Қазақстан Республикасының орман қорында орман орналастыруды жүргізу ережесін бекіту туралы


Тарау. Орман таксациялық жұмыстары



бет3/54
Дата21.06.2016
өлшемі6.92 Mb.
#151447
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54

5. Тарау. Орман таксациялық жұмыстары

1. Параграф. Орман алқаптарын таксациялық телімдерге бөлу

      92. Орманды таксациялау кезінде әр орамның аумағы алғашқы орман шаруашылық есептеу бірліктеріне - таксациялық телімдерге бөлінеді.


      Таксациялық телім - таксациялық сипаттамасы, топырақ - типологиялық жағдайы және шаруашылық маңызы бірдей орман орамыны учаскесі, оның барлық ауданында бірдей орман шаруашылық шаралары жүргізіледі және ол жалғасып жатқан учаскенің таксациялық көрсеткіштерінен нормативтік шамаға ерекшеленеді.
      Әр таксациялық телімге таксациялық жазбада нақты сипаттама беріледі, орман орналастыру планшеттері мен орман алқаағаштарының планында нұсқасы сызылады.
      Орамдардың таксациялық телімдерге бөлінуі орман қорын мемлекеттік есепке алу құжаттарындағы есептелінетін жер санаттарының ерекшелігі бойынша жүргізіледі.
      93. Орман қорының барлық жері негізгі екі жер түріне бөлінеді - орманды және ормансыз.
      94. Орманды жерлерге ағаш-бұта өсімдіктерімен қамтылған жерлер және ағаш-бұта өсімдіктерімен қамтылмаған орманның белгілері сақталталған жерлер (арнайы мақсаттағы плантациялардан басқасы) жатады. Олар төмендегідей болып бөлінеді:
      1) орманмен қамтылғаны, соның ішінде орман екпелері;
      2) арнайы мақсаттағы плантациялар, олардан:
      өндірістік және энергетикалық мақсаттар үшін;
      азықтық және басқа да мақсаттар үшін;
      3) жинақталмаған орман екпелері;
      4) орман тұқымбақтары;
      5) орманмен қамтылмаған ағашы кесілген жерлер, өртеңдер және  өлген алқаағаштар, алаңқайлар, сирек ормандар.
      95. Орманмен қамтылған жерлерге толымдылығы - 0,3 және одан жоғары барлық жас топтарындағы ағаш-бұта өсімдіктері мен толымдылығы 0,4 және одан жоғары балауса ағаштар жатады. Оған бұрынғы ағашы кесілген жерлер, өртенген жерлер, өлген алқаағаштар мен басқа да табиғи қайта қалпына келген орманды жерлердің учаскелері, сақталған балауса ағаштардың саны мен сапасы нормативтік таксациялық көрсеткіштерге жеткен және толымдылығы 0,4 болған, сонымен қатар табиғи-географиялық жағдайына байланысты ағаш тұқымдылары өспейтін немесе арнайы бұта шаруашылығы ұйымдастырылған жер учаскелері мен орташа қалыңдықта өшкен бұталар жатады.
      Белгіленген ереже бойынша, нормативтік орман таксациялық көрсеткіштеріне жеткен, толымдылығы 0,4 және одан жоғары себу немесе көшет отырғызу жолымен өсірілген ағаш тұқымдыларының, сексеуілдің, бұталардың орманмен қамтылған жерлерге ауыстырылған орман екпелерінің учаскелері орманмен қамтылған жерлер деп есептеледі.
      Сонымен бірге, оларға орманмен қамтылған жерлерге ауыстырылған көріністік, декоративтік, ландшафтық орман екпелері және қайта құру жолымен өсірілген орман екпелері, қайта құру стадиясындағы екпелер, мемлекеттік орман қорғау екпелері, жол бойындағы орман жолақтары және орман екпелеріне ілеспе тұқым ретінде отырғызылған, негізгі тұқым жойылғаннан кейін тірі сақталған бұталар жатады.
      Жалпы толымдылығы 0,3 және одан төмен 1 және 2 жас класындағы балауса ағаш учаскелері орманмен қамтылмаған орманды жер категориясына жатады. Олар кесілген жерлерде, өртенген жерлер, алаңқайларда орналасады.
      Барлық жастағы толымдылығы 0,1 – 0,3 болатын бұталар ормансыз жерлердің түріне жатқызылады.
      96. Орманмен қамтылған жерлер төмендегідей таксациялық көрсеткіштермен сипатталады: жас класының ұзақтығы 1, 2, 5, 10, 20, 40 - жыл, жас топтары балауса ағаштар - 1-2 жас кластары; орта жастағылар, 3 және жоғары жас класындағылар; толысушылар - бір жас класындағы (кесу жасының алдындағы); толысқандар - екі жас класындағы (кесу жасын сипаттайтын); көнергендер - кесу жасынан өткен жас класы. Барлық жас топтарына толымдылығы 0,3 және одан жоғары, балауса ағаштардан басқа (балауса ағаштар - 0,4 бастап) алқаағаштар жатады. Олардың орташа биіктігі, диаметрі, толымдылығы 0,3-0,4-тен 1,0 дейін, шартты бірлік анықталуы төменгі толымдылықты 0,3-0,4, орташа толымдылықты - 0,5-0,7; жоғары толымдылықты - 0,8-1,0; орташа бонитеті - 1б-5б дейін, жоғары бонитеті - 1б-2 бонитет класы, орташа бонитеті - 3-4, төменгі бонитеті - 5-5б; орташа класс тауарлығы 1-ден 4 дейін.
      97. Арнайы бағыттағы плантацияларға жататын плантациялар:
      1) өнеркәсіптік және энергетикалық мақсаттағы (жихаздық және  құрылыс өнеркәсібі мен басқа да мақсаттарға пайдалану үшін қысқа мерзімде жоғары өнімді терек және басқа да алқаағаштарды алу);
      2) азықтық және басқа мақсаттардағы (жеміс-жидек және басқа да плантациялардың әртүрлі түрлері).
      98. Жинақталмаған орман екпелерін орманмен қамтылған жерлерге ауыстыруға таксациялық көрсеткіштері нормативтік талаптарға жетпеген, жерсінуі 26 пайыз және одан жоғары себілген немесе көшеттен өсірілген орман екпелерінің жер түрлері жатады. Оларға тағы да жинақталмаған орман екпелері, көріністік, декоративтік, ландшафтық, қайта құру жолымен өсірілген мемлекеттік қорғаныш орман жолақтары, жол бойындағы орман жолақтары жатады. Жерсінуі 25 пайыз және одан төмен орман екпелерінің учаскелері өлген орман екпелеріне жатады және олар бұрынғы өз жер түрлеріне жатқызылады.
      99. Орман тұқымбағына орман қоры аумағындағы ағаш және бұта тұқымдылар көшетін өсіруге арналған учаскелер жатады.
      Жобасыз ағаш - бұта тұқымдыларының көшеті өсірілген жер учаскелері бұрынғы жер түрлеріне жатқызылады, таксациялық сипаттамада тиісті белгісі қойылады.
      100. Орманмен қамтылмаған жерлерге ағаш және бұта тұқымдыларының қайта қалпына келген өскіні жоқ немесе жеткіліксіз, бірақ орман өсіруге жарамды орманды жер учаскелері жатады (сирек орманнан басқасы).
      Оған жататындар:
      1) ағашы кесілген жерлер - алқаағаштары - кесілген, ал жаңа буын құралмаған орман ауданы. Олар кесілген жерлер деп табиғи қайта қалпына келіп немесе орман екпелерін отырғызып, нәтижесіне байланысты орманмен қамтылған жерлерге ауыстырылғанша сақталады.
      Ағаш кесу билеті жазылған және тендер бойынша орман пайдалануға берілген кеспеағаштар кесілген жерлер деп таксацияланады, ал олардың ауданы және қоры басты мақсатта пайдаланудың есебінен шығарылады;
      2) өртеңдер және өлген алқаағаштар - толығымен өрттен жойылған  (өртен) немесе энтомо және фитозиянкестерімен жаппай зақымданған, түрінен қураған, табиғи апаттың әсерінен (желден, бораннан, қардан сыну), өнеркәсіп кәсіпорындарының зиянды заттарды тастау әсерінен қураған (өлген), ал жаңа буын әлі құралмаған орман ауданы.
      Өртенген жерлер немесе өлген алқаағаштар категориясы олардың табиғи қайта қалпына келуі немесе орман екпелерін өсіру нәтижесінде орманмен қамтылған жерлерге ауыстырылған кезеңіне дейін сақталады.
      Ағаштар (бұталар) зақымданғанда қалған өсіп тұрған орманның (бұтаның) толымдылығы 0,3 кем болмаса (өрт болған жылы, алқаағаштардың өлгені белгіленеді), жартылай алқаағаштар категориясында қалады.
      Өртендер мен өлген алқаағаштардың біраз ауданы, оларда өлген немесе өсіп тұрған орманның бар-жоғына байланысты, қор көлеміне және сүрек дайындауға жарайтын сүрекдің тауарлығына, сонымен бірге орманды қалпына келтірудің табыстылығы мен сипатын анықтайтын орман өлу жағдайы типінің әртүрлілігіне байланысты бөлінеді.
      Толымдылығы 0,3 болатын балауса ағаштардың жеке өсіп тұрған учаскелері олардың бұрынғы түрлеріне жатқызылады;
      3) ашық жерлер-орман өсімдіктерінің элементі сақталмаған, ағашы жоқ орман ауданы (өсіп тұрған жеке ағаштары бар немесе жоқ, табиғи түлеуі жеткіліксіз немесе жоқ, топырақ жағдайы мелиоративтік шараларды жүргізуге, қосымша шығынсыз сүрек тұқымды алқаағаштарды өсіруге болатын).
      4) сирек орман - толымдылығы 01-02 болатын табиғи қалыптасқан сүрекдің (1-ші және 2-ші жас класындағы балауса ағаштардан басқасы)
      Жинақталу шымылдығының толымдылығы 0,4-ке жетпеген балауса ағаштар, өсіп шыққан өзінің жер түріне жатқызылады.
      Антропогендік әсердің немесе табиғи факторлардың (шала кесу, өрт, энто-фитозиянкестер, жел және басқа) нәтижесінде құралған (толымдылығы 0,2 және төмен) сүрекдіңдер ағашы кесілген жерлерге, өртенген немесе өлген алқаағаштарға жатқызылады (тіршілікке икемді ағаштар белгіленеді).
      101. Ормансыз жерлерге алдын-ала мелиоративтік немесе қалпына келтіру жұмыстары жүргізілмеген, ағаш өсіруге жарамайтын жерлер жатады.
      Оған жататындары:
      жыртылған, тыңайтылған жерлер:
      жыртылған жерлер (елді мекендерден тыс жерлердегі бау-бақшаны қосқанда)- тұрақты ауылшаруашылық өндірісіне қолданылатын жерлер;
      1) тыңайтылған жерлер - бір жылдан астам уақыт ауылшаруашылық дақылдары егілмеген және сүрге дайындалмаған, бұрынғы жыртылған жерлер;
      2) шабындықтар - тұрақты шөбі шабылатын жерлер;
      3) жайылымдар - мал жаюға арналған жерлер (өріс, субальпі және альпі шалғыны және басқа);
      4) жолдар, орам соқпақтары, өртке қарсы жолақтары - орман қорының құрамынан шығарылмаған барлық бағытқа арналған жолдар, орам соқ ақтары, өртке қарсы жолақтар, соқпақтар;
      5) елді мекендер - негізінен орман шаруашылығын жүргізуге байланысты және ерекше қорғалатын табиғи аумаққа жұмыс істейтін адамдарға арналған, кісі тұратын және тұрмайтын үйлер салынған жер учаскелері;
      6) сулар - көлдер, өзендер, бұлақтар, тоғандар, су қоймалары, каналдар, мелиоративтік жүйелер және басқалары;
      7) батпақ - ылғалы көп, ағаш-бұта өсімдіктері жоқ немесе сирек кездесетін учаскелер. Егер мұндай учаскелерде жасы балауса ағаштан үлкен, толымдылығы 0,1 - 0,2 болатын сүрек тұқымды өсімдіктер болса, олар табиғи сирек ормандарға жатқызылады, ал толымдылығы 0,3 - 0,4 болатын сүрек және бұта тұқымдылар орманмен қамтылған жерлерге жатқызылады. Толымдылығы 0,1 - 0,2 болатын бұталар ескерілмейді. Оларға тағы да тоғайға және жайылма аумақтарына тән ылғалы мол және тұзды топырақтарда өсетін қамыс, қоғалар жатады;
      8) құмдар - сүрек-бұта өсімдіктері өспейтін көшпе құмдар, өзен қайраңы және құмды шаймалар;
      9) мұздықтар - ылғи мұз жамылып жатқан жерлер;
      10) басқа жерлер - оған тік беткейлер, жар тастар, тас  үгінділері, шөгінділер, ұсақ тасты жерлер, сортаңдар, сор жер, мия, көшкіндер, электр және байланыс желілері, газ құбыры, су құбыры және мұнай құбыры, сайлар, құрғақ өзек, тақырлар, бұзылған жерлер, карьерлер, қоқыс төгетін және өндіріс қалдықтарын төгетін жерлер, алаңқайлар жатады. Алаңқай-ландшафттық, аңшылық мақсатында еңбекшілер демалуға арналған жерлер. Олар негізінен МОҚ санаттарына бөлінеді:
      қала ормандары және елді мекендер мен емдеу - сауықтыру мекемелеріндегі жасыл аймақтар, орман парктері;
      ерекше қорғалатын орман аумақтары.
      Тік беткейлер оның құрамалығына байланысты таулы жерлерде бөлінеді, егер олар басқа жерлерге жатқызылмайтын болса.
      102. Мелиоративтік жұмыстары жүргізілген учаскелер пайдаланылатын жер түріне жатқызылады (жайылымдар және басқа жерлер).
      103. Орман тұқымбақтары, табиғат ескерткіштері, ландшафтық, географиялық және сыналатын екпелер, клондық архив (мұрағат), экзотикалық және аса құнды тұқымдылар учаскелері, ағаш тұқымы плантациясы, коллекциялық-аналық учаскелер тұқым қуалаушылықтың қасиеттерін тексеру үшін орман орналастырудың барлық разрядтарында бөлінеді (оларды белгілеген масштабта планшетке түсіру мүмкін болса). Ал бұл учаскелердің мөлшері кіші болса, олар планшетке шартты белгілермен түсіріледі. Таксация карточкасында және таксациялық жазбада осы телімдерде бар деген белгі қойылады және осы учаскенің ауданы мен таксациялық сипаттамасы көрсетіледі.
      104. Орманмен қамтылған жерлерді таксациялық телімдерге бөлу алаағаштардың таксациялық белгілеріндегі мына өзгешеліктері бойынша жүргізіледі: шығуы, құрылымы, құрамы, толымдылығы, бонитет класы, жасы, орташа диаметрі, биіктігі, тауарлығы, орман типі, өскіні, экспозициясы, беткейдің тіктілігі, радиациялық және өндірістік ластану дәрежесі.
      Жасыл аймақтың ерекше қорғалатын орман аумағының таулы аумағын орналастырғанда орманмен қамтылған жерлерді таксациялық телімдерге бөлудің қосымша белгілері берілуі мүмкін.
      Орманмен қамтылған орман жерлері телімдерге төмендегідей көрсеткіштер бойынша бөлінеді:
      1) өсуі бойынша алқаағаштар табиғи (тұқымнан және өскіннен) және қолдан өсірілгенге (орман екпелері) бөлінеді. Табиғи алқаағаштарды тұқымдық немесе өскіндіктер категориясына жатқызу ондағы ағаштардың пайда болуының басымдылығына сәйкес жүргізіледі. Екеуінің үлесі бірдей болса, бірінші орынға тұқымдықтар қойылады.
      2) алқаағаштар құрылымы бойынша қарапайым - бір қабатты және күрделі - көп қабаттағы, бірыңғай жастағылар мен әртүрлі жастағыларға бөлінеді.
      Қабаттылығы дегеніміз - ағаш шоғырының биіктік деңгейі бойынша анық шектеліп, сүрекдіңдердің вертикалды бөлінуі.
      Бір қабатты алқаағаштар дегеніміз - бір қабаттан құралатын орман учаскелерінің сүрекдіңдері.
      Көп қабатты алқаағаштар - анық бірнеше қабатты сүрекдіңдерден  қалатын орман учаскелері.
      3) алқаағаштар ағаш түрлерінің араласу дәрежесі бойынша таза және аралас болып бөлінеді.
      Таза алқаағаштардың құрамын құрайтын ағаш түрінің бірлігі біреуден артық болмайды. Ал алқаағаштың құрамын құрайтын ағаш түрінің бірлігі екі және одан көп болса, онда олар аралас алқаағаштарға жатады.
      4) құрамы бойынша алқаағаштар негізгі орман элементтері әр түрлі болғанда және құрамындағы коэффициент бірлігінің айырмасы 2 және одан артық болған жағдайда бөлінеді.
      Ағаш тұқымдыларының құрамында, орман кесу ережесінде берілгендей, аса құнды сүрек тұқымдылары, экзоттар және жабайы жеміс тұқымдылары 10 пайыз болса (құрамында бір бірлік) олар таксациялық телімдерге бөлінеді.
      5) егер алқаағаштар әртүрлі жас топтарына жатқызылса, ал орташа жас топтарының айырмашылығы бір жас тобынан артық болса, олар жастары бойынша бөлінеді.
      Алқаағаштың жасы деп негізгі орман элементтерінің орташа, ал орман екпелері үшін нақты жасы қабылданады, оған тамыр жүйесі жабық отырғызу материалдарынан және қайта құру әдісімен өсірілген орман екпелері қосылады.
      Бір жастағы алқаағаштарға - ағаштардың жас арасындағы айырмасы 2 жас класына дейінгі орман учаскесіндегі сүрекдіңдер жатады.
      Әртүрлі жастағы алқаағаштарға - ағаштардың жас арасындағы айырмасы 2 жас класынан артық болатын орман учаскесіндегі сүрекдіңдер жатады.
      6) тауарлығы бойынша алқаағаштар негізгі орман элементтеріндегі айырма бір тауарлық класы болғанда бөлінеді. Толысушы, толысқан және көнерген алқаағаштардың тауарлық класын анықтау әдісі осы Ережеге 1-қосымшаның 4-кестесінде көрсетілген.
      7) жеке телімдерге орман ауруларымен және шірікпен зақымданған 15 пайыздан кем болмайтын орман учаскелері бөлінеді;
      8) алқаағаштар қалған таксациялық көрсеткіштері бойынша орманның негізгі элементтерінде төмендегідей айырма болғанда бөлінеді:
      толымдылығы бойынша 0,2 бірлік және одан жоғары;
      орташа диаметрі бойынша 4 см және одан жоғары;
      биіктігі бойынша 20 пайыз және одан жоғары;
      бонитет класы бойынша 1 класс;
      беткейдің тіктілігі бойынша 5 градус және одан жоғары;
      беткейдің түрлі экспозициясында.
      9) радиациялық және өндірістік ластану аймағын таксациялық телімдерге бөлу, радиациялық және өндірістік ластану дәрежесін, орман ресурстарын пайдалану және орманшаруашылық шараларын жүргізу мүмкіншілігін ескере отырып жүргізіледі.
      10) Жеке телімдерге себу немесе көшетпен өсірілген орман екпелері, орман астарында орман екпелері бар немесе тіршілікке бейім шаруашылық құнды тұқымдардың қанағаттанарлық өскіні бар алқаағаштар, сонымен қатар, таксациялық сипаттамасы ұқсас, бірақ түрлі шаруашылық шараларды қажет ететін учаскелер бөленеді.
      105. Таулы аудандарда шаруашылық шараларын жүргізу үшін жетуге қолайлы және қолайсыз орамдарға бөлінеді. Жетуге қолайсыз орамдарға, жол-транспорт жүйесінің жоқтығына байланысты орман шаруашылық шаралары жобаланбайтын орамдар жатады.

2. Параграф. Таксацияның әдістері және дәлдік нормативтері

      106. Орманды таксациялау алқаағаштың таксациялық көрсеткіштерінің нормативтік дәлдігін анықтауды қамтамасыз ететін әдістерімен жүзеге асырылады. Таксацияның дәлдігі телімдегі алқаағашардың таксациялық көрсеткіштерін анықтағанда жіберілетін қателердің нормативтерімен анықталады.


      107. Орман орналастыру кезінде таксацияның көзмөлшерлік, дешифровкалық, көзмөлшерлі-өлшеу және өлшеу-санау әдістері қолданылады. Түрлі таксациялық объектілердегі әртүрлі орман орналастыру разрядтары үшін осы әдістерді қолдану алқаағаштардың таксациялық көрсеткіштерінің нақты анықталуына кепілдік береді. Бұл туралы бірінші орман орналастыру кеңесінің хаттамасында тиісті жазба жасалады.
      Дәлдігін арттыру үшін таксацияның екі-үш тәсілін қосып пайдалануға болады.
      108. Таксациялық көрсеткіштерін анықтаудағы дәлдіктің негізі ұйымдық жаттығу кезінде және өндірісте жинақталған тәжірибе болып табылады. Телімдерді таксациялаудың нормативтік дәлдігі телімдердің сапалы қаралуын қамтамасыз етеді. Таксациялық сипаттамада, шаруашылық нұсқауында, алдын-ала дешифровка жасалған және нұсқаланған телімдерде айырма рұқсат етілетін қате шегінен артық болса, бұл бөліктердің нұсқасы сызылып, жеке телім ретінде таксация жасалады. Таксациялық көрсеткіштер құрамын, толымдылығын, биіктігін, диаметрін, жасын, тауарлық класын, қорын анықтау дәлдігі өлшеп-санау өлшемдерімен нақтыланады.
      109. Таксациялық көрсеткіштерді анықтаудың дәлдік нормативтері осы Ережеге 1-қосымшаның 5 кестесінде берілген мәліметтермен сипатталады.
      Орманды таксациялау кезінде орман орналастырудың барлық разряды бойынша жіберілмейтін қателерге мыналар жатады:
      қажетті шаруашылық шара түрлерінің дұрыс белгіленбеуі немесе олардың жоқтығы, орман екпелерін отырғызуда негізгі ағаш түрінің дұрыс анықталмауы, нұсқаулар мен ережелерге сәйкес берілетін сүрек шығымы пайызының дұрыс белгіленбеуі;
      әсіресе толысушы және толысқан жас шегіндегі алқаағаштардың жасын дұрыс анықтауға, орманды қарқынды пайдалану аймағына немесе ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілетін орман қорының учаскелерін осы айтылған топтарға жатқызуға ерекше назар аударылады.
      110. Көзмөлшерлі таксацияның нәтижесін өлшеп-санау мәліметтерімен нығайту қажет болғанда, радиусы тұрақты шеңберлі алаңдардың орналасу схемасы өткен орман орналаструдың планшеттеріне немесе дешифровка жасалған аэрофотосуреттерге алдын-ала түсіріледі. Аэрофотосурет бойынша, телімдегі сүрекдіңнің құрылымы, оның жер бедері элементіне ұштастырылуы анықталады. Осы мәліметтерге және анықталған немесе өткен орман орналастырудың мәліметтері бойынша алынған телімнің ауданына сүйене отырып, алаңдардың орналасуы және саны анықталады.
      111. Егер телімде немесе орман орналастыру аумағы объектісінің бөлігінде дешифровка жасау әдісімен таксациялау белгілеген болса, ол ұзына бойы параллаксты өлшеу үшін 3,5 есе үлкейтетін оптикалық құрылғыларымен жабдықталған стереоскопиялық құралмен және сүрекдің жинақ алған жоғарғы желегінің мөлшерін анықтау үшін қолданылатын палеткалармен жасалады. Дешифровка арнайы әдіспен жасалады.
      Орманды таксациялау кезінде аэрофотосуреттерді дешифровка жасауда жер түрі және олардың жағдайы, алқаағаштардың қоры, толымдылығы, бонитет класы, орман типтерінің тобы, орташа биіктігі мен диаметрі, жас класы, құрамы, телімнің нұсқасы берілген нормативтік дәлдікпен анықталады. Негізсіз телімдердің нұсқасын өзгертпеу үшін және телімдердің бұрынғы берілген таксациялық сипаттамасының сабақтастығын, анықталған ауытқулардың себебін талдау үшін алынған сипаттамалар стандартты пішінде бекітілген таксация карточкасына жазылады. Егер ауытқулар берілген нормативтен асып кетсе және олар аэрофотосуретке қосымша стереоскопиялық талдау жасау жолымен жойылмаса, телім аралап таксацияланады.
      112. Орманды іріктеп өлшеп-санау әдісін қолданып таксация жасағанда алқаағаштардың көріну жағдайына байланысты (көзбен шолуды шектейтін өскіннің бары немесе жоқтығы) реласкопиялық немесе радиусы тұрақты шеңберлі санау алаңдары салынады. Олардың саны телімдегі алқаағаштардың құрылымы мен толымдылығына және телімнің көлеміне байланысты.
      Алаңның саны 4-тен көп болса, олар телімде статистикалық теңдікпен орналасады, төрт және одан аз болса-телімнің әр бөлігінде, алқаағаштың сипатына тән жерлерге орналасады.
      Реласкопиялық санау алаңдарын статистикалық теңдікпен орналастыру абриске немесе аэрофотосуретке түсірілген, алдын-ала жасалған схема бойынша жүргізіледі.
      Таңдалған алаңдардың орналасу схемасын нақты түсіруді қатаң  сақтау - негізгі талап болып табылады. Алаңның ортасына алаңның нөмірі көрсетілген қазық бекітіледі.
      Шеңбер тәрізді алаңдарды таксация жүргізілетін телімнің шегінен шығармау үшін олардың орталық нүктесі фотоабристе нақты анықталған нүктеден бастап, компастың, қадам өлшегіштің немесе басқа да өлшегіш құралдардың көмегімен телімге түсіріледі. Негізгі пункттен немесе бұрынғы алаңшадан соған дейінгі қашықтық дәл анықталсада, белгіленген нүктеден өз еркімен алаңның орталық нүктесі жылжытылмайды.
