127
ІІІ кезең. Жіберілген қателіктерді талдау;
IV кезең. Олқылықтарды жоюды жоспарлау;
V кезең. Олқылықтарды жою. Сыныпта талдау жұмысын жүргізу;
VI кезең. Алдын алу шаралары.
І кезең. Жалпы қателіктерді анықтау
Жазбаша
жұмыстарды тексеру, ауызша жауап беру, өзіндік және өзара
бақылау барысында жүзеге асады.
Жазбаша жұмыстарды жүйелі түрде жүргізу және өзі дербес орындауын
қатаң бақылау ұсынылады. Қателерді анықтауға
арналған жазбаша жұмыстың
тиімді түрлері:
- оқу жылының басында және соңында қателіктерді талдау бойынша
жеке өзіндік жұмыс үшін әр кестеге мәліметтер матрицасын және
матрицалардың көшірмелерін құрастыра отырып, тестілеу беріледі;
- оқу жылында дәстүрлі бақылау
және кесімді бақылау жұмысы,
теориялық материалды жазбаша зерттеу.
Белгілі бір тақырыптың типтік қателері мен жалпы білім беру дағды-
қабілеттерін анықтауға бағытталған ББҚ (білім, білу, қабілет) ауызша тексеру.
Тест тапсырмаларында есте сақтауды (меңгергендерді жаңғырту), ойлауды
(салыстыру,
дәлелдеу, жалпылау), сөйлеуді дамытатын сұрақтар қамтылуы
тиіс. Ауызша емтиханның сапасы сұрақтардың іріктелуіне және олардың
қойылу реттілігіне байланысты болуы қажет. Әрбір сұрақ логикалық түрде
толық, қысқа және нақты болуы керек.
Білім алушылардың бойында өзін-өзі
бақылау дағдылары мен
қабілеттерін қалыптастыру олардың қателіктерін өз бетінше табуға мүмкіндік
береді. Сонымен қатар ол тәрбиелік, психологиялық, педагогикалық тұрғыдан
тиімді. Мысалы, мынадай формаларды пайдалануға болады: «Қатені тауып,
түсіндіріңіз» (өзіңіздің сыныптасыңыз жасаған, педагог жоспарлаған),
«Жауабын тексеріп, қатесін түсініңіз», «Жауабыңызды бағалаңыз».
Мектеп оқушыларының оқу іс-әрекетінің сапасы
мен тиімділігін өзара
бақылау педагогке білім алушылардың білімін тексеруге көмектеседі және
адалдық пен әділеттілік, ұжымшылдық сияқты
жеке қасиеттерінің дамуына
ықпал етеді. Білімді өзара тексеру білім алушылардың белсенділігін дамытады,
білімге қызығушылығын арттырады. Өзара бақылау барысында білім
алушылардың жеке ерекшеліктері ашылады, білімге қызығушылығы артады.
II кезең. Қателерді түзету
Қателерді түзету қателерді анықтаумен қатар жүреді. Әрбір білім алушы
өзінің «проблемалық» тақырыптарын бірнеше рет қайталауы арқылы шет тілін
меңгеруде оң нәтижеге қол жеткізе алады.
- Деректер матрицасы - бұл тест нәтижелері енгізілетін кесте. Бұл
сыныптағы «меңгере алу» картинасын тұтастай және әрбір білім алушыны жеке
көруге мүмкіндік береді;
Қателіктерді есепке алу (барлық жазбаша жұмыстарда «меңгере алуын»
бақылау). Бұл белгілі бір тақырыпты немесе ережені меңгере алмаған әр білім
алушының қандай проблемалары бар екенін анықтауға мүмкіндік береді. Нақты
қателіктер туралы ақпарат әрбір білім алушының мәліметтеріне енгізіледі
(39 -кесте).