деген бір ауыз өлеңінің өзінен “Оян, қазақ” кітабының мұрат – мақсатын, негізгі идеясын айқын аңғарамыз.
-
Бірлік жоқ алты ауызды халықпыз ғой,
Қатардан сол себепті қалыппыз ғой.
Ғылым мен мағрифатты керек қылмай,
Надандық шарбатына қаныппыз ғой.
Ағартушы – педогог, ақын күрескер – азамат ақын Міржақып Дулатовтың “Оян, қазақ” атты жинағындағы өлеңдері негізінен саяси - әлеуметтік тақырыпқа жазылған, әсіресе патша өкіметінің отаршылдық, озбырлық саясатын әшкерелеуге арналған саяси лирика.
Міржақып өзінің өмірбаянында “Оян, қазақ” кітабы туралы: “В 1911 – году сборник (“Оян, қазақ”. – Қ.М) был конфискован Главным по делам печати”, - дейді.
Сөйтіп, Ахмет ағасының артынан Мыржақып та Семей түрмесіне түскен. Оның бұдан соңғы тағдыры жайында тағы да “Айқап” жұрналының хабарынан білесіз: “Өткен 23 – декабрьде Семипалат Окружной соты Міржақып Дулатовтың ісін қарады. “Оян, қазақ” мәселесін тәржіме еткен екі орыстан басқа, Дулатов тарафының шақырылған екі эксперт: семинария учителі Нұрғали мырза Құжанов һәм Рахметолла Елікбаев бар еді...
Окружной сот кешкі сағат 7 – де Міржақап Дулатовты уголовное уложение 103 – статьясының 2 – пункты һәм 129 – статьяның 6 – пункты бойынша ғайпылы туып, бір жыл крепостқа хүкім етті. Соттан бұрын 6 жарым ай түрмеде отырғаны есеп емес. Дулатовтың бұл хүкімге рижа болмай, шикаят етешегі (уайым ететін. Қ.М.) естілді М.М:
Айқаптың осы санында тағы қосымша хабар жарияланған. Ол хабар “Адаремізге (басқармамызға. – Қ.М.) келген соңғы хаьарға қарағанда, Міржақып Дулатов 2000 сом злогпен азат қылынған екен”,- деген (“Айқап” №1, 1912 – жыл, 23- бет).
Сөйтіп, Міржақыптың “Оян, қазақ” кітабы патша өкімдерінің үрейін ұшырып, әбігер қылған.
Мыржақыптың екінші өлеңдері жинағы “Азамат” деген атпен 1913 – жылы басылып шығады.
М.Дулатов 1911 – жылдан бастап, қазақтың тұңғыш жұрналы “Айқаптың” жұмысына белсене ат салысады.
“Қазақ” газетін ұйымдастырып, жарыққа шығару ісінде Ахмет Байтұрсыновтың оң қолы, ең сенімді серігі болған Міржақып Дулатов еді.
1914 – жылы “Шоқан Шыңғысұлы Уәлихан” атты мақала және “Абай” (опат 23 – июнь 1904 – жыл)атты мақала жазып жарияланды.
М.Дулатовтың ақындық, әсіресе қабілетті маман жұрналистік атағы “Қазақ” газеті арқылы ел – жұртқа онан сайын кең тарады.
1915 – жылы “Терме” атты өлеңдер жинағы басылып шықты.
Міржқып Дулатов 1920 – жылы Ташкент “Ақ жол” газетінің редаксиясында істейді. 1921 – жылы қызмет Семей қаласына ауысып, губерналық слвт халық сотында сот қызметін атқарады. Сонымен қатар жұрналистік , жазушылық жұмысынан қол үзбейді. Мқалалары “Қазақ тілі” газеінде басылып тұрады.
1922 – жылы Орынборға келіп, 1926 – жылы Қазақстан Мемлекеттік баспасында саяси редактор болып қызмет істейді.
Ахмет Байтұсыновтың өмірбаяны туралы орыс тілінде жазған очеркі, “Балқия” атты төрт перделі пьесасы 1922 –жылы Орынборда басылып шығады. Оқу – ағарту ісіне ерекше мән берген жазушы – педагог Дулатов бастауыш мектеп оқушыларына арнап оқулықтар жазады.
Қазақ тарихын басьтап жазған еңбегі аяқталмай қалған.
1928 – жылдың аяғында ОГПУ тұтқынға алып, екі жылдан түрменің ауыр азабын тартады. Ақырында ОГПУ Коллегиясы 10 жылға кесіп, 1931 – жылы фебральда лагерьге жөнелтеді. Соловецк лагерінде жұмыс істеп тұрып науқасқа шалдығады.1935 – жылы 11- мартта лагерьдің лазаретіне түседі. Алты айдан астам уақыт ауруханада жатып, 5 – октябрь күні қайтыс болды. (Акт №533, 5 – октябрь 1935 – ж.)
Міржақып жаиағаты Ғанижамал 1940 – жылы 45 – жасында Шымкент қаласында дүниеден қайтты. Міржақып пен Ғанижамалдан қалған жалғыз қыз – Гулнар. Гулнар елу жыл бойы еңбек еткен дәрігер, қазір Алматыда балалары, Мыржақыптың жиендері: Динар бас педиатор, Нұрлан мен Жанат медетцина ғылымының кандидаттары, ал Ерлан жазушы, Гулнар Міржақыптың қазы Дулатова осы төрт балсынан жеті немере, бір шөбере сүйіп отыр.
Қайта құру заманында қайта туған Міржақып Дулатовтың атақты ақын шәкірті Сұлтанмахмұт Торайғыров ақындық өнердің қасиетін, өрен жүйрік алыптарын мадақтап, бұдан жетпіс жыл бұрын көсіле жылып:
Кешегі Бұхар жырау, Жанақ ақын,
Шөже, Орынбай халыққа жайған даңқын.
Ахмет пен Міржақып һәм Мағжан,
Алты алаштың баласы біледі атын, -
деп мақтан еткен .
Лекция №12 Тақырыбы:МҰСТАФА ШОҚАЙ (1886-1941)
Жоспар
1 Өмірі.
2 Қызметі.
3 Мұрасы.
Пайдаланылатын әдебиеттер:
а)негізгі
1 «Жүз тұңғыш » Алматы 2005 ж
2. М. Жолдасбекұлы, А. Сейдімбек, Қ. Самюраұлы «Ел тұтқа» Астана
2001ж
б)қосымша
1. Данагүл Махат «Қазақ зиялыларының қасіреті» алматы 2004 ж.
2. М. Құлмұхаммед «Алаш бағдарлымасы» қиянат пен ақиқат Алматы 2000ж
Лекция мәтіні
Мұстафа Шоқай ( Шоқаев ,Мұстафа Шоқай оғлы Мұстафа) (1890-1941)-мұсылман халықтарының саяси өрлеуінде елеулі рөл атқарған, Ресейдің автономиясын жақтаған XX ғасыр басындағы еліміздің тәуелсіздігі мен бостандығы жолындағы күрескерлердің ірі өкілі. Ақмешітте, қазіргі Қызылорда облысының Сырдария ауданында дүниеге келген. Нағашылары жағынан Хиуаның хан әулетінің қатынасы болған. Мектепте мұсылманша білім алып Ташкент гимназиясын, Санкт-Петербург университетінің Заң факультетін алтын медальмен бітірген. Орыс, ағылшын, француз, поляк түрк тілдерін еркін меңгерген. Ақпан революциясына дейін Ә.Бөкейхан мен бірге Ресей Мемлекеттік Думасы мұсылман фракциясының Түркістан істері бойынша хатшысы болған. 1916 жылғы атақты мауысым жарлығынан кейінгі ел ішіндегі дүрбелең жылдарында патша жазалаушыларының қанышерлік – қатігез әрекеттерін әлемге жария етіп, өз халқына қарсы бағытталған бейбастақ саясатты тізгіндеу үшін Мемлекттік Думада беделді комиссия құруға қол жеткізіп, оған дәлелді деректірді табыстайды. 1917 жылғы төңкерістерден кейін қызу саяси тартыстардың ортасында болған Мұстафаның ұстанған негізгі бағыт идеясы жекеше ұлттық дербестігі емес Ұлы Түркістан мемлекетін құру болды. 1917 жылғы 22 қарашада Ферғана хандығының бұрынғы астанасы Қоқанда мұсылман ұйымдары Бүкіл түркістандық конгес өткізіп Түркістан автономиясын жариялады. Шоқай үкімет мүшесі болып сайланып, көп кешікпей ол орынан кеткен премьер министр Тыншпаевты алмастырады Мұстафа Шоқай Алаш Орда үкіметінің құрамына да енді, бірақ Қоқан автономиясы талқандалғаннан кейін иммиграцияға кетуге мәжбур болады. 1919 жылы Маңғыстаудағы Кетік порты арқылы Кавказға кетеді. Оның Маңғыстауда өтуі, жүрген жолдары Стамбүл қаласында басылып шыққан жубайы Мария Шоқайдың естелігінде (1997) көрсетілге. Содан Грузияға қашып барып, одан Түркияға, сосын Германиямен Францияға өтіп кетедіде, онда мұсылман иммиграциясының көшбасшысы болады. Эммиграцияда жүріп ңестерге қарсы идеялық күресін жалғастырады, “Жаңа Түркістан” және Жас Түркістан журналдарын шығарады, Станилиншілдікті және кеңестік жүиені сынаған бірқатар еңбектер жазады .1928ж.француз, ал 1935 жылы орыс тілдерінде “Түркістан Кеңестер билігінде (пролетариат диктатурасының сипаттамасы жөнінде)” деген кітап жариялайды. Оның қызу саяси қызметі өз билігінде билік құрған Кеңестік жүйенің барша адамзат алдында әшкерелеуге бағыттылды. 1940 жылы Францияны басып алғаннан кейін фашистер Мұстафа Шоқайды тұтқынға алып, Компьен лагерінде қамалды. Босатынғаннан кейін ол Берлинге жөнелтіліп ,онда “Үлкен Түркістан легионын басқаруға ұсыныс алады. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде неміс тұтқынына түскен отандастарын түркістандық бауырларын құтқару үшін зор жұмыстар жүрізеді . Қазақ халқының отаршылдыққа қарсы күресі тарихындағы аса ірі қаираткер тұлғаларының бірі Мұстафа Шоқай1941жылы Берлин қаласында беимәлім жағдайда қаитыс болды.
Лекция № 13 Тақырыбы:МҰСТАФА ШОҚАЙ (1886-1941).
Жоспар:
1 МҰСТАФА ШОҚАЙ – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САЯСАТ САРАПШЫСЫ . (1886-1941)
2 МҰСТАФА ШОҚАЙ Түркістан халықтары арасында тарихта тұңғыш рет демократиялық Еуропаның ортасында Түркістандық саяси эмиграциялық қызметтің негізін қалаушы.
Пайдаланылатын әдебиеттер:
а)негізгі
1. «Жүз тұңғыш » Алматы 2005 ж
2. М. Жолдасбекұлы, А. Сейдімбек, Қ. Самюраұлы «Ел тұтқа» Астана
2001ж
б)қосымша
1. Данагүл Махат «Қазақ зиялыларының қасіреті» алматы 2004 ж.
2. М. Құлмұхаммед «Алаш бағдарлымасы» қиянат пен ақиқат Алматы 2000ж
Лекция мәтіні
XX ғасырдың басындағы қазақтың белгілі қоғам қайраткері, Кеңес өкіметіне қарсы бағыттағы "Алаш" партиясының жетекшілерінің бірі - Мұстафа Шоқай сол кездегі халықаралық жағдайды жіті қадағалап, түркі тектес халықтардың тағдырына қатысты оқиғаларға өз бағасын беріп отырғаны белгілі. Ол халықаралық жағдайларға жіті назар аударып, әсіресе, ірі державалардың отаршылдық бұғауына түскен бодан халықтардың ұлттық
тәуелсіздік жолындағы күрестеріне ерекше көңіл бөліп, үнемі бақылап отырды. Бұған Мұстафа Шоқайдың шетелде саяси эмиграцияда жүріп өзі басшылық жасап шығарған "Яш Түркістан" (1929-1939 жж.) журналының
беттерінде жарияланған мақалалары дәлел бола алады. Мысалы, Қытайдың ұлттық аймағы саналған Шығыс Түркістандағы мұсылман халықтардың XX ғ. 30-40-жылдарындағы маньчжур-қытайлық отаршылдыққа қарсы
көтеріліп, ұлттық тәуелсіздіктерін жеңіп алу жолындағы күрестері жайлы мәліметтерді осы журнал беттерінде жариялап, оған өзінің саяси көзқарасын білдіріп, тиісті бағасын беріп отырған.
Шығыс Түркістанда ЗО-жылдардың басында жергілікті мұсылман халықтардың қытайлық бодандықтан азат болу жолындағы көтерілісі басталып, ол Қытай империясының онсыз да нашарлай бастаған халықаралық жағдайын шиеленістіре түседі. Кеңес Одағының тікелей араласуымен болып жатқан Шығыс Түркістандағы бұл оқиғалар туралы М.Шоқай "Шығыс Түркістан көтерілісшілдері бұдан бұрынғы көтерілісшілер сияқты атамекенін қытпайлардан біржолата азат етуді көздеп отыр. Бұл мақсаттарына олар ішінара болса да қол жеткізгендей сыңайы бар" деп жазып, 1933 жылы Шығыс Түркістан ислам рес-публикасының құрылуы туралы хабарды журнал бетінде мәлімдейді
1931-1933 жылдары Шыңжаңның Құмыл, Баркөл, Тұрфан қалаларына ие болған көтерілісшілердің басшылары Шыңжаңды "көпір қытайлардан" азат етіп, "дербес мемлекет" - Шығыс Түркістан немесе Ұйғырстанды құру жолындағы күрестерін исламдық ұрандармен бүкіл Орталық, Азияға таратуды көздейді. Көтеріліс басшылары аймақтағы нақты саяси жағдайды өздерінің әрекеттеріне қауіртің қай жағынан басым болатынын таразылай алмады. Олар Қытай билеушілеріне өшігіп, империалистік елдердің түпкі саясатын болжай алмай, олардың арандатуына ұшырай бастайды. Өйткені, 30-жылдардың ортасында Шыңжан, ірі державалардың, яғни Жапония, Англия, кеңестік Ресей және Германияның өзара күрес аймағына айнала бастаған болатын. Олардың әрқайсысы Шыңжаңдағы саяси дағдарыс пен ұлт-азаттық күресті өз мақсат: тарына қарай бағыттау жолында бәсекелес күрес жүргізді.
1933 жылы жарияланған Шығыс Түркістан ислам республикасы шетелдік державалардың өзара мүдделері таласқа түскен саяси күресінің нәтижесі іспетті болын, тағдыры тәлкекке түсіп, жеңіліске ұшыраған бола-тын. Шығыс Түркістан республикасының құрған үкіметі, шынында да, артында әртүрлі шетелдік күштер тұрған қуыршақ биліктің үлгісі болатын. "Бұл үкімет ағылшын империалистерінің қолдауымен құрылған, оған арқа сүйеген құрылым еді" деген кеңестік зерттеушілердің пікірінің қаншалықты рас екені күмән туғызғанымен, бұл сөздің жаны бар екені даусыз. Ал Мұстафа Шоқай Шығыс Түркістандағы оқиғаларға сараптама жасап, оған қатысты сан алуан саяси пікірлерге өз көзқарасын білдіре отырып, ол Шығыс Түркістан Республикасына Англияның ұстанымы қандай болды деген сұраққа былай деп жауап береді: "Ағылшындар да Шығыс Түркістан ұлт-азаттық қозғалысына көмек қолын соза қоятындай сыңай танытып отыр-ған жоқ. Ағылшындар да Шығыс Түркістан қозғалысының исламдық сипаты бар деп сескенеді. ... "Панисламизм" десе ағылшындардың да басы-ның "сақинасы ұстайды. Сол себепті ағылшындар Шығыс Түркістан ұлт-азаттық қозғалысына аса сактықпен қарайды" - деп, Англияның ШТР үкіметіне қолдау көрсетуінің негізсіздігін айтады . Ал бұл пікір, шынында, Кеңес үкіметінің өзімен бәсекелес ағылшындардан қауіптеніп, «солай болуы мүмкін-ау» деген ойынан шығуы да ғажап емес. Мұстафа Шоқай осыны дәлелдейтіндей мынадай тағы бір мысал келтіреді: "Чинни Түркістан ауазы" ағылшындар Шығыс Түркістан ұлттық қозғалысына іш тартып болысып отыр деп жазады. Ал шын мәнінде олай болып отырған жоқ.
Біз осы газеттен ағылшындардың Үрім-жідегі қытай әкіміне қару-жарақ бергенін де оқимыз. Олай болса, өзі қару-жарақ беріп көмектесіп отырған үкіметке қарсы бағытталған ұлт-азаттық қозғалысын ағылшындардың қолдауы мүмкін бола қояр ма екен?
Өкінішке орай, ағылшындар Шығыс Түркістан ұлт-азаттық күресіне көмек көрсетуі былай тұрсын, оған сырттгай жанашырлық та көрсетпейді" дейді .
Шыңжаңның билеушілеріне кеңестік ықпалдың қаншалықты болғандығын, Мұстафа Шоқай 1933 жылы "Яш Түркістанның" 46-нөмірінде былай деп жазды: "Тұрғындарының көпшілігі тарапынан, яғни түріктер тарапынан (бұл жерде ол жалпы түркі тектес халықтарды айтып отыр-Н.А.) ешқандай құрметке ие бола алмаған және ішкі Қытайдан тым шалғай, оқшау тұрған Шығыс Түркістанның билеушілері тек Кеңес үкіметінің жартылай ашық, жартылай астыртын көмегінің арқасында ғана өмір сүріп тұра алды. Шығыс Түркістандағы осы үкімет тұсында бұл өлкенің есігін емін-еркін ашып, қазыналарын қалауынша тонауға, экономикасын өз ықпалына біржола енгізуге мүмкіндік тапқан Мәскеу мұндай үкіметтің бұдан соң да өмір сүре беруіне шын мүдделі болатын. Большевиктер Шығыс Түркістанда тек экономикалық пайданы ғана емес, сонымен қатар саяси мақсаттарды көздейді" .
Ол 1933 жылы "Яш Түркістан" журналында, Кеңес өкіметінің Шығыс Түркістан оқиғаларына қатысты саясаты туралы: "Шығыс Түркістан түріктері өздерінің ұлттық құқықтарын корғау жолында орталық Қытай үкіметі, Дұңған күштері және Кеңес өкіметі тәрізді дұшпандардың бірлескен одағымен бетпе-бет келіп отыр. Олар өздерінің ұлттық күресін ешбір сырт күштің көмегінсіз, тек өз күштернпе сүйеніп жүргізуде" деп жазды .
Кеңес үкіметінің Шыңжаңдағы мұсылман халықтардың ұлт-азаттық көтерілісіне ешқандай да іш тарта алмайтын себептерін Мұстафа Шоқай былай деп көрсетеді: "Олар ұттық көтерілістер капиталист мемлекеттерді әлсірететіні себепті, мұндай көтерілістер тек өздеріне зиян келтірмейтін мемлекеттерде болып жатса ғана, ондай мемлекеттердегі ұлттық көтерілістерді ұйымдастыруға және жәрдем етуге қатысып отырады.
Шығыс Түркістандағы жағдай басқаша. Бұл жердегі ұлттық күрестің жеңісі Кеңес өкіметі мүдделеріне, оның жаңа отаршылдық саясатына қауіп тудыратын болады. Жапонияның Манжурия арқылы Моңголстанға жақындасуы, бір жағынан, Англияның Тибетке саяси-экономикалық, билік жүргізуі, екінші жағынан, большевиктерді Шығыс Түркістан мәселесінде барынша абай болуға мәжбүр ететін факторлар. Оқиғалар мен жалпы саяси жағдай Шығыс Түркістандағы Қытайға қарсы ұлт-азаттық күрестер тек большевиктердің еркімен ғана болып жатыр деген пікірді теріске шығара-ды". Мұстафа Шоқай бұл пікірі арқылы Шығыс Түркістан Республикасының өмір сүруіне кеңестік саясаттың мүдделі еместігын көрсеткісі келді. Кеңес Одағы Шығыс Түркістан үкіметінің Шэн Шицай үкіметіне бағынып, тізе бүгуіне мәжбүр етті. Шығыс Түркістан Республикасы, Мұстафа Шоқай айтқандай, оның жаулары -"орталық Қытай үкіметі, дұңған күштері және Кеңес өкіметі тәрізді дұшпандардың" қарсылығы нәтижесінде жеңіліске ұшырады. Шығыс Түркістанның тәуелсіздігін Кеңес Одағы ешқашан көргісі келген жоқ. Және көргісі де келмейді" .
Шығыс Түркістан Республикасының төрағасы қызметін атқарған Қожанияз қажыға Кеңес үкіметі ақыл беріп, оның Қытай үкіметіне берілуін талап етуін, тағы да Мұстафа Шоқайдың "Яш Түркістан" журналында 1935 жылы жариялаған мына мәліметінен көреміз:
"Кейбіреулер "Шығыс Түркістан түріктерінің досы" деп жүрген кеңестік Ресей Қожанияз Ажымға ол Шығыс Түркістан Республикасының төрағасы болып тұрғанда көмектеспей, Республика туын түсіріп, Қытай үкіметіне берілген соң ғана және дәл осыны шарт ете отырып көмектесетінін білдірді және солай етті де" .
Сонымен, Шығыс Түркістан Республикасы, ұзақ уақыт өмір сүре алмастан, 1934 жылы қазан айында, Кеңес үкіметінің әскери көмегіне арқа сүйеген Шэн Шицайдың әскери күштерінің талқандауы нәтижесінде жеңіліс тауып, таратылды. Кеңес Одағы өзінің көздеген мақсатына қол жеткізіп, Шыңжанды Қытайдың кұрамында сақталуына көмектесе отырып, есесіне аймақтағы экономикалық және сауда саласындағы монополиялық билігіне мүмкіндік жасап алады. Мұстафа Шоқай Шыңжандағы мұсылман халықтардың азаттық күресін жаныштауға күш салған Кеңес Одағының саясатын батыл айыптап, ол туралы: "Шығыс Түркістанда қытай отаршыл үстемдігін аударып тастап, тәуелсіз түрік мемлекетінің шаңырақ көтеруі қызыл орыс империализмінің Азиядағы мүдделеріне бүкілдей қайшы келетін. Сол себепті кеңестік Ресей, әу бастан-ақ, Шығыс Түркістандағы ұлттық қозғалысқа қарсы бағыт ұстады" деген болатын .
Шыңжаңдағы мұсылман халықтардың тәуелсіздік жолындағы күрестері нәтижесінде жарияланған Шығыс Түркістан Республикасы жеңіліске ұшырап, таратылғанмен, оның өмірге келуінің өзі үлкен жеңістің куәсі еді. Басшылығының саяси әлсіздігінен, стихиялық сипатының басым болуынан, қарсыластар күштерінің ара салмағы тен болмауы салдарынан жеңіліске ұшырағанымен, Шынжаң жерінде Шығыс Түркістан Республикасын құру арманы халықтың көкейінде бәрібір жойылып кетпеді. Ол арманға жету жолында Шыңжаң халқының бұдан былай да үздіксіз күрестер жүргізуіне тура келеді.
30-жылдардағы Шыңжаңдағы кеңестік саясатқа байланысты, ондағы жергілікті билеушілердің кеңестік ықпалға түсуінін себептерін түркі әлемінің көрнекті қоғам қайраткері Мұстафа Шоқай, 1935 жылы, былай деп жазды: "... Үрімші губернаторы Шың Шыцай Кеңес үкіметімен тығыз достық қарым-қатынас орнатып, большевиктерден түрлі кәсіптегі мамандар мен қызметкерлерді шақырып, "Шығыс Түркістанның экономикалық дамуы" үшін олардан несие ала бастағанын мойындап отыр. Демек, Шың Шұрын (Цзинъ Шужэнь - Н.А.) тәрізді бүгінгі Үрімші үкіметі де Мәскеудің уысына түскені көрініп тұр. Олай дейтін себебіміз- Мәскеу қызметкерлері, Мәскеу мамандары, Мәскеу қаржысы тек Мәскеудің мүддесі үшін ғана қызмет ететін болады. Оның үстіне Шығыс Түркістандағы Қытай үкіметі Мәскеуге ешқандай бір шарт қоя алатын халде емес. Оған шамасы жетпейді.
Шығыс Түркістандағы "Мәскеу мүддесі" дегеніміз, бұл өлке сөз жүзінде Қытайдікі, іс жүзінде Мәскеудікі дегеннен басқа ештеңе де емес" . Әрине, бұл алаш қайраткерінің аузымен айтылған пікірлердің артық-кем әсердегі сипатына қарамастан, оның бұл сөздерінің төркінінде шындық жатқанын айтқанымыз жөн. Кеңес Одағы Шыңжаңдағы сауда байланыстары арқылы экономикалық жағынан көп пайда кергені рас және қытай жағының экономикалық мүдделері одан зардап шеккені де белгілі. Бірақ, сол кезеңде Қытай үкіметінін Шыңжаңды экономикалық немесе саяси жағынан да өз қолында берік ұстай алмауы Кеңес Одағының өзінің ұлттық стратегиялық мүдделеріне сәйкес әрекет етуіне толық мүмкіндік берді.
Кеңес Одағының Шыңжандағы жүргізген сауда және әртүрлі бағыттағы экономикалық әрекеттері аймақтың өте ауыр, артта қалған жағдайында, оның шаруашылығын ілгері дамытуға ықпал еткенін қытай жағы да мүлдем жоққа шығара алмайды. Кеңес Одағы өзінің стратегиялық саяси мүдделерін қорғау мақсатында Шыңжаңда белсенді әрекет етіп, оны басқа державалардың ықпалына түсірмеу жолындағы саясатын іске асырып отырды. Ал Шыңжаң Кеңес Одағының бұл әрекеттерінен көп жағдайда пайда көрді. Қытайдың басқа ұлт аймақтарына Қарағанда, Кеңес Одағымен кершілес болған Шыңжаңның экономикалық жағдайы біршама жоғары дәрежеде болды.
Шығыс Түркістан халқынын ұлт-азаттық күресіне Мұстафа Шоқай барлық түркі тектес халықтар мен әлемнің кез-келген халықтарының да қолдауын қалайды. Ол "Шығыс Түркстан халқыда әлемнің басқа еркін, азат халықтары сияқты өз тағдырын өзі айқындауын қалайды. Осы бір әділетті күреске көрсетіліп жатқан және көрсетіпуі мүмкін кез-келген көмекке біз шын жүректен алғыс айтамыз" дейді .
Мұстафа Шоқай сол заманның қитұрқы саясатына сәйкес, ұлттық тәуелсіздік жолындағы күрестерге, оған жетекшілік еткен қайраткерлерге отаршыл мемлекеттердің қолданатын сан қилы арандатушылық әрекеттерін, ұлттық қозғалыс күштерінің арасына іріткі салу, ұлт көсемдері туралы түрлі жалалы қауесет тарату сияқты әрекеттердің болып тұратындығын ескерте келе былай дейді: «Ұлттық күрестің мүддесі осы күреске белсене қатысқан әрбір жеке адамның мүддесіне немқұрайды қаралмауын талап етеді... Ұлттық қозғалыстың жаулары оның басшылары мен қосшылары хақында алуан түррлі өсек-аяң таратады.
Қазіргі жағдайда ұлттық қозғалыстарды басқарып, жететиілік ететін жеке тұлгаларды қорғап қана қоймай, олардың беделін арттыруға да күш салуымыз керек. Жауларымыздың оларға қастандық жасауына жол бермеуіміз тиіс. Шығыс Түркістан ұлт-азаттық қозғалысының басшылары мен өкілдеріне сыртқы әлемнің назарын аудару, оларға халықаралық жұртшылықтың симпатиясын тудыру қазіргі кездегі біздің ең маңызды міндетіміз болып табылады. Ұлттық мүдделеріміз осы міндеттің толық орындалуын талап етеді» .
Ол Шығыс Түркістанға қатысты оқиғаларға сараптама жасап, өз саяси көзқарасын білдіріп қана койған жоқ, Киыр Шығыстағы сол кезде болып жатқан барлық саяси оқиғаларды жіті бақылап, оған талдау жасап отырды. Мысалы, 1938-1945 жылдары Қытай мен Жапония арасындағы болған сегіз жылдық соғыс туралы журнал беттерінде үнемі хабарлар беріп, оған саяси талдауларын жариялап отырған. Ол осы соғыстың сипаты туралы былай дейді. "Соғыс басталғаннан кейін тың себептері мен факторларын қарастыру тарихшылардың еншісіндегі шаруа. Жапония империализмі бұл күнде тұс-тұстан айыпталуда. Дүние жүзі тарихына көз жіберсеңіз, ірі мемлекеттердің империализм дертіне шалдықпағандары, сірә, табыла қояр ма екен? Мәселен, Қытайдың өзін алайық. Қытайдың ежелгі аумағы қорғанның ішімен шектелетінін білу үшін қытайтанушы ғалым болудың қажеті шамалы. Ұлы қорғанның сыртында жатқан өлкелер, мәселен, Манжурия, Моңғолстан, Тибет және Шығыс Түркістандар Қытай империализм тарапынан жаулап алынған өлкелер. Ал енді Қытайды империализмнің шабуылынан қорғаштамақ болып отырған елдерге көз жіберсеңіз, олардың бәрі де империализм мен отарлау арқылы құрылған, нығайған мемлекеттер. Олар Қытайға арашашы болғанда, шынымен Қытай мүддесін ойлап отырған жоқ. Өздерінің империалистік мүдделерін ойлап отыр”
Қытай-жапон соғысына байланысты ірі державалардың ұстанып отырған саясаттарына сараптама жасап, Қытайға көмек көрсетіп отырған төрт мемлекет - Ұлыбритания, АҚШ, Франция және Кеңес Одағы туралы олардың әркайсысының көздеп отырған мемлекеттік мүддесін баса көрсете отырып, олардың Қытайға көмектесушің астарын әшкерелейді. Ол Ұлыбританияның, АҚШ-тың және Францияның Қытайға көмектесуінің сыры олардың Қытайдағы экономикалық мүдделерінен туындап, соғыстың салдарынан экономикалық жағынан зардап шегуінен туындап отырғандығын айтады. Сондықтан, олар жанталаса Жапонияны айыптап, Қытайға көмек қолын созуда дейді. Мұстафа Шоқай Қытайға барлық жағынан жан-жақты көмектесіп отырған Кеңес Одағы туралы, өзіне ата жау санаған кеңестік үкіметке деген жеккөрінішті көзқарасын былайша көрсетеді: "Қытайдың тағы бір төртінші жанашыры - кеңестік Ресейге келсек, ол Моңғолстан мен Шығыс Түркістанды Қытайдан бөліп алып, өзіне тәуелді етуді көздейді. Кеңестік Ресей Қытайда коммунизм идеяларын таратып, Қытай ұлттық төңкерісінңц партиясы Гоминданды іштен ірітуге тырысуда. Ол - ол ма, кеңестік Ресей мұнымен де тынған жоқ. Қытайдың 20 млн. тұрғыны бар аумағында Кеңес үкіметін құрып, бұл елді ұшы-қиыры көрінбейтін азамат соғысына сүйреп түсірді. Орыс большевиктері қытай коммунизмінің орталығы Кантон қаласын екінші Мәскеу дел атайды. Олар қытай коммунистерімен бірге күрес жүргізе отырып, Америка мен Еуропа капиталдарын Қытайдан, жалпы Азиядан ығыстыруда. Қытайға болысып жатқан достарының жай-күйі, міне, осындай"
Міне, өзіміз көріп отырғандай, алаштың ардақтысы, көреген саясаткер - Мұстафа Шоқай қазақ елінің, түркі тектес халықтардың бостандығы жолында күрес жүргізген қайраткер ғана емес, өте сауатты, әлемдегі саяси жағдайларға биік деңгейде сараптама жасап, халықаралық жағдайдың қилы бетбұрыстарын көрегеңдікпен болжай алатын сарабдал саясатшы болған.
Достарыңызбен бөлісу: |