Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрлігі
Шымкент қаласының білім басқармасы
«Отырар» колледжі
Бекітемін
Директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары _____________Ж.Е.Кадирова
20___ж. "____" ___________
|
ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
ҚАЗАҚ ТІЛІ
Мамандығы:
01120100-Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту
02120200-Киім дизайны
06130100-Бағдарламалық қамтамасыз ету түрлері
Біліктілігі:
4S01120102-Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдастырудың тәрбиешісі
4S02120203-Киім дизайнері
4S06130103-Бағдарламалық қамтамасыздандыруды құрастырушы
Оқыту түрі: күндізгі, негізгі орта білім базасында
Жалпы сағат саны: 96
Әзірлеуші:___________________жалпы пән оқытушысы Жолмырзаева Г.С.
Түсіндірме жазба
Үлгілік оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» және Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 «Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» бұйрықтарына сәйкес әзірленген.
Үлгілік оқу бағдарламасында ұсынылған әдебиеттер тізбесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 17 мамырдағы № 217 «Оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, құралдардың және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштердің тізбесін бекіту туралы» бұйрығы негізінде жасалған.
«Қазақ тілі» пәнін оқытудың мақсаты – ана тілін қадірлейтін, қоғамдық мәнін түсінетін тұлға қалыптастыру, сондай-ақ қазақ әдеби тілі нормаларын сақтап, дұрыс қолдана білуге, еркін сөйлесуге және сауатты жазуға үйрету.
«Қазақ тілі» оқу пәнін оқытудың негізгі міндеттері:
қазақ тілін ана тілі ретінде тани отырып, өмірлік қажеттіліктерінде коммуникативтік әрекеттер түрінде (тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым) сауаттылықпен қолдану дағдыларын қалыптастырады;
білім алушыларда қазақ тілін күнделікті өзі еркін қолданып жүрген қарым - қатынас құралынан енді оны тілдік заңдылықтар негізінде танып - білу дағдыларын қалыптастырады;
қазақ тілі жүйесін құраушы кіші жүйелерді, тіл бірліктерін және олардың табиғатын танып біледі;
тіл бірліктерінің қарым - қатынас құралы болу, ойды білдіру, таным құралы болу, ақпаратты сақтау құралы болу қасиеттерін функционалдық - коммуникативтік бағдарда танып біледі, соған лайықты машықтар мен дағдыларды қалыптастырады;
«Қазақ тілі» пәні бағдарламасы білім алушының тіл сауаттылығы мен сөйлеу сауаттылығын, сөз байлығын, басқалармен еркін қарым - қатынасқа түсу қабілетін дамытуды және ойлау қабілеті мен танымдық дағдыларын жетілдіруді көздейді.
Оқу мақсаттары оқытушы мен білім алушыларға болашақ қадамдары жөнінде өзара ой бөлісуге, оларды жоспарлау мен бағалауға мүмкіндік беретін бірізділік пен сабақтастықты көрсететін 4 бөлімнен тұрады:
1) тыңдалым және айтылым;
2) оқылым;
3) жазылым.
4) әдеби тіл нормасы
Оқу пәнінің базалық мазмұны:
1) тыңдалым және айтылым: мәтін үзінділері бойынша болжам жасау, тиісті ақпаратты анықтай білу; мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (дәріс, интервью, пікірталас, мақала, бейнебаян) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды, мәтін үзінділерін талдау; тыңдалған мәтіндегі ақпаратты ғаламдық (отандық) мәселелермен байланыстыра білу, салыстыру; мәтінде көтерілген мәселені, автор позициясын (қоғамдық - саяси, ғылыми) талдай отырып, негізгі ойды анықтау; мәтінде көтерілген мәселеге автор мен оқырманның қарым - қатынасын ескере отырып, талқылау сұрақтарын құрастыру және сыни тұрғыда бағалау; коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында дұрыс сөйлеу, тыңдаушыларға ықпал ете білу, шешен сөйлеу; сөйлеу тілінің лексикалық, фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік ерекшеліктерін ажыратып, орынды қолдану;
1. «Тыңдалым және айтылым» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) болжау;
2) әртүрлі жанрдағы мәтіндерді талдау;
3) негізгі ойды анықтау;
4) тыңдалым материалы бойынша сұрақтар құрастыру және бағалау;
5) сөйлеу мәдениетін дамыту;
2. Oқылым: әртүрлі графиктік мәтіндердегі (кесте, диаграмма, сызба, шартты белгі) мәліметтерді салыстырып талдау, негізгі үрдістерді анықтау; таза ғылыми және публицистикалық стильдерін тілдік құралдар арқылы тану (терминдер, ұғымдар, шартты белгілер, синтаксистік құрылымы); әртүрлі стильдегі мәтіндердің жанрлық ерекшеліктерін таба білу; ауызекі сөйлеудің стильдік бедерін дұрыс қолдану; публицистикалық шығарма тілінің стильдік бедерін дұрыс қолдана білу; ресми ісқағаздар тілінің сөз бедерін дұрыс қолдана білу; көркем әдебиет тілінің сөз бедерін дұрыс қолдана білу; әртүрлі стильдегі мәтіндердің тақырыбын, автор көзқарасын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау (фонетикалық деңгей, лексикалық деңгей, морфологиялық деңгей, синтаксистік деңгей негізінде); мәтіндегі негізгі ойды анықтау, берілген мәліметтер мен пікірлерді өңдеу және толықтыру; белгілі бір мақсат үшін оқылым стратегияларын жүйелі қолдана білу; БАҚ, энциклопедиялық, ғылыми - көпшілік, ғылыми еңбектерден деректерді ала білу, сілтеме жасау, дәйексөз келтіру жолдарын білу;
«Оқылым» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) ақпаратты түсіну;
2) мәтіннің стильдік ерекшелігін тану;
3) мәтіннің жанрлық ерекшелігін ажырату;
4) мәтіндерге салыстырмалы талдау жасау;
5) мәліметтерді өңдей білу;
6) әртүрлі ресурс көздерінен қажетті ақпарат алу.
3. Жазылым: жоспар түрлерін құру (күрделі, тезистік, тірек-схема түріндегі жоспар); ауызекі сөйлеу стилінде әлеуметтік жағдайларға сай мәтін құрастыру; ресми қарым - қатынас аясында ресми құжат түрлерін жазу: сенімхат, кепілхат, өтінім, тапсырыс, келісімшарт, еңбек шарты, шарт, еңбек келісімі, мәтіндер құрастыру; ғылыми стильдің стильдік және жанрлық ерекшеліктерін ескере отырып, баяндама, мақала, лекция, баяндама тезистері, аннотация, түйіндеме, рецензия, мәтіндер құрастыру; публицистикалық стильдің стильдік және жанрлық ерекшеліктерін ескере отырып, мақала, репортаж, сұхбат, ақпарат, информациялық хабар, очерк, памфлет жазу; көркем әдебиет стилінің стильдік және жанрлық ерекшеліктерін ескере отырып мәтіндер құрастыру (таңдау бойынша); мәтін құрылымын сақтай отырып, әртүрлі графиктік мәтіндегі деректерді салыстырып, маңызды тұстары мен үрдістерді талдап жазу, өзіндік тұжырым жасау; көтерілген мәселе бойынша академиялық тұрғыдан эссе жаза білу, мәселенің артықшылықтары мен кемшіліктерін талдап жазу; оқылым және тыңдалым материалдары бойынша түртіп жазудың (конспектілеудің) әртүрлі жолдарын меңгеру арқылы негізгі ақпаратты іріктеу; әртүрлі тақырып бойынша көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданып, шығармашылық жұмыстар (өлең, әңгіме, естелік, шығарма) ұсына білу; жазба жұмысын абзац пен бөліктерге бөлу, ойын (ақпарат, идея) дұрыс жүйелеп, логикалық және стильдік түзетулер енгізу, редакциялау;
«Жазылым» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) әртүлі ресурс көздерінен қажетті ақпарат алу;
2) жазба жұмыстарын әртүрлі формада ұсыну;
3) эссе жазу;
4) оқылым және тыңдалым материалдары негізінде жинақы мәтін жазу;
5) шығармашылық жұмыс;
6) мәтіндерді түзету және редакциялау;
4. Әдеби тіл нормалары: мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді қазіргі орфографиялық нормаға сай жазу; сөздерді фонетикалық принцип негізінде жазу; сөздерді морфологиялық-фонематикалық принцип негізінде жазу; сөздерді тарихи-дәстүрлік принцип негізінде жазу; сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдану; әлеуметтік-саяси шешендік қатынас аясында сөз әдебі мен сөйлеу мәнерін дұрыс қолдану; мәтін нормаларын сақтап жазу (мәтін құрылымы, абзац, мәтін бөліктері, тақырып); мәтін және мәтін үзінділері деңгейінде тыныс белгілерін қолдана білу.
Әдеби тіл нормасы бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) орфография;
2) орфоэпия.
3) лексика
4) грамматика
5) пунктуация
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының жұмыс оқу бағдарламаларын құруда төмендегідей құқықтары бар:
оқытудың әртүрлі технологияларын, түрін, ұйымдастыру әдістері мен оқу үрдісін бақылау түрлерін таңдауға;
оқу уақытының жалпы сағат көлемін бөлімдер мен тақырыптарға бөлуге (пәнді оқытуға бөлінген сағат көлемінен);
нақты дәлелдер мен фактілерге негіздей отырып, пәннің бөлімдері мен тақырыптарының реттілігін өзгертуге.
Жұмыс берушілердің талаптары мен жергілікті жағдайларға байланысты аймақтық компонентін енгізу арқылы бөлімдер мен тақырыптар тізімін тереңдету және кеңейту мақсатында өзгертуге болады.
Пәнді қазақ әдебиеті, қазақстан тарихы, география пәндерімен байланыстыра оқыту ұсынылады.
Пәннің коды/ және модуль атауы
|
Модульдегі жалпы сағаттар саны
|
Оның ішінде
|
1 курс
|
2 курс
|
3 курс
|
1 семестр
|
2 семестр
|
3 семестр
|
4 семестр
|
5 семестр
|
6 семестр
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
Қазақ әдебиеті
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |