Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі Шымкент қаласының білім басқармасы



бет14/36
Дата21.07.2023
өлшемі4.76 Mb.
#475770
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   36
Асанхан Әйгерім әдістемелік нұсқау

Әдебиеттер:
1. Сәндік қолданбалы өнерді үйрету Мұнашева Алматы 2009
2.Халықтық көркемөнер шығармашылығы С.Қырықбаева, С.Н.Адамқұлов
Астана 2015
3.Еңбекке баулу Ш.Жиенбаева Астана 2016
4.Еңбекке баулу оқыту әдістемесі Алматы Атамұра 2011
13. Қағазбен жұмыс түрлері.

Жоспар:
1.Құстардың бейнесін қағазбен жасау.


Қағаз- ағаш ұнтағынан тиісті қалыңдықта пресс арасынан өткізіп дайындалған материал. Қағаз- жазу,қаптау, сурет салу, орау үшін пайдаланылады және оның баспа, газет, түсқағаз, мұқаба, калька,дастархандық сулықтар жасауға арналған түрлері бар.


Қағаз ақ,,түрлі түсті,жабысқақ,,берік,қалың болып келеді, оның су өткізгіш және ылғал сорғыш,май өткізгіш қасиеттері бар.
Қағазды өндіріс орындарында,үй тұрмысында,арнайы мекемелерде,құрылыста пайдаланады.Мысалы:өндіріс орындарында киім, аяқ киім,тігін және май шығаратын зауыт-фабрикаларда қағаздан қораптар жасайды,ал күнделікті тұрмыста дәптер,газет, түсқағаз сияқты қажеттіліктерге пайдаланады.
Қатырма қағазға қарағанда жай қағаз жұқалау болып келеді.Қатырма қағаздың бір беті жылтыр,тегіс,ал екінші беті кедір-бұдырлы болады.
Қағаз бен қатырма қағазбен жұмыс істеу барысында біз мыналарды есте сақтауымыз керек:-
-жұмыстың бәрі қатырма қағаздың тегіс бетінде орындалады;
- қатырма қағазға белгілер мен сызықтар жүргізу керек болғанда,оның тегіс беті пайдаланылады;
-қатырма қағазбен жұмыс істеу барысында қауіпсіздік ережелерімен гигиеналық талаптарды қатаң сақтау керек.
Мұндай ойыншықтарды жасау үшін картонды, фольганы, шайдың жылтыр қағазын, қарағай бүрін, жаңғақты, жұмыртканың қабығын, әр түрлі қораптарды пайдаланады. Бүр мен жаңғақтарды сары немесе күміс түске бояйды да, елкаға іледі грек жаңғағын алдын-ала пышақпен екіге бөліп, дәнінен ажыратады да, жіптен бүлдіргі жасап, қабығын ағаш желімімен желімдейді. Сондай-ақ бүр мен жаңғақтардан бас, құйрық жалғап, құстың қауырсынын желімдеп, жануарлар мен құстардың формасын жасауға болады. Тауық жұмырткасының қабығынан жасаған ойыншық қызықты болып шығады, ол үшін жұмыртқаны екі жағынан инемен тесіп, уызын сорып алады да, қабықтың сыртына пластилиннен аяқ пен құлақ, тұмсық жапсырып, торапай жасайды. Қораптарға түрлі-түсті қағаз желімдеп, одан қар басқан үйдің, жүк машинасының формасын жасауға болады. Суда орындарында балалардың іздері қиып ойыншықтар жасауына арналған картон қағаздары сатылады. Елканың түрлі-түсті жылтыр қағаздан жасаған әр түрлі әшекей ойыншықтарын 1-суреттен көруге болады. Жануарлардың мүсінін клеткалардың көмегімен ұлғайтады не қатты қағаздан немесе картоннан өлшемін келтіріп қиып алады. Ос қиып алған үлгіні екі қабатталған жылтыр қағаздың үстіне салып, қатты қарындашпен сызады да. сол сызықтың бойымен қиып алып, бір-біріне желімдеп желімдейтін жері суреттерде пунктирмен көрсетілген) жапсырады. Фигуралар столда өзі тұра алатын болуы үшін оларға аяқ желімдемейді. Кәдімгі гирлянд — салпыншақтан басқа 2- және 3- суреттерде көрсетілгендей гирляндтар жасауға болады. Бұл салпыншақ-гирляндтағы ай жұлдызшаларды қоңыз, көбелектерд жылтыр қағаздан ойын жасайды да, параллель жіпке немесе лентаға желімдейді. Ал кәмпит сумкаларын сурет салатын ақ қағаздан (4-сурет) жасайды. Оны қажетті өлшеміне дейін келтіріп қиып алады да бояйды. Егер өзіңіз сурет сала алмасаңыз, онда қажетті бейнені даяр суреттен немесе почта маркасынан қиып алып, сумкаға желімдеп қоюға болады. Ал ашылатын фонарь (5-сурет) жасау үшін үлкен бір бет түсті қаған алады да. оны ұзынынан екі бүктеп (а), одан кейін суретте көрсетілгендей (ә) қатпарлап бүктейді. Содан кейін қатпарлап бүктелген қағаздың шеттерін үйдің шатыры сияқты болып шығатындай етіп (б), жан-жағына тартып жаяды. Қатпарлап бүктеген қағазды саусақпен қысып ұстайды.






Артынан қатпарлы шеттері жазылмайтындай етіп қабаттайды. Қабатталған кағазды картонға (салып. оның пішін үлгісімен фонарьдың бүйір қабырғаларын қияды (в). Картоннан ойып алынған үлгіні гармонның екі жағынан желімдеп, оның жоғарғы бұрыштарына мықты жіптен жасалған ілгек (г) бекітеді. Сондай ақ картоннан жасалған үлгінің төменгі жағымен бізбен теседі де, гармонды ашқанда жазылып кетпеу үшін жіп өткізіп байлап қояды. Желімі кепкен соң жоғарғы ілмектен тартсаңыз, формасы дөңес дискіге ұқсап, гармон (д) ашылады. Мұндай фонарьлардың түрлері 5-суретте көрсетілген. Фонарыға бекітілген кистаны темекі қағазынан жасайды. Ал көбелектер мен жапырақтың үлгілері 6-суретте көрсетілген, оларды клетка арқылы қажетті өлшеміне келтіріп, содан кейін жұқа картоннан қайшымен қиып жасайды. Жұмыс өнімді болуы үшін жапырақтарды 10-15 данадан бірден қияды, ол үшіп қағаздан бірнеше қабаттап, онын үстіңгі бетіне алдын ала дайындалған үлгіні салып сызып алады да, сол арқылы бірнеше қабатты бірден киын болды. Көбелектерді де ақ қағаздан осылай ойып, содан кейін бояйды. Ойылып алынған екі үлгіні суретте көрсетілгендей етіп, екі шетін желімдеп жапсырады. Желімі әбден кепкен соң, әр қос жапырақтары шеттерін тегістеп желімдейді. Жапырақтарды қажетінше желімдеп алып, бірінің үстіне бірін қаттап салады да, ортасынан тесіп, гирлянттарды ілетін жіп өткізеді. Көбелек әшекейлерін де осылай жасайды. Бірақ ең алдымен көбелек әшекейлерін бір- біріне ұзынан жапсырып, желімдеп, содан кейін әр көбелектің қанаттарын ұшынан бір-біріне желімдейді. Сондай – ақ жапырақ пен көбелектерді араластырып, әшекей жасауға да болады: Ол үшін әшекейді бірыңғай жапырақтан жасап, желімдеп, содан кейін араларына көбелек әшекейін желімдейді, мұның өзінде ортасынан жіп өткізу керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет