Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі туралы ереже 1-тарау. Жалпы ережелер


-тарау. Агенттік қызметін ұйымдастыру



бет3/4
Дата19.05.2022
өлшемі20.16 Kb.
#457444
1   2   3   4
Положение kaz (1)

3-тарау. Агенттік қызметін ұйымдастыру
18. Агенттікті басқаруды Агенттік төрағасы (бұдан әрі – төраға) жүзеге асырады, ол Агенттікке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауаптылықта болады.
19. Төрағаны Қазақстан Республикасының Президенті лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.
20. Агенттік төрағасының Қазақстан Республикасының Президенті оның ұсынуы бойынша лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын екі орынбасары болады.
21. Төрағаның өкілеттіктері:
1) Агенттіктің жұмысын ұйымдастырады және басшылық жасайды, Агенттіктің аумақтық органдары мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметіне бақылауды жүзеге асырады;
2) өз орынбасарларының және аппарат басшысының өкілеттіктерін айқындайды;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен Агенттіктің аппарат басшысын және Агентттіктің ведомволық бағынысты ұйымдарының басшыларын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Агенттіктің еңбек қатынастары мәселелері оның құзыретіне кіретін жұмыскерлеріне тәртіптік жазалар қолданады және көтермелеу шараларын қабылдайды;
5) Қазақстан Республикасының Президентіне Агенттіктің, олардың аумақтық органдарының және ведомстволық бағынысты ұйымдарының жұмыскерлерін (қызметкерлерін) мемлекеттік наградалармен марапаттау және оларға Қазақстан Республикасының құрметті атақтарын беру туралы ұсыныстар енгізеді;
6) Агенттіктің құқықтық және нормативтік құқықтық актілеріне қол қояды, бағынысты қызметкерлеріне нұсқаулар мен тапсырмалар береді, Агенттіктің құзыретіне жататын мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру бойынша өзге де ұйымдастыру-өкімдік шараларын қабылдайды;
7) Агенттіктің аумақтық органдары туралы ережелерді бекітеді;
8) Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен жалпы штат санының лимиті шегінде Агенттіктің аумақтық органдарының құрылымын бекітеді;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен қарым-қатынастарда Агенттіктің атынан өкілдік етеді;
10) Агенттіктің жанынан консультативтік-кеңесші органдар құрады;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Агенттіктің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін атқаруды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.
22. Агенттік аппаратын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымынан босатылатын аппарат басшысы басқарады.
23. Агенттіктің аппарат басшысы:
1) төраға қадағалайтын Агенттіктің құрылымдық бөлімшелерінің басшыларын төрағаның келісімі бойынша лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
2) төрағаның келісімі бойынша Агенттіктің аумақтық органдарының басшыларын және оның орынбасарларын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
3) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген лауазымды адамдарды қоспағанда, төрағаның келісімі бойынша Агенттіктің орталық аппаратының жұмыскерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.
24. Агенттіктің облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада алқалы орган болып табылатын Әдеп жөніндегі кеңестері болады, олар туралы ережені Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет