Қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың



Pdf көрінісі
бет21/262
Дата01.08.2022
өлшемі4.55 Mb.
#459865
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   262
Әдістемелік-Нұсқау-хат-2021-2022-оқу-жылы

қалыптастыру: отбасы мүшелері арасындағы сыйласымдылық, үлкенді 
құрметтеу, ананы сыйлау, әкені қадір тұту, отбасы берекесі, отбасылық 
дәстүрлер, бауырмалдық, туысқандық, денсаулыққа қамқорлық, салт-дәстүр 
сабақтастығы, сүйіспеншілік. 
Отбасында, мектепте, қоғамдық ортада құндылықтар негізінде балаларды 
тәрбиелеу – қазіргі уақыттың өзекті мәселесі. Отбасылық құндылықтар мен 
ұлттық тәрбие мәселелері мектептердің тәрбие жұмысында, балалардың бос 
уақытын ұйымдастыру аясында қосымша білім беруде, мәдени-бұқаралық іс-
шараларда, конкурстар мен сынып сағаттарында, ата-аналар жиналыстарында, 
үйірме жұмыстарында, сондай-ақ еңбек тәрбиесінде, бірлесіп еңбек етуде 
көрініс табуы тиіс. 
Ата-аналар жиналыстарын дәстүрлі емес форматта өткізу: «Кәсіби 
мамандарды шақыра отырып баспасөз конференциялары», «Ата-аналар 
сенбіліктері», «Психологиялық тренинг», «Отбасын таныстыру», «Тәжірибе 
алмасу» және т.б. ұсынылады. 


31 
Оқушылар «Ауылдағы 2 апта», «Ата-анамыздың жұмыс орнындағы
он күн» жобалары аясында өздерінің жан-жақты дамуы мен шығармашылық 
әлеуетін жүзеге асыра алады (НЗМ тәжірибесі бойынша).
«Отбасы –мектеп» жобасы отбасының тәрбиелік әлеуетін, білім беру 
ұйымдарында білім алушылардың ата-аналарымен қарым-қатынасын үйлестіру 
және отбасылық тәрбиені жақсарту үшін педагогтердің әлеуетін арттыруға 
бағытталған. 
Ата-аналарға арналған лекториялар, ата-аналар кештерін, Ашық есік 
күндерін, тренингтер өткізу, «Ата мектебі», «Әже мектебі», «Әке мектебі», 
«Ана мектебін» құру ұсынылады. Бұл мектептерді құрудың мақсаты – бала 
тәрбиесіндегі отбасының рөлін арттыру.
Ата-аналардың, қоғамның, үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен 
«Мектептегі бір күн» жобасын іске асыру ата-аналардың қажеттіліктерін, 
сұраныстарын, отбасылық ерекшеліктері мен отбасылық тәрбиесі ескеріледі
ата-аналарды мектептің, сыныптың, өз баласының істеріне жұмылдыруға, білім 
беру процесінің барлық қатысушыларымен өзара іс-қимыл жасауға 
жәрдемдеседі. 
Педагогикалық және ата-аналық консилиумдар шеңберінде ата-
аналармен, балалармен жеке әңгімелесулер өткізіледі, жеке балаға арналған 
бағдарламалар жасалады, баланың үй жағдайымен танысу үшін отбасына бару, 
отбасылық проблемалар мен балалар тәрбиесі бойынша кеңестер өткізу 
қамтылады. 
Отбасылық тәрбие әдістемесі инновациялық тәсілдерді, технологиялар 
мен әдіс-тәсілдер жиынтығын, оның ішінде ата-аналардың баласымен бірге 
туған өлкенің киелі орындарын (тарихи ескерткіштерді, кесенелерді, 
мұражайларды, табиғи нысандарды) зерттеуді қамтиды. Киелі орындарға бару 
отбасының ауызбіршілігі мен сыйластығын арттыруға ықпал етеді.
Отбасылық тәрбиеде ата-тегінің шежіресін құрастыру оқушыларға үлкен 
тағылым. Баланың өз тегін, жеті атасын білуі, өзінің отбасылық шежіресін 
құрастыруы – отбасылық жақсы дәстүр мен ұрпақтар сабақтастығын 
қалыптастырудың, әулеттегі татулықты нығайтудың, баланың текті болып 
өсуінің кепілі. Сонымен қатар баланы отбасылық жәдігерлер мен тарихына, 
фотосуреттерге, үй мұрағаттарына, ата-әжелеріне, марапаттарына құрметпен 
қарауға тәрбиелеу маңызды. 
Отбасылық құндылықтарды қалыптастыру жөніндегі әдістемелік 
ұсынымдар – орта білім беру ұйымдарының оқу-тәрбие процесінде отбасылық 
тәрбиені іске асыруға арналған нұсқаулық ( https://www.nao.kz).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   262




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет