Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі Шымкент қаласының білім басқармасы


Естиярлар тобында пропорацияларды дұрыс бере білуге көп көңіл бөлінеді



бет29/36
Дата21.07.2023
өлшемі4.76 Mb.
#475770
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   36
Асанхан Әйгерім әдістемелік нұсқау

Естиярлар тобында пропорацияларды дұрыс бере білуге көп көңіл бөлінеді. Осы мақсатта тәрбиеші октын-октын белгілі бір бөліктердің жеткілікті мөлшерде шығуы үшін жұмбаз саз балшықты бөле білуді және олардың ұзындығын қалай тексеруді көрсетіп отырады. Мысалы, қуыршақтың қолдарын жасауда педагог әуелі бағананы екіге қалай бөлуді, сонан соң екеуін теңестіріп өлшеп көрсетеді. Балалар осынау тәсілді меңгерген соң, бөліктердің ұзындығын дұрыс анықтағанын тексеріп ұмытпас үшін олардың есіне салып отырған жөн.
Балалардың форма, заттың пропорациясы және мүсіндеудің әдістері туралы ұғымын кеңейте отырып, олардың жұмыстары жөнінде шағын әңгіме өткізіп отыру өте маңызды.Істелген жұмыстың сапасы туралы әңгімені тәрбиешінің өзіне айтуға тура келеді.
Шөжекті,аққаланы, қызды, ыдысты және тағы басқа бейнелеуде көз, ауыз, мұрын сияқты ұсақ детальдарды жасау үшін балаларға стеканы қолдануы үйретіледі. Балалар бұдан әрі ұсақ детальдарды көлемді бейнелеу жолдары мен танысатын болады. Дегенмен, осы топтағы балалардың саусақтарының қыймылы жеткілікті дамымағандықтан ұсақ детальдарды стекамен графикалық түрде кескіндеуге болады. Естиярлар тобындағы мектеп жасына дейінгі балалар мұнан басқа стекамен саз балшықты бөліктерге бөліп, артығын қырнап алып тастай алады. Сөйтіп, олар бірте- бірте мүсіндеуді құралдармен жасауға үйренеді.
Балалардың стекамен жұмыс істеуі тәрбиешінің айрықша қырағылығын талап етеді. Ең маңыздысы сол, балалардын стекамен дұрыспайдалануға, керек кезінде ғана қолдануға дағдылануды сіңіру керек, бұл үшін тәрбиеші стеканы қолданудың әдістерін көрсетуі керек.
Ересектер тобы. Тәрбиеші бұл топтағы балаларға тақырыпты таңдауға алдын- ала ойластыруға және соны өз бетімен орындап шығыуға мүмкіндікті көп береді. Балалардың өз жұмыстарын жоспарлауды бақылау кезінде, әдеби шығармаларды оқудын алдында үйретуге болады. Ол үшін тек оларға өздері суреттерден көріп немесе сол туралы оларға оқып тұрған затты мүсіндейтін алдын- ала ескерту қажет. Мұның өзі балаларды алдағы сабаққа құлшындыра түседі де, оларға заттың ерекшеліктерін айқын қабылдауына және оның бейнесін белгілі бір дәрежеде ойластыруына мүмкіндік береді. Егер бала өзінің нені мүсіндейтінін анық білетін болса, онда бұл жағдай оның мүсіндеуі жұмысын барынша мақсатты және нық жүргізуі мүмкіндігін арттыра түседі.
Мүсіндеу кезінде балалардың бейнелейтін затының мазмұн- сипатын түсінуге және бере білуге үйренгені маңызды. Тәрбеші бұл үшін сипаттары барынша айқын көрініп тұратын заттарды іріктеп алыуға тиіс.
бұл топтағы балалар алдынғы топтағы балалар тәрізді мұнда да заттарды алдын- ала қарастырады. Кейде алдағы уақытта өздері мүсіндейдін ойыншықтары мен ойнатуға да болады. Бірақ ойын затты жоспарлы түрде қарастырып зерттеу мүмкіндік бере алмайды.
Тәрбиеші көзбен талдауды мұндада алдынғы топтағыдай жүргізеді. Балалар мүсіндеу кезінде заттың барлық жақтарын бір келкі дұрыс шығару үшін, олар сол затты сабақтың басында жан- жақты қарастырады.
Балаларға үлгі ретінде көрсетілетін заттың қарсы беті.Балаларға үгі ретінде көрсетілетін заттың қарсы беті көрсетуге мүмкіндік береді. Бұдан кейін зат бұрынғы қалпына қайта қойылады. 5-6 жастағы балалар заттың құрылысын, формасын талдайтын жағдайға келеді.
Мүсіндеудің көптеген әдістері бұл топтағы балаларға таныс. Олар заттың негізгі формаларын жасйда, түрлендіре алады, яғни,тәрбиеші бейнелеудің тәсілдерін сабақ сайын көрсетіп жатпайтын болады. Тәрбиеші барған сайын кейбір мәселелерді балалардың өз еркіне береді, міне осыған сүйенеді.
Тәрбиешінің міндеті- баланың ойын түсініп, соны жүзеге асыру қажет болса, көмек көрсету. Мүсіндеудің сәтсіз тәсілдерін таңдаған балаларға мүсіндердің бұдан өзге тиімді және ыңғайлы амалдарының бар екендігін ұғындыру керек.
Балалардың мүсіндеудегі мәнерлі болатын әдістерден ең бір тиімдісін алуды уйренгені маңызды.
Затты жеке бөліктерден мүсінеу ұзақ уақыт алады және балалар жұмысының нәтижесінде негізінен қозғалмайтын образ шығады, ал жұмбаздалған түтас саз балшықтан жасау оның негізгі детальдарын бірден белгілеуге оларды керек қалыпты қоюға мүмкіндік береді. Мұндай әдіс күрделілеу, дегенмен ересектер тобындағы балалар мұнымен таныс және оны өздігінен қолдана алады форманы жұмбаздалған тұтас саз балшықтан созып жасауда керек бөлшектер үшін саз балшықтың қажет мөлшерін көзбен айқындау балалар үшін қиындық болып табылады.
5-6 жастағы балалар заттың бөліктеріне қанша саз балшық кететінін көзбен айқындай алады, алайда сол заттың пропорциясы мен формасын анықтай түсуді қажет ететін процесс әлі де оларға қиын тиеді. Дәл осы арада тәрбиеші балаларға бейнелеуде кеткен кемшіліктерді көрсету қажет. Мұндай көмек негізінен бағыт беретін сұрақтардан форманы қосымша талдаудан кейбір бейнелеу құралдарын үстемелеп көрсетуден аңғарлады. Бүлардан басқа балаларға жарқын образдар ашылатын қызықты әңгімелер, өлеңдер, ертегілер оқып берілуі қажет.Кейде жұмбақтарда пайдаланылады бірақ мүндада естиярлар тобындағы тәрізді көбіне заттың бөліктерін, формасын, өлшемін, әректін тізіп өтетін мәтіндер тандалуға тиіс.
Тәрбиеші сабақтың соңында балаларға жұмыстарын көрсетеді және пропорциясының сақталуын, формасы мен қозғалысының орындалуын бағалауды ұсынады. Балалар жолдастарының да, өздерінің де мүсіндеу еңбектеріне сын көзбен қарауға, жанашырлық тілектестікпен бағалай білуге үйренгені маңызды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет