Қазақстан республикасының мемлекеттік стандарты ұялы байланыстың абоненттік стансалары (терминалдары). Техникалық талаптар



бет8/9
Дата25.02.2016
өлшемі0.64 Mb.
#22960
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Электроқорек

8.1 Тасымалды және портативті АС ендірілген тұрақты тоқ көзінен қоректенуі қажет.

8.2 Тұрақты тоқ көзінің номинальды кернеуі және сыйымдылығы өндірушімен анықталады.

8.3 Тасымалды және портативті АС қорек көзі кернеуінің өзгеруі 8.1-кестеде келтірілген шегінде жұмыс істеу қабілетін қамтамасыз етуі керек.


8.1-кесте Қорек көзінің кернеуінің өзгеру шектері


Қорек көзінің типі

Номинальды мәнге салыстырмалы

қоректің кернеуі



Төмендетілген

Жоғарылатылған

Нормалды

Ауыспалы тоқтың желісі, 220 В


0,85

1,1

1,0

Қышқылды-қорғасынды реттелетін батарея


0,9

1,3

1,1

Литиелік аккумуляторлық батарея

0,85

1,0

1,0

Никель-кадмиелік аккумуляторлық батарея


0,9

1,0

1,0

Никель-металл гидридті аккумуляторлық батарея


0,9

1,0

1,0

8.4 Тасымалды АС электроқоректің номиналды кернеуі 12 В болатын борттық желіден қоректенуі керек.

8.5 Тасымалды АС номиналды мәннен қорек көзі кернеуіннің өзгеруі 0,9-дан 1,3-ке дейін жұмыс істеу қабілетін қамтамасыз етуі керек.

  1. Климаттық ықпалға тұрақтылық бойынша талаптар

9.1 АС сыртқы ортаның келесі климаттық факторларының ықпалына тұрақты болуы қажет:



      1. пайдалану кезінде:

    • қоршаған ауаның температурасы: портативті АС-дың 900 МГц диапазонды 4 мен 5 қуат топтары және 1800 МГц диапазонды 1 мен 2 қуат топтары: минус 10°С -дан 55°С-ға дейін – жұмыс мәндері;

    • АС-дың 900 МГц диапазонды 2 мен 3 қуат топтары және 1800 МГц диапазонды 3 қуат тобы: минус 20°С-дан 55°С-ға дейін;

    • салыстырмалы ылғалдық: 20°С кезінде 65% - ықпал әсері 12 айға жалғасатын көбінесе жылы және ылғалды периодтағы орташа айлық мән;

    • 25°С кезінде 80% - жоғарғы мән;

      1. сақтау кезінде:

    • қоршаған ауаның температурасы: 5°С-дан 40°С-ға дейін;

    • салыстырмалы ылғалдылық: 20°С кезінде 65% - тұрақты 12 айға жалғасатын көбінесе жылы және ылғалды периодтағы орташа айлық мән;

      1. тасымалдау кезінде:

    • қоршаған ауаның температурасы: 5°С – тен 40°С-ке дейін;

    • салыстырмалы ылғалдылық: 25°С кезінде 100% - жоғарғы мән.

9.2 АС 9.1-кестеде көрсетілген климаттық факторлардың ықпал етеуінде өзінің жұмыс параметрлерін сақтауы керек.


9.1-кесте Ықпал ететін климаттық факторлар


Абоненттік стансаның типі

Ықпал ететін факторлар

Қоршаған ортаның төмендетілген жұмыс температурасы

Қоршаған ортаның жоғарылатылған жұмыс температурасы

Алып жүретін және портативті

минус 10°С

55°С

Тасымалды

минус 20°С

55°С

9.3 Тасымалдаушы, алып жүретін және портативті АС жұмысқа қабілетті және 9.2- кестеде келтірілген параметрлерімен бір жиілікті синуоидты дірілдің ықпалынан соң жұмыс параметрлерін сақтау керек.


9.2 кесте. Механикалық ықпал етудің параметрлері


Дірілдің жиілігі, Гц

Дірілүдетудің спектрлік тығыздығы, м23

5-20

0,96

20-500

20 Гц жиілікте 0,96, ары қарай -3 дБ/октава

9.4 АС қапталған түрде тасымалданған соң жұмысқа қабілетті болу керек және жұмыс параметрлерін сақтау керек. Тасымалдау кезінде механикалық ықпал ету параметрлері 9.3-кестеде көрсетілген.

9.5 Арнайы орындауда шығарылатын АС үшін климаттық және механикалық ықпал етулерге тұрақтылық талаптары Техникалық шарттарда орнатылады.
9.3-кесте Механикалық ықпал етудің параметрлері


Шыңдық соққы үдеуі, g

Соққы саны, кем дегенде

Минутына соққы жиілігі

Соққы импульсінің ұзақтығы, мс

5

10000

40-тан 80-ге дейін

5-тен 10-ға дейін

10

2000




25

1000



9.6 АС-ға климаттық және механикалық факторлары ықпал еткенде келесі параметрлерге бақылау жүргізіледі:



  1. статикалық арнада жиілік пен фаза бойынша қате (п. 5.2.1) – бір жиілікті синусоидалды діріл ықпал етуден кейін, тасымалдау, температураның жоғарылаған және төмендеген кезінде механикалық ықпалдан кейін;

  2. жібергіштің шығу қуаты (п. 5.2.2) - жоғарылаған және төмендеген температураның ықпалынан кейін;

9.7 Жұмыс температурасының жоғарылаған (төмендеген) кезінде АС параметрлерін бақылау электроқорек кернеуінің қолжетім мәнінің шегінде бір уақытта өзгергенінде жасалуы керек.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет