Осы Хаттаманың 9-бабының 1-тармағын, 11-бабының 2-тармағын және 30-бабын назарға ала отырып, осы Хаттаманы қолдану кезінде Уағдаласушы Тараптар өздерінің ұлттық заңнамаларын басшылыққа алады. Осы орайда Уағдаласушы Тараптар:
-
Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау, сақтау және қалпына келтіру үшін қажетті шараларды дербес немесе бірлесе отырып қабылдайды;
-
Каспий теңізінің табиғат ресурстарын Каспий теңізінің теңіз ортасына және биологиялық ресурстарына залал келтірмейтін түрде пайдаланады;
-
Жойылып кету қауіпі төнген түрлерге ерекше назар аудара отырып, биологиялық әртүрлілікті қорғайды, сақтайды және қалпына келтіреді;
-
Қоршаған ортаға залал келтірмейтін және орнықты әдістерді қолдана отырып бірегей, мейлінше осал болып табылатын немесе өңір үшін маңызды мәні бар аудандарды, ең алдымен қорғалатын аудандарды құру жолымен қорғайды, сақтайды және қалпына келтіреді;
-
Ұлттық, қажет болған кезде өңірлік стратегияларды, іс-қимыл жоспарларды және бағдарламаларды қабылдайды және биологиялық әртүрлілікті сақтау және олардың мекендеу орындарын қоса алғанда, биологиялық ресурстарды орнықты пайдалану мен басқару бойынша тиісті заңнаманы әзірлейді және қолданады;
-
Каспий теңізінің биологиялық әртүрлілігімен байланысты мониторинг бойынша шараларды жүзеге асырады;
-
Биологиялық әртүрлілікті сақтау және биологиялық ресурстарды орнықты және ұтымды пайдалану мақсаттарында биологиялық әртүрлілік және мекендеу орындарының тізілімдерін анықтайды және құрады;
-
Салалық стратегиялардың және іс-қимыл жоспарларының биологиялық әртүрлілігін сақтау және биологиялық ресурстарды орнықты және ұтымды пайдалану қағидаттарына сәйкестігін қамтамасыз етеді;
-
Биологиялық ресурстарды орнықты және ұтымды пайдалану және биологиялық әртүрлілікті сақтау қажеттілігін назарға ала отырып, жағалау маңындағы аудандарды кешенді ұлттық басқаруды жүзеге асырады;
-
Мекендеу орындарына және түрлерге елеулі түрде теріс әсер ететін немесе әсер етулері мүмкін ластану көздерін және кез келген қызметті бақылайды;
-
Бір-бірімен және құзыретті халықаралық ұйымдармен биологиялық әртүрлілікті сақтау және жойылып кету қауіпі төнген түрлерді және экожүйелерді басқару саласында ынтымақтастық жасайды.
ІІ-Бөлім Түрлерді қорғау және сақтау
Түрлерді қорғау және сақтау мақсаттарында Уағдаласушы Тараптар:
-
Уағдаласушы Тараптар талқылағаннан және талдау жүргізгеннен кейін Уағдаласушы Тараптар Конференциясында қабылдау үшін тиісті халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықта әзірленетін Каспий Қызыл Кітабы негіз болатын жойылып кету қауіпі төнген флора және фауна түрлерінің жанжақты тізілімдерін жасайды және осы хаттамаға І қосымша санаттарының негізінде осы түрлерге қорғалатындар мәртебесін береді;
-
Қорғалатын түрлерге және олардың мекендеу орындарына кері әсер тигізетін қызметті реттейді және осы түрлерді сақтау саласында қолайлы жағдайды қамтамасыз ету үшін басқа да шараларды қабылдайды;
-
Флора және фаунаның қорғалатын түрлерін, олардың бөліктерін, сондай-ақ туындыларын әдейі және, мүмкіндігінше, кездейсоқ аулауға, иеленуді немесе өлтіруге немесе союды, тасымалдауды және коммерциялық мақсаттарда пайдалануға бақылау жүргізу және, қажетті кезде тыйым салады;
-
Фаунаның көбею, инкубация, ұйқыда ұзақ жату немесе қоныс аудару кезеңінде, сондай-ақ басқа да биологиялық стресс кезеңдеріне оның бұзылуына әкепсоғатын қызметке бақылау жасайды және қажет болған кезде тыйым салады;
-
Жұлып алуды, жинауды, кесіп алуды, қопарып алуды, иеленуді, саудалауды, тасымалдауды және коммерциялық мақсаттарда көпшілікке көрсетуді қоса алғанда, қорғалатын флора түрлеріне, олардың бөліктеріне және олардан жасалған өнімдерге қатысты жоюдың және араласудың кез келген нысандарын реттейді;
-
Қоныс аударатын түрлерді қорғау және қалпына келтіру жөнінде ынтымақтастық жасайды;
-
Осы Хаттамаға І қосымшаға енгізілген жойылып кету қауіпі төнген түрлердің жай-күйінің, сондай-ақ олардың аман қалуына қауіп төндіретін әсер ету сипатының және ауқымының ұзақ мерзімді мониторингін таралым қарқынының келісілген жалпы өлшемшарттарына сәйкес жүзеге асырады;
-
Осы Хаттамаға І қосымшаға енгізілген жойылып кету қауіпі төнген түрлер таралымын сақтау үшін қабылданатын шаралар туралы ақпаратпен алмасады және келісілген жалпы өлшемшарттардың негізінде мұндай шаралардың тиімділігін бағалауды жүргізеді;
-
Осы Хаттамаға І қосымшада тізілген түрлерді in-situ және ex-situ сақтау және қалпына келтіру бойынша ұлттық, қажеттілігіне қарай өңірлік іс-қимыл жоспарларын әзірлейді және іске асырады;
-
Осы Хаттамаға І қосымшада тізілген жойылып кету қауіпі төнген түрлерді қорғауды, сақтауды және қажет болған кезде, қалпына келтіруді қамтамасыз ету мақсатында ынтымақтастық жасайды;
-
ғылыми мақсаттарда және өсімін молайту мақсаттарында және адам денсаулығына қауіп төну жағдайында таралымдардың зерттелетін түрлерінің немесе кез келген басқа түрлерінің аман қалуына қауіп төндірмейтін жағдайда осы Хаттамаға І қосымшада тізілген түрлерді қорғау үшін көзделген тыйым салудан мұндай босату қажет болған кезде ұлттық заңнамаға сәйкес ұсынады.
7-бап. Бөгде түрлер
Уағдаласушы Тараптар:
-
бөгде түрлердің жерсінуін реттейді және экожүйелерге, мекендеу орындарына немесе түрлерге кері әсер тигізуі мүмкін түрлерге тыйым салады және залал келтіріп жатқан немесе келтіруі мүмкін әкелінген түрлерді реттейді;
-
Каспий теңізіне енгізілген барлық бөгде түрлердің жай-күйін зерделейді, олар төндіретін тәуекелдерді талдайды және инвазивті түрлер ретінде анықталған түрлерге қатысты өңірлік іс-қимыл жоспарын әзірлейді және жүзеге асырады.
8-бап. Генетикалық модификацияланған түрлер
Уағдаласушы Тараптар генетикалық модификацияланған түрлердің жерсінуін реттейді және адам денсаулығына, экожүйелерге, мекендеу орындарына және түрлерге зиянды әсер етуі мүмкін түрлерге тыйым салады, залал келтіріп жатқан немесе келтіруі мүмкін әкелінген түрлерді реттейді. Кез келген мұндай жерсіну Уағдаласушы Тараптардың алдын ала талқылауды және талдауды жүргізген жағдайда, Уағдаласушы Тараптар конференциясының шешімі бойынша жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |