72-кесте. 10-сынып оқушысы Д.Жақановтың жеке жоспары
Қиындық туғызатын дағдылар
мен қабілеттер
26.10
28.10
29.10
31.10
01.11
12.11.
23.11
29.11
Ойын
жазбаша
білдіруді
ұйымдастыру
Қарым-қатынас
мәселесін
шешу
Лексикалық дағдылары
Грамматикалық дағдылары
Орфографиялық дағдылары
Тыныс
белгілерін
қою
дағдылары
Білімдегі олқылықтардың орнын толтыру бойынша жұмыс формалары әр
түрлі болуы мүмкін. Жеке жоспарда топтық сабақтарды - жасыл түспен,
сараланған тәсіл - күлгін, жеке сабақтар - көк түстермен бөліп көрсету
ұсынылады.
Жеке жоспар парағы олқылықтарды қалпына келтіруге, нақты бір білім
алушының білімін толықтыруға арналған және оның жеке қабілеттерін
дамытуға бағытталған.
ІІІ кезең. Жіберілген қателіктерді талдау
Қателіктерді талдау жұмыс түріне байланысты. Әр жұмыс түрінен кейін
ауызша немесе жазбаша, сапалық және сандық талдау жүргізіледі. Мұқият
талдау жеке білім алушылардың кемшіліктері мен жетістіктерін терең
зерттеуге, білім алушылардың қателері мен негізгі қиындықтарын бөлуге,
олардың пайда болу себептерін зерттеуге және оларды жою жолдарын
белгілеуге мүмкіндік береді.
IV кезең. Білімдегі олқылықтарды жоюды жоспарлау
Бұл жұмыс талдауға негізделген және оның нәтижелері білім алушыларға
айтылады. Педагог сабақты қашан, кімнен, қандай мақсатпен сұрау керектігін
және бұл үшін қандай құрал қолдануды жоспарлайды. Қателер бойынша жұмыс
әрбір жазбаша жұмыстан кейін, ал қайта бағалау - «қанағаттанарлықсыз»
бағадан кейін жүргізіледі. Қатаң бақылау әр білім алушының барлық тесттер
мен сынақтарды орындағанына көз жеткізу үшін жүзеге асырылады.
V кезең. Кемшіліктерді жою. Сыныпта талдау жұмысын жүргізу.
Ұсынымдар:
Достарыңызбен бөлісу: |