Қазақстан республикасының мемлекеттік стандарты


ЕАЖ-нің жіктелуіне қойылатын талаптар



бет4/9
Дата23.02.2016
өлшемі358 Kb.
#3179
1   2   3   4   5   6   7   8   9

ЕАЖ-нің жіктелуіне қойылатын талаптар

ЕАЖ-ні жобалау, әзірлеу және қолдануды реттеу мақсатында ЕАЖ-нің келесі жіктелім белгілері енгізіледі:



  1. ЕАЖ-ні міндетті түрде жұмыс жасайтын байланыс желісінің сыйымдылық мөлшері бойынша;

  2. ЕАЖ-ні қолдану деңгейлері бойынша:

  • ЕАЖ-нің жоғары деңгейі байланыс қызметін көрсетудегі технологиялық үрдістердің басқа ішкі жүйелердің бірігу және байланыс кәсіпорынын басқару мүмкіндігін кең қолдануды қамтамасыз етеді;

  • ЕАЖ-нің төменгі деңгейі басқа технологиялық үрдістерге бейімделу мүмкіндігінсіз жергілікті қолдануды қамтамасыз етеді;

  1. ЕАЖ-нде жүзеге асыралатын қызмет орындары мен қызметтер номенклатурасы бойынша:

  • байланыс қызмет орындарының 1-2 қызметі бойынша есептеуді жүргізуге бағытталған қарапайым ЕАЖ;

  • бір байланыс қызмет орынының 1-2 қызметі бойынша есептеуді жүргізуге бағытталған арнайы ЕАЖ;

  • осы стандарт тарайтын (1 бөлімді қараңыз) байланыс желілеріндегі қызметтердің кез келген терулері бойынша есептеуді жүргізуге бағытталған әмбебап ЕАЖ.

  1. ЕАЖ-нің өндірістік сериялығы бойынша:

  • жүйені сериялы өндіру және көптеген байланыс операторларының желілерінде ендіруге мүмкіндік беретін тираждалатын ЕАЖ;

  • тек нақты телекоммуникациялық оператордың желісінде пайдалану үшін әзірленген бір ЕАЖ.

  1. ЕАЖ-нің функционалдық мүмкіндіктері бойынша:

  • аймақтық байланыс операторлары үшін ЕАЖ стандартты (типтік) және аймақтық байланыс қызметтерін есептеуді жүргізуді қамтамасыз ету және ұлттық валюта мен мемлекеттік тілді қолдауы қажет.

  • байланыстың ұлттық операторлары үшін ЕАЖ аймақаралық желілер арасындағы өзара қарым қатынастарды қамтамасыз ету және елдегі ұлттық валюта мен мемлекеттік тілді қолдауы қажет;

  • байланыстың трансұлттық операторлары үшін ЕАЖ әртүрлі уақыт аумағындағы ұлтаралық (мемлекетаралық) деңгейдегі желілердің өзара әрекетін және көп тілділік пен көп валюталықты қамтамасыз етуі керек.
  1. Сыртқы жүйелермен өзара әрекеттесуіне қойылатын талаптар





  1. ЕАЖ телекоммуникациялық операторлардың сыртқы АЖ-мен өзара әрекеттесу мүмкіндігіне ие болуы керек:

  1. технологиялық (АТС, АҚТС, Телеграф және т.б.);

  2. ақпараттық-анықтамалық (телекоммуникациялық операторлардың анықтамалары және т.б);

  3. қаржылық-экономикалық (бухгалтерия, жоспарлау бөлімі және т.б).

  4. мамандарды басқарудың автоматтандырылған жүйесі;

  5. қашықтан банктік күтім жүйесі.

  1. ЕАЖ-нің сыртқы АЖ-мен өзара әрекеттесуі жалпы қабылданған ашық ақпаратты құрылымдау мен жіберу стандарттарын пайдалану негізінде жүргізілуі керек.

  2. ЕАЖ-нің сыртқы АЖ-мен өзара әрекеттесуін ұйымдастыру үшін олардың стандарттық түйіспелері бойынша техникалық, программалық және ақпараттық үйлесімдік қамтамасыз етілуі керек.

  3. ЕАЖ-нің автоматтандырылмаған сыртқы жүйелерінің элементтерімен түйіндесуі қағаз технологиясы деңгейінде (қағаз құжаттарымен) жүзеге асырылады.

  4. ЕАЖ ақпаратты сыртқы жүйелерден автоматты және автоматтандырылған түрде енгізу мүмкіндігіне бағытталуы керек.

  5. ЕАЖ-не алғашқы деректерді сыртқы жүйелерден ақпаратты қағаз және электронды тасушы көмегімен автоматтандырылған енгізу кіріс деректердің растылығы мен дұрыстығын бақылайтын программалық және аппараттық құралдарды міндетті түрде қолдану арқылы жүзеге асуы керек.

  6. ЕАЖ-не алғашқы деректерді сыртқы жүйелерден автоматты енгізу кіріс деректердің растылығы мен дұрыстығын бақылайтын программалық құралдарды міндетті түрде қолдану арқылы жүзеге асуы керек.

  7. ЕАЖ-ні енгізу кезінде оның ERP-жүйесімен ғана емес телекоммуникациялық операторлaрдың АТ-инфрақұрылымының басқа құраушыларымен ықпалдасу мүмкіндігі болуы керек. Оларға мыналар жатады: мамандарды басқарудың автоматтандырылған жүйесі, электронды құжат айналымының жүйесі, қаржылық есептілік пен бухалтерлік санау жүйелесі, қашықтықтан банктік күтім жүйесі, төлемдік жүйе және т.б.

  8. Егер әртүрлі байланыс қызметтерінің есептеуі бірнеше ЕАЖ-нде жүргізілсе, онда ERP-дағы барлық ЕАЖ бойынша толық ақпараттың бар болуы телекоммуникациялық операторларға дебиторлық қарыздарды басқаруға мүмкіндік береді.

  9. Ақпараттық басқару жүйесі мен ЕАЖ интерфейсін іске асырудың әртүрлі тәсілдері бар: файлдармен алмасу, бірігу шинасы, СОМ интерфейсі. Практикада интерфейстің түрлері ЕАЖ-нің жаңартудың шектеулі мүмкіндіктерімен анықталады, ол клиенттің бірігуге арналған шығындарын қысқартады.

  10. Алғашқыдан ЕАЖ бағалар, тариф және басқа да құндық сипаттамалар туралы анықталған деректер негізінде қызмет немесе тауар құнын есептеудің шағын есептерін шешуге бағытталған, сондықтан оның жұмысының тиімділігі телекоммуникациялық операторлардың ERP-жүйесімен тығыз ықпалдасуынсыз мүмкін емес.

  11. Байланыс операторларының ЕАЖ-нің бір-бірімен және ERP-мен бірігуі телекоммуникацияда бірыңғай ақпараттық кеңістік құруға және олардың жұмыстарының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
  1. ЕАЖ-нің і пайдаланушыларының біліктілігіне және жұмыс тәртібіне қойылатын талаптар





  1. ЕАЖ-ні пайдаланушының үш түрі бар: пайдаланушы-абонент, пайдаланушы-оператор, пайдаланушы-әкімші.

  2. Пайдаланушы-абонент өзін-өзі күту интерфейсі арқылы интерактивті режімде өздігінен ақпарат алуына, есеп-шотты басқаруына және басқа қызметтерді пайдалануына мүмкіндік алады.

  3. ЕАЖ телекоммуникациялық желілерінің шекті сыйымдылығын есепке ала отырып максималды тиімді және тұрақты жұмысқа қажетті аралығында пайдаланушы-абоненттердің санын арттыруға мүмкіндік беру керек. ЕАЖ-ні пайдаланушы-абоненттердің компьютер және интернетпен жұмыс істеуден басқа арнайы дайындықтың болуына талап қойылмайды.

  4. Пайдаланушы-оператор, пайдаланушы-әкімшінің саны мен санатын ЕАЖ-нің орнаталуы және жайылуы кезінде тек телекоммуникациялық оператордың бірінші басшысы тағайындауы керек.

  5. Пайдаланушы-оператор лауазымдық нұсқаулардан басқа техникалық, өрт және экологиялық қауіпсіздік нұсқауларын білуі керек, сонымен бірге сәйкес автоматтандырылған жұмыс орнында (АЖО) байланыс қызметін есептеу бойынша өндірістік тапсырмалардың қайсыбірін орындау үшін құқығы болуы қажет.

  6. Пайдаланушы-әкімші пайдаланушы-абоненттер мен пайдаланушы-операторларды тіркеп және шығарып жібере алады, ақпараттық ресурстарға қолжетім құқығын жасайды, ақпараттың сақталымдығы мен бүтіндігіне бақылау жасайды, материалдарды автоматты мұрағаттаудың жиілігін анықтайды, сонымен бірге ЕАЖ-нің жұмыс істеуін қамтамасыз ету бойынша өзге регламенттелген әрекеттерді орындайды.

  7. ЕАЖ-ні әкімшілеу және техникалық күту бойынша қызметшінің біліктілігі «Информатика», «Ақпараттық жүйе», «Есептеу техникасы және программалық қамтама» «Басқару жүйесінде автоматтандыру және ақпараттандыру» мамандықтары бойынша жоғары білімімен анықталады.

  8. ЕАЖ-нің тәулік бойы жұмыс режіміне есептелуі қажет, тек жылына бір рет қана күрделі жөндеу жүргізуге байланысты тоқтатылады. ЕАЖ-нің үздіксіз жұмыс жасау уақыты 120 сағаттан кем болмауы керек.


  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет