Әдебиеттер:
1.Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі Ә.Сағымбаев «Фолиант»Астана 2013
2.Халықтық көркемөнер шығармашылығы С.Қырықбаева, С.Н.Адамқұлов
Астана 2015
3.Еңбекке баулу Ш.Жиенбаева Астана 2016
4.Сурет Б.Уалиев, Қ.Иманбекова Астана 2010
5.Еңбекке баулу оқыту әдістемесі Алматы Атамұра 2011
6.Сәндік қолданбалы өнерді үйрету Мұнашева Алматы 2009
24.Балабақшадағы балалар шығармашылығының жас ерекшелігіне байланыстылығы.
1.Бірінші кішкентайлар тобы.
2.Екінші кішкентайлар тобы.
Бірінші кішкентайлар тобында балаларды мүсіндеуге үйрету сабақтарында алғашқы кезінде оларды 5-6-дан топтастырған абзал. Тәрбиеші балалардың қасына отырады да, саз балшықтан не істеу керектігін асықпай, баяу, қызықтыра не істеп жатқанын түсіндіреді. Мүсіндеу сабақтары балалар үшін қызғылықты өтуі тиіс. Бұл сабаққа балалар құлшынып тұрмаса, онда оларды еркінен тыс күштеп көндірмеу керек. Сонда да тәрбиеші балаға эмоциялық әсер жасап байқауы керек. кБаланың көзінше саз балшықтан ойыншық жасай салса, болмаса саз балшықтан қалай үзіп алуды, сонан соң қалай жабыстыруды және қайтадан оларды біріктіруді көрсету керек.
Алғашқы сабақтар әрбір топпен 5 -8 минут аралығында өткізіледі.
Балалар мүмкіндігінше материалмен танысады, олардың пайдалануын үйренеді, содан кейін барлық топпен жалпы сабаққа өтуге болады. Мүсіндеуге үйрету тәсілдері көрнекі әрекеті сипатта болады. Балалар әуелде форма тудыратын қозғалыстарын қайталап тәрбиешінің іс -әрекеттеріне еліктейді.Балалар өздері мүсіндейтін заттың формасы мен оны алу жолындағы іс-әрекетінің нақты байланысты екендігін о бастан –ақ айқын аңғарулары керек. Сондықтан да тәрбиеші мүсіндеуді қолмен көрсетіп қана қоймай, сонымен бірге ауызша да түсіндіреді. Мысалы:Дөңгелекшені бір алақаныма саламын да, екінші алақанымен жабамын. Сонан соң қысып қалғанымда жалпаяды. Тағы да қайталайды. Шарик саз балшықты алақанмен домалақтап қысқанда тағы да жалпаяды.
Осылайша түсіндірулер әрбір сабақ сайын қажет, балалар өздерінің үйренген кейбір іс-әрекеттерін тек үш жастан бастап қана өздігінше пайдалана алады. Тәрбиеші берілген тапсырмалардан тыс, балаларға өздерінше ойша мүсіндеуді ұсынады, мұндайда балалар өздері жинақтаған білімін бекіте түседі және алынған формаларды өз қалауынша құрастырады.
Әрбір сабақ тартымды өтуі тиіс. Екі-екі жарым жастағы сәбилерге тәрбиешінің қолындағы жұмбаз саз балшықтың сылдырмаққа, қозы құйрыққа балапанға, қызға, көжекке айналып кететінін бақылау қызық көрінеді. Сәбилер оларды бірден біле қойады да дереу атын атайды, беліктерінің формасын анықтайды. Мұндай сабақтар 10-12минутқа ғана созылуға тиіс, өйткені, олардың тағы бір затты мүсіндеуге ынтасы қалу керек.Тәрбиеші әр сабақта 2-3 затты мүсінеу керек. Сөйтіп, сабақты сауық-сайранмен немесе ән айту мен айақтаған дұрыс.Мұндай сабақтар топтағы балалардың бәрін де қамтиды. Тәрбиеші стол басында отырады да, балалар сол тәрбиешіні жартылай қоршай орналасып мүсіндеу жұмысын бақылайтын болады.
Бұл жастағы балаларды мүсіндеу үйретуді тікелей өздері бейнелемек болған заттың өзінен бастау керек. Мәселен, сәбилерге шарикті ойнауға беріп, саз балшықты алақандарына салып жұмырлату керек.Мұның өзі оларды шар тәрізді форманың сипатын жақсырақ, сонымен бірге мүсіндеуге қажет әрекетті түсіну үшін жасалады.Мұндай ойындар мен жаттығуларды сабақтың алдында, топтағы барлық балалармен жүргізу керек.Мүсіндеу қиындық келтірген балаларға сабақ үсінде де пысықтап көрсеткен артық болмайды.2-3 жастағы сәбилердің қол қимылдары әлі жеткілікті үйлестірілмеген. Тәрбиеші кез келген бір форманы бейнелеуде балалардың қол қимылының белгілі бір бағытта жұмыс істеуіне жету керек. Кейбіреулердің қол қимылы бірден көңілден шыға қоймайды, сондықтан тәрбиеші сәбидің қолын езі ұстап керек қимылды көрсетеді. Балалардың қызығушылығын бейнеленетін заттың образдылығы арқылы ойатуға болады, мәселен: «Доп деген дөп-дөңге-лек, оны тақтайша үстінде домалатуға болады», «Бағаналар тегіс әрі ұзын», «Егер сендер мүсіндеген бағаналарды тақтайшаға қатар қояр болсақ, онда шарбақ пайда болады», тәрбиеші балалардан не шыққанын айтуды ұсынады. Егер олар білмей қалса, онда өзі айтып түсіндіреді, сонан соң алдын ала қағаздан желімделген үйді шарбақтың қасына орналастырады. Мүсіндеу сабақтары балалардың ойлау қабілетін күшейтіп, артыра түсуде тиіс.
Балалардан берілген тақырыпты шешу жолындағы тапқырлығын, өзіндік дербестігін дамыту үшін, әр бір балаға таныс әрі дайын формалар қою керек: 2 шарик (бірі үлкен, бірі кіші) немесе дискі және 2 бағана. Балалар мұны тәрбиеші мен бірге көріп олардың аттарын анықтайды да(шарик, бағана) осы формалардан өздерінің қалауынша мүсіндей бастайды. Тәрбиеші жұмыс барысында сұрақтары мен немесе ақыл-кеңестерімен балалардың формаларды дұрыс әрі қызықты пайдалануына бағыт бағдар беріп отырады.
Осы топтағыларды мүсіндеуге үйрету тәсілдерінің осылайша өзіндік ерекшілігі болады. Мұның өзі мүсіндеу кезінде балалардың ақыл-ой белсенділігін, тапқырлығын дамытуға және олардың техникалық іскерліктерді бейнелеу тәсілдерін меңгеруге бағыталады. Балаларды мүсіндеуді үйретуде дұрыс дайындалған дәл осы жағдайда саз балшық материалдың және құрал-жабдықтардың үлкен мәні бар.Мүсіндеу кезінде столдың үстінде орнықты жатқан тақтайша арлы-берлі жылжымайтындай ауыр болуы тиіс. Столдың үстіне кленка тәрізді жеңіл нәрселерді төсеуге болмайды, өйкені балалар саз балшықты кленкаға орап ойнап кетеді де сабақтан ауытқып кетеді.
Мүсіндеудің дағдыларына және жаңа тәсілдерді сәтті үйрету үшін, соны тиянақты орнықтыра білу үшін мүсіндеу сабақтары аптасына, бір емес, екі рет жүргізілгені жөн. Балалар материалды жақсы игеріп алған соң, келесі сабақтарды бастауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |