Екінші кішкентайлар тобында балалар шар, дискі, цилиндр тәрізді формаларды айыра білуді, соларды көлеміне қарай шамалауды, олардан күрделі емес фигуралар құрауды меңгеруді жалғастыра береді.
Бірінші кішкентайлар тобындағыларды мүсіндеуге үйретудің тәсілдері 3-4 жастағы балалардың жұмыстарында да қолданылады. Затардың формасын үйренуде тек сабақ басталар алдында қарау жеткіліксіз.Егер әрбір сәби қолына шар, апельсин, не доп ұстап тұрса, олардың көлемін мөлшерін сезіне алады.
Заттың формасы мен осылай танысуды тәрбиеші сабақ басталардан бір-екі күн бұрын 5-6 адамнан тұратын топпен жүргізгені дұрыс. Ал балаларға затты бір қолы мен немесе екі қолымен ұстап алуды ұсынады. Болмаса ол заттарды қол қимылымен егер зат шар болса, онда тәрбиеші айналмалы қимыл көрсетеді, егер цилиндр болса ұзына бойы қимыл көрсетеді. Балалрдың басты назары затағы бөліктердің негізгі формасына, сол бөліктердің санына және негізгі пропорциялық арақатынасына аударлады. Осындай заттармен жеке танысу балаларға солардың формасын түсіну ғана емес, сонымен бірге солардың бейнелеуге қажет қозғалысты да барынша нақты түсінуіне көп көмегін тигізеді. Мұндай міндетердің бір шамасы бьірінші кішкентайлар тобындағыларға қойылған болатын. Мұнда тағы бір мақсат көзделеді-бала бұл арада негізгі геометриялық формалармен таныса отырып, оларды өзге заттардан тануға үйренетін болады, мәселен, шар ұстап тұрып алма мен жеміс жедектерді тану т.с.с.
Мүсіндеу сабағының басталуы, әдеттегідей бейнелеу мен түсіндіру тәсілдерін тәрбиешінің көрсетуіне байланысты. Ол бір қолына жұмбаз саз балшықты алып, оны алақанына салады да, екінші қолы мен керекті қимыл әрекетті жасап көрсетеді. Бұл әрекеттерді балаларға анық түсінетіндей етіп көрсету қажет.
Балалардың әрбір тәсілді менгергендігіне көз жеткізу үшін барлық топқа немесе әр сәбиге қимылды қайталп көрсетуді ұсынуға болады. Балалар осыдан соң барып бейнелеуге кірісе алады. Тәсілдерді көрсету қимылдарымен сәйкес келетін түсіндірулермен ұласу шарт. «Міне, мен қолыма саз балшық алдым,-дейді тәрбиеші, оны алақаныма салып арлы-берлі дөңгелетемін, соның нәтижесінде бағана пайда болады ». Көрсету мен түсіндіру 3-4 минутан аспау тиіс.
Екінші кішкентайлар тобында да, 2-3 жастағы сәбилерге үйреткен тәрізді, оларды да өз бетімен жұмыс жасауға бпғытауды қарастырған жөн. Сондықтанда балаларға менгерген таныс тәсілдерді қайталап көрсетудің қажеті жоқ. Мысалы, дискіні бейнелеуде мүсіндеудің алғашқы формасын көрсетіп жатудың керегі шамалы. Бұл жерде алдын ала дайындалған шарды бір алақанға салып, екінші алақанмен жауып және оны ширатып ары қарай шарды қалай жасауға болатынын балалардың өз еркіне салып, мүмкіндік беру қажет.
Үш жастағы сәбилерді мүсіндеуге үйретуде ойын тәсілдері пайдаланылады. Сабақтын тақырыбын ойынға айналдырып мүсіндеген фигуралармен ойнауды ұсынуға, оларды кейбір детальдармен толықтыруға болады. Мысалы, егер сәбилер көжектерді мүсіндеген болса, онда солардың қасында алдын ала жасалған сәбіздерді қоюға болады: мүсінделген матрешканың немесе қуыршақтың қолына кішкентай жалауша ұстатуға болады. Ал, балалар көжектерді мүсіндеген болса, онда оларды көк шалғынды бейнелейтін жасылқағаздын үсіне орналастыру керек. Мұндай тәсілдер балаларға тек заттарды жасау ғана емес сонымен, бірге өз еңбектеріне образды мазмұн дарытуға көп септігін тигізеді.
Балаларға ертегі оқып беру олардың қиялын дамытуға, творчестволық дербістігін бейнелеуге деген зор ынтасын оятуға айрықша ықпал етеді. Балаларға шар тәріздес дөңгелек формаларды мүсіндеу таныс болғандықтан, тәрбиеші олардың назарын форманың образды берілуіне бағыттайды. Балалар деталдарды есте ұстау үшін тәрбиеші тағыда қайталап түсіндіреді. Балалар жолдың сыртқы түрін сөзбен бейнелейді де, оның формасын өзге дөңгелек заттармен салыстырады. Тәрбиеші сабақтың бас кезінде таяқшамен бауырсақтың көзін, мұрнын, аузын қалай бейнелеуді және саз балшықты бағананы саусақпен жалпайтып жолша жасауды көрсетеді. Осындай түсіндіруден кейін балалардың барлығы мүсіндеуге кірседі, ал тәрбиеші жеке столға мұның өзі алдын ала дайындалған орман бейнесін беретін жасыл шыршаларды қоя бастайды. Балалар жұмыс істеп жатқан кезде тәрбиеші оларды өзінің ақыл кеңесі және жетекші сұрақтармен мүсіндеудің дұрыс шешімін табуға бағыттап отырады. Тәрбиеші жол жөнекей балаларды тақырыпқа, мүсіндеу тәсілдеріне еңбектің нәтижесіне байланысты ойландыратын жанама сұрақтар береді.
Достарыңызбен бөлісу: |