Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі Шымкент қаласының білім басқармасы



бет24/36
Дата21.07.2023
өлшемі4.76 Mb.
#475770
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   36
Асанхан Әйгерім әдістемелік нұсқау

22.Мүсіндеудің сенсорлық негізі.

Жоспар:
1.Балалардың сезімталдық қасиеттерін ұйымдастырудың педагогикалық


әдістері.
2.Геометриялық формалар туралы балалардың білімін бекіту.

Балалардың көзбен қабылдауын қалыптастыру үшін, тәрбиеші оларға адамдарды, жануарларды бейнелейтін ойыншықтарды, ертегілер мен әңгімелердегі жекелеген заттармен эпизодтарды таныстыратын суреттік кітапшаларды көрсетеді.


әр алуан заттарды жан жақты қарастырып бақылау кезінде тәрбиеші балаларға заттардың формасына, пропорцияларына, бөліктерінің орналасуына және образдардың сипатын күшейте түсетін қосымша заттарға, фактураға, әрекетке, кейбір детальдарға мұхия назар аударуды ұснады. Балалардың заттардың ерекше белгісін көре білуге, оларды таңдап алуға үйренгені өте маңызды, ол үшін оларды мүмкіндігінше есте жеңіл сақталатын мәнерлі образдармен піл, бегемот тәрізді және иттердің кейбір тұқымдармен (боксер, овчарка, такса ) таныстыру қажет. Балалар сонымен қатар, Мыстан кемпір, Ақшаққар, Патша-құрбаққа, Күн астындағы Күнекей қыз тәрізді ертегі кейпкерлерін де қызыға қарастыратын болады.
Даралаушы белгілері балалардың есінде тез сақталады, сондықтанда оларды бейнелеу көбіне жеңіл келеді. Мысалы, бала жирафтың ұзын мойының мүсіндей отырып, образды бірден мәнерлі әрі ұсақ етіп шығарады. Бірақ, жұмыс мұнымен айақтала қоймайды. Ең керегі жирафтың сирақтарына тән өзгеше пропроцияны бейнелеу керек, сонан соң тәрбиеші бірнеше ерекше белгілерін бөліп алады. Мәселен, жирафты мүсіндеу алдында тәрбиеші жирафтың пропроцияларына, формасының бөліктерін, басындағы құлақ мүйізді тәрізді детальдарға балалардың назарын алады.
Мектеп жасына дейінгі балалар сонымен қатар, затты белгілі бір қалыпта немесе қозғалыста бейнелеуді бір мезгілде меңгергені маңызды. Қозғалысты мүсіндеуде беру сурет салуға қарағанда жеңілдеу, өйткені олар заттардың бөліктерімен нақты әрекет ететін болса, ал оларға суреттегідей бейнелеудің шарты әдістеріне бой ұрудың керегі жоқ. Сәбилердің адамның қол аяғының жүгірі, секіру, жүру кезіндегі бүгілуін, сондай-ақ қорғанғандағы қаздын мойынын ұзауын, иттің жүгіргендегі қалпын және тағы басқа жақсы елестете алуы өте маңызды.
Қозғалыста айқын бейнелеу үшін айнала қоршаған ортаны тану процесінде біртіндеп жиналатын көзбен көру образдардың қоры мол болуы керек. Тәрбиеші шаңғышылардың, конькейшілердің мұзда қалай жүгіретіндеріне балалардың назарын аударады. Балаладың ертегі кейіпкерлерінің әрекеттері түсіну, үшін бір кейіпкерлердің әр түрлі қалыпта бейнеленген иллюстрацияларын көрсетуге болады. Тәрбиеші балаларға өздері бейнелемек болған кейіпте болып көруді ұсынады.
Мысалы, балалардың бірі жарыстағы жүгірген шаңғысының кейпінде тұрады. Тәрбиеші сабақтың бас кезінде ақ балаларды жұмыстың барсында дербес шешім табуға әкелу үшін жетекші сұрақтар қоятын болады. Мұнан соң тәрбиеші, жұмыста әр баланың даралығын сақтауға тырыса отырып, ол балаларға мүсіндеудің кейбір құралдарын пайдалануды көрсетеді. Мұндай құралдар образдың аса мәнерлі дәл шығуына септігін тигізеді.
Жекелеген тәсілдерді, мысалы, фактураны стекамен бейнелеуді балалардың барлығына бірдей көрсетуге болады, дегенмен негізінен әр балаға жеке-жеке көрсетіп, түсіндіруге тура келеді.
Мұнда мүсіндеудің әдістердің жаппай көрсетуге шек қойылады, өйткені, педагог барлық назарды балалардың творчесволық қабілеттерінің сақталуына бағыттайды. Тәрбиеші баланың өз жұмысын қалай жоспарлағанын, неден бастағанын қадағалайды. Тәрбиеші өзінің кейбір сұрақтары арқылы балаларды заттың өзіне тән формаларымен қозғалысын, динамикасын дұрыс бейнелеуге бағыттайды. Мысалы, «әтеш қай уақытта шақырады, және осы кезде оның басы мен мойыны қандай кейіпте болады? әтештің бас жағындағы және денесіне тақау тұстағы мойының жуандығы қандай?»-деген сұрақ қойған тәрбиеші бала назарын аударуға тиіс түстарды да меңзейді.
Егер балалар ойша мүсіндемей модельге қарап мүсіндеуде тәрбиеші қиналғандарға затты тағыда қарап анықтай түсуін ұсыну керек. Модельге қарап мүсіндеу балаларға тек заттың формасын, пропорцияларын терең талдау мақсатында аса сақтықпен ұсынылады.
Педагог балалардың өз бетімен жұмыс істеу қабілетін дамыту үшін белгілі бір тапсырманы және соған керекті нұсқауларды береді де өзі біраз уақыт сыртай бақылап отырады. Мұның өзі балаларға бейнелеуді өздігінен бастауға мүмкіндік береді. Балалар осылайша өздерінше жұмыс істей бастағанда тәрбиеші оларға келіп, қажетті нұсқаулар береді.
Егер ұжымдық мүсіндеу көзделсе, онда тәрбиеші балаларды топ-топқа бөледі де, әр қайсысына жеке-жеке тапсырма береді. Сабақ соңында олар мүсінделген фигуральы модельмен салыстырып, барлығы бірлесіп талқылайды.
Балалар дөңгеленген және тік бұрышты формаларға құру принципімен таныс болып келеді. Енді олар жаңа формаларды, яғни тік бұрышты немесе көп бұрышты формаларды және вазалар, құмыралар, шыны аяқтар, қолғаптар, құлақшындар және т.б. заттардында жазықтықтағы әр қилы формаларын салуды қарастырады. Бұл заттардың дұрыс геометриялық формасы болмағандықтан, бұларға салынатын ою-өрнектер де әр түрлі принциптерді талап етеді (мысалы, кұмыраның жоғары жиегіндегі өрнек накыштар түзу бедерлерді, ал дөңгеленген бүйіріндегі өрнек-нақыштар ортасынан бастауды қажет етеді).
Симметрия жөніндегі түсініктер күрделене түсіп, балалар бірыңгай формаларда оң-солына бірдей орналастыра білумен қатар ою-өрнектердің айнадағы шағылысуымен танысады, өйткені мұндай сәтте ою-өрнектердің бөліктері өздерінің орналасуын өзгертеді.
Балалар бұдан соң форманы тұтастай біртектес өрнек нақыштармен толтырудың тәсілін меңгереді. Мысалы, бедерлерді тор көз келбетінде орналастыру,яғни элементтерді шахмат тақтасының тәртібі бойынша алма-кезек қайталау.Балалар қуыршақтардың көйлегіне, әр алуан маталарға лайықты ою-ернектер салатыны болады.Үш бұрыштағы ою-өрнекте шетінен де, бұрыштарынан да орналаса береді немесе бір ғана бұрыштан басталып бұрыштар бойынша да тұтас орналаса алады.
Жоғарыдағыға қарағанда дөңгеленген сызықтар мен тұйықталған формаларды салу әлдеқайда күрделі болып келеді. Бұларды сала білу үшін қолдың дәл қозғалуы және көздің қырағы бақылауы қажет, өйткені, сызықтардың соңы бастапқы ұшымен түйісуге тиіс. Дөңгеленген формаларды бейнелеуде, яғни доптың немесе шардын, суретін салып отырған балалардан дөңгелекгі айнытпай бере білу талап етілмейді. Осыңдай жағдайда. дөңгеленген форма ретінде, дөңгелекке жобасы келетін (мысалы, овал немесе бұрыштары жоқ, бірақ тұйық сызықтардан пайда болған формасы белгісіздеу нәрселер) бейненің өзін ғана түсінеміз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет