Қазақстан Республикасының мұнай-газ саласында өртке қауіпті технологиялық процесстер қатерлерін бағалау және басқару бойынша зерттеулер жүргізу



Дата09.07.2016
өлшемі38 Kb.
#188164
ҒЗЖ тақырыбы: Қазақстан Республикасының мұнай-газ саласында өртке қауіпті технологиялық процесстер қатерлерін бағалау және басқару бойынша зерттеулер жүргізу
Жұмыстың өзектілігі бүгінгі таңда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесіне кіретін техникалық құралдардың әртүрлілігімен және техникалық күрделілігімен түсіндіріледі, аспаптық бақылау әдісін, сонымен қатар мамандандырылған құрылғыларды қолданбай олардың тиімділігін, кейде жай ғана жұмысқа қабілеттілігін тексеру мүмкін болмайды. Мұндай тексерудің болмауы объекттерде өртке қарсы қорғаныс техникалық құралдарының дұрыс және жұмысқа қабілетті күйдегі көрінісіне ғана алып келеді. Бүгінгі күнде аспаптық зерттеудің қарапайым және арзан әдістерін қолдануды жүзеге асыру міндеті өзекті болып табылады, бұл кезде зерттеуді тікелей сол жерде шапшаң жүргізген дұрыс.

2015 жылдың (жылдық аралық) кезеңі ҒЗЖ зерттеулерінің объектісі: Өрт бақылауы мәселесінің қазіргі күйі өртке қарсы қорғаныс жүйесінің жай-күйі мен жұмысқа қабілеттілігін және электр жабдықтарының өртқауіпті күйін бағалау. Аспаптық тексеруді әдістемелік қамтамасыз ету ғылыми құрамдас бөлігі болып табылады.

Жұмыстың мақсаты

Аспаптық тексеру құралдары мен әдістерін пайдаланып өртке қарсы қорғаныс жүйесі жұмысын және электр жабдығының өртқауіпті жайын сандық бағалау әдістерін әзірлеу есебінен Қазақстан Республикасының шаруашылық жүргізуші объектілерінің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету.



Зерттеудің қазіргі кезеңі міндеттері:

  • Зерттеулер тақырыбы бойынша ұйымдастырушылық-құқықтық, нормативтік, ғылыми-техникалық және әдістемелік әдебиетке талдамалық шолудың, статистикалық мәліметтердің негізінде проблемалардың қазіргі заманғы жай-күйін талдау, осы салада ғылдымды дамыту көкейтестілігі.

  • Өртке қарсы қорғаныс жүйелерін шаруашылық жүргізуші объектінің өрт қатерінің дәрежесіне қарай талдау, жүйелеу және тәртіпке келтіру.

  • Өртке қарсы жүйелерді және электр жабдығының өртқауіпті жайын аспаптық бақылаудың заманауи әдістері мен тәсілдерін және техникалық құралдарына мониторинг жүргізу және салыстырып талдау.

  • Өртке қарсы жүйелерді және электр жабдығының өрт қауіпті жайын аспаптық бақылау бағыттарының әрқайсысын зерттеу.

  • Белсенді өртке қарсы жүйелерді және электр жабдығының өртқауіпті жайын аспаптық бақылау бағыттарын нақтылау мақсатымен теориялық, талдамалық және практикалық зерттеулердің нәтижелерін жүйелеу.

  • Электр жабдығының өрт қауіпті жайын бағалаудың әдісін әзірлеу.

  • Аспаптық бақылау әдістерінің барабарлығын бағалау мақсатымен қорғау объектілерінде белсенді өртке қарсы жүйелер мен элементтерге және электр жабдығының өртқауіпті жайына зертханалық және заттай сынақтар (зерттеулер) жүргізу.

Зерттеу әдістері:

Аспаптық тексеру бойынша тәжірибелік істерді жүргізуді ұйымдастырудың принциптері мен әдістерін құрылымдау жүйесі сияқты жұмыста қолданылған әдістемелер осы салада ғылымның дамуына бағытталған, алынған зерттеу нәтижелерін статистикалық бағалау, талдау, эксперттік бағалау, стандарттау және жүйелеу жүйелік амал әдістеріне негізделген.



Ғылыми жаңалығы ең алғаш рет Қазақстан Республикасының шаруашылық объектілерінде өрттің алдын алу және жою бойынша мамандардың әрекеттеріне сапалы түрде әсер ететін, аталмыш жүйенің жай-күйі мен жұмыс қабілеттілігін бағалаудың жаңа тез әдісін қолдануға негізделген шаруашылық жүргізуші объектілердің өртке қарсы қорғаныс жүйесін және өртке қауіпті электр жабдығын аспаптық тексеру әдістемесін әзірлеу бойынша талап қойылғандығымен бекітіледі.

Жұмыстың практикалық маңыздылығы және перспективалық құндылығы:

Зерттеу нәтижелері қорғаныс объекттерінің өрт қауіпсіздігін жоғарылатуға, өрттің алдын алу мен жоюға мүмкіндік беретін, объекттердің өртке қарсы қорғаныс жүйесінің жұмысқа қабілеттілігі мен тиімділігіне, электр желісі мен электр жабдықтарының жай-күйіне бағалау жүргізген кезде қолданылады.



Алынған ҒЗЖ нәтижелері Қазақстан Республикасының шаруашылық объекттерінде өрттің алдын алу және жою бойынша мамандардың жұмысына сапалы түрде әсер етеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет