Қазақстан республикасының мемлекеттік жалпығА



бет2/4
Дата13.06.2016
өлшемі0.54 Mb.
#133713
1   2   3   4

1-кестенің жалғасы

1

2

3

4

5




сапасын көтерудің психологиялық әдістері мен тәсілдері. ЖОО оқытушысының кәсіптік сипаттамасы және психикалық сипаттамасы. Қазіргі магистранттың психологиялық портреті. Оқу процесінің психологиялық құрылымының динамикалық сипаты. Магистранттардың оқу процесіндегі танымдық қызметінің психологиясы. Интеллектілік (ойлау) қызметін дамыту. Оқу процесін даулы жағдайда басқару. Педагогикалық қарым-қатынас және педагогикалық ықпал психологиясы. Ғылыми-педагогикалық ұжымның қалыптасуы мен дамуының психологиялық ерекшеліктері. ЖОО-ның психологиялық қызметі. Тұлғаның психикалық диагностикасы. Педагогикалық қызметтің психикалық профилактикасы.













Менеджмент

Менеджментке кіріспе: негізгі ұғымдар. Басқару процесінің атқаратын қызметі, принциптері және элементтері. Менеджменттің дамуы: менеджменттің пайда болу шарттары мен алғышарттары, менеджмент мектептері. Қазақстандық менеджмент ерекшеліктері. Менеджменттегі интеграциялық процестер. Менеджмент жүйесі: атқаратын қызметі және ұйымдық құрылымы. Менеджменттегі жоспарлау, SWOT-талдау және болжам. Басқару процесі. Менеджмент механизмі. Адами ресурстарды басқару. Персоналды басқару – жоспарлау, іріктеу, орналастыру, персонал мотивациясын бағалау. Кадр саясатын құру кезеңдері мен бағыттары. Кадр жөніндегі ашық және жабық саясат. Кадр саясатын таңдауды анықтаушы факторлар. Менеджердің жеке тұлғасы. Лидерлік және басқару стилі. Топ дамуы және дауларды шешу. Басқару ресурстары, сапасы және тиімділігі. Басқаруды ақпаратпен қамтамасыз ету жүйесі.



1

1

-




Биоэтика негіздері

Биоэтикаға кіріспе. Адам қатыстырылатын биомедициналық зерттеулерді этикалық тұрғыдан және құқықтық қамтамасыз ету. Адам қатыстырылатын биомедициналық зерттеулерді жүргізудің этикалық нормаларын реттейтін құжаттар. Этика жөніндегі Комитетті құру және



1

1

1

1-кестенің жалғасы

1

2

3

4

5




оның қызметі. Стандартты операциялық емшаралар. Зерттеу жүргізу әдістемесін этикалық тұрғыдан бағалау. Дәрілік препараттарға клиникалық зерттеу жүргізу фазалары. Зерттеу дизайны және гигиена мен эпидемиологияда зерттеу жүргізу әдістемесін этикалық тұрғыдан бағалау. Хабардар болған соң берілген келісім. Биомедициналық зерттеулерге қатысушыларды сақтандыру арқылы қорғау мәселелері.













Биостатистика

Статистика теориясының негіздері. Орташа мөлшер, түрлену көрсеткіштері. Айырмашылықтың растығын бағалау. Динамикалық қатарлар. Кесте түріндегі және графикалық материалдар. Корреляциялық талдау. Кері талдау. Дисперсиялық талдау. Параметрлік емес өлшем. Стандарттау әдісі, оның мәні және қолданылуы. Статистикалық зерттеулердегі графикалық кескіндемелер. Статистикалық материалдарды өңдеуде компьютерлік технологияны қолдану.

Қоғамдық құбылыстар дамуын зерттеудің статистикалық әдістері. Халықтың тұрмыс деңгейінің статистикасы. Халық денсаулығының статистикасы. Денсаулық сақтау жүйесінің статистикасы. Денсаулық сақтау ұйымдары қызметіне талдау. Гигиена мен эпидемиологиядағы статистика. Статистикалық және математикалық әдістерді санитария-гигиена қызметінің бағдарламасын жоспарлау үшін және талдау жасау үшін әзірлеп, қолдану.


1

1

2




Эпидемиология және зерттеу әдістері

Эпидемиология (індеттану) ғылым ретінде. Зерттеудің эпидемиологиялық әдістері. Дескриптивті эпидемиология. Бастапқы мәліметтер, статистикалық көрсеткіштер, проблеманы бағалау, болжамды тұжырымдау. Эпидемиологиялық зерттеу мәліметтерін өңдеу және талдау. Клиникалық эпидемиология. Скринингтің эпидемиологиялық аспектілері. Эпидемиологиядағы себеп-салдар байланысы. Санитария-гигиена қызметінде зерттеудің эпидемиологиялық әдістерін қолдану. Жұқпалы ауруларды зерттеу және



1

1

2

1-кестенің жалғасы

1

2

3

4

5




бақылау. Эпидемиологиялық тексеру. Жұқпалы аурулармен күрес. Жұқпалы емес аурулар және олармен күрес. Індеттің ауысуы. Бейспецификалы созылмалы аурулардың таралу көрсеткіші. Созылмалы аурулардың қауіп-қатерлі ықпалы мен этиологиясы және әлеуметтік-экономикалық зардабы. Созылмалы аурулар және жаңа қоғамдық денсаулық сақтау.










1.2

Таңдау компоненті (ТК)

5

6

8

2

Бейіндік пәндер (ПП)

13

20

22

2.1

Міндетті компонент (МК)

3

6

8




Санитария-эпидемиология қызметін ұйымдастыру

Қазақстан Республикасында санитария-эпидемиология қызметін ұйымдастыру және оның міндеттері. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саулығын қамтамасыз етуде мемлекеттік санитария-эпидемиология қызметі ұйымдарының, ведомостволарының, бөлімшелерінің рөлі мен орны. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саулығын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары. Қазақстан Республикасындағы қазіргі санитариялық-эпидемиологиялық жағдай. Адам мекендейтін орта факторы, оның халық денсаулығына ықпалы. Мемлекеттік санитария-эпидемиология қызметі жұмысының сапасын бақылау жүйесі.



1

2

2




Дәлелді медицина негіздері

Дәлелді медицинаға кіріспе. Дәлелді медицинаның терминологиясы, құралдары және әдістері. Дәлелді медицина бойынша мәліметтерді түсіндіруге қажетті базалық статистикалық білім. Медициналық ақпаратты іздестіру әдіснамасы, сенімді дереккөздер мен қорлар. Дәлелді медицинадағы сандық және сапалық зерттеу әдістері. Рандомизацияланған бақыланатын сынақтар. «Алтын стандарт». Дәлелдер сатысы. Зерттеу дизайны және гигиена мен эпидемиологияда зерттеудің әдістемелік сапасын бағалау: сезімталдығы, ерекшелігі, болжам құндылығы. Жүйелі шолу мен мета-талдаудың сыни бағасы. Дәлелдену деңгейі.



1

2

2

1-кестенің жалғасы

1

2

3

4

5




Денсаулық сақтаудағы заңнама

Қазақстан Республикасының Конституциясы. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдарының қызметін реттеуші Кодекстері мен заңнамалық құжаттары. Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын қорғаудың құқықтық негіздері. Қазақстан Республикасында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саулығын қамтамасыз ету тәртібін реттеуші заңнамалық-нормативтік құжаттар. Қазақстан Республикасының мемлекеттік санитария-эпидемиология қызметі жұмысының құқықтық негіздері. Отандық нормаларды халықаралық нормалармен үйлестіру. Медицина қызметкерлерінің құқықтары мен жауапкершілігі. Медицина қызметкерлерін әлеуметтік-құқықтық қорғау.



1

2

2




Гигиена мен эпидемиологиядан сабақ беру және ғылыми зерттеулер негіздері

Медициналық-профилактикалық білім беру міндеттері. Бұрынғы алған білімін жандандыру тәсілдері. Оқыту стильдері. Оқыту әдістері. Жеке білім беру траекториясын әзірлеу. Шағын топтармен жұмыс тәртібі мен әдістері. Проблемаға бағытталған және жобаға бағытталған оқыту. Кері байланыс әдістері. Білімді, дағдыны, қарым-қатынасты, біліктілікті және практикалық жұмысты бағалау әдістері. Негізгі және профильдік пәндер бойынша жазбаша тест сұрақтарын құру. Санитария-эпидемиология қызметі жұмыскерлерінің диплом алғаннан кейінгі және үздіксіз кәсіптік дамуын ұйымдастыру принциптері.



Гигиена мен эпидемиологиядағы ғылыми зерттеулер. Ғылыми жұмыстың тақырыбын, мақсаты мен міндеттерін тұжырымдау. Зерттеу жобасы элементтері. Зерттеу әдіснамасы. Зерттеуге талдау жасау және қорытынды мен ұсыныстарды тұжырымдау. Ғылыми зерттеуді енгізу және оның тиімділігі. Ғылыми зерттеу жұмыстарының жазылуына қойылатын жалпы талаптар және ресімдеу тәртібі. Ғылыми зерттеу жұмыстарын рецензиялау, жұмыс туралы баяндама, баяндама тезисін құру. Ғылыми материалды баспасөзде жариялауға дайындау

-

-

2

1-кестенің жалғасы

1

2

3

4

5

2.2

Таңдау компененті (ТК)

10

14

14

3

Практика (педагогикалық, зерттеу)

-

-

10

кем емес




Практика (өндірістік)

3

кем емес

5

кем емес

-

4

Магистранттың магистрлік диссертациясының орындалуын қамтитын эксперименттік-зерттеу жұмысы (МЭЗЖ)

4

6

-




Магистранттың магистрлік диссертациясының орындалуын қамтитын ғылыми -зерттеу жұмысы (МҒЗЖ)

-

-

11

5

Қорытынды аттестаттау

2

2

2

5.1

Кешенді емтихан

1

1

1

5.2

Магистрлік диссертацияны қорғау

1

1

1




Барлығы

30 кем емес

40

кем емес

55

кем емес

Е с к е р т у –

Практика мен қорытынды аттестаттауға бөлінетін кредит саны жалпы еңбек сыйымдылығына кірмейді. Қажет болған жағдайда ЖОО практикаға бөлінетін кредит санын көбейте алады.


7.6 Білім беру бағдарламасының ғылыми компоненті магистранттың эксперименттік-зерттеу/ғылыми-зерттеу жұмысынан, ғылыми жарияланымнан және магистрлік диссертацияны жазудан құралады.

7.7 Білім беру бағдарламасын мерзімінен бұрын меңгерген жағдайда:

бейінді магистратураның білім беру бағдарламасын меңгеріп, оған қойылатын талаптарды орындаған жағдайда магистрантқа «денсаулық сақтау магистрі» деген академиялық дәреже оқыту мерзіміне қарамастан берілуі мүмкін;

ғылыми және педагогикалық магистратураның бағдарламасын меңгеріп, оған қойылатын талаптарды орындаған жағдайда магистрантқа «медицина ғылымдарының магистрі» деген академиялық дәреже оқыту мерзіміне қарамастан берілуі мүмкін.

7.8 Профильді магистратураны бітірген магистрант педагогикалық бейіндегі пәндер циклін меңгеріп, педагогикалық практикадан өткен жағдайда ғана ғылыми және педагогикалық қызметпен айналыса алады. Аталған цикл қосымша берілетін академиялық кезеңде меңгеріледі, циклді бітірген соң оған негізгі дипломына қоса тиісті сертификат беріледі.

7.9 6М110500 – «Медициналық-профилактикалық іс» » мамандығы бойынша магистрдің негізгі біліктілігіне қойылатын талаптар.

Денсаулық сақтау магистрінің:

- санитария-эпидемиология қызметінің қазіргі даму бағыттары және жетістіктері туралы;

- әлеуметтік саясаттың басқа да салаларымен байланыста және өзара тәуелділікте денсаулық сақтаудың және санитария-эпидемиология қызметінің негізгі проблемалары туралы;

- гигиена мен эпидемиология саласындағы кәсіптік жұмысының негізгі міндеттері туралы;

- өзінің болашақ кәсібінің, кәсіптік қызметінің нақты саласының маңызы мен әлеуметтік мәні туралы;

- кәсіптік қызметті орындау барысында туындайтын міндеттерді шешуге қажетті деңгейде танымдық әдістер туралы;

- Қазақстан экономикасы жағдайында денсаулық сақтауды инновациялық дамыту міндеттері және оларды жүзеге асыру әдістері туралы;

- деректерге статистикалық талдау жасаудың қазіргі әдістері туралы



түсінігі болуы тиіс.

Денсаулық сақтау магистрі мыналарды білуі тиіс:

- санитария-эпидемиология қызметінің теориясы мен практикасының негіздерін;

- санитария-эпидемиология қызметі маманының бейіндік дайындықтың таңдаған бағыты шеңберіндегі жұмысын ұйымдастыруды;

- денсаулық сақтау, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық жағдайын қамтамасыз ету саласындағы заңнаманы, санитария-эпидемиология саласы қызметкерлері жұмысының құқықтық негіздерін;

- емдеу-сауықтыру және санитариялық-эпидемиологиялық ұйымдар қызметінің ұйымдық-экономикалық аспектілерін;

- менеджменттің, маркетингтің негізгі принциптерін, олардың денсаулық сақтау жүйесіндегі және санитария-эпидемиология қызметіндегі ерекшелігін;

- гигиена мен эпидемиологиядағы, медициналық және биомедициналық зерттеулердегі сандық және сапалық талдау әдістерін;

- тиімді қарым-қатынас әдістерін, денсаулық сақтау ұйымдарындағы торығуды, дауларды және инновацияны басқару үшін психология сұрақтарын;

- кем дегенде бір шетел тілін еркін меңгеру деңгейінде, оның ішінде медициналық ақпаратты еркін түсінетін деңгейде;

- еңбекті қорғаудың, қауіпсіздік техникасының, кәсіптік этиканың негізгі ережелерін.



Денсаулық сақтау магистрі мыналарды істей алуы керек:

- мақсатты қою және кәсіби қызметін жүзеге асыруға байланысты міндеттерді тұжырымдау, оларды шешу үшін оқылатын пәндердің әдістерін қолдануды;



  • өз қызметінің нақты саласын анықтауды;

- дәлелді медицина принциптері негізінде өзінің кәсіби қызметі шеңберіндегі басқару шешімдерін қабылдауды;

  • санитария-эпидемиология мекемелерінің қызметіне талдау жасауды және бағалауды;

- эпидемиологиялық процестің сандық және сапалық сипатын бағалауды;

- командада жұмыс істеуді, кәсіби қызметінде өзіндік дербес шешім қабылдауды;

- өзінің кәсіптік қызметінің нәтижесін болжау, жұмыс процесін бақылау және оның нәтижесін әділ бағалау;

- кәсіптік қызметі саласындағы пәнаралық және сектораралық кешенді проблемаларды шешуді;

- өзінің алдағы кәсіби дамуын жобалауды;

- білімдерді интеграциялауды және оларды сыпайы, қисынды байланыстырып ауызша және жазбаша формада жеткізе алуды;

- кәсіптік шешімдері үшін өзіне жауапкершілік алуды.

Денсаулық сақтау магистрінің мынадай машықтары болуы қажет:

- санитария-эпидемиология қызметін жоспарлау, ұйымдастыру, басқару, үйлестіру, бақылау;

- кәсіптік міндетін жүзеге асыруға байланысты мақсатты қоя алу және міндеттерді тұжырымдау;

- қисынды және сыни ойлау, шешіміне сендіру және дәлелдеу, өз пікірін ауызша және жазбаша формада дұрыс және қисынды құрастыру;

- түрлі процестер мен құбылыстарды сипаттау және болжау үшін үлгілерді құрастыру, қолдану;

- кәсіптік міндетін өз бетінше, шығармашылықпен орындау, өзін, өзінің еңбек нәтижесін әділ бағалау;

- жаңа ақпараттық және білім беру технологиялары көмегімен кәсіптік білімін тереңдету.

Денсаулық сақтау магистрі мына жұмыстарда білікті болуы тиіс:


  • Қазақстан Республикасы халқының санитариялық-эпидемиологиялық жағдайын қамтамасыз ету мәселерінде;

- бейіндік дайындықтың таңдалған бағыты шеңберінде қолданбалы кәсіптік проблемаларды шешуде;

- адам мекендейтін орта мен халық денсаулығы ахуалының гигиеналық параметрлерін статистикалық талдауда;

- жеке және корпоративтік кәсіби байланыс орнатуда;

- жеке және кәсіптік өсуге дайын болып, ақпараттық іздестіру проблемасын шешуде.


Медицина ғылымдарының магистрінің:

- медицина ғылымының қалыптасу кезеңдері туралы, оның негізгі даму бағыттары туралы;

- қазіргі ғылыми ақпарат және оны өзінің кәсіптік қызметінде қолдану туралы;

- гигиена мен эпидемиологияны оқытудың қазіргі әдістемесі туралы;

- қазіргі гигиена мен эпидемиологиядағы ғылыми және педагогикалық мектептердің рөлі (сабақтастық) туралы;

- әлеуметтік саясаттың басқа да салаларымен байланыста және өзара тәуелділікте денсаулық сақтаудың және санитария эпидемиология қызметінің негізгі проблемалары туралы;

- кәсіптік қызметті орындау барысында туындайтын міндеттерді шешуге қажетті деңгейде танымдық әдістер туралы;

- деректерге статистикалық талдау жасаудың қазіргі әдістері туралы



түсінігі болуы тиіс.

Медицина ғылымдарының магистрі мыналарды білуі тиіс:

- қазіргі медициналық-профилактикалық іс сүйенетін іргелі ғылымдардың негіздерін;

- медициналық-профилактикалық істің негізгі жетістіктері және даму үрдістерін;

- дәлелді медицинаның негізгі принциптерін;

- гигиена мен эпидемиологиядағы, медициналық және биомедициналық зерттеулердегі сандық және сапалық талдау әдістерін;

- денсаулық сақтау саласы, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық жағдайын қамтамасыз ету туралы заңнаманы, санитария-эпидемиология қызметкерлері жұмысының құқықтық негіздерін;

- адамның адаммен, қоғаммен, қоршаған ортамен қарым-қатынасын, оның ішінде кәсіптік саладағы қарым-қатынасын реттейтін этикалық және құқықтық нормаларды;

- тиімді қарым-қатынас әдістерін, денсаулық сақтау ұйымдарында торығуды, дауларды басқара алу және инновацияны басқару үшін психология сұрақтарын;

- ғылыми танымның қазіргі тұжырымдамасын, теориялық-әдістемелік негіздерін;

- ұжымның ғылыми қызметінің менеджменті мен мотивациясы негіздерін;

- кем дегенде бір шетел тілін еркін меңгеру деңгейінде, оның ішінде медициналық ақпаратты еркін түсінетін деңгейде.

Медицина ғылымдарының магистрі мыналарды істей алуы керек:

- өзінің кәсіптік, ғылыми, ғылыми-педагогикалық қызметін, сонымен қатар ұжым қызметін жоспарлауды және жүзеге асыруды;

- іргелі ғылымдардан білімін өзінің практикалық жұмысында нақты зерттеу, ақпараттық-іздестіру, әдістемелік міндеттерді шешу үшін қолдануды;

- әлеуметтік маңызды проблемалар мен процестерді ғылыми тұрғыдан талдауды;

- практикалық қызметінде жоғары оқу орнында психологиядан және педагогикадан алған білімін қолдануды;

- командада жұмыс істеуді, кәсіби қызметінде өзіндік дербес шешім қабылдауды;

- кәсіптік қызметі саласындағы пәнаралық және сектораралық кешенді проблемаларды шешуді;

- өзінің алдағы кәсіби дамуын жобалауды;

- білімдерді интеграциялауды және оларды сыпайы, қисынды байланыстырып ауызша және жазбаша формада жеткізе алуды.

Медицина ғылымдары магистрінің мынадай машықтары болуы қажет:

- зерттеудің алғашқы жобаларын әзірлеу және басқа да жобаларға қатысу, дербес зерттеу жұмыстарын жазу;



  • адамзаттың бұдан бұрынғы рухани дамуы мен практикалық әрекетінің синтезінің формасы ретіндегі философиялық принциптер тұрғысынан гигиена мен эпидемиология жетістіктеріне талдау жасау;

- зерттеу және педагогикалық міндеттердің стандартты түрлерін шешу;

- қисынды және сыни ойлау, шешімдерге сендіру және дәлелдеу, өз ойын дұрыс және қисынды жазбаша және ауызша формада ресімдеу;

- білім алушылар және мамандар аудиториясымен жұмыс;

- жаңа ақпараттық және білім беру технологиялары көмегімен кәсіптік білімін тереңдету.



Медицина ғылымдарының магистрі мына жұмыстарда білікті болуы тиіс:

  • денсаулық сақтау саласының педагогикалық және ғылыми қызметі мәселелерінде;

  • Қазақстан Республикасында және шетелдерде ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру мен қаржыландырудың қазіргі жүйесі саласында;

  • Республика халқының санитариялық-эпидемиологиялық жағдайын қамтамасыз ету мәселерінде;

- адам мекендейтін орта мен халық денсаулығы ахуалының гигиеналық параметрлерін статистикалық талдауда;

- кәсіби байланыс, жеке және корпоративтік кәсіби байланыс орнатуда;

- жеке және кәсіптік өсуге дайын болып, ақпараттық іздестіру проблемасын шешуде.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет