50
мен әріптерді сәйкестендіру, буындар құрауы); түсініп оқу (оқылған сөздің
мағынасын түсіну және олардың мағынасын түсіндіру); шапшаң (тұтас сөздерді
дұрыс және түсініп оқу); мәнерлеп (дұрыс, түсініп және шапшаң оқуға және
ақпараттың мазмұнына өзінің көзқарасын білдіру).
Білім алушылардың оқу дағдыларының
қалыптасуын ескере отырып,
мұғалім төмендегі міндеттерді қояды:
-
екінші сыныпта сөз бен сөз тіркестерін тұтас оқу біліктерінің
қалыптасуын; оқу қарқыны бойынша оқылған мәтіннің мазмұнын түсінуін, оқу
кезінде кідіріс жасай білуін,
тиісті тыныс белгілерін қоюын, интонациясын,
кейіпкерлерінің ерекшеліктеріне тән қассиеттерін білуін тексереді;
-
үшінші сыныпта негізгі құралдардың
мәнерлілігін пайдалануда
өлеңдер және шығармалар мәтінін оқу мәнерлілігін тексеру, дауыстап және
іштей оқуда оқылған мәтіннің мәнін түсінуін, сонымен қатар, оқу техникасын
тексерудің негізгі міндеттерін тұтас сөздермен оқи білуінің қалыптасуын
тексереді;
-
төртінші сыныпта оқу дағдысы: шығарманы іштей көз жүгіртіп,
шолып, түртіп алып,
сұрақтар қоя отырып, қажетті ақпаратты тауып, белгі
қойып оқу, талдау жасап оқу, сын тұрғысынан бағалап оқу (5-кесте).
Достарыңызбен бөлісу: