Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі Шымкент қаласының білім басқармасы



бет21/36
Дата21.07.2023
өлшемі4.76 Mb.
#475770
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   36
Асанхан Әйгерім әдістемелік нұсқау

Әдебиеттер:
1.Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі Ә.Сағымбаев «Фолиант»Астана 2013
2.Халықтық көркемөнер шығармашылығы С.Қырықбаева, С.Н.Адамқұлов
Астана 2015
3.Еңбекке баулу Ш.Жиенбаева Астана 2016
4.Сурет БУалиев, Қ.Иманбекова Астана 2010
5.Еңбекке баулу оқыту әдістемесі Алматы Атамұра 2011
6.Сәндік қолданбалы өнерді үйрету Мұнашева Алматы 200


19.Нақнұсқаға қарап сурет салу.

Жоспар:
1.Нақнұсқаға қарап сурет салудың мақсаты мен міндеті.


2.Нақнұсқаны талдау.

Нақнұсқа латын сөзінен («naturа»-табиғат) -табиғат, айналадағы дүние, заттар. Нақнұсқадан сурет салу дегеніміз-затқа табиғатқа, адам тұлғасына қарап отырып сурет салу.


Нақнұсқаға қарап сурет салу екі негізгі бөлімнен тұрады: нақнұсқаны қабылдау және оны бейнелеу. Нақнұсқадан сурет салудың күрделілігі,екі өлшемді жазықтықта үш өлшемді көлемді көрсетуін талап етеді,яғни қағаз бетіне бір заттың өзіне ұқсас көлемдік пішінін бейнелеу керек.Қағаз беті екі өлшемнен-ұзындық және биіктіктен тұрса,ал бейнесін түсіретін зат үш өлшемнен-ұзындық,,ендік,биіктіктен тұрады. Мысалы,кітаптан заттың бейнесін,сән журналынан киім үлгісін қарап салу айтарлықтай қиындық тудырмайды. Оны көшірме дейді және ол суретшіге ешқандай пайда бермейді,себебі жазықтықтағы,яғни кітаптың,журналдың бетіндегі бейне сызықтары шешіліп қойылған,сондықтан сурет салушы оларды ойланбай,қиналмай,түсінуге әрекет жасамай көшіре салады.Ал заттынақнұсқадан бейнелеу суретшіге затты толық көру,оны талдау және талқыға салыпмеңгеруді етеді.
Нақнұсқаны талдау дегеніміз –заттың негізгі белгілері мен қасиеттерін бөліп айыру.Сондықтан түпнұсқадан сурет салу күрделі кезең болып табылады да,орындаған кезеңдерінде айқын мақсаттар шешіледі:
1.Сурет салушы бейнелейтін заттың пішінінің құрылыстық құрамын түсініп игеру керек,яғни затты ойша геометриялық элементтерге бөлшектеп тастау;
2.заттың перспективалық бейнесінің негізгі ережелерін сақтау;
3.бейнелейтін заттардың жарық-көлеңкесін дұрыс анықтау
Затты көру және талдау,нақнұсқаны толық қабылдау, сонымен бірге заттың бөлек бөлшектерінің қарым-қатынастарын,айырмашылықтарын бір-бірімен және айнала фонмен салыстырудан түзеледі.Суретті түпнұсқадан сауатты салуды үйрену үшін көрген-байқаған нәрселерді қағаз бетіне нобай және суреттеме ретінде күнделікті еңбектеніп бейнелеп отыру қажет.
Бұл жағдайда бастапқы рөлдізаттың пішінінің құрылысы, құрылымы және түзілісі атқарарды. Сондықтан түпнұсқадан сурет салуды үйренудің шарты затты «толық» көру,оны талдай білу,заттың графикалқ бейнесін елестету, геометриялық денелерді бөлшектеу, перспектива мен жарық-көлеңкенің заңдылықтарын білу болып есептеледі.
Сурет салудың негізгі тәсілдерінің бірі – сызық жүргізу. Жіңішке сызықтар жүргізу арқылы болашақ пішіннің нобайы жасалады. Осы сызықтармен негізгі пропорциялар белгіленіп, суреттің жеке бөліктері салынады. Сызық жүргізу арқылы сурет кейпі белгіленеді.
Пішіннің түрі түсетін жарыққа қарай өзгеретіндіктен, сызықтың түрі де өзгереді. Мұндай сызық штрих сызық немесе кеңістік сызық деп аталады. Штрихтардың басқа сызықтардан айырмашылығы: мұның кеңістік сипаттары көбірек. Мәселен, сызықтар өзіндік дербес мәні бар ұзын сызықтарды айтсақ, ал штрих – қысқа сызық, әрі ол басқа штрихтармен бірлестікте ғана белгілі бір мәнге ие бола алады. Басқаша айтқанда, сызықтар пішіннің шекараларын белгілеп, олардың контурын жасаса, ал штрихтар тобы пішінге өң - рең береді. Сөйтіп, жеңіл, болар -болмас көрінетін сызықтардың көмегімен болашақ жалпы форманы, оның негізгі бөліктерін, пропорциясын белгілейтін ең бастапқы нобай жасалады. Содан кейін қысқа, әсерлі сызықтар арқылы форма, қимыл-қозғалыс, кеңістік беріледі.
Штрихтарды оңға, солға немесе төмен сызуға болады, ал қарындаштың ұшын жоғары қарай жүргізуге болмайды. Егер штрих сызығы дұрыс жүргізілмеген болса, оны өшірмей-ақ, дәл соның жанынан екінші сызық жүргізген дұрыс. Сонда жіңішке жүргізілген алғашқы дәл емес штрих сызықтары суретке қарағанда көзге түспейді де, сурет салынып біткенде ол сызықтар көрінбей қалады. Штрихтармен нәрсенің түрін, жарық пен көлеңкені, нәрселердің рең бояуындағы үйлесімін, қандай материалдан жасалғанын, қарындашпен бір қатар штрихтар жасау арқылы суреттегі түрліше көлеңкелерді, түстер қатынасын көрсетуге болады.
Сонымен, штрих дегеніміз суретке салынатын заттың объектісін, яғни, оның сурет салушыдан қанша қашықтықта тұрғандығын, қандай материалдан жасалғандығын және сыртқы түсін белгілейтін сызық. Штрих қоюлығы мен жилілігі, бағыты нәрсенің нендей материалдан істелгендігі мен оның бетінің өзіне тән ерекшелігін көрсететіндей болуы керек.
Бейнелеу дегеніміз – заттардың, табиғат құбылыстарының, адамның және жан – жануарлардың, өсімдіктердің көрінісін қағаз бетіне салу. Олардың нақтылы бейнесін беру суретші үшін әлі аз. Ондай нақты бейнені берумен ғана шектелетін суретшіні «көшірме суретші» дейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет