
      8) медиа-алшақтық – құжаттарды электрондық нысаннан қағаз немесе керсінше нысанға өзгерту қажет кезінде қызметтерді көрсету үдерісінде қағаз және электрондық құжат айналымының кезектесуі;
      9) транзакциялық қызмет – электрондық цифрлық қолтаңбаны қолданумен өзара ақпарат алмасуды талап ететін, пайдаланушыларға электрондық ақпараттық ресурстарды беру жөніндегі қызмет;
      10) тұтынушы – оған қажетті электрондық ақпараттық ресурстарды алу үшін ақпараттық жүйеге жүгінетін және оларды пайдаланатын субъект;
      11) халыққа қызмет көрсету орталықтарының ақпараттық жүйесі – халыққа (жеке және заңды тұлғаларға), сондай-ақ тиісті министрліктер мен ведомстволардың Қазақстан Республикасының халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы қызмет ұсыну үрдісін автоматтандыруға арналған ақпараттық жүйе (бұдан әрі – ХҚКО АЖ);
      12) электрондық құжат – ақпарат электрондық-цифрлық нысанда берілген және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;
      13) электрондық мемлекеттік қызметтер – ақпараттық технологияларды пайдаланумен электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер;
      14) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңбаның құралдарымен құрылған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнның тұрақтылығын растайтын электрондық цифрлық таңбалардың жиынтығы (бұдан әрі – ЭЦҚ);
      15) «электрондық үкімет» аймақтық шлюзі – ЖАО электрондық қызмет көрсету үдерісіне қатысатын ішкі жүйелер/ЖАО жүйе тармақтары және сыртқы ақпараттық жүйелер арасында ақпараттық өзара әрекетті қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе (бұдан әрі – ЭҮАШ);
      16) «электрондық үкіметтің» веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық мемлекеттік қызметтерге қолжетімділіктің бірыңғай терезесін білдіретін ақпараттық жүйе (бұдан әрі – ЭҮП);
      17) электрондық үкімет шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) – электрондық қызметтерді іске асыру шеңберінде «электрондық үкімет» ақпараттық жүйелерін ықпалдастыру үшін арналған ақпараттық жүйесі.

2. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсету бойынша қызмет беруші
іс-әрекетінің тәртібі

      6. ЖАО арқылы ішінара автоматтандырылған электрондық мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қадамдық әрекет және қызмет берушінің шешімі (функционалдық өзара іс-қимылдың № 1-диаграммасы) осы Регламенттің 4-қосымшасында келтірілген:


      1) тұтынушы ЖАО-ға қызмет алу үшін өтініш мен қажетті құжаттарының түпнұсқалары болған кезде ғана өтініш бере алады. Өтініштің түпнұсқасымен тұтынушы құжаттарын ЖАО қызметкерлері тексереді;
      2) 1-үдеріс – ЖАО қызметкерлерінің электрондық мемлекеттік қызмет көрсету үшін Е-Астана АЖ ЖСН және парольді (авторизация үдерісі) енгізу үдерісі;
      3) 1-шарт – Е-Астана АЖ ЖАО қызметкері тіркеген деректердің дұрыстығын ЖСН және пароль арқылы тексеру;
      4) 2-үдеріс – ЖАО қызметкері дерегінің бұзылуына байланысты Е-Астана АЖ авторизациядан бас тарту туралы хабарлама жасау;
      5) 3-үдеріс – ЖАО қызметкерінің осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсету үшін сұраныс нысанын экранға шығару және оның құрылымы мен форматтық талабын ескере отырып нысанды толтыру (деректерді енгізу және сканерден құжаттарды қоса тіркеу);
      6) 4-үдеріс – электрондық мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған сұранысты толтырылған нысанына (деректерді енгізу және сканерлерген құжаттарды қоса тіркеу) ЖАО қызметкері ЭСҚ арқылы қол қою;
      7) 2-шарт – сәйкестендіру деректерінің (сұрау салуда көрсетілген ЖСН мен ЭСҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН арасындағы) сәйкестілігін, ЭСҚ тіркеу куәлігінің мерзімін және Е-Астана АЖ-да тіркеу куәлігінің қайта шақырылған (жойылған) тізімде жоқтығын тексеру;
      8) 5-үдеріс – ЖАО қызметкерлері ЭСҚ дұрыстығын растамауына байланысты сұралған электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарлама жасау;
      9) 6-үдеріс – ЖАО қызметкерлерінің электрондық мемлекеттік қызметті өңдеуі;
      10) 7-үдеріс – ЖАО қызметкерлерінің электрондық мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін жасауы (мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жолдама немесе өтініш беру кезінде мектепке дейінгі балалар ұйымында орын болмаған жағдайда аралық жауап ретінде мектепке дейінгі жастағы (7 жасқа дейінгі) балаларды тіркеу туралы хабарлама, не болмаса қызмет көрсетуден бас тарту туралы нақты жауап). Электрондық құжатты ЖАО қызметкері ЭСҚ пайдаланып жасайды. ЖАО қызметкері электрондық мемлекеттік қызмет нәтижесін тұтынушыға қолма-қол немесе электрондық поштасына жолдау арқылы береді.
      7. ХҚКО арқылы ішінара автоматтандырылған электрондық мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қадамдық әрекет және қызмет берушінің шешімі (функционалдық өзара әрекеттің іс-қимылдың № 2-диаграммасы) осы Регламенттің 5-қосымшасында келтірілген:
      1) 1-үдеріс – ХҚКО операторының электрондық мемлекеттік қызмет көрсету үшін ХҚКО АЖ авторизация жасау үдерісі;
      2) 1-шарт – ХҚКО АЖ-де ЖСН және пароль не болмаса ЭСҚ арқылы оператор тіркеген деректердің дұрыстығын тексеру;
      3) 2-үдеріс – ХҚКО операторының деректерінде бұзушылықтар болуына байланысты ХҚКО АЖ-да авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      4) 3-үдеріс – ХҚКО операторының осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсету және оның құрылымы мен форматтық талаптарды ескере отырып, нысанды толтыруы үшін сұрау салу нысанын экранға шығару (деректерді енгізу және сканерден өткізілген құжаттарды қосу);
      5) 4-үдеріс – электрондық мемлекеттік қызмет көрсетуге сұрау салудың толтырылған нысанына (енгізілген деректерді және қосылған сканерден өткізілген құжаттарды) ХҚКО операторының ЭСҚ арқылы қол қою;
      6) 2-шарт – сәйкестендіру деректерінің (сұрау салуда көрсетілген ЖСН мен ЭСҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН арасындағы) сәйкестілігін, ЭСҚ тіркеу куәлігінің мерзімін және ХҚКО АЖ-да тіркеу куәлігінің қайта шақырылған (жойылған) тізімде жоқтығын тексеру;
      7) 5-үдеріс – ХҚКО операторының ЭСҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұрау салынатын электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      8) 6-үдеріс – ХҚКО операторының ЭСҚ қол қойылған электрондық құжатты (тұтынушының сұрау салуын) ЭҮШ/ЭҮАШ арқылы Е-Астана АЖ-ға жіберу және ЖАО қызметкерінің электрондық мемлекеттік қызметті өңдеуі;
      9) 7-үдеріс – ЖАО қызметкерлерінің электрондық мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін жасауы (мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жолдама немесе өтініш беру кезінде мектепке дейінгі балалар ұйымында орын болмаған жағдайда аралық жауап ретінде мектепке дейінгі жастағы (7 жасқа дейінгі) балаларды тіркеу туралы хабарлама, не болмаса қызмет көрсетуден бас тарту туралы нақты жауап). Электрондық құжатты ЖАО қызметкері ЭСҚ пайдаланып жасайды және ХҚКО АЖ табысталады.
      10) 8-үдеріс – ХҚКО қызметкерiнiң шығыс құжатты қызметтi тұтынушыға қолма-қол немесе электрондық поштаға жiберу арқылы беру.
      8. ЭҮП арқылы ішінара автоматтандырылған электрондық мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қадамдық әрекет және қызмет берушінің шешімі (функционалдық өзара әрекеттің іс-қимылдың № 3-диаграммасы) осы Регламенттің 6-қосымшасында келтірілген:
      1) тұтынушы ЖСН және парольдің көмегімен ЭҮП-те тіркелуі жүзеге асырылады (ЭҮП-те тіркелмеген тұтынушылар үшін жүзеге асырылады);
      2) 1-үдеріс – электрондық мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушының ЖСН және парольді ЭҮП-те енгізу үрдісі (авторизациялау үдерісі);
      3) 1-шарт – ЭҮП-те ЖСН және пароль арқылы тіркелген тұтынушы туралы деректердің дұрыстығын тексеру;
      4) 2-үдеріс – тұтынушының деректерінде бұзушылықтар болуына байланысты ЭҮП-те авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      5) 3-үдеріс – тұтынушының осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсету және оның құрылымы мен форматтық талаптарды ескере отырып, тұтынушының нысанды толтыруы үшін сұрау салу нысанын экранға шығару (деректерді енгізу, сканерден өткізілген құжаттарды қосу);
      6) 5-үдеріс – электрондық мемлекеттік қызмет көрсетуге сұрау салудың толтырылған нысанына (енгізілген деректерді, қосылған сканерден өткізілген құжаттарды) ХҚКО операторының ЭЦҚ арқылы қол қою;
      7) 2-шарт – сәйкестендіру деректерінің (сұрау салуда көрсетілген ЖСН мен ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН арасындағы) сәйкестілігін, ЭЦҚ тіркеу куәлігінің мерзімін және ЭҮП-те тіркеу куәлігінің қайта шақырылған (жойылған) тізімде жоқтығын тексеру;
      8) 6-үдеріс – тұтынушының ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұрау салынатын электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      9) 7-үдеріс – тұтынушының ЭЦҚ қол қойылған электрондық құжатты (тұтынушының сұрау салуын) ЭҮШ/ЭҮАШ арқылы ЖАО АЖ-ға жіберу және ЖАО қызметкерінің электрондық мемлекеттік қызметті өңдеуі;
      10) 7-үдеріс – ұсынылған МБҰ-ға тұтынушының жазбаша келісімін қалыптастыру үдерісі және ЖАО қызметкерінің электрондық мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін (мектепке дейiнгi балалар ұйымдарына жолдаманы немесе арыз берілген сәтте МБҰ-да орын болмаған жағдайда аралық құжат ретінде мектеп жасына дейiнгi (7 жасқа дейiнгi) балаларды тiркеу туралы хабарламаны немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап беруді) қалыптастыру. Электрондық құжат ЖАО қызметкерінің ЭЦҚ пайдаланумен қалыптастырылады және ЭҮП-те жеке кабинетке жіберіледі.
      9. Е-Астана АЖ арқылы ішінара автоматтандырылған электрондық мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қадамдық әрекет және қызмет берушінің шешімі (функционалдық өзара әрекеттің іс-қимылдың № 4-диаграммасы) осы Регламенттің 7-қосымшасында келтірілген:
      1) тұтынушы Е-Астана АЖ-да (жеке кабинет) ЖСН және парольдің көмегімен тіркеуді жүзеге асырады (Е-Астана АЖ тіркелмеген тұтынушыларға жүзеге асырылады);
      2) 1-үдеріс – электрондық мемлекеттік қызмет алу үшін Е-Астана АЖ (жеке кабинет) тұтынушының ЖСН және паролін енгізу үдерісі;
      3) 1-шарт – Е-Астана АЖ (жеке кабинет) тіркелгені туралы деректердің дұрыстығын ЖСН және пароль арқылы тексеру;
      4) 2-үдеріс Е-Астана АЖ (жеке кабинет) тұтынушы деректерінде бұзылудың болуына байланысты авторизациядан бас тарту туралы хабарлама жасау;
      5) 3-үдеріс – тұтынушының осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсету және оның құрылымы мен форматтық талаптарды ескере отырып, тұтынушының нысанды толтыруы үшін сұрау салу нысанын экранға шығару (деректерді енгізу, сканерден өткізілген құжаттарды қосу);
      6) 4-үдеріс – электрондық мемлекеттік қызмет көрсетуге сұрау салудың толтырылған нысанына (енгізілген деректерді, қосылған сканерден өткізілген құжаттарды) ХҚКО операторының ЭЦҚ арқылы қол қою;
      7) 2-шарт – сәйкестендіру деректерінің (сұрау салуда көрсетілген ЖСН мен ЭСҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН арасындағы) сәйкестілігін, ЭСҚ тіркеу куәлігінің мерзімін тексеру;
      8) 5-үдеріс – тұтынушының ЭСҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұрау салынатын электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      9) 6-үдеріс – тұтынушының ЭСҚ қол қойылған электрондық құжатты (тұтынушының сұрау салуын) Е-Астана АЖ жеке кабинеттен жұмыс кабинетіне жолдау және ЖАО қызметкерінің электрондық мемлекеттік қызметті өңдеуі;
      10) 7-үдеріс – ЖАО қызметкерінің электрондық мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін (мектепке дейiнгi балалар ұйымдарына жолдаманы немесе арыз берілген сәтте МБҰ-да орын болмаған жағдайда аралық құжат ретінде мектеп жасына дейiнгi (7 жасқа дейiнгi) балаларды тiркеу туралы хабарламаны немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап беруді) қалыптастыру. Электрондық құжат ЖАО қызметкерінің ЭСҚ пайдаланумен қалыптастырылады және Е-Астана АЖ-ға жеке кабинетке жіберіледі.
      10. Осы Регламенттің 8, 9-қосымшаларында тұтынушыға мемлекеттік және орыс тілдерінде көрсетілетін электрондық мемлекеттік қызметке экрандық нысандар келтірілген.
      11. Тұтынушының электрондық мемлекеттік қызмет бойынша сұрау салуының орындалуын тексеру тәсілі: ЭҮП-те «Қызметтерді алу тарихы» бөлiмiнде, сонымен қатар ЖАО-ға/ХҚКО-ға/Е-Астана АЖ-ға өтiнiш жасау арқылы.
      12. Электрондық мемлекеттік қызмет туралы ақпаратты алу, сондай-ақ қажет болған жағдайда олардың сапасын бағалау (оның ішінде шағымдану) үшін байланыс телефонының нөмірі: 8 (7172) 55-68-63, 55-68-64.

3. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі
өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      13. Электрондық мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіне қатысатын ҚФБ тізімі:


      1) ХҚКО операторы;
      2) ЖАО қызметкері;
      14. Әрбір іс-қимылдың орындалу мерзімін көрсете отырып, ҚФБ іс-қимылы дәйектілігінің мәтіндік кестелік сипаттамасы осы Регламенттің 3-қосымшасында келтірілген.
      15. ҚФБ сипаттамасына сәйкес олардың (электрондық мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде) іс-қимылының қисынды дәйектілігі арасындағы өзара байланысты көрсететін диаграммалар осы Регламенттің 4, 5, 6, 7-қосымшаларында (№ 1, 2, 3, 4 диаграммалар) келтірілген.
      16. Электрондық мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі соған сәйкес ұсынылуы тиіс бланкілердің нысандары, үлгілері осы Регламенттің 10, 11-қосымшаларында келтірілген.
      17. Тұтынушыларға электрондық мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелері осы Регламенттің 12-қосымшасына сәйкес сапа мен қолжетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
      18. Тұтынушыларға электрондық мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіне қойылатын талаптар:
      1) адамның конституциялық құқықтары мен бостандығын сақтау;
      2) қызметтiк борышты атқару кезiндегi заңдылық;
      3) кәсiби этика мен мәдениеттi сақтау;
      4) түпкiлiктi және толық ақпарат ұсыну;
      5) ақпаратты қорғау және оның құпиялылығы;
      6) тұтынушы белгiленген мерзiмде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету.
      19. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсетудің техникалық шарттары:
      1) Интернетке шығу;
      2) е-құжат берілетін тұлғаның ЖСН болуы;
      3) ЭҮШ, ХҚКО АЖ авторизациясы;
      4) тұтынушының ЭСҚ болуы.

«Қазақстан Республикасының         


мектепке дейінгі балалар ұйымдарына   
жолдама беру үшін мектеп жасына дейінгі 
(7 жасқа дейінгі) балаларды тіркеу»   
электрондық мемлекеттік қызмет регламентіне
1-қосымша                

Мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі халыққа қызмет көрсету
орталықтарының тізбесі

Халыққа қызмет көрсету орталықтарының атауы

Заңды мекен-жайы

Жұмыс кестесі

Байланыс телефоны

«Астана қаласы Сарыарқа ауданы халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК

Астана қаласы, Республика даңғылы, 43

Күн сайын 9.00-ден 20.00-ге дейін, демалыс - жексенбі

8 (7172) 32-48-02
8 (7172)
32-46-97
8 (7172)
32-66-58

«Астана қаласы Сарыарқа ауданы халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК «Тілендиев» филалы

Астана қаласы, Бөгенбай даңғылы, 6А

Күн сайын 9.00-ден 19.00-ге дейін, демалыс - жексенбі

8 (7172)
37-74-34
8 (7172)
94-99-96

«Астана қаласы Сарыарқа ауданы халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК «Ақжайық» филалы

Астана қаласы, Есенберлин көшесі, 16/2

Күн сайын 9.00-ден 19.00-ге дейін, демалыс - жексенбі

8 (7172)
59-28-33

«Астана қаласы Сарыарқа ауданы халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК «Өндіріс» филалы

Астана қаласы, Кемеңгерұлы көшесі, 6/1

Күн сайын 9.00-ден 19.00-ге дейін, демалыс - жексенбі

8 (7172) 30-40-70

«Астана қаласы Сарыарқа ауданы халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК «Кенесары» филалы

Астана қаласы, Сарыарқа даңғылы, 12

Күн сайын 9.00-ден 19.00-ге дейін, демалыс - жексенбі

8 (7172)
29-79-03

«Астана қаласы Алматы ауданы халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК

Астана қаласы, Мирзоян көшесі, 25

Күн сайын 9.00-ден 20.00-ге дейін, демалыс - жексенбі

8 (7172)
61-85-00
8 (7172)
57-07-72

«Астана қаласы Алматы ауданы халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалы

Астана қаласы, Республика даңғылы, 12/2

Күн сайын 9.00-ден 19.00-ге дейін, демалыс - жексенбі

8 (7172)
32-80-09

«Астана қаласы Алматы ауданы халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалы

Астана қаласы, Железнодорожный кенті, Ақтасты көшесі, 20

Күн сайын 9.00-ден 19.00-ге дейін, демалыс - жексенбі

8 (7172)
94-71-79
8 (7172)
94-71-80

«Астана қаласы Алматы ауданы халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалы

Астана қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 5/1

Күн сайын 9.00-ден 19.00-ге дейін, демалыс - жексенбі

8 (7172)
50-91-95

«Астана қаласы Есіл ауданы халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК

Астана қаласы, Сауран көшесі, 7

Күн сайын 9.00-ден 20.00-ге дейін, демалыс - жексенбі

8 (7172)
50-14-71

Аббревиатуралардың оқылуы:
«Астана қаласы Сарыарқа ауданы халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру жөніндегі комитетінің «Астана қаласы Сарыарқа ауданы халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны

«Қазақстан Республикасының      


мектепке дейінгі балалар ұйымдарына   
жолдама беру үшін мектеп жасына дейінгі 
(7 жасқа дейінгі) балаларды тіркеу»   
электрондық мемлекеттік қызмет регламентіне
2-қосымша                
  1   2   3


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет