Архитектура әрқашан да пластикалық өнердің ішіне ең бастысы болып келеді.Ол дәуір идеясын мейлінше күшті білдірді және өз заманының басқа бейнелеу өнерлерінің-скультура мен живописьтің стилін анықтап отырды. Мұның өзі әрі ұзақ жасайтын өнер: пирамидалар немесе американ үндістерінің ежелгі храмдары сан мыңдаған жылдар тұрып, бізге дейін жетті.
Скульптура (мүсін өнері) - бұл еш толқымастан көркем еңбек деп атауға болатын өнер: ол құралы - аумақты форма және ол да қатты әрі ұзақ сақталатын материалдардан-ағаштан ,тастан,металдан жасалады да, адамдарды ,хайуандарды, турлі заттарды бейнелейді.Оның архитектура мен ортақ жайты Живопись бар;оның басты әсерлілік.Скультураның әсерлілік құралдары графикамен және әсіресе живописпен салыстырғанда өте шектеулі:мүсінші компазицияға қоршаған ортаны кіргізе алмайды,бәрі де фигуралардың өзімен -олардың формаларының жинақталумен немесе өңделуімен,қимылымен,материалмен фактурамен білдіруге тиіс .
Живопись -көркем еңбектің неғұрлым бай әрі толысқан түрі онда бейнелеудің сан алуан мол құралдары қолданылады .Суретшілер өнердің ұшы-қиырсыз осы саласынан көбіне өздері сүйген әуендер мен тақырыптарды таңдап алады .
Жанр сөзі француздың - Qenre түр немесе тек сөзінен шыққан. Живопись мынадай жанрларға бөлінеді:натюрмот, пейзаж, портрет,тақырыптық картина.
Біреулер портреттер жазғанды ұнатады,екіншілері пейзаждарды,үшіншілері тарихи соғыс немесе тұрмыстық көріністерді бейнелеуге құмар болады.
Қолданбалы өнер. Қолданбалы өнер деп эстетикалық сапаларға ие, өзінің әдемілігімен біздің көзімізді қуантатын практикалық пайдалы заттар жолауды ацтады . Бұл өнер өзінің табиғаты жағынан архитектурамен туыстас онда пайда мен әсемдік бірігіп жатады. Қолданбалы өнер халық тварчествасымен ерекше тығыз байланысты. Мұндай өнер туындыларына мебель,кілемдер ,ыдыс- аяқтар, үй-іші тұрмысында қолданылатын басқа да тұрмыстық заттар және ойыншықтар жатады.
Дизайн. Қолданбалы өнердің бір саласы дизайн болып табылады, ағылынша desidn -түпті ой, жоба. Ол көркемді жобалау, жай пайдалы машиналарды әрі пайдалы, әрі әдемі машиналарға айналуы өнері. Дизайн мейлінше сан алуан машиналарды безендірумен, оның өзінде де жасанды жолмен ойластырған безендірумен емес, олардың конструкциясымен және атқаратын қызметімен логикалық сабақтастықта безендірумен айналысады.
Әдебиеттер:
1.Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі Ә.Сағымбаев «Фолиант»Астана 2013
2.Халықтық көркемөнер шығармашылығы С.Қырықбаева, С.Н.Адамқұлов
Астана 2015
3.Еңбекке баулу Ш.Жиенбаева Астана 2016
4.Сурет БУалиев, Қ.Иманбекова Астана 2010
5.Еңбекке баулу оқыту әдістемесі Алматы Атамұра 2011
6.Сәндік қолданбалы өнерді үйрету Мұнашева Алматы 2009
Достарыңызбен бөлісу: |