      Реласкопиялық алаңдарда қима ауданының жиынтығын анықтау толымдылық өлшегішпен, призмамен немесе айналы реласкоппен әр қабат үшін жеке жүргізіледі.
      Толымдылық өлшегішпен шеңберлі реласкопиялық алаңдарды жасау және оларды тексеру әдістері, сонымен қоса тұрақты радиусты алаңдарды шектеудің жұмыс тәртібі осы Ережеге 9 қосымшада берілген.
      Орманның негізгі элементтерінің және жиі кездесетін құраушы тұқымдылардың орташа биіктігін анықтау үшін телімде орташаға жақын 3-5 есептегі ағаштардың биіктігі құралмен өлшенеді және қажеттілігіне қарай, жасын анықтау үшін бұрғымен үлгі алынады.
      Түрлі жастағы сүрекдіңдердің әр алаңында, әр буынның орташа ағаштарының биіктігі өлшенеді.
      Реласкопиялық алаңдардағы барлық өлшем мәліметтері таксация карточкасына жазылады.
      Орташа биіктік пен орташа диаметр орташа арифметикалық мағынадағыдай орташа ағаштардың орман элементтерін өлшеп анықталады.
      Тұрақты радиусты шеңберлі (дөңгелек) санау алаңын салғанда алдын-ала оның радиусы анықталады. Оның көлемі сүрекдіңнің орташа диаметрі мен толымдылығына байланысты. Бір алаңда орта есеппен 15 ағаштан кем болмайды.
      Шеңберлі санау алаңдарының радиусын табу үшін осы Ережеге 1-қосымшаның 6-кестесінде көрсетілген шектеулер ұстанылады. Алаңдағы ағаштарды санау орман элементтері бойынша жүргізіледі. Кеспеағаштар техникалық жарамдылығы бойынша кәделік, жартылай кәделік және отындық ағаштарға бөлінеді.
      Телімде салынған дөңгелек алаңдарда ағаштарды санаудың мәліметтері жинақталады және оны өңдеу сынақ алаңдары үшін жалпы қабылданған әдістермен жүргізіледі.
      Телімдегі қорды +15 пайыз дәлдікпен анықтау үшін реласкопиялық алаңдардың саны осы Ережеге 1-қосымшаның 7 кестесіндегі көрсеткіштермен сипатталады.

3. Параграф. Алқаағаштың таксациялық көрсеткіштерін анықтау тәртібі, орман қорының басқа да жерлерінің сипаты

      113. Алқаағаштарда таксация орман элементтері бойынша қабаттарға бөлініп, ал әртүрлі жасты алқаағаштарда - жас буыны бойынша жүргізіледі. Әр орман элементі үшін орташа жасы, биіктігі және диаметрі, ал толысушы, толысқан және көнерген алқаағаштарда - тауарлық класы анықталады. Таксациялық көрсеткіштерді анықтау дәлдігі осы Ережеге 1-қосымшаның 8 кестесінде келтіріледі:


      114. Сүрекдіңнің қабатын бөлу төмендегідей жағдайда жүргізіледі:
      1) әр қабаттың толымдылығы 0,3-тен кем емес (балауса ағаштарда - 0,4);
      2) қабаттардың орташа биіктігіндегі айырма 4 метр кем емес - жоғарғы қабаттың биіктігі 16 метрге дейін болғанда, - 5 метр - жоғарғы қабаттың биіктігі 17-ден 25 метр дейін болғанда және 6 метр - жоғарғы қабаттың биіктігі 20 метр және одан жоғары болғанда.
      1 га-ғы қоры үлкен қабат негізгі қабат болып есептеледі, ал  қорлары тең болғанда - шаруашылық маңызы артығы негізгі болып табылады.
      115. Қабаттарға бөлу мүмкін емес, әртүрлі жастағы сүрекдіңдер жас буыны бойынша таксацияланады.
      Бір тұқымды сүрекдіңдерін буынға бөлу жас айырмашылығы төмендегідей болған жағдайда жүргізіледі:
      10 жылдық жас класында - 15 жастан кем емес, 20 жылдық - 30 жас, 40 жылдық - 60 жас.
      Ағаш құрамындағы буын саны екі бірліктен кем болмаған жағдайда, олар бөлінеді.
      Сүрекдіңдердің өсу аймағына байланысты буындарға бөлудің белгілері, өкілетті орган бекітетін қосымша, аймақтық ережелермен немесе техникалық нұсқаулармен анықталуы мүмкін.
      116. Алқаағаштардың жас құрамы ағаш түрлері қорларының проценттік қатынасымен анықталады. Ол ағаш түрлерінің қысқаша атаулары мен құрамындағы ағаш түрлерінің қатысу үлесі келтірілген формуламен осы Ережеге 10 қосымшасына сәйкес рәсімделеді. Олар ондық сан коэффициенті түрінде, әрқайсысы жалпы қордың 10 пайызына сәйкес жазылады.
      Алқаағаштардың жалпы қорынан 3-5 пайызы қор құрайтын ағаш түрлерінің құрам формуласына «+», ал 1-2 пайызы «жеке» деп жазылады.
      Бірінші жас класындағы балауса ағаштардың құрамы дің сандарының қатынасына байланысты анықталады.
      117. Таксацияланатын алқаағаштарды негізгі орман құрайтын түрлердің қылқанды, қатты жапырақты немесе жұмсақ жапырақты тобына жатқызу және басым тұқымдыларды (қабат) анықтау - таксацияның маңызды мақсаты болып табылады.
      Егер сүрекдіңдердің құрамындағы ағаш түрлерінің саны 5 бірлік немесе одан көп болса (3С 1Ш 1М 5Қ; 3Шғ 2Үй 5Кт), олар қылқанды немесе қатты жапырақты (емен мен балқарағайдан басқа) алқаағаштарға жатқызылады. Балауса және екпе алқаағаштарда – төрт бірліктен аз болмайды. Мұндай алқаағаштарда түр тобының құрамында ең үлкен коэффициенті бар ағаш түрі басым болып табылады (бірінші жағдайда С, екіншіде - ШҒ).
      118. Егер самырсынның барлық жас тобында қатысу үлесі үш бірлік және одан көп болса, ондай алқаағаштар самырсын болып табылады.
      Егер еменнің барлық жас тобында қатысу үлесі төрт бірліктен, ал балаусада үш бірліктен жоғары болса ондай алқаағаштар еменді болып табылады.
      119. Құрамында сирек кездесетін және ерекше бағалы түрлер бар  сүрекдіңдерде (олардың тізімі басты пайдалану кесулерінің аймақтық ережелерімен анықталады) қатысу үлесі үш бірліктен көп ағаш түрі басым болып есептеледі. Орналастыру объектісіндегі ағаш түрінің шаруашылық құндылығы бірінші орман орналастыру кеңесінде анықталады.
      120. Егер екі немесе одан көп ағаш түрлерінің қатысу үлесі бірдей болса, онда орман шаруашылығын жүргізудің мақсатына немесе орман өсу жағдайының типіне көбірек сәйкес келетін ағаш түрі басым болып есептеледі.
      121. Орташа жас алқаағаш құрамындағы әр тұқым түрі үшін анық алады. Егер алқаағаштың, ағаш түрлерінің жастары бірдей немесе оларды  жас айырмашылығы оны анықтау дәлдігінің шегінен аспаса, жасы жалпы алқаағаш бойынша анықталады.
      Әртүрлі жастағы алқаағаштардың (егер буынға бөлу мүмкін емес немесе тиімсіз болса) орташа жасы сүрекдіңдегі басым түрдің жасы бойынша белгіленеді.
      122. Бонитет класы Қазақстан ормандарын таксациялау нормативтерінде берілген шкала бойынша (негізгі орман элементтерінің орташа жасы мен орташа биіктігі бойынша) анықталады.
      Он жасқа дейінгі балауса ағаштарда бонитет класы өсіп тұрған немесе ұштасып жатқан алқаағаштардың жер жағдайына байланысты белгіленеді.
      Орташа биіктігі мен жасы бойынша анықталатын бонитет класы осы алқаағаш түріне берілген орман типіне сәйкес келмеген жағдайда, оның себебі (батпақтануы, құрғақтануы, өрт, орман зиянкестері және басқа) таксация карточкасында белгіленеді.
      123. Орман типінің топтары орналастырылатын объектінің аймағы  үшін жасалған диагностикалық белгілері бойынша белгіленеді. Негізгі диагностикалық белгілеріне мыналар жатады: топырақ-жер жағдайы, шөпті өсімдіктер және бұталар (осы жағдайдың индикаторлары), сүрекдің бонитетінің класы т.б.
      124. Алқаағаштың толымдылығы - таксациялық телімдегі (1,3 метр кеуде биіктігінде) көзмөлшермен немесе өлшеу-санау әдісімен анықталған ағаштардың қиылым ауданы жиынтығының оннан бір үлесінің осы ағаш түрлерінің қорлары мен қиылым ауданы жиынтығы мен стандартты кестесіндегі оптималды толымдылығының (1,0) таксациялау нормативтері ара қатысы болып табылады.
      Толымдылық телімдегі алқаағаштың әр қабаты үшін жеке анық алады.
      Табиғи және қолдан өсірілген сүрек тұқымдылардың балауса ағаштарында, сексеуілдерде, кейбір жемісті алқаағаштарда және бұталарда толымдылық желектің жинақталу дәрежесі бойынша анықталады. (қима аудандары мен қорлары жиынтығының стандартты кестесінде берілмеген жағдайда).
      Егер толымдылық 1,0 артық болса (қима ауданы жиынтығының кестедегі көрсеткіштермен салыстырғанда) ол туралы таксация карточкасында және таксациялық сипаттамада белгі қойылады.
      125. Өсіп тұрған сүрекдің 1 гектарғы қоры көз мөлшерімен таксациялау кезінде әр қабат шегіндегі басым тұқымдылар бойынша, орташа биіктігі мен толымдылығын есепке ала отырып, орналастырылатын объекті үшін тексерілген қима аудандары мен қор жиынтығының кестесі бойынша анықталады.
      126. Орманмен қамтылмаған және ормансыз жерлердегі толымдылығы 0,1 - 0,2 құрайтын сирек және жеке тұрған ағаштар, балауса ағаштар мен орта жастағы алқааағаштардан өзінің жасы және мөлшері бойынша ерекшеленетін ағаштарда, бекітілген норматив бойынша қабаттарға бөлінбейді. Олар жеке ағаштар деп таксацияланады. Олар үшін таксация карточкасында тұқымның құрамы, жасы мен 1 га-ғы қоры анықталады және толтырылады.
      127. Алқааағаштарда орман зиянкестерімен, аурулармен, жануарлармен, өндірістік кәсіпорындардың атмосфераға тастаған зиянды қалдықтарымен және басқа да факторлармен зақымданған және қураған жас ағаштар болған жағдайда, таксациялық карточкаға олардың құрамы, жасы, биіктігі, диаметрі және 1 га-ғы қоры, ал қосымша мәліметтер макетінде зақымдану себептері мен зиянкестердің және зақымданған ағаш ауруларының түрлері көрсетіледі. Ескі қураған ағаштар мен шөпшектерді  таксация карточкасында тек 1 гектарғы қоры анықталады.
      Кесуге жататын мұндай ағаштардың 1 гектарға минималды қоры бірінші орман орналастыру кеңесімен бекітіледі.
      Өлген алқаағаштарды таксациялағанда, тіршілікке бейім бөлігінің толымдылығы 0,1 - 0,2 құраса, таксациялық сипаттама тірі сақталған жекелеген ағаштарға және сүрекдіңнің тірі сақталмаған бөлігіне жеке беріледі.
      Тауарлық сапасы сақталған сүрекдіңнің өлген бөлігі үшін 1 гектарғы сүрекдің өтімді қоры, орташа биіктігі, жасы, құрамы, әр құраушы тұқымның орташа диаметрі мен тауарлық класы көрсетіледі.
      128. Қолдан өсірілген екпелерді (жинақталған екпеағаштарды) таксациялау кезінде анықталатын көрсеткіштер табиғи түлеген алқаағаштарда да анықталады, тек отырғызу жылы көрсетіледі.
      129. Жинақталмаған екпелерді таксациялағанда отырғызылған жер түрі негізгі және құраушы тұқымдар, құрамы, отырғызу жылы, жасы (отырғызылған жылын қосқанда), жерсінуі (сақталуы), топырақты дайындау тәсілі мен екпелерді отырғызу, оларды орналастыру схемасы мен тұқымдарды сапасын бағалау, қанағаттанарлықсыз жағдайлардан бүлінуінің себептері көрсетіледі.
       Далалық жұмыстар кезінде Орман екпелерін далалық есепке алу мен таксациялық келісу ведомосы құрастырылады осы Ережеге 11 қосымша. Ол орманшымен келісіледі және орман мекемесінің директорымен немесе оның орынбасарымен бекітіледі.
      Алқаағаштар құрамында екпелер құрамы 3/10 кем болмаса телім  қолдан өсірілетін жерлерге жатқызылады. Жинақталған екпелердегі тал шыбықтардың биіктіктерінің айырмашылығы 3 метрден кем болса, соңғысы құрамға қосылады.
      Биіктіктер айырмашылығы 3 метр немесе одан көп болса екпелер бірінші, ал екпелер мен табиғи қоспалардың сипаттамасы бөлек көрсетіледі.
      130. Орман астарында отырғызылған екпелері бар алқаағаштар үстінгі қабаты (ярусы) бойынша таксацияланады, ал екпе ағаштардың сипаттамасы бөлек көрсетіледі. Екпелерді далалық есепке алу ведомосында олар бөлек жазылады.
      Жоғары қабаты кесілгеннен кейін олардың жағдайына байланысты екпелер орманмен қамтылған жерлерге немесе жинақталмаған екпелерге жатқызылады.
      131. Орманды жаңарту үшін отырғызылған екпелер қатары жанаспағандықтан жинақталмаған екпе ағаш түріне жатады. Ондай жағдайда таксация карточкасындағы сипаттамасы бірінші болып, ал жаңартылатын алқаағаштар екінші болып жазылады.
      Орманды жаңарту үшін отырғызылған жинақталған екпелер мен жаңғыртылатын алқаағаштардың биіктігінде айтарлықтай айырмашылық болғандықтан сипаттамалары бөлек жазылады. Бірінші болып екпелер, ал екінші болып жаңартылатын алқаағаштар жазылады. Бұл телім орманды жерлер түріне – екпелерге жатады.
      Орманды жаңарту үшін отырғызылған жинақталған екпелер мен жаңартылатын алқаағаштардың биіктігі шамамен бірдей болған жағдайда олар соңғыларымен бірге бір қабатта таксацияланады.
      132. Алқаағаштарды таксациялау кезінде белгіленетін қосымша мағлұматтар:
      1) құмырсқаның илеуі, оның 1 гектар саны;
      2) шаруашылық эталонын белгілеу үшін алқаағаштардың өнімділігі, биіктігі мен жағдайы едәуір жақсы болады. Егер басқа алқаағаштармен салыстырғанда таксациялық көрсеткіштері орман өсіру жағдайына сәйкес болса, өнімділігі жоғары және шаруашылық алдына қойылған талаптарға сай болса, олардың таксациялық сипаттамасы ең жақсы (оптималды) деп табылады;
      3) ағаштардың сөлін ағызу, жүргізу мерзімі және жағдайы;
      4) алқаағаштардың тұрақты ағаш тұқымының учаскесі мен ағаш қорғалымын ұйымдастыруға жарамдылығы және оларды ағаш тұқымының базасына қосу;
      5) нақты жасалған тұрақты және уақытша ағаш тұқымы учаскелері мен аналық және ұластыру плантациялары туралы белгі;
      6) басқа да қосымша мағлұматтардың қажеттілігі бірінші орман орналастыру кеңесінде белгіленеді.
      133. Орман астарындағы өскіндерді және орманмен қамтылмаған жерлердің түлеуін сипаттағанда мына таксациялық көрсеткіштерді анықтау керек:
      1) өміршең өскіндердің тұқымдық құрамы;
      2) орташа жасы;
      3) орташа биіктігі;
      4) өскіндердің саны (1 гектар мың дана), ал топтаса орналасқандардың 1 гектар топтар саны мен топтағы өскіндердің саны.
      134. Орман астарын сипаттағанда бұталардың басым түрлері көбінен азына қарай келтіріледі және олардың тығыздық дәрежесі көрсетіледі. Тығыздықтың ауытқуы аймақтық нормативтермен белгіленеді.
      Орман астарының тығыздығын бағалайтын нормативтер жоқ болған жағдайда мына ұстанулар қолданылады: қалың - 1 гектар жерде бұталар 5 мыңнан көп болса, орташа - бұталардың 2,5-5 мың дейін және сирек бұталар - 2 мың. Жеміс-жидекті, жаңғақ жемісті және шаруашылыққа қажетті бұталардың тұқымы, жасының ауытқуы (5 жасқа дейін), орташа биіктігінің ауытқуы (0,5 метр), 1 гектар саны, өнімділігі көрсетіледі.
      135. Анықталып қабылданған орман типі топтарының схемасы бар болған жағдайда топырақ және жер қыртысының шөпті жамылғысы сипатталмайды, тек орман типі топтарының дұрыс анықталуына күмән болған жағдайда ғана сипатталады.
      Қажет болғанда топырақтың механикалық құрамы, күлгіндену дәрежесі, ылғалдылығы сипатталады. Эрозия бар жерде анық түрі мен даму дәрежесі көрсетіледі. Таулы жағдайда топырақ қуаттылығы мен жергілікті тау жыныстарының жер бетіне шығу пайызы қосымша сипатталады. Таксация карточкасында жамылғының жемісті және басқа да құнды шөптердің кәсіптік жиналуын ұйымдастыруға болатын жиі кездесетін үш түріне дейін көрсетіледі.
      Олар үшін таксация карточкасында жамылғының жалпы ауданынан жамылғы пайызы көрсетіледі.
      Емдік және техникалық өсімдіктерді есепке алу жұмыстары бірінші орман орналастыру кеңесінде қосымша қаражат бөлінген жағдайда жүргізіледі.
      Жете зерттелген және белгіленген тәртіп бойынша қабылданған жабайы өсетін шикізат ресурстарын табу және есепке алу әдістемесі бойынша орманды таксациялау кезінде азықтық, емдік және шаруашылыққа қажетті өсімдіктерді есепке алу жұмыстары орындалады.
      136. Таксациялық телімнің жағдайын көрсету қажет болғанда, оның жер бедері элементтеріне (жайылма, су айрығы, плато, сай, бөктер және тағы басқа) қатынасты орналасуымен сипатталады. Таулы жағдайда бөктердің экспозициясы мен тіктілігі көрсетіледі. Бөктерді тіктілік топтарына бөлу Орман кесу ережелеріне сәйкес жүргізіледі. Орманның жер бедері (жазық, толқымалы, төбешікті, тау-төмпешікті, таулы) бүтіндей орам үшін көрсетіледі.
      137. Арнайы мақсатта бағытталған плантацияларды сипаттағанда мыналар анықталады:
      1) өнеркәсіптік және энергетикалық мақсаттағыларды (қысқа мерзімде максималды сүрек көлемін алу мақсатында отырғызылған) сипаттағанда: отырғызу жылы мен жасы, құрамы, биіктігі, диаметрі, толымдылығы, қоры. Ерекшелігінде отырғызылған мақсаты жазылады;
      2) азықтық және басқа мақсаттағыларды (бақтар, жүзімдіктер, жидекті жиделер және басқалар) сипаттағанда отырғызу мақсаты, жеміс беру дәрежесі (жеміс беретін және бермейтін), орналасу схемасы, отырғызу жылы, 1 гектардан ағаштар (бұталар) саны, 1 гектар алынған өнімі анықталады.
      138. Барлық орманмен қамтылмаған жерлерді таксациялағанда бонитет классы мен орман типі топтары (жанында өсіп тұрған, орман өсіру жағдайының типі бойынша) анықталады, ал қайта құру шаралары белгіленген телімдерде отырғызылатын ағаш тұқымы көрсетіледі.
      139. Кесілген жерлерде, өртенген және істен шыққан (бүлінген) алқаағаштарда орманды кесу және өртену жылы, жел, дауыл құлатқан ағаштар немесе басқа да себептерден зақымдану жылы, өрттің түрі (үстінгі, төменгі, жер асты) анықталады.
      Ағашы кесілген жердегі ұдайы өсіру жұмыстарын механикаландыру мүмкіншілігі мен тәсілі толықтырылады және кесілген жердегі түбір шайырын дайындау көлемін көрсету үшін 1 гектар түбір саны мен орташа диаметрі, соның ішінде қарағайдың саны айқындалады. Ағашы кесілген жер, өртенген және өлген алқаағаштар орманмен қамтылған жерлерге ауыстырылмаса немесе екпе ағаш отырғызылмаса, қанша уақыт өтсе де өзгеріссіз өз категориясында қалады.
      Қайта қалпына келген ағашы кесілген жерлерді, өртенген және өлген алқаағаштарды таксациялау кезінде, шаруашылық ықпалдың қолайлығы мен орманның ұдайы өсуі үшін мехнизмдерді пайдалану мүмкіншілігі анық алады, әрі ағашы кесілген қалдықтардан тазарту сапасы, шала кесу мен шығарылмаған сүрекдің тұқымдық құрамы және тұқымдар бойынша кәделік сүрекдің шығу пайызы көрсетіледі.
      140. Сирек ормандарды (табиғи) таксациялау кезінде анықталатын таксациялық көрсеткіштер алқаағаштардікімен бірдей (тауарлық класынан басқа). Табиғи сирек ормандар ұдайы өсіру қорына енгізілмейді және кесуге белгіленбейді.
      141. Шабындықтар мен жайылымды сипаттағанда олардың типі, жағдайы мен сапасы көрсетіледі.
      Типі бойынша суарма, құрғақ алқап және сазды шабындыққа бөлінеді, олардың өзі табиғи және жақсартылған болуы мүмкін. Шабындықтарды сипаттағанда олардың бұталы өсімдіктермен өсіп кету дәрежесі (пайызда), шөпті шабу, дайындау жұмыстарын механикаландыруға әсерін тигізетін төмпешіктердің, тастардың, тағы басқа факторлардың болуы және 1 гектар орташа өнімділігінің центнердегі кебу салмағы көрсетіледі.
      Шабындықтар мен жайылымдар сапасы бойынша жақсы, орташа және нашарға бөлінеді.
      Шабындықтағы шөпті өсімдіктердің басым түрі сипаттамасында жамылғысы, қалыңдығы көрсетіледі.
      Малдың шектеусіз жайылуынан немесе басқа да себептерден пайда болған эрозиялық процестері таксациялық карточкаға жазылады және шаруашылық шаралар белгіленеді.
      Шабындықтар мен жайылым сапасын бағалайтын нормативтер жергілікті жағдайға байланысты анықталады және олар бірінші орман орналастыру кеңесінде көрсетіледі.
      142. Сазды жерлер бойынша мыналар көрсетіледі: өсімдіктер типі (қияқты, сфагнумды, қамысты) жамылғы пайызы, бұталы өсімдіктер сипаттамасы мен өсіп кету пайызы.
      143. Құмдарда орман өсуге және бекітуге жарамдылығы көрсетіледі.
      144. Басқа да пайдаланбайтын және қолайсыз ормансыз жерлердегі жер түрлері анықталады: жартас, ұсақ тау жыныстары, сорлар, бөктер (басқа да жер түрлеріне жатқызылмайтын бұталы өсімдіктері жоқ, 5 градус және одан жоғары болатын таулы аумақтағы учаскелер), карьерлер, үйінділер және осы жерлерде орман мелиоративтік жұмыстарын жүргізу мүмкінділігі.
      145. Таксация кезінде орам ішімен өтетін орман мекемесі құрамынан шығарылмаған жолдар, өзендер, жылғалар және басқа да құрылыстар сипатталады.
      Әр жолдың пайдалану мақсаты (шаруашылық ағаш тасу немесе жалпы пайдалану), типі (темір жол, автокөлік жолы, қара жол), жол салыну түрі, пайдалану мерзімі (жыл бойы немесе белгіленген мерзімде ғана істейтін), трасса ені мен жер төсемінің ені, ұзындығы мен жол жағдайы, көпірлер мен басқа да жол орнатымдарының болуы мен жағдайы көрсетіледі. Өзендер, жылғалар мен құрылыстардың ені мен ұзындығы көрсетіледі.
      Орамдағы барлық жолдар мен басқа да құрылыстар телімдер сияқты нөмірленеді. Олардың нөмірлері орамдағы барлық орманды және ормансыз учаскелердің жалғасы болады. Олардың барлығы орман картасында белгіленеді.
      146. Орман орналастыру кезінде орман қоры аумағындағы құрылыстар, ағаш үйлер соның ішінде аңшылық, химиялық өрт сөндіру станциясы, өртті бақылайтын мұнаралар, бүршік кептіргіштер және басқа да объектілер алып жатқан жер көлемі бойынша кіші болғандықтан жеке телім ретінде қаралмайды. Орман карталарында олар шартты белгілермен көрсетіледі.
      147. Орамды таксациялау біткенде бір-біріне таксациялық сипаттамасы ұқсас телімдер қосылады немесе бөлінеді. Осыдан кейін телімдер орамның солтүстік-батыс бұрышынан оңтүстік-шығыс бағытында араб цифрімен нөмірленеді. Біркелкі телім мемлекеттік орман қоры категориясының шекарасымен екі немесе одан көп бөлшекке бөлінген жағдайда телім саны бөлініп, әр қайсысы өз бетінше нөмірленеді.
      Құжаттардың пайдаланылуы ыңғайлы болуы үшін орамдағы телімдерді  бөлінуі мемлекеттік орман қоры категориясының біреуінің ішінде шектелсе басқасында жалғасады.
      148. Далалық орман орналастыру жұмыстарын аймақ жағдайларына байланысты жүргізу ерекшеліктері, сондай-ақ құнды ағаш тұқымдылары мен сексеуілдердегі алқаағаштардың таксациялануы осы Ережелердің 7 тарауында түсіндіріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет