Әдебиеттер:
1.Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі Ә.Сағымбаев «Фолиант»Астана 2013
2.Халықтық көркемөнер шығармашылығы С.Қырықбаева, С.Н.Адамқұлов
Астана 2015
3.Еңбекке баулу Ш.Жиенбаева Астана 2016
4.Сурет Б.Уалиев, Қ.Иманбекова Астана 2010
5.Еңбекке баулу оқыту әдістемесі Алматы Атамұра 2011
6.Сәндік қолданбалы өнерді үйрету Мұнашева Алматы 2009
21.Балабақшадағы мүсіндеудің ерекшелігі.
Жоспар:
1.Балалар тәрбиесіндегі мүсіндеудің орны.
2.Мүсіндеудің түрлері.Сабаққа керекті құрал жабдықтар.
Мүсіндеу. Бейнелеу іс-әрекет түрлерінің бірі ретінде мүсін жасаудың ерекшелігі- бейнелеу аумақтық әдіспен жасалады. Мүсіндеу жұмсақ материалмен ғана емес, сонымен қатар қатты материалмен (мрамор, гранит және т.б.) де жұмыс жасауды қамтитын скульптураның бір түрі болып табылады.. Мектеп жасына дейінгі балалар қолдың әсерінен тез икемделетін жұмсақ пластикалық материалдамен- саз балшықпен, ермексазбен пластелинмен жұмыс істеу тәсілдерін меңгере алады.
Балалар адамдардың, хайуанаттардың, ыдыс-аяқтың, көкеністердің, жемістердің, ойыншықтардың мүсіндердің жасайды. Тақырыптардың алуан түрлілігі мынаған байланысты: мүсіндеу, бейнелеу іс-әрекеттерінің басқа түрлері сияқты, баланың танымдық және творчесвалық қажетсіну қаннағатындыра отырып, тәрбие міндеттерін орындайды.
Мүсіндеуде заттардың кеңістік арақатынасын беру оңайтылады- обьектілер, нақты өмірдегідей, бірінен соң бірі, композиция ортасына жақын не алыс қойылады. Перерспективті мәселелері мүсіндеуге болмайды.
Мүсіндеуде бейне жасаудың негізгі формасы- ауқымды форманы беру. Түс шектеулі түрде пайдаланылады. Әдетте кейін балалар ойындарында пайдаланылатын жұмыстар боялады. Мүсіндеу сабақтарда неғұрлым пластикалық материал ретінде саз балшық негізгі орын алады. Жақсы дайындалған саз балшық тіпті 2-3 жастағы баланың қолының илеуіне тез көнеді. Кептірілген саз балшық жұмыстар ұзақ уақыт сақталынады.
Ермексаздың пластилинің иілімділік мүмкіндігі аз. Ол алдын ала қыздыруды қажет етеді, сонымен бір мезгілде қатты қыздырылған ол өзінің созылымдылығын жоғалтады, қолға жабысып, жағымсыз тері сезу түйсіктерін туғызады. Мектепке дейінгі балалар пластилинмен негізінен топ сабақтарынан тыс кезде жұмыс істейді.
Балаларды мүсіндеуді үйретуде дұрыс дайындалған дәл осы жағдайда саз балшық материалдың және құрал-жабдықтардың үлкен мәні бар.Мүсіндеу кезінде столдың үстінде орнықты жатқан тақтайша арлы-берлі жылжымайтындай ауыр болуы тиіс. Столдың үстіне кленка тәрізді жеңіл нәрселерді төсеуге болмайды, өйкені балалар саз балшықты кленкаға орап ойнап кетеді де сабақтан ауытқып кетеді.
Ұсақ детальдарды жасау үшін балаларға стеканы қолдануы үйретіледі. Балалар бұдан әрі ұсақ детальдарды көлемді бейнелеу жолдары мен танысатын болады. Дегенмен, балалардың саусақтарының қыймылы жеткілікті дамымағандықтан ұсақ детальдарды стекамен графикалық түрде кескіндеуге болады. Естиярлар тобындағы мектеп жасына дейінгі балалар мұнан басқа стекамен саз балшықты бөліктерге бөліп, артығын қырнап алып тастай алады. Сөйтіп, олар бірте- бірте мүсіндеуді құралдармен жасауға үйренеді.
Балалардың стекамен жұмыс істеуі тәрбиешінің айрықша қырағылығын талап етеді. Ең маңыздысы сол, балалардын стеканы дұрыс пайдалануға, керек кезінде ғана қолдануға дағдылануды сіңіру керек, бұл үшін тәрбиеші стеканы қолданудың әдістерін көрсетуі керек. Мысалы, бейнелеу үшін оны тақтайшаға орналастырып, сол қолымен ұстап тұрады да оң қолындағы стекамен белгілей бастайды.
Әдебиеттер:
1.Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі Ә.Сағымбаев «Фолиант»Астана 2013
2.Халықтық көркемөнер шығармашылығы С.Қырықбаева, С.Н.Адамқұлов
Астана 2015
3.Еңбекке баулу Ш.Жиенбаева Астана 2016
4.Сурет Б.Уалиев, Қ.Иманбекова Астана 2010
5.Еңбекке баулу оқыту әдістемесі Алматы Атамұра 2011
6.Сәндік қолданбалы өнерді үйрету Мұнашева Алматы 2009
Достарыңызбен бөлісу: |