Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі Шымкент қаласының білім басқармасы



бет28/36
Дата21.07.2023
өлшемі4.76 Mb.
#475770
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   36
Асанхан Әйгерім әдістемелік нұсқау

Әдебиеттер:
1.Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі Ә.Сағымбаев «Фолиант»Астана 2013
2.Халықтық көркемөнер шығармашылығы С.Қырықбаева, С.Н.Адамқұлов
Астана 2015
3.Еңбекке баулу Ш.Жиенбаева Астана 2016
4.Сурет Б.Уалиев, Қ.Иманбекова Астана 2010
5.Еңбекке баулу оқыту әдістемесі Алматы Атамұра 2011
6.Сәндік қолданбалы өнерді үйрету Мұнашева Алматы 2009
25.Балабақшадағы балалар шығармашылығының жас ерекшелігіне байланыстылығы.

Жоспары:
1.Естиярлар мен ересектер тобы.


2.Мектепке даярлық тобы.


Естиярлар тобында балалар жыл басында өткен материялдарды программа бойынша пысықтайды. Мәселен мүсіндеумен, форма жасаумен шұғылданады. Тәрбиеші балалармен серуендеген кезде табиғи материялдармен көрнекі құрал есебінде пайдаланады. Мысалы, балалар қыс мезгілінде тәрбиешінің басшылығымен аққаланы мүсіндейді және бір мезгілде соның формасымен бөлшектерін анықтауды қабат жүргізеді. Балалар қардан көжекті, тон кіген қызды және тағы басқаларды мүсіндей алмайды. Балалар мүсіндеуге кіріспес бұрын, тәрбиеші оларға құстарды, шөжектерді бейнелейтін ойыншықтарды көрсетеді. Ол балалардың назарын ең алдымен тұтас затқа, содан соң тұлғаның формасына, басына, құйрығына аударады, заттарды қалай зерттеуді көрсетеді: әуелі формалардың бөліктерін анықтайды, сонан сон майда –шүйде бөлшектерін саусақпенен қалай жасауды және осы әрекетті балалардың жасауын қарастырады. Балалар осы қимылдарды қайталайды.
Тәрбиеші сабақтарда әр түрлі бөліктерін таяқшамен жүргізе және балалар ға өз бетінше олардың пропорциясы мен орналасуын, формасын анықтауды ұсына отырып, тек көзбен бақалауға болады. Мүсіндеудін алдында қарау үшін бір түсті әдемі, көркем жасалған ойыншықтар мен скульптуралар іріктелініп алынады. Ал мұндай мүмкіндіктер жоқ кезде қолайлы затарды таңдауға немесе балалар мүсіндейтін заттардың көлемінен әлдеқайда үлкен келетін үлгілерді пайдалануға болады.
Естиярлар тобындағы балалар шар, цилиндр, диск тәрізді формаларды бейнелеумен таныс. Тәрбиеші алғашқы сабақтарда осы формаларды бейнелеудің жолдарын еске түсіреді, жұмыс істеу кезіндегі қолдың орнын анықтап және саусақтың ұшымен орманы қалай дәл жасауды көрсетеді.
Тәрбиеші кейде бірнеше бөліктен тұратын затты мүсіндеу кезінде, соның барлығын түгел көрсетіп жатпайды. Мысалы, балалар сәбіз мүсіндейтін болса, онда тәрбиеші алдын ала дайындалған бағаның бір ұшын үшкірлеуді, ал екінші жуандата жұмырлауды немесе көжектің денесі мен басын бейнелеу үшін целиндрден сопақша етіп жасау керектігін көрсетеді.
Балаларға негізгі формаларды бейнелеуді көрсетуге де болады, себебі олар мұны жасай алады.Алайда заттың бөлшектерін біріктірудің амалдарын көрсетуге тиіс, өйткені жасалатын фигуралардың беріктігі балалардың сол әдістерді меңгеруіне байланысты. Тәрбиеші сонымен қатар жұмысты неден бастау керектігін, форманы қалай мүсіндеуді немесе бірнеше бөліктерді қалай біріктіруді ұсынады. Кейде мұны заттарды бейнелеуді жақсы меңгерген балалардан сұрауына болады, ал кей жағдайда олар өздерінің мүмкіндігін тексеру үшін тапсырманы орындай алмай қалатын балалардан да сұрауға болады. Бұл балалардың ой-қиялын белсенділікке жетелейді, олар жұмыстың барысы мен саз балшықпен әрекет етуді барынша айқын елестете бастайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет