Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі Шымкент қаласының білім басқармасы


Тапсырма: Жұмсақ заттан жасалған аю,мысық,күшік сияқты ойыншықтар Әдебиеттер



бет3/36
Дата21.07.2023
өлшемі4.76 Mb.
#475770
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36
Асанхан Әйгерім әдістемелік нұсқау

Тапсырма: Жұмсақ заттан жасалған аю,мысық,күшік сияқты ойыншықтар
Әдебиеттер:
1.Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі Ә.Сағымбаев «Фолиант»Астана 2013
2.Халықтық көркемөнер шығармашылығы С.Қырықбаева, С.Н.Адамқұлов
Астана 2015
3.Еңбекке баулу Ш.Жиенбаева Астана 2016
4.Сурет БУалиев, Қ.Иманбекова Астана 2010
5.Еңбекке баулу оқыту әдістемесі Алматы Атамұра 2011
6.Сәндік қолданбалы өнерді үйрету Мұнашева Алматы 2009
2.Қуыршақ жасаудың бағыт- бағдары мен тәсілдері.

Жоспар:
1.«Айыр өркеш түйе» үлгісін пішу тәсілі.


Ойыншықтарды ағаштан,ермексаздан,саз балшықтан, матадан және басқа материалдан да жасауға болады.Жұмсақ ойыншық жасау үшін мата, мақта, түйме қолданылады.Мұғалім ойыншықтар туралы жалпы мағлұмат беріп қолдан тігілген дайын үй хайуанаттары панноларын көрсете отырып олардың атауларын және қандай материалдардан жасалғанын айтады.Жұмсақ ойыншық дайындау үшін оның бөлшектерін көрсетіп және құрал –жабдықтарды арнайы қорапта сақтап дұрыс қолдану,қауіпсіздік ережелерін қатаң қадағалауды ескерту керек.
Ойыншық дайындауға табиғи мата, атап айтқанда мақта, зығыр, жүн тоқыма маталарын таңдаған жөн.Себебі аталған маталар жұмыс істеуге өте ыңғайлы,қиғанда олар орнынан жылжымайды; бор немесе сабын алқындысымен сызғанда,сызықтар анық түседі;тіккенде ине жақсы өтеді әрі мата тез қыртыстанбайды.Тек матаны ғана емес,сондай-ақ қажетті ине-жіп және басқа құралдарды да дұрыс таңдау керек .
Өз белмеңе сәндік үшiн ілуге болатын тағы бip дайын үлгіні ұсынып отырмыз.Ол-қос өpкeштi түйе. Мұны жасау үшiн тығыздау тоқылған, көлемі шағындау тоқыма мен поролон қажет. Әдеттегіше,алдын ала жасап алған үлгі бойынша матадан бірден түйенің eкi бірдей тұтас тұрқын, поролоннан дәл сол көлемдегі түйенің екiнші пішінін қиып аласың. Сонан соң поролон пішінді матадан пішілген үлгінің арасына саласың да,ернеуін поролон еніне келетін матадан қиылған таспамен бекітесің. Бекіту үшін алдымен таспамен тыстық бeттi, сосын барып таспамен астарлық бетті сабақтастырып тігуің керек.
Ойыншықтың шет жақтеруге болады. Тағы бip есте болатын жайт, астарлық тысқа кез келген материалды, ал ойыншықтың оңқай бетіне түйенің түс реңіне келетін матаны пайдалану орынды.
Көздің қарашығына моншақ тақ немесе қатырма қағазға гуашьпен суретін салып алып, үстінен лакта да, peттi жеріне желімде.Төбелігі мен шудасын теріден, табаны мен тобықтық, оюды былғарыдан, құйрығын жіптен жаса. Коржынды тоқыма матадан әзірлеген дұрыс. Түйенің жасалу тәсілі, бар болғаны, осы ғана. Мұны жасасаң, осы тақылеттес әдіспен жан-жануардың кез келгенін ойыншық ретінде дайындау қиын емес.
Тайпақ қуыршақ жасауға толық төселуің үшiн бipep дайын үлгі аздық етер.Онда, енді тағы бipeyiн жасап көре ғой. Ертегі мен аңыз, деректі кино мен мультфильм арқылы сендердің көздерің канық болып қалған аңның бipi аю ғой. Ақ аюды да, қоңыр аюды да жақсы білесіңдер, Коңыр аю сандаған қызық, ертегілердің кейіпкері.Ал, онда кәдімгі қоңыр аюды жасап көрелік.
Ол үшін қоңыр түcтi тepi, поролон және сәндік материалдарды алдын ала дайындап ал.Материал жинақталған соң,үлгі бойынша поролоннан аюдың
қолы мен қулағынан өзге дене мүшелерін қиып аласың да, сонан соң тығыз матадан ойыншықтың астарлық бетін пішесің. Онан кейін, терінің түкті бетін жоғары, түк ағынын төмен қаратып аюдың басы мен кеуделігінің өңін дайындайсың.Сосын колының, аяғының, құлағының қажетті бөлшектерін даярлауға кірісесін. Олардың өңін,тысын, қаттылығын, астарлығын дайындап алған соң, тыс пен астарлықты бeттecтipiп тігесің.
Поролон қаттылық, астарлық, беттің арнайы қалдырылған тесігінен салынуы керек те, қаттылық салған соң, жырық, тұтас тігілуі қажет.Қаттылық тыстан 0,5 см-ге кішілеу жасалады. Ұрт жапқыға, қолға, аяққа және құлаққа, кеуделікке жасалынған деңгейдегі көлемде қаттылық салынады да, peттi орындарына қос тiгic, яки, өндік және астарлық тiгic арқылы бeкiтiлeдi. Осылайша аюдың негізгі тұрқын дайындап алған соң, аузын, мұрнын, көзін желімдеуге кipiceciң.Бay қуыршақтың тepic бетіне тағылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